СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тату доспыз, бәріміз

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Дос» - ?асы?да?ы жолдасы?, бауыры?, жа?ыны?, а?ылшы?, серігі?, са?ан жаны ашитын адам.

- «Досты?» адамдар арасында?ы  мейірімділік, жан ашырлы?, ?ам?орлы? сезімдері.

- «Татулы?» таласпай ?зі?ні? заты?мен б?лісу, бірге ойнау

Просмотр содержимого документа
«Тату доспыз, бәріміз»

«Ақшатыр» ортаңғы тобында ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.


Күні: 16.04.2015жыл

Тәрбиеші: А.Е. Рахметова

Білім беру салалары: «Шығармашылық», «Қатынас», «Денсаулық», «Таным», «Әлеуметтік орта»

Бөлімдері: «Сурет салу», «Мүсіндеу», «Жапсыру», «Қоршаған ортамен таныстыру», «Экология негіздері»

Тақырыбы: «Тату, доспыз бәріміз!» (сюжетті жұмыс)

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын арттыру. Сурет салудың дәстүрден тыс түрлі әдіс-тәсілдерімен жұмыс жасауды бекіту. Достық, татулық ұғымдары туралы түсініктерін тиянақтау. Жұмыстану түрін өздігінен таңдауға, бастаған ісін соңына дейін аяқтауға, достықты, татулықты қадірлеуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс: Достық, дос, татулық туралы мақал-мәтелдер жатату, әңгімелеу.

Әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, ермексазды қағаз бетіне жағу әдісі, алақанды бастыру әдісі.

Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының картасы,

Қажетті құралдар: Түрлі түсті қағаздар, сары, ақ түсті жіптер, ақ ермексаздар, гуашьтар, желім, қайшылар, қылқалмадар, қол үлгілер, магнитті гүлдер, геометриялық пішіндер.

Үштілділік компонеттер: Дос – друг -friend ; Достық – дружба – friedship;

Іс-әрекет

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотовациялық-қозғаушылық

- Балалар, қараңдаршы, біздің топқа қонақтар келіпті, қане, барлығымыз келген қонақтармен амандасайық!

- Балалар, таңмен алтын күн сендерді өз мейірімен аялайды, аналарың сендерді күлімдеп ұйқыларыңнан оятады. Сол кезде сендердің көңіл-күйлерің қандай болады?

- Әр адамның мейірімді, кішіпейіл кішкене жүрегі бар, адамның қамқор, ізгі, аңғарымпаз болуы үшін жүрегі қандай болуы керек?

- Барлығымыз бір – бірімізге, айналадағы адамдарға қуаныш сыйлайық. Көзімізді жұмып, жай ғана ішімізден тілек тілеп, барлығымыз бір – бірімізге сыйлайық!

Топқа Карлосон бала ұшып келеді, өзі жабырқаулы, мұңайып:

- Сәлеметсіңдер ме, достар!

- Сәлем, балақай! Саған не болған өзің жабырқаулы көрінесің?

Карлосон:

- Балалар, мен досым кішкене балақайды ойнап жүріп ренжітіп алдым, ал енді менің онымен татуласқым келеді.

- Карлосон, сен мұңайма, достық ол тәтті кәмпитпен, қымбат сыйлықпен өлшенбейді, оларда да қымбат, қадірлі ұғым.

- Балалар, сендер «дос», «достық», ұғымдарын қалай түсінесіңдер?

- Ал «достық», «татулық» ұғымдарын қалай түсінесіңдер?

- Иә, балалар, айтқан жауаптарыңның барлығы да дұрыс, жарайсыңдар!

- Балалар, маған кім достық, татулық мақал – мәтелдер айтып береді?

- Балалар, біздер достық туралы, татулық туралы қандай ертегілерді білеміз?

- Кім маған достық туралы өлең жолдарын оқып айтып береді?

- Жарайсыңдар, балалар, өздерің достық, татулық ұғымдарын жақсы меңгерген екенсіңдер. Көрдің бе, Карлосон, сенде біздің балалардай, өз досыңды қадір тұтып, досымен тату болып ойнауың қажет.

- Балалар, мына біздің ұлан ғайыр атырап, жерімізде қазақ халқымен қатар көптеген ұлттар мен ұлыстар татулықта, бірлікте, ынтымақта өмір кешуде. Оларға қиын қыстау заман туғанда кең пейіл дана халқымыз қамқор болды, қорған болды. Бізде сол дана халықтың ұрпақтарымыз, бір-бірімізбен тату бола білуміз қажет!

Карлосон:

- Ой, балалар, мен достықтың қадірін енді түсінгендеймін, мен асығайын. досым балақайға! Сау болыңдар, балалар!

(Карлосон өз досына асығып ұшып кетеді)

Балалармен сөздік жұмысын жүргізу:

- «Дос» орыс тілінде «друг», ағылшын тілінде «friend»; «Достық» орыс тілінде «дружба», ағылшын тілінде «friedship»;

- Сәлеметсіз бе!

- Здравствуйте!

- Good morning!

- Біздің көңіл-күйімңз өте жақсы болады.

- Біз ұйқымыздан күліп оянамыз.

- Адамның жүрегі мейірімді болуы керек.




Балалар көздерін жұмып, іштерінен тілек тілеп, жақсы тілектерді бір – біріне сыйлайды.


Балалар топтан карлосонды көргенде қуанады.


- Сәлем, Карлосон!



- Мүмкін досыңа қымбат сыйлық сыйларсын!

- Досыңа жақсы сөздер айтарсын, сол кезде оның ашуы басылар.



- «Дос» - қасыңдағы жолдасың, бауырың, жақының, ақылшың, серігің, саған жаны ашитын адам.

- «Достық» адамдар арасындағы мейірімділік, жан ашырлық, қамқорлық сезімдері.

- «Татулық» таласпай өзіңнің затыңмен бөлісу, бірге ойнау.

- Ер жігіт – досымен мықты.

-


- «Екі жолдас», «Үйшік», «Арыстан мен Тышқан».

Ақниет:



















- Сау бол, Карлосон!




Балалар сөздерді үш тілде қайталап айтып шығады.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

- Балалар, барлығымыз, топпен жұмыстанатын боламыз, Карлосон кел, сенде қосыл біздіңі тату балаларға. Мына геометрилық пішіндерді әр қайысымыз өз қалауымызша таңдап аламыз да, сол орталыққтарға барып отырамыз.

Сары түсті дөңгелекті таңдаған балалар: Жіпті жапсыру арқылы күн мен бұлттарды желімдеп жапсырады.

Көк түсті дөңгелекті таңдаған балалар: Көгершіндердің дайын бейнесіне ермексазды жағу әдісі арқылы жағып шығады.

Қызыл түсті дөңгелекті таңдаған балалар: алақанды бстыру әдісімен жер планетасын қоршай түрлі түсті алақандардың суретін салып шығады.

- Балалар, барлығымыз, бір демалып, сергіп алайық!

Шекіссек те, екеуміз,

Үйге жылап қайтпаймыз.

Сөзімізге бекембіз,

Апамызға айтпаймыз.

Естімесе өздері,

Айтып, қанша қажеті?

Біліп қойса, біздерді,

Ойнатпайды бір жеті!

Балаларды орталықтардағы орындарына отарғызу.


Балалар жұмыстануға келіседі.



Балалар геометриялық пішіндерді таңдап алып, орталықтарға бөлініп отырады.










Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталап, қимылдармен сергіту сәтін орындайды.







Балалар орталықтарға отырып жұмыстарын жалғастырады.

Рефлексиялық-

түзетушілік

- Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетінде біз не істедік?

- Балалар, сендер қандай әдіс – тәсілдерді қолдандыңдар?

- Балалар, жарайсыңдар, барлығымы осы жасаған жұмыстарымызды біріктірейік!

- Біздер жұмыстарымызды біріктіргенде қандай сурет шықты?

- Жараайсыңдар, балалар! Сендердің айтқандарыңның барлығы да дұрыс! Аспанымыз ашық, төбемізден шұғылалы күніміз күлімдеп тұрсын, көкте үнемі бейбітшілік құсы – ақ көгершін самғаасын, жерде барлығымыз татулық пен бірлікте тіршілік етейік! Біздің көп ұлтты Қазақстанымыз өркендеп, гүлденіп жайнай берсін деп, әр қайсымыз өз тілегіміді айтып, гүлдерді картаға орналастырайық!

- Балалар, көрдіңдер ме, біздің картамыз сендердің айтқан тілектеріңмен, гүлденіп, жайнай түсті. Әрқашан татулығымыз бен ынтымағымыз арта берсін, еліміз тыныш болсын!

Келген қонақтармен қоштасайық!

- Сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін пайдаланып, жұмыстандық.

- Жіпті пайдаланып жапсырдық.

- Ермексказдың көмегімен бейбітшілік құсы көргеншінді мүсіндедік!

- Алақанды бастыру арқылы жер планетесын бейнеледік.

Балалар жұмыстарын біріктіреді.

- Ашық аспан, жарқыраған шұғылалы күн, жер планетасындағы тату халықтардың символы түрлі түсті алақандар.

Балалар өз тілкетерін айтып, картаға гүлдерді орналастырады.

- еліміз гүлдене берсін!

- Аспанымыз ашық болсын!

- Еліміз тыныш болсын!



- Сау болыңыздар!

- Досвидания!

- Good bye!

Күтілетін нәтиже:

Біледі: «Дос», «достық», «татулық» ұғымдарын біледі.

Игереді: Сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін пайдаланып сурет салуды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Достарымен достықта, татулықта оойнауды, өзге ұлт өкіілдерін сыйлауды.