СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: "Үстел мен орындықтар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

v

Мақсаты:

Тәрбиешілік:

 Жиһаздың әр түрлі формасын, көлемін, мөлшерін қарапайым геометриялық пішіндер негізінде мүсіндеу.

Дамытушылық:

Балалардың ойлау арқылы өз бетімен жиһаз мүсіндеу дағдыларын дамыту.

Оқыту:

Конструктивтік және мүсіндеу техникаларын қолданып, түрлі пішіндегі кескіштерді пайдалана отырып жиһаз моделін мүсіндеуге үйрету.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Үстел мен орындықтар"»

Ересек топтарға арналған «Түрлі-түсті бояулар» вариативтік компонентінің ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Өткізу күні :

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу

Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз»

Тақырыбы: "Үстел мен орындықтар"

Мақсаты:

Тәрбиешілік:

Жиһаздың әр түрлі формасын, көлемін, мөлшерін қарапайым геометриялық пішіндер негізінде мүсіндеу.

Дамытушылық:

Балалардың ойлау арқылы өз бетімен жиһаз мүсіндеу дағдыларын дамыту.

Оқыту:

Конструктивтік және мүсіндеу техникаларын қолданып, түрлі пішіндегі кескіштерді пайдалана отырып жиһаз моделін мүсіндеуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: коммуникативті-ақпараттық технологиясы, ойын технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы, жеке тұлганы дамыту технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, демонстрациялық материал. Тақтайша, ермексаз, кескіш тақтайша, қолорамал. 

Билингвалдық компонент: Үстел-стол,орындық-стул

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Сәлем күннің көзі ,

Жылуынды бер маған!

2. Негізгі бөлім:

Балалар , назарымызды мына тақтадағы суреттерге қарайықшы. 

-Ненің суретін көріп тұрсыңдар. 

-балалар бұл заттар әрқайсымыздың үйімізде бар ма? 

-Дұрыс айтасыңдар , бұл заттар барлық үйде болады. 

-Мысалы: Шкаф-киім жинау үшін керек 

Диван, төсек- жату үшін керек. 

Үстел,орындық – тамақ ,шәй ішу үшін керек. 

-Балалар көрдіңдер ме әр заттың өзіне тән қызметі болады екен. 

-Балалар бұл заттарды жалпы айтқанда жиһаз дейміз. 

-Ал орысша баламасын мебель деп атаймыз. 

-Қанекей бәріміз бірге қайталайықшы. (Осы кезде есікті ашып мұңайған қуыршақ келеді) 

-Балалар бізге қонаққа қуыршақ келді ,қанекей бәріміз бірге амандасайықшы! 

Қуыршақ сен неге мұңайып тұрсың?

Қуыршақ сен мұңайма біз сағанкөмектесеміз. 

-Балалар қуыршаққа көмектесеміз бе? 

-Қуыршақ сен қоян мен қонжықтың үйіне қонаққа барып кел жарай ма? -Балалар қуыршаққа әдемі бөлме жасап беру үшін жиһазды қайдан аламыз. -Балалар сендердің ата-аналарың жиһазды қайдан сатып өкеледі? 

-Олай болса бәріміз дүкенге барамыз ба?

 -Олай болса балалар жүріңдер. 

-Балалар мынау дүкен, біз осы жерден жиһаздар сатып аламыз. 

-Сәламетсіз бе,сатушы апай. Балалар қуыршаққа арнап бөлме жасамақшы, соған әдемі жиһаз сатып алуға келді. 

-Сатушы апай сізге көп рахымет.Сау болыңыз, саудаңыз жүрсін. 

-Балалар қуыршақтың бөлмесіне жиһаздарды орналастырайықшы. 

-Балалар бөлмелерің өте әдемі болды. 

-Енді қуыршақты бәріміз бірге шақырайықшы. 

-Иә, балалар саған арнап жиһаз өкеліп әдемі бөлме жасап қойды. 

-Балалар қуыршаққа бөлмесін көрсетеміз бе? 

-Қуыршақ саған бөлме ұнады ма? 

-Қуыршақ енді балалардың дамыту орталығындағы еңбегін көресіз бе? 

-Ал, енді балаларекі топқа бөлініп дүкеннен сатып алған жиһаздың ішінен орындық пен үстелді құрастырайықшы.

 I-шырпымен орындықты құрастырамыз. Бірақ шырпыны аузымызға салуға болмайды балалар. 

II-Текшелердің көмегімен үстелді құрастырамыз.

 -Балалар ,сендер орындық пен үстелді өте әдемі жасап шықтыңдар. 

-Балалар сендер шаршаған шығарсыңдар, олай болса денемізді шынықтырайықшы. 

Сергіту сәті: 

Оңға қарай бір қадам , 

Солға қарай бір қадам. 

Отырамыз ,тұрамыз, 

Жәй жүгіріп аламыз

3.Қорытынды:

Иә, балалар қолдарыңнан көптеген нәрсе келеді екен. Балалар мен сендермен қоштасамын сау болыңдар