Просмотр содержимого документа
«Тасбақаны мүсіндейміз»
Бейнелеу өнері 5 сынып
14.02
Сабақ №26
Сабақтың тақырыбы: Тасбақаны мүсіндейміз
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: мүсін өнері туралы түсінігін кеңейту, түрлі мүсіндеу тәсілдерімен танысу, бедерлі мүсіндеуді үйрену
ә) дамытушылық: мүсіндеу дағдысы мен біліктілігін жетілдіру; байқағыштығы мен зейінін дамыту; қол ептілігіне жаттықтыру.
б) тәрбиелік: мүсіндеу арқылы эстетикалық тәрбие беру; табиғатты аялауға, жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақ типі: жаңа оқу материалын меңгерту.
IV. Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
V. Сабақ көрнекілігі: тасбақа бейнесі суреттерінің көшірмесі, фотосуреттер, ермексаздан жасалған мүсін үлгілері.
VI. Сабақтың кезеңдері:
Ұйымдастыру сәті.
Құстар туралы әңгіме.
Ермексаздан есілген ширатпалармен мүсіндеу әдісін көрсету.
Оқушылардың өзіндік жұмысы.
Сабақты қорытындылау.
VII. Сабақ барысы:
Тасбақа – жорғалаушылардың бірі. Тасбақаның арқасы қалын қабыршақпен қапталған.
Қабыршағында әдемі,әсем оюлар бейнеленеді. Тасбақа өте баяу жорғалаушы.
Өткен сабақтарда мүсін өнерімен танысып, мүсін жайлы түсінік алдық.
- Мүсін дегеніміз не?
- Мүсіннің қандай түрлерін білесіңдер?
- Мүсін дегеніміз – тас, ағаш, металл, саз балшық және ермексаздан сомдалған бейнелер.
- Жұмыр мүсін және бедерлі мүсін.
Мүсіннің барлық жағынан көрінетін түрін жұмыр мүсін деп атаймыз.
Жазықтық бетінен жартылай шығыңқы түрін бедерлі мүсін деп атаймыз.
Жұмыр мүсін
Бедерлі мүсін
Жұмыстың орындалу реті:
Қатырма қағазға тасбақаның суретін жай қарындашпен салып аламыз.
Түрлі-түсті ермексаздан ширатпалар есіп дайындаймыз.
Ширатпаларды тасбақаның бейнеленген сызықтар бойымен жапсырып, оның ішін өз қалауымызша тасбақаның толық бейнесін беретін әртүрлі өрнектермен толықтырамыз.
Ермексаздан есілген ширатпалармен мүсіндеу әдісін көрсету.
Өзіндік жұмыс
Жұмыс жасауға қажетті құрал-жабдықтарымызды даярлайық: түрлі-түсті ермексаз, жұмыс тақтайшасы, қалақшалар, қатырма қағаз, жай қарындаш, жұмыс соңында қол сүртуге арналған шүберек.
Тапсырма: Ширатылған ермаксаздан тасбақаны мүсінін мүсіндейміз.
Жеке жұмыс кезінде оқушыларға мынадай кеңес беру:
- ермексазды қағазға жағып, негіз дайындау кезінде бет біркелкі шығуы үшін ермексазды бірдей қалыңдықта жағамыз, себебі ширатпалар негізге түзу және әдемі орналасуы керек;
- түсі бір-біріне қарама-қарсы екі ермексаз бөлігін араластыра отырып, ермексаз ширатпаларын әр алуан етіп жасауға болады;
- құс денесін өрнектермен толықтырған кезде оның пішінін бүлдіріп алмауға тырыс.
Оқушылардың өзінік жұмысы: Оқушылар өзіндік жұмысқа көшеді,мұғалім оқушылардың жұмыс барысың мұқият бақылайды.
Сабақты қорытындылау.
Қорытынды сұрақтар:
Тасбақа дегеніміз не?
Мүсін түрлерін атаңдар.
Үйге тапсырма: құс мүсінің жасап келу.
Бағалау:Оқушы жұмыстарына талдау жасау, үздік жұмыстарды мадақтау, оқушыларды бағалау.