СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырып: Адамның азаматтық тұлғасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:

 жеке тұлғаның қоғам алдындағы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігінсыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрету. Мемлекеттік тілге құрметпен қарап, өз елін мақтан ету сезімдерін тәрбиелеу.

Міндеттері:

Білімділігі:

–  азаматтық тұлға, азаматтық ұстаным ұғымдары туралы түсінік беру;

Дамытушылығы:  

– азаматтық ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыру;

Тәрбиелілігі:   

– оқушыларды алдыларына саналы мақсат қойып, қоршаған ортамен саналы қарым – қатынас орната білуге тәрбиелеу

 

      Сабақ барысы:

  1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5-құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам,бейджик)

Просмотр содержимого документа
«Тақырып: Адамның азаматтық тұлғасы»

Өзін-өзі тану сабақ жоспары

Сағат саны:

Мерзiм:

17




Оқушы саны:




Мектеп: №152 гимназия

Тақырып: Адамның азаматтық тұлғасы

Құндылық : Қиянат жасамау

Қасиеттер: Адамгершілік, сүйіспеншілік


Сабақтың мақсаты:

– жеке тұлғаның қоғам алдындағы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігінсыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрету. Мемлекеттік тілге құрметпен қарап, өз елін мақтан ету сезімдерін тәрбиелеу.

Міндеттері:

Білімділігі:

– азаматтық тұлға, азаматтық ұстаным ұғымдары туралы түсінік беру;

Дамытушылығы:

– азаматтық ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыру;

Тәрбиелілігі:

– оқушыларды алдыларына саналы мақсат қойып, қоршаған ортамен саналы қарым – қатынас орната білуге тәрбиелеу


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5-құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам,бейджик)

Тыныштық сәті :

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жәймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

Ресурстар:

(құралдар,

мәліметтер)

6 мин.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Мұхтар Шаханов «Төрт ана» мәтіні

  • Өлеңдегі «... Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала» деген жолды қалай түсінесіңдер?


  • Өздерің осы «Төрт ананы» сақтап, дамытуда қандай үлес қосып жүрсіңдер?

Сабақ барысын талқылау:

9 мин.

3.Дәйексөз:

Ел мен үшін не істей алады деп сұрама, ел үшін өзім не істей алам деп сұра.

Джон Кеннеди

7 мин.

4.Әңгімелеу(сұхбат):

  • Алдыңа қандай мақсаттар қоясың?

  • Өмірдегі таңдауларың мен қызығушылықтарың қандай?

  • «Азамат» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адамның бойында, азаматтың бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсыңдар?

  • Сенің ойыңша азмат болу үшін өмірде қандай құндалықтар мен қағидаларды, ұстанымдарды басшылыққа алу керек.


10 мин.

5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс: «Адамның азаматтық тұлғасы»

тақырыбында эссе жазу

4 мин.

6.Топпен ән айту.

Анамның тілі – аяулы үні

Сөзі: Ш.Смаханұлынікі

Әні: Ә.Тінәлиевтікі

Өмірге келдім, Анамды көрдім, Деді ол: «Жаным», Арайлы таңым. Самал боп желпіп, Жырымен ертіп, Үйретті тынбай, Бал тілі, әнін.

Қайырмасы:

Анамның тілі – айбыным менің, Анамның тілі – Ай, Күнім менің. Сүйемін байтақ елімді туған, Сүйемін мәңгі өмірді думан

Мектепке келдім, Ұстазды көрдім. Тыңдадым сөзін, Табынып, сүйіп. Анамның тілі – Аяулы үні. Жүрекке нұрын Жіберді құйып.

4 мин.

7.Үй тапсырмасы.

С.Әшімбаевтың «Азаматтық формуласы» мәтінін оқу

2 мин.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқшыларға рахмет!

3 мин.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!