СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Тапқыр болсаң-талас жоқ»

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

информатика, математика және физика пәндеріне арналған сыныптас тыс іс шара

Просмотр содержимого документа
««Тапқыр болсаң-талас жоқ»»



«№ 46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі» КММ















Физика, математика және информатика пәндерінен сыныптан тыс іс-шара

«ТАПҚЫР БОЛСАҢ-ТАЛАС ЖОҚ»

7-8 сынып оқушыларына арналған сайыс











Дайындағандар: Жақыпов Н

Сүкенбаева Н

Архарова А

Утегенова Г

















2019-2020 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: «Тапқыр болсаң-талас жоқ»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың физика,математика және информатика пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.

Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір – бірін құрметтеуге, физика,математика және информатика пәндері туралы білімін толықтыру.

Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс

Жабдықталуы: Интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.

Көрнекілігі: Слайд презентация.

Пән аралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру.

1.Салемдесу.

2.Топқа бөлу.(әр түрлі қағаздан жасалған фигуралар берілу арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді.

(«Алғыр», «Зерек», «Тапқыр»).

3. Сайыс жоспарын таныстыру.

«Тапқыр болсаң-талас жоқ» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысымыздың шарты мынадай: үш топ кезеңдер бойынша жарысады, әр кезеңде сұраққа жауап беріп, ұпай санын иеленеді.

Енді, сайысымыздың жоспарымен танысайық:

І. “Бәйге” (Әр топқа 12 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі).

ІІ. «Ойланайық, ойлайық!» (логикалық есеп);

ІІІ. “Логикалық ойлау”

ІV.«Кім жылдам?»

V. «Құпия конверт».

VI. «Кім тапқыр!»

VII. Марапаттау.


І- кезең. «БӘЙГЕ» (викториналық сұрақтар)

Шартын түсіндіретін болсақ әр топқа 12 сұрақ қойылады. Сұрақтар математика, физика, информатика пәндерінен қойылады. Егер сұраққа жауап бере алмаса, келесі сұраққа өтуіне болады.


«1 топ » сұрақтары:

1) Шаманың (санның) жүзден бір ( ) бөлігі? (1%)

2) Ақпараттың өлшем бірлігі (бит, байт )

3) Күш бірлігі не деп аталады? ( Ньютон )

4) Компьютердің миы (Процессор)

5) Дене өзінің көлемін және пішінін сақтайды бұл дене заттың қай күйіне жатады? ( қатты )

6) Дененің өз қозғалысы салдарынан болатын энергияны не деп атайды? (кинетикалық энергия )

7) Қандай сандар 2-ге бөлінеді? (Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді)

8) Мәліметтер енгізу пернесі (Enter)

9) Ақпаратты іздеуге, сақтауға , түрлендіруге пайдалынатын құрылғы. (Компьютер)

10) Будың сұйыққа айналу құбылысы (конденсация)

11) Қағазға басып шығару құрылғысы ( Принтер )

12) Дене өзінің көлемін сақтайды, бірақ пішінін өзгертеді. Сонда бұл дене құралған зат қандай күйде болады? (сұйық)


«2 топ» сұрақтары:

1)Қабырғалары болатын тіктөртбұрыштың ауданы неге тең? (S=a*b)

2) Дыбыс жазу құрылғысы (микрофон)

3) Дене өзінің көлемін сақтайды, бірақ пішінін өзгертеді. Сонда бұл дене құралған зат қандай күйде болады? (сұйық)

4) Компьютерде жұмыс істейтін адам мен монитордың ара қашықтығы. (70 см)

5) Дененің өз пішінін өзгертуі (Деформация)

6) Ток көзін ойлап тапқан ғалым (Вольта А)

7) Ақпараттық ең кіші көлем бірлігі ( бит)

8) Зат бөлшектерінің ретсіз қозғалысы салдарынан болатын жанасқан заттардың бір-біріне өзара араласуы (Диффузия)

9) Нәрсенің 1/4 -і қалай аталады? (Ширек)

10) Өткізгіштің ұштарындағы токты өлшеуге арналған құрал (вольтметр)

11) Енгізу құрылғысы (пернетақта )

12) Вирусты емдейтін программа (антивирус)


«3 топ» сұрақтары:

1)Нәрсенің бөлігі қалай аталады? (Жарты)

2) Тізбектегі ток күшін реттеуге арналған прибор (реостат)

3) Бір дененің екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш не деп аталады? (үйкеліс күші)

4) Қандай сандар 10-ға бөлінеді? (Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар)

5) Қағаздағы кескінді компьютерге енгізуге арналған құрылғы? (сканер)

6) Жыпылықтап тұратын тік сызықша ( курсор)

7) Егіс даласында 30 қарға қонақтап отырды. Фермер соның төртеуін атып түсірді. Далада қанша қарға қалды? (Өлген 4 қарға)

8) Дене массасының оның көлеміне қатынасына тең физикалық шама ( тығыздық)

9) Денеге басқа денелер әрекет етпегенде оның тыныштық күйін немесе түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын сақтайтын құбылыс? (инерция)

10) Қандай төртбұрыш «ромб» деп аталады? (Барлық қабырғалары тең параллелограмм ромб деп аталады)

11) Термометрдегі сұйықтықты не деп атайды? (сынап)

12) Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы ( CD-ROM)


ІІ- кезең. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп)









Дұрыс жауапқа 3 ұпай.

  1. Алдарыңда 7+4-4=0 қосындысы. Теңдік дұрыс емес.1 сіріңкенің оның ауыстырсақ теңдік дұрыс болады?

  2. 3 сіріңкенің орынын ауыстырып, бөлек-бөлек 3 квадрат жаса.

  3. Бір сіріңкенің орнын ауыстырып теңдікті теңестір.(екі әдіспен жасауға болады)


ІІІ-кезең “Логикалық ойлау атты ІІІ кезеңімізді бастайық.

Бұл бөлімде логикалық есептер, сұрақтар беріледі дұрыс жауапқа 1 ұпай.

Логикалық сұрақтар:

1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама – қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше

мысық бар? - 4

2.Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. 
неше стакан қалды? - 3 стакан

3.Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?

(15км/сағ)

4. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? - жоғары

5. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? – шырпы

6. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек?

- 8




ІV.«Кім жылдам?» атты төртінші кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және физика,математика және информатикаға қатысты атауларын табар екен?


Т

Н

Ь

Ю

Т

К

О

М

П

В

Ы

З

Д

Т

Ы

Ш

Д

Е

Ь

И

Ғ

Ы

Ы

О

М

К

А

Ф

Ю

Р

Р

Н

Қ

Н

А

Т

Н

О

Т

У

О

А

Л

С

Р

Т

И

Р

Е

С

М

Т

А

А

И

Е

К

М

Р

Я

Б

У

Р

Н

Ф

М

А

А

Ц

И










Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөз жасырылған (тығыздық,компьютер,вирус,ньютон,Ом,деформация,арифметика,ромб,натурал сан,тышқан)

Топтардың тапқан сөздеріне байланысты ұпайларын береміз.Әр тапқан бір жауапқа 1 ұпай


V кезең. «Құпия конверт». Ойын алаңы: магнит тақтада  1-ден  10-ға деінгі сандар, 4 конверт :жасыл, сары, қызыл, көк

Топтың мүшелері бір сан таңдап алады, әр санға сәйкес тапсырма беріледі.  

Ойын шарты:

«Қара мысық» туссе жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.

« От » келсе , жинаған ұпайларыңыздың 5 ұпайы күйіп кетеді.

«Лотерея билеті»- керісінше 5 ұпай сыйлыққа беріледі.

«Қамалға» келсеңіз , қиын есепке ие боласыз. Ол арнайы сұрақ болады.

«Алтын сандық» -олжаға кенелеміз. Сыйлық аламыз, ойынды жалғастырамыз.

«Өрмекші торына» туссеңіз, көрермендер сұрағына ие боласыз. Сұрақтың 

дұрыс жауабын таппаса, тордан шыға алмайды.


 

1. Қызыл конверт- «Логика». . Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. поезда неше вагон болған?  (13)


2. «Өрмекші торы». Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек. (монитор )


3. Жасыл конверт- «физика». Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал (барометр)


4. Лотерея билеті. 3 ұпай сыйлыққа беріледі.


5. « От ». 3ұпайы күйіп кетеді.


6. Көк конверт- « 7 жұмбақ ».

Атадан 10 боламыз,

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейтіп те аламыз.  (цифрлар)

7. «Алтын сандық». Сыйлық


8. « Қамал ». 1 2 3 4 5 =2 теңдік орындалатындай цифрлар арасына амалдар таңбасын қойыңдар

        (   (1+2+3+4) : 5 = 2 )



9. Сары конверт- « Мақал-мәтелдер ». Құрамында сандар бар мақал-мәтелдер айтыңдар.


10. «Қара мысық ». жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.



VI- кезең. «КІМ ТАПҚЫР!» Әр топтың алдына физика, математика және информатикаға байланысты шамалар қойылады.Берілген құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру); Дұрыс жауапқа 5 ұпай.










Әділқазыларға сөз беріледі. Сайыстың қорытындысы айтылып, оқушыларды марапаттау.

Жүргізуші. Бүгінгі көріп тамашалаған «Тапқыр болсаң-талас жоқ» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!



















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!