СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Техническая карта по уроку труду для дошкольных классов с казахским языком обучения на целый год
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Таным Күні:_____________
Білім көздері: Құрастыру. (1-с)
Тақырыбы: Жүк машиналары.
Мақсаты: құрастыру материалдарымен таныстыру және жүк машинасын құрастыруды үйрету, құрастыруға арналған материалдарды дұрыс пайдалана білуге жаттықтыру, сүт таситын машинаны өз беттерінше құрастырту арқылы шығармашылық жұмысқа баулу.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері. | Балалар шаттық шеңберінде жақсы тілектер айтып, сәлемдеседі. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Суретпен жұмыс. Бірнеше көлік түрлерінің суретін көрсетіп, әртүрлі машиналар не үшін пайдаланылатынын әңгімелеу. Осылардың ішінен жүк машинасына тоқталу. Әліппе-дәптермен жұмыс. Суреттегі реті бойынша машинаны қалай құрастыру керектігін үйрету. Әліппе-дәптердегі суреттерге талдау жасау. -алдымен екі дөңгелек қойылады -дөңгелектің үстіне пластина орнатылады. -кабинасының тұмсығы үшін төрт бірдей кірпіш тәрізді бөлшек қатар қойылады. -ол кірпіштердің үстіне шетін ала тігінен екі кірпіш, олардың үстіне көлденең екі кірпіш орналастырылады. -төрт кірпіштің үстінен көлденеңнен екі кірпіш қойылады. -жүк таситын қорабы екі ұзын бөлшек, бір қысқа бөлшектен құралады. Балаларға көмек көрсетіледі. Сергіту сәті: Отырамын рөлде, Моторым, гүрілде. Ойыншығым-машинам, Тарт алға асыға. Сенімен тасимын, Көмір мен тасыңды. Таудай ғып артамын, Бидай мен арпаңды. | Суреттерге қарап, машиналардың түрлерімен танысады.
Әліппе дәптердегі тапсырмалары орындайды.
Суреттерді талдайды.
Суреттерге қарап отырып, жүк машинасын құрастырады.
Сергіту сәтін орындайды. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылау. Балаларды мадақтау, мақтау. | Балалар өздерінің құрастырған машиналарын көрсетеді. |
Біледі: құрастыру материалдарымен танысады.
Игереді: жүк машинасын құрастыруды.
Меңгереді: құрастыруға арналған материалдарды дұрыс пайдалана білуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Таным Күні:_____________
Білім көздері: Қол еңбегі.(2-с)
Тақырыбы: Қағазбен жұмыс. Күшіктің үйшігі. Күшік пен мысық.
Мақсаты: балаларды қағаз түрлері, оның қолданылуымен, сапасымен таныстыру, қағазбен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру, тіктөртбұрыш пішінді қағаздан әртүрлі ойыншықтар жасату арқылы ой-қиялын дамыту, қайшымен қауіпсіз жұмыс жасау ережесімен таныстыру.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері. | Балалар шаттық шеңберінде жақсы тілектер айтып, сәлемдеседі. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Қағаздың түрлерімен таныстыру. Қағаздардың сапасына тоқталу. Мысалы. Түрлі түсті қағаздар, жұқа фольга оңай бүктеледі, тез қиылады. Қайшымен қиып көрсету. Ал қатырма қағазды бүктеу қиын әрі қиюға келмейді. Әліппе-дәптермен жұмыс. Күшіктің үйшігінің, күшік пен мысықтың орындалу ретіне қарайды. Үлгіге қарай отырып, ойыншықтардың бөліктерін қарап, өздерінің жасаған жұмыстарын салыстырып отыруға бағыт беру. Әліппе-дәптердегі үлкен бөліктерді, түстерді таңдау, бұрыштарын теңестіру, ортасынан бүктеу, саусақпен сындыру сияқты орындалу ретін қайта қарай отырып, өз жұмыстарын орындауға бақылау жасалады. Сергіту сәті. | Қағаздардың түрлерімен танысады. Олардың сапасын, түсін ажыратады.
Әліппе-дәптерге қарайды.
Күшік пен мысықтың орындалу ретіне көңіл аударады.
Әліппе-дәптердегі үлгі бойынша күшік пен мысықты жасауға кіріседі.
Сергіту сәтін орындайды. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Сабақ соңында күшікке де, мысыққа да ат қоюды және жұмбақ немесе солар туралы тақпақ айтып беруді тапсыру. | Күшік пен мысыққа ат қойып, өздері білетін тақпақтарын айтады.
|
Біледі: балаларды қағаз түрлерімен, оның қолданылуымен, сапасымен танысады.
Игереді: қағазбен жұмыс жасай білу дағдыларын.
Меңгереді: , қайшымен қауіпсіз жұмыс жасау ережесін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Құрастыру. (3-с)
Тақырыбы: Гараж.
Мақсаты: құрастыру материалдарымен жұмыс жасау дағдысын арттыру, көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте орналастыра білуге жаттықтыру, гаражды ойыншық машинаның көлеміне қарай құрастыра білу, құрастыру жұмысы барысында жоспарлай білуге, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері. | Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Суретпен жұмыс. Тақтаға әртүрлі көліктердің суреттерін ілу. Көліктер туралы әңгімелеу.
Жұмбақ шешу: Сымға асылып, Жүр асығып. (Троллейбус) Күні-түні көше кезіп зырлайды, Жолаушыға қызмет етіп тынбайды. (Такси) Табанында жолы бар, Төбесінде қолы бар. (Трамвай) Әңгімелесу. Балалар, осы жол көліктерінің бәрінің де, адамдардың тұратын үйі сияқты орындары болады. Оны гараж деп атайды. Гараж деп – бір машина тұратын жерді, ал «автотұрақ» деп – әртүрлі және бірнеше траспорттың тұратын орнын айтады. Құрастыру материалдарынан гаражды құрастырту. | Суретке зер салады.
Көліктер туралы әңгімелеседі.
Сұрақтарға жауап береді.
Жұмбақтардың шешуін табады.
Гараж туралы әңгімелеседі.
Құрастыру материалдарынан гаражды құрастырады. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Құрастыру жұмысы дайын болғанда машиналарын гаражға қойып, есігін жауып, ойын-іс –әрекетіне ауысады. Балалардың жасаған жұмыстарын бағалау. Жақсы орындалған еңбек нәтижесі мадақталып, сабақты қорытындылау. | Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді.
Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі.
|
Біледі: гаражды ойыншық машинаның көлеміне қарай құрастыруды.
Игереді: көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте орналастыруды.
Меңгереді: құрастыру жұмысы барысында жоспарлай білуді, бірлесіп еңбек етуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Қол еңбегі.(4-с)
Тақырыбы: Қағазбен жұмыс. Тұқым салатын қағаз қапшық.
Мақсаты: қағазбен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, тіктөртбұрышты қағазды бұрыштарын теңестіріп бүктеу, бүктеу сызығын тегістеу, қабатталған қағаздарды бір-біріне желімдеу дағдыларын жетілдіру, дайындалған қағаз қапшықтарды әшекейлеу барысында көркемдік талғамдарын арттыру, ұқыпты жұмыс істеуге үйрету.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері.
| Жақсы тілектерін айтып, сәлемдеседі. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Балалар күз мезгілінің ерекшелігі, күзгі еңбек жайында әңгімелеседі. Тұқым жинау туралы сурет бойынша әңгіме құрастырту. Әліппе-дәптермен жұмыс. Қағаз қапшықты жасау жолдарын көрсетіп түсіндіру. -тіктөртбұрышты қағаздың бұрыштарын, қабырғаларын теңестіріп бүктеу, бүктеу сызығын тегістеу; - тіктөртбұрышты қайта жазып ашып, екі шетін мөлшермен қарындашпен белгілеп алып (2см), қарама-қарсы бағытта бүктеу, бүктеу сызықтарын тегістеу; - қарсы бүктелген бөлігінің бір жағына желім жағып, оң жағын желімдеп алады; - екінші бөлігіне желім жағып, оны да желімдейді, қапшық дайын болады; - қапшықтың сыртын қарындашпен немесе фломастермен әшекейлеу ұсынылады; - серуендеу кезінде жинаған өсімдік тұқымы осы қапшыққа салынып, табиғат бұрышында сақталатынын айтады. Сергіту сәті. |
Күз мезгілі туралы өз білетіндерін ортаға салып, әңгімелеседі.
Әліппе-дәптерге қарап, үлгі бойынша қағаз қапшықтың орындалу, жасалу жолдарын орындайды.
Сергіту сәтін орындайды. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Балаларды қағазбен жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге бағыттап, кейбір балаларға көмектесіп, жұмыс барысына басшылық жасалады. | Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді. Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі.
|
Біледі: ұқыпты жұмыс істеуді.
Игереді: қағазбен жұмыс жасау дағдысын.
Меңгереді: тіктөртбұрышты қағазды бұрыштарын теңестіріп бүктеу, бүктеу сызығын тегістеу, қабатталған қағаздарды бір-біріне желімдеу дағдыларын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Құрастыру.(5-с)
Тақырыбы: Автотұрақ (ұжымдық жұмыс)
Мақсаты: балаларға автотұрақ құрастыру тәсілін үйрету, меңгерген іскерлік дағдыларын бекіту, құрастыру тәжірибелерін жаңа тапсырмалармен ұштастыру, балалардың ойлау қабілетін дамыту, балаларды ұйымшылдыққа , бірлескен еңбек нәтижесіне жетуге тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту |
Шаттық шеңбері.
| «Бип-бип-бип»,- дейді, «Жолдан былай кет»,-дейді. «Жол шетінде күт»,-дейді. Көшеде жүруге асыға. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу.
Үлгі суреттерге талдау жасау. Әліппе-дәптермен жұмыс. Автотұрақтың жасалу жолын түсіндіру. -қажетті құрастыру материалдары таңдап алынады; - кеңістікте дұрыс орналастыру, көлемі, пішіні, түстеріне қарай қалай қою қажеттігі ойластырылады; - қабырғаларының биіктігі қандай болады, төбесінің ашық немесе жабық болуын келісіп алады; - дайын болған орынға машиналарды орналастырады; |
Әңгімелесу барысында автотұрақ туралы танып-біледі. Үлгі суретке талдау жасайды. Әліппе-дәптермен жұмыс жүргізеді.
Керекті материалдарды пайдаланып автотұрақты жасайды.
Тәрбиешіден көмек сұрап, орындайды. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Балаларға бағыт беріп, ұжымдық еңбек нәтижесіне жетуге көмектесу. Құрылыс ерекшелігіне салыстырмалы талдау жасау. | Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді. Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі.
|
Біледі: құрастыру тәжірибелерін жаңа тапсырмалармен ұштастыруды.
Игереді: автотұрақ құрастыру тәсілін.
Меңгереді: бірлескен еңбек нәтижесіне жетуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Қол еңбегі. (6-с)
Тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс. Құстар.
Мақсаты: балаларды табиғи материалдармен таныстыру, олармен жұмыс жасаудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру, онымен жұмыс істеуге қажетті құрал-жабдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуге дағдыландыру, табиғи материалдарды біріктіру, толықтыру жұмысына ермексазды орынды пайдалануға үйрету, құстардың бейнесін жасауды үйрету, жұмыс орнын таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері. | Жақсы тілектерін айтып, сәлемдеседі. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Құстар туралы өлеңдерін айтқызу. Балалармен достасып, Жазда бақты қорғайды. Күзде кетер қоштасып, Кім біледі ... (торғайды). Бұрап қойған сағаттай, Айқайлайды таң атпай. (әтеш) Сурет бойынша үй құстары мен жабайы құстарды салыстырады, бір-бірінен айырмашылықтары жайында әңгімелеседі. Құстардың табиғатқа пайдасы, адамға пайдасы туралы айта келіп, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу. Әліппе-дәптермен жұмыс. Үлгі бойынша құстардың жасалу жолдарын үйрету. Құстардың дене бөліктерін бір-біріне біріктіру үшін ермексазды пайдаланамыз: -Бас пен кеуде бөлігі – ермексаз; - қанаты мен құйрығы, тұмсығы – шетеннің қанатжапырақтары; - мойны мен аяғы – бұтақтардан; - көзі – жүзім дәні; - айдары мен тұмсығы – қызыл түсті қатырмақағаздан; - тұғыры – ермексаздан. Ұсақ бөліктері ермексазға батырып кіргізу арқылы орналастырылады. |
|
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Жұмыс дайын болған соң, құстарға қандай қамқорлық жасауға болатынын сұрау. Тыйым сөздер айтқызу. Балаларды мадақтау. | -жем шашамыз, су береміз, ұя жасаймыз; - «Құстың ұясын бұзба» - «Жұмыртқаны жарма».
|
Біледі: құстарға қамқор болуды.
Игереді: табиғи материалдарменжұмыс жасаудың алғашқы дағдыларын.
Меңгереді: құстардың бейнесін жасауды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Құрастыру.(7-с)
Тақырыбы: Темірден жасалған конструктормен жұмыс. Саты.
Мақсаты: балаларды темір конструктормен, қозғалатын, қозғалмайтын темір бөлшектерімен, бекіту құралдарымен таныстыру, саты құрастыруды, құрастыруға қажетті бөлшектерді таңдай білуді үйрету, сатының адамға не үшін қажет екендігі жөнінде түсінік беру, құрастырудың практикалық машықтарын, бөлшектерді өзара бекітудің түрлі тәсілдерін қолдана отырып, үлгі бойынша құрастырып, жинақтай білу іскерлігін қалыптастыру.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері.
| Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Балалармен күз мезгілі туралы әңгіме қозғау. Күздің сыйы, байлығы, көкөніс, жемістер, жиын-терін жөнінде әңгімені, балалардың жауабын сұрақ-жауап әдісі арқылы кеңейтіп, толықтыру әдістерін қолдану. Әліппе-дәптермен жұмыс. Үлгі бойынша сатыны құрастыруды үйрету: Саты 2 планкадан және бірнеше басқышқа арналған бөлшектен тұрады. Саты құрастырғанда 1-планкаға 4-5 қысқа бөлшекті бұранда және қалпақша көмегімен бекітеді. Содан соң 2-планканы алып, қысқа бөлшектердің екінші жағынан бекітеді. Жұмыс реті түсіндірілгеннен кейін әр бала сатыны өз бетімен құрастырады. Сергіту сәті. | Күз мезгілі туралы әңгімені барлығы бірге отырып, өрбітеді.
Сұрақтарға жауап береді.
Әліппе-дәптердегі үлгіге қарап, сатының жасалу жолдарымен танысады.
Өз беттерінше сатыны жасап орындайды.
|
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Жұмыс барысында қиналған балаларға көмектесу. Балалардың еңбегіне талдау жасап, ең мықты бекітіліп жасалған сатыны алма бақтағы өнімді жинау үшін пайдалану ұсынылады. Сатыны жақсы жасаған балаларды мақтау. |
Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді. Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі.
|
Біледі: темір конструктормен, қозғалатын, қозғалмайтын темір бөлшектерімен, бекіту құралдарымен танысады.
Игереді: саты құрастыруды, құрастыруға қажетті бөлшектерді таңдай білуді.
Меңгереді: сатының адамға не үшін қажет екендігін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Қол еңбегі. (8-с)
Тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс. Жануарлар.
Мақсаты: жануарлар бейнесін жасауға қажетті материалдарды дұрыс таңдап алуға үйрету. Композиция құрастыра алу дағдыларын дамыту, табиғатты қорғауға тәрбиелеу, жануарлар бейнесін жасай білу дағдыларын қалыптастыру, шығарманың сюжетін аша білуге үйрету.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері.
| Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Балалардың «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісін естеріне түсіру. Осы жануарларды жасау үшін, қандай табиғи материалдарды пайдалануға болатынын талқылау. Мысалы: жержаңғақ, жүгері, қарбыздың тұқымы, жуан-жіңішке бұталар, еменжаңғақтың жапырақтары, қауырсын, шетеннің қанатжапырақтары, итмұрын жемістері, жаңғақ, ұлу қабыршықтары, қайыңның қабығы, тастар, шырша бүрлері, т.б. Әліппе-дәптермен жұмыс. Балаларды үш топқа бөлу. Әр топқа қай жануардың мүсінін жасайтындарын тапсыру. Үлгі бойынша жұмысты бастау: 1-топқа аттың бейнесін жасауды тапсыру. Оны жасау үшін - жүгері, бұтақтар, ермексаз, жүгері шашақтары, сым, қарбыздың дәні немесе шемішкені пайдаланады. 2-топқа иттің бейнесін жасауды тапсыру. Оны жасау үшін – еменжаңғақ, қысқа бұтақтар, ермексазды қолданады. 3-топ әтеш пен тауықты бейнелейді. Оған – талшын, сіріңке қорабы, таяқшалар, қауырсын, үйеңкінің қанатжапырақтары, бүрлерді қолданады. |
Ертегіні еске түсіреді. Өздері мазмұнын айтады.
Табиғи материалдарға нелер жататындарын айтады.
Әліппе-дәптердегі үлгі бойынша жануарлардың бейнесін жасауға кіріседі.
Үш топтың да балалары дұрыс жасауға бар күштерін салады.
|
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Әр топқа жекелей көмек беріледі. Дұрыс әрі сапалы орындалған топ марапатталады. | Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді. Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі. |
Біледі: жануарлар бейнесін жасауға қажетті материалдарды дұрыс таңдап алуды.
Игереді: композиция құрастыра алу дағдыларын.
Меңгереді: жануарлар бейнесін жасай білу дағдыларын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Құрастыру.(9-с)
Тақырыбы: Арба
Мақсаты: темір конструктордың таныс бөлшектері жайындағы түсініктерін бекіту, жаңа бөлшектермен таныстыру, арбаны құрастыру кезінде дөңгелекті бұрандамен бекіту тәсілін меңгерту, қозғалмалы бөліктерді құрастыру дағдыларын қалыптастыру, конструктормен ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері.
| Жақсы тілектерін айтып, сәлемдеседі. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Өткен сабақта сатыны құрастырғандарын, биік жерге шығу үшін қолданылатынын , онымен ағаштан алма жинауға болатынын естеріне түсіру. Әліппе-дәптермен жұмыс. Үлгіге қарап, арбаны құрастыруды қолға алу: -Өздерінің алдындағы конструкторлардан қажетті бөлшектерді таңдап алу ұсынылады; - балалар керек бөлшектерді таңдап алып, көрсетеді. Сұрақ-жауап әдісі: -Арба қанша бөліктен тұрады? - Арбаның жалпақ бөлігі, дөңгелектері, білігі, т.б. - Арбаның жалпақ бөлігі не үшін керек? - Жүк салу үшін. - Дөңгелекті немен біріктіруге болады? - Арбаның білігіне дөңгелектерді кигізіп, оны гайкалармен бұрап орналастырады. - Арбаның қозғалмалы бөлігін ата. Алдымен білікті жүк салатын аумақтың тесігіне өткізіп, шайбамен біріктіреді, содан соң екі жағынан дөңгелекті кигізіп, гайка және болттың көмегімен біріктіреді. |
Темір конструктордан сатыны құрастырғандағы еңбектерін әңгімелейді.
Әліппе-дәптердегі үлгіге қарап, темір арбаны құрастыруды үйренеді.
Сұрақтарға жауап береді.
Арбаны көрсетілген ретпен құрастырады. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Жұмыс барысында кейбір балаларға көмек көрсетіледі, мадақталады. | Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді. Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі. |
Біледі: конструктормен ұқыпты жұмыс істеуді.
Игереді: қозғалмалы бөліктерді құрастыру дағдыларын.
Меңгереді: арбаны құрастыру кезінде дөңгелекті бұрандамен бекіту тәсілін .
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Қол еңбегі.(10-с)
Тақырыбы: Қағазбен жұмыс. Альбом.
Мақсаты: қағазбен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, тік төртбұрышты қағазды біріктіріп бүктеу және бір-біріне желімдей білуге үйрету, оны әшекейлеуде көркемдік талғамын дамыту, бастаған ісін аяғына дейін шыдамдылықпен жеткізе білуге тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері.
| Жақсы тілектерін айтып, сәлемдеседі. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әліппе-дәптермен жұмыс. Үлгіге қарап жұмыстың орындалу ретін түсіндіру: -балаларға парақ қағазды алып, біреуін дәл ортасынан бүктеп көрсетеду. - балалар қайталайды, қалған бірнеше парақты алып біріктіре ұстап, оларды ортасынан бүктейді; - бүктелген қағаздардың бірінің үстіне бірін қойып, түптерін желімдейді; - түрлі түсті қағаздан альбом беттерінің өлшемімен бірдей мұқаба жасайды; - альбомның мұқабасының ішіне бір-біріне желімделген беттерді салады; - лента байлайтын орынды тесу құралымен теседі; - лентаны тесілген орыннан өткізіп, сәндеп байлайды; - альбомның мұқабасын балалар қалауы бойынша немесе көрсетілген үлгіге сәйкес безендіреді; - балаларға жұмыс барысында көмек көрсетіліп, жұмысты ұқыпты жасауы бақыланады. |
Үлгіге назарларын аударады. Жұмыстың орындалу ретін қарайды.
Қолдарындағы материалдарды қолданып, альбомды жасауға кіріседі.
Тәрбиешінің нұсқауы, көмегі бойынша альбомды әдемі етіп жасайды.
|
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Жұмыс аяқталғаннан кейін балалар еңбегін талдап, жетістіктерін атап, бұл альбомдарға бос уақыттарында сурет салып, түрлі түсті қағазбен қиып жапсыру жұмыстарын орындау ұснылады. | Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді. Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі. |
Біледі: қағазбен жұмыс істеу дағдыларын.
Игереді: тік төртбұрышты қағазды біріктіріп бүктеп және бір-біріне желімдей білуді.
Меңгереді: оны әшекейлеуде көркемдік талғамын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Құрастыру. (11-с)
Тақырыбы: Көпір түрлері. Жаяу жүргіншілерге арналған көпір. Машина жүретін көпір.
Мақсаты: балалардың көліктер туралы түсініктерін кеңейту, құрастыру материалдарын пайдаланып, жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, нақты жағдайларға сәйкес құрастыру іскерліктерін дамыту, көпірлердің ерекшеліктерін білуге үйрету, бір-бірімен келісуге, көмектесуге, құрылысты өз ойларынан толықтыруға жаттықтыру.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері.
| Жақсы тілектерін айтып, сәлемдеседі. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Балалармен көлік туралы әңгіме жүргізу. Аялдама жайлы сұрақтар қою. Әдептілік және бағдаршам жайлы өз білетін тақпақ тарын айтқызу. Біз – әдепті баламыз, Үлкенге орын береміз. Кейбіреуше көрмеген боп, Бермеуді ұят көреміз. Қызыл көзін ашқанда, Сынық сүйем баспа алға. Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін жасқанба. Әліппе-дәптермен жұмыс. Үлгі бойынша жұмысты орындату. Әртүрлі көпірлердің суреттерін көрсету, оларға талдау жасау. Жаяу адам жүратін көпір мен көлік өтетін көпірді салыстыру. Көпірдің бөліктеріне назарларын аударту: Тіректері, жүретін бөліктері, сүйеніштері, төмен түсіретін ылдиы. Алдымен көпірдің тіреулері, содан соң оның үстіңгі бөлігі, төмен түсетін ылдилары, сүйеніштері жасалады. Құрылыс материалдарын кезектестіріп қойып, астынан машиналар ары-бері өтетіндей көпірді құрастырып көрсетеді. |
Әдептілік жайлы тақпақтар айтылады. Бағдаршамның пайдасы туралы әңгімелейді.
Үлгіге назарларын аударады. Жұмыстың орындалу ретін қарайды.
Қолдарындағы материалдарды қолданып, көпірді жасауға кіріседі.
Тәрбиешінің нұсқауы, көмегі бойынша көпірді сапалы, әдемі етіп жасайды. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Жұмыс барысында кейбір балаларға көмек көрсетіледі, мадақталады.
| Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді. Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі. |
Біледі: құрастыру материалдарын дұрыс пайдалануды.
Игереді: көпірлердің ерекшеліктерін.
Меңгереді: құрылысты өз ойларынан толықтыруды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Қол еңбегі.(12-с)
Тақырыбы: Қажетсіз заттармен жұмыс. Ойыншықтар әлемі.
Мақсаты: балаларды әртүрлі «қалдық заттарды» пайдаға асыра білуге үйрету, йогурттың босаған құтыларынан, пластмасса ыдыстардан алуан түрлі ойыншықтар жасай білу, жасаған ойыншықтарын түрлі түсті қағаз, маркер, ермексазды пайдаланып безендіре білуге үйрету, алға қойған мақсатына жетуге, бастаған ісін соңына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері.
| Жақсы тілектерін айтып, сәлемдеседі. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әліппе-дәптермен жұмыс. Үлгіге қарап заттарды жасауды үйрету. Сиыр. Сиырдың денесі үшін сары немесе қоңыр түсті пластмасса бөтелкені пайдалануға болады. Сары қағаздан үлгіде көрсетілгендей басын қиып алу керек. Сәйкес түсте ұсақ бөлшектерді де қиып алады. Сиырдың басын денесіне жапсырады, ....
Мысық. Йогурттан босаған құтыға мысықтың көзінің, тұмсығыны, аузының, мұртының суретін салады. Құлағын орнататын орынды қиып алып, жапсыруға да болады. Қағаздан қиып алынған құлақты осы тесікке кигізеді. Бұл құтыны екінші құтыға желімдеу кезінде қолы мен құйрығын арасына бірге желімдеп жібереді. Қатырмақағаз бетіне жасыл шалғын мен көлді бейнелеп, мысықтың қолына қармақ ұстатса, балықшы мысық болып шыға келеді.
Бақа. Жасыл қатырмақағаздан басы мен төрт аяғын қиып алады. Басына сәйкес түстегі қағаздардан көзі, аузы, мұрны қиып алынып, жапсырылады. Фломастермен де салуға болады. |
|
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
Жұмыс барысында кейбір балаларға көмек көрсетіледі, мадақталады.
| Жұмысты жасап болғаннан кейін балалар өздерінің жұмыстарын өздері бағалайды. |
Біледі: әртүрлі «қалдық заттарды» пайдаға асыруды.
Игереді: йогурттың босаған құтыларынан, пластмасса ыдыстардан алуан түрлі ойыншықтар жасауды.
Меңгереді: жасаған ойыншықтарын түрлі түсті қағаз, маркер, ермексазды пайдаланып безендіруді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Құрастыру. (13-с)
Тақырыбы: Көпір түрлері. Теміржол үстінен және өзен үстінен өтетін көпірлер.
Мақсаты: әртүрлі көпірлер құрастыру дағдыларын бекіту, мазмұнды ашуға қажетті құрастыру материалдарын өз бетінше таңдап алуға үйрету, бірігіп жоспарлау, жұмыс істеуге үйрету.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері.
| Жақсы тілектерін айтып, сәлемдеседі. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелеу. Көпір туралы алған білімдерін естеріне түсіру. Әліппе-дәптермен жұмыс. Үлгі бойынша көпірді жасауды қолға алу. Әртүрлі көпірлердің суреттерін көрсету, оларға талдау жасау. Көпірдің бөліктеріне назарларын аударту: Тіректері, жүретін бөліктері, сүйеніштері, төмен түсіретін ылдиы. Алдымен көпірдің тіреулері, содан соң оның үстіңгі бөлігі, төмен түсетін ылдилары, сүйеніштері жасалады. Құрылыс материалдарын кезектестіріп қойып, астынан машиналар ары-бері өтетіндей көпірді құрастырып көрсетеді. Өзен үстінен салынатын көпірдің үстінен екі қатар машина сыятындай және жаяу адам жүретіндей белгілі бір кеңдікте болуы керек. Ал көпір кеме, пароход сиятындай биіктікте жасалады. Теміржол үстіне салынатын көпірдің кеңдігі екі бағыттағы машина және жүргінші сыятындай болуы керек. Ал көпірдің астынан пойыз жүретін жолдың рельсі салынады.
|
Үлгіге назарларын аударады. Жұмыстың орындалу ретін қарайды.
Қолдарындағы материалдарды қолданып, көпірді жасауға кіріседі.
Тәрбиешінің нұсқауы, көмегі бойынша көпірді сапалы, әдемі етіп жасайды. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Дайын құрылыстың орындалуын талқылай келе, балалар конструктор жинағының құрастыру бөлшектерінен әртүрлі шартқа сәйкес құрылыстар жасауға болатынына, әртүрлілігіне назарларын аударады. | Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді. Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі. |
Біледі: теміржол үстінен және өзен үстінен өтетін көпірлер туралы.
Игереді: : әртүрлі көпірлер құрастыру дағдыларын.
Меңгереді: бірігіп жоспарлау, жұмыс істеуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Қол еңбегі.(14-с)
Тақырыбы: Қағазбен жұмыс. Жануарлар бейнесіндегі мерекелік масқалар.
Мақсаты: балаларды қағазбен жұмыс жасауға, сызық бойымен дұрыс қиюға, ұқыпты желімдеуге үйрету, шығармашылығын, белсенділігін артыру, тиісті нәтижелерге қол жеткізіп, еңбек етуге ынталандыру.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері.
| Жақсы тілектерін айтып, сәлемдеседі. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: -әртүрлі Жаңа жыл мерекесіне киетін жануарлар бейнесін бейнелейтін маскалардың қалай жасалғанын қарап, көру; - әр баланың қандай маска жасағысы келетінін сұрау, таңдауға ерік беру; - олардың жасалу жолдарын түсіндіру. Әліппе-дәптермен жұмыс. Үлгі суреттерге талдау жасау. Қандай жануардың бейнесін жасайтынын таңдап алғаннан кейін, жұқа қатырмақағаз оның басының нобайын сызып алады. Көз, мұрын, ауыз сияқты қажетті ұсақ бөлшектерді дайындайды. Қатырмақағаздан шапка үшін жолақтар қиып алынады. Жолақтардың бірін басына орап, өлшемін алады да, желімдейтін жерді белгілейді. Келесі екі жолақты бір-біріне айқастырып желімдеп, биіктігін анықтап, негізгі жолаққа желімдейді. Содан соң жануарды басының бейнесін қиып алып, оған ұсақ бөлшектерін желімдейді. Дайын бейне басқа киетін бөлігіне желімделеді. |
Үлгіге назарларын аударады. Жұмыстың орындалу ретін қарайды.
Қолдарындағы материалдарды қолданып, маскаларды жасауға кіріседі.
Тәрбиешінің нұсқауы, көмегі бойынша масканы сапалы, әдемі етіп жасайды. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Жұмыс барысында қиналған балаларға көмектесу. Балалардың еңбегіне талдау жасап, ең мықты бекітіліп жасалған жануарлардың маскасынабаға беріледі. | Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді. Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі. |
Біледі: масканың жасалу жолын.
Игереді: сызық бойымен дұрыс қиюды, ұқыпты желімдеуді.
Меңгереді: : бірігіп жоспарлау, жұмыс істеуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Құрастыру.(15-с)
Тақырыбы: Үй құрастыру.
Мақсаты: үйдің құрылысы туралы түсініктерін қалыптастыру, берік құрылыс жасауға, әртүрлі үйдің жабдықтарын жасай алуға, қажетті бөлшектерді дұрыс таңдай алуға, үлгіге талдау жасай білуге үйрету, құрастыру барысында үлгіге сәйкес талаптарды орындап, материалдарын кеңістікте орналастыра білу дағдыларын дамыту.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері.
| Жақсы тілектерін айтып, сәлемдеседі. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Балалар өздерінің тұратын үйлері, аулалары жайлы әңгімелейді. Әліппе-дәптермен жұмыс. Дәптердегі бір қабатты үйдің үлгісіне талдау жасалады. Балалардың еңбек нәтижесіне жетудегі іс-әрекетіне басшылық жасалып, бағыт беріледі. Балалар құрылысты жүргізуге кіріседі. Тәрбиешінің көмегін қажет ететін балалар болса көмек береді.
Жаңылтпаш айту. Үйде ойыншық үлегім, Үлегіме үремін. Үремін де, үнемі, Үйіме мен кіремін. |
Үлгіге назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін қарайды.
Қолдарындағы материалдарды қолданып, үйді құрастыруға кіріседі.
Тәрбиешінің нұсқауы, көмегі бойынша үйді сапалы, әдемі етіп жасайды. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Аяқталған жұмыстарға талдауды болашақ тұрғындардың атынан балалар өздері айтады. Балалардың еңбегіне талдау жасап, ең мықты бекітіліп жасалған үйді алма бақтағы өнімді жинау үшін пайдалану ұсынылады. | Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді. Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі. |
Біледі: берік құрылыс жасауды, әртүрлі үйдің жабдықтарын жасай алуды, қажетті бөлшектерді дұрыс таңдай алуды.
Игереді: үйдің құрылысы туралы түсініктерін.
Меңгереді: , материалдарын кеңістікте орналастыра білу дағдыларын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Қол еңбегі.(16-с)
Тақырыбы: Қағазбен жұмыс. Шырша ойыншықтары.
Мақсаты: балалардың шырша шырақтарын қағаздан жасау дағдыларын қалыптастыру, қиылған дайын трафарет, шаблондар бойынша қажетті пішіндерді қиып, бір-біріне желімдеу дағдыларын қалыптастыру, шырша шырақтарын әдемілеп, ұқыпты жасауға, өз орындарын таза ұстап, жұмыстан кейін жинап қоюға дағдыландыру.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңберін ұйымдастыру. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық достарым, Арайлап атқан Күнге! | Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сәлемдеседі. Сабақты жақсы көңіл күймен бастайды. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Жыл мезгілдерінің өзгерісі, ерекшеліктері жайында әңгімелесу. Жақында қандай мерекені қарсы алатындарын сұрау. Жыл мезгілдері жайында жұмбақтар жасыру. Жомарт бар асып-тасатын, Алтын теңге шашатын. (Күз). Ақ сақалды атаны-ай, Мінезінің шатағы-ай . (Қыс). Балалармен бірге қыс мезгілі туралы әңгіме өрбіту. Әліппе-дәптермен жұмыс. Үлгі суретке зер салып, жұмысты бастайды. Орындалу реті: -түрлі түсті қағазды таңдау; - өзі қалаған үлгіге сәйкес трафарет немесе шаблондарды таңдап алу; - сызылған үлгіні қию, бірнешеу етіп дайындап алу; - дайындалған үлгіні бір-біріне біріктіріп желімдеу; - қабаттап немесе қатарластырып бүктеуде балаларға қиындықтар кездессе, көмектесу; - қағаз түстерінің үйлесімді болуына, араласып келуіне бағыт беру; - шыршаға ілетін ілгектерді қалай жасау керектігін түсіндіру; - дайын болған шырша шырақтары топ бөлмесіндегі шыршаға ілінеді; - ең әдемі шырақтар таңдалады. |
Үлгіге назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін қарайды.
Қолдарындағы материалдарды қолданып, шырша шырақтарын жасауға кіріседі.
Тәрбиешінің нұсқауы, көмегі бойынша шырша шырақтарын сапалы, әдемі етіп жасайды.
Сынып ішіндегі шыршаға ең әдемі шырақтарын апарып іледі. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Жұмыс аяқталған соң, балалардың жасаған шырақтарының сапасына, әдемілігіне, көлемі мен түсіне қарап мадақтап, Жаңа жылға арналған өлеңдері мен тақпақтары болса айтқызылады. | Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді. Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі. |
Біледі: өз орындарын таза ұстап, жұмыстан кейін жинап қоюды.
Игереді: шырша шырақтарын қағаздан жасау дағдыларын.
Меңгереді: қиылған дайын трафарет, шаблондар бойынша қажетті пішіндерді қиып, бір-біріне желімдеу дағдыларын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Құрастыру. (17-с)
Тақырыбы: Көп қабатты үйлер.
Мақсаты: балаларды құрылыс жасайтын материалдарды таңдауға, бөлшектерін, қажеттілігін, кеңістікте орналасу қалпын білуге үйрету, әртүрлі құрылыс материалдарынан көп қабатты үйлерді құрастыруға, іс-әрекетке деген қызығушылығын арттыру. Көп қабатты үйлерді келісе отырып, өз жоспарлары бойынша құрастыруға дағдыландыру.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңберін ұйымдастыру. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық достарым, Арайлап атқан Күнге! | Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сәлемдеседі. Сабақты жақсы көңіл күймен бастайды. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Жыл мезгілі, апта, ай аттары туралы шағын әңгіме жүргізу. Құрылысшылар үй салып жатқан сурет бойынша әңгіме құрату.
Осы көп қабатты үйді «Құрылысшылар» ойынын ойнату арқылы құрастырады. Әліппе-дәптермен жұмыс. -қай жерге құрылыс салу қажеттігі белгіленеді; - қандай құрылыс материалдарды қолданылатындығын таңдайды; - неше қабатты етіп тұрғызу, неше кіреберісі болатыны ойластырылады; - үйдің іргетасынан бастап, қабырғалары, терезелері, есіктері және кіреберіс, алаңдар жасауды балалар кезектесіп орындайды. |
Үлгіге назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін қарайды.
Қолдарындағы материалдарды қолданып, шырша шырақтарын жасауға кіріседі.
Тәрбиешінің нұсқауы, көмегі бойынша шырша шырақтарын сапалы, әдемі етіп жасайды.
Сынып ішіндегі шыршаға ең әдемі шырақтарын апарып іледі. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
Жұмыс барысында кейбір балаларға көмек көрсетіледі, мадақталады.
| Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді. Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі. |
Біледі: әртүрлі құрылыс материалдарынан көп қабатты үйлерді құрастыруды.
Игереді: көп қабатты үйлерді келісе отырып, өз жоспарлары бойынша құрастыруды.
Меңгереді: құрылыс жасайтын материалдарды таңдауды, бөлшектерін, қажеттілігін, кеңістікте орналасу қалпын білуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Қол еңбегі.(18-с)
Тақырыбы: Қамшы өру.
Мақсаты: қол еңбегіне, өз қолымен бұйым жасауға қызығушылығын арттыру, ұлттық ойындар үшін қамшы өрумен таныстыру, үш өрім өруді, ұшын бекітуді, сабымен біріктіруді үйрену, жіптердің түстерін үйлестіре өру әдіс-тәсілдерін меңгеру, тапсырылған істі ұқыпты, тиянақты орындауға, еңбек ете білуге тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңберін ұйымдастыру. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық достарым, Арайлап атқан Күнге! | Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сәлемдеседі. Сабақты жақсы көңіл күймен бастайды. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Қамшыны көрсете отырып, ол туралы мәлімет беру. Қысқаша әңгіме құрастыру. Қамшының неден жасалатындығы, өрім саны әртүрлі болатындығын суреттерден көрсете отырып түсіндіру. Екі қамшыны салыстыру. Әліппе-дәптермен жұмыс. Үлгі бойынша қамшыны өру жолдарымен танысып, орындайды. Өру жұмысын екі бала бірігіп орындау тиімділі болады. Алдымен біреуі жіптің ұшын ұстап отырады, екіншісі өреді, содан соң орындарын ауыстырады. Өрімнің басталатын ұшын түйіндеп байлайды, үш жіптің ұзындығы бірдей болуы тиіс. Бір бала түйілген жерінен ұстап тұрады, екіншісі өреді. Өріп болған соң, аяқталған ұшын да түйеді. Өрімді таяқшаға байлайды. |
Үлгіге назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін қарайды.
Қолдарындағы материалдарды қолданып, қамшыны өруге кіріседі.
Тәрбиешінің нұсқауы, көмегі бойынша қамшыны сапалы, әдемі етіп жасайды.
|
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
Жұмыс барысында кейбір балаларға көмек көрсетіледі, мадақталады.
| Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді. Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі. |
Біледі: үш өрім өруді, ұшын бекітуді, сабымен біріктіруді.
Игереді: қамшы өруді.
Меңгереді: жіптердің түстерін үйлестіре өру әдіс-тәсілдерін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Құрастыру.(19-с)
Тақырыбы: Мен тұратын көше.
Мақсаты: бір қабатты, көп қабатты үйлерді құрастыру дағдыларын бекіту, балаларды әртүрлі ғимараттарды шығармашылықпен өз беттерінше құрастыра білу, сәйкес бөлшектерді таңдай білу дағдыларын арттыру, ұжымдық жұмысқа қол жеткізу, ғимараттардың құрылыстың әдемілігін көре білуге үйрету, өзара сыйластық пен достыққа тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңберін ұйымдастыру. Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Жарқыраған күндейміз, Ренжісуді білмейміз! | Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сәлемдеседі. Сабақты жақсы көңіл күймен бастайды. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Сұрақ : Біз не көрдік? Жауаптар: кең жол, машиналар, жаяу жүргіншілер, алуан түрлі көліктер, үйлер, көп қабатты зәулім ғимараттар, дүкендер, жасыл желек ағаштар және т.б. Сұрақ: Не естідік? Жауап: Машиналардың шуылын, адамдардың дауысын және т.б.
«Құрылысшылар» атты өлеңді оқып беру. Жұмбақ жасыру: Ұзын-ұзын, ұзын жіп, Ұшына шыққан жан бар ма? Ақырын басқан жан бар ма? Ұшына шықпас жалғанда. (Жол) Күзде киімін тастайды, Көктемде киіне бастайды. (Ағаш) Арқасында ауыл бар, Ата тайым шауып жүр. (Автобус) Әліппе-дәптермен жұмыс. Балалардың бүгінгі сабақта құрылысшы болып жұмыс істейтіндіктері айтылады. Балалар өздері қалаған заттарын жасайды. |
Үлгіге назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін қарайды.
Қолдарындағы материалдарды қолданып, қамшыны өруге кіріседі.
Тәрбиешінің нұсқауы, көмегі бойынша қамшыны сапалы, әдемі етіп жасайды.
|
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
Жұмыс барысында кейбір балаларға көмек көрсетіледі, мадақталады.
| Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді. Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі. |
Біледі: бір қабатты, көп қабатты үйлерді құрастыруды.
Игереді: балаларды әртүрлі ғимараттарды шығармашылықпен өз беттерінше құрастыра білуді.
Меңгереді: ғимараттардың құрылыстың әдемілігін көре білуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Қол еңбегі.(20-с)
Тақырыбы: Қажетсіз заттармен жұмыс. Көңілді шеберхана.
Мақсаты: әртүрлі заттардан қуыршақ жасауды үйрету, баланың шығармашылығын, қиялын, тапқырлығын дамыту, саусақ театры ойындарымен таныстыру.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері. Кел, балалар ,күлейік! Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек! Көңілді боп жүрейік! | Барлығы бірдей әнді айтады. Қуанышпен бөліседі. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Балаларға саусақ ойындарын түсіндіру. Әртүрлі заттардан қуыршақ театрын жасауды ұсыну. Әліппе-дәптердегі үлгілерді талдау. 1.Ағаш немесе плстмассадан жасалған қуыршақ. Қасықтың дөңес жағына қуыршақтың бет-әлпетінің суреті салынады. Бірнеше қасыққа әртүрлі көңіл күйді білдіретін бет-әлпетті салуға болады.
2. Кірқыстырғыштардан қуыршақ жасау. Кірқыстырғышқа қуыршақтың бет-әлпетінің суреті салынады. Киімі үшін мата қалдығын пайдалануға болады. Шашын жіптен жасайды.
3. Қағаз пакеттен жасалған қуыршақ. Қағаз пакетке қуыршақтың бет-әлпеті бейнеленеді немесе түрлі түсті қағаздан қиып алып, жапсыруға болады. Қағазды ойып, мұрнын жасап, ойылған жерге сұқ саусақты өткізу, ал сұқ саусақ пен ортаңғы саусақтар қол болады.
4. Шұлықтан қуыршақ жасау. Шұлықтың іші керексіз маталармен немесе мақтамен толтырылады. Көзінің орнына түйме тігіледі. Тұмсығына басқа түсті матаны жапсыруға болады. шұлықтың ішіне сызғышты тігінен қойып, жіппен немесе резинамен бекітуге немесе қолға кигізуге де болады. |
Үлгіге назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін қарайды.
Қолдарындағы материалдарды қолданып, қуыршақты жасауға кіріседі.
Тәрбиешінің нұсқауы, көмегі бойынша қуыршақты сапалы, әдемі етіп жасайды.
|
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
Жұмыс барысында кейбір балаларға көмек көрсетіледі, мадақталады.
| Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді. Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі. |
Біледі: : әртүрлі заттардан қуыршақ жасауды.
Игереді: қуыршақтың қалай жасалу керектігін.
Меңгереді: қауіпсіздік ережесін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Құрастыру.(21-с)
Тақырыбы: Ірі көлемді конструктор бөлшектерінен көлік түрлерін құрастыру.
Мақсаты: балаларды ірі құрастыру материалдарымен таныстыру, өздігінен дербес әрекет етуге, құрастыру жұмыстары арқылы ойын аясын кеңейтуге үлес қосу, балалардың құрастыра білу қабілетін қалыптастыру, ой-қиялын және шығармашылығын дамыту.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңберін ұйымдастыру. - Аспанымыз ашық болсын! - Еліміз тыныш болсын! - Шаңырағымыз биік болсын! | Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Ірі бөлшектерден жасалатын көліктер туралы әңгімелесу. Әліппе-дәптермен жұмыс. Поролоннан жасалатын ірі көлемді конструктор бөлшектерін көрсетіп, талдау жасау, түстеріне балалардың назарын аударады, олар көлеміне, пішініне мән бере отырып, кеңістікке қалай орналасқанын сипаттайды. Құрастырылған материалдардың аттарын атайды: цилиндр, трапеция, қырлы форма, текше, үшбұрыш, төртбұрыш, т.б. Бұл материалдармен қалай құрастыруға болатынын түсіндіру. Өздеріне жасап көруді ұсыну. Әртүрлі үлгідегі суреттерге қарап көріп, олардың суда жүзетінін, жерде жүретінін және аспанда ұшатын көлік түрлері екенін айтады. Балаларды үш топқа бөлу. Әр топ өздері көлік түрлерін жасап көрсетеді. өздері жасаған көліктерінің пайдасы туралы әңгімелейді. |
Үлгіге назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін қарайды.
Қолдарындағы материалдарды қолданып, көлікті жасауға кіріседі.
Тәрбиешінің нұсқауы, көмегі бойынша көлікті сапалы, әдемі етіп жасайды.
|
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
Жұмыс барысында кейбір балаларға көмек көрсетіледі, мадақталады.
| Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді. Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі. |
Біледі: ірі құрастыру материалдарын танып .
Игереді: өздігінен дербес әрекет етуді, құрастыру жұмыстарын..
Меңгереді: қауіпсіздік ережесін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Қол еңбегі.(22-с)
Тақырыбы: Матамен жұмыс. Мектеп шеберханасына саяхат.
Мақсаты: мектептегі тігін шеберханасымен таныстыру, мата түрлерімен таныстыру, олардың түр-түсін, сапасын, ажырата білуге үйрету, шеберханадағы тігін құрал-жабдықтарымен, олардың пайдаланылуымен, құрылымен танысу, қауіпсіздік ережесі туралы түсінік беру.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңберін ұйымдастыру. Бала, бала, баламыз Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа Батамыз да қаламыз. |
Өлең жолдарын қайталап, сәлемдеседі. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Мектеп шеберханасына саяхат жасау. Үй шаруашылығыны сабағының мұғалімі ондағы құрал-жабдықтармен таныстырады. Ол таныстыру кезінде дайын үлгілерді, киімдерді, әртүрлі маталарды көрсетеді. маталардың түр-түсін, сапасын әңгімелеп, дәке мен шытты салыстырады, ерекшелелігіне тоқталады. Үлгілерді пайдаланып, өздеріне көйлек тігуге болатынын айтып, матаны үлгіге салып қиып көрсетеді. мата қалдықтарынан қиылған түрлі түсті ұсақ бөліктерден «Құрақ құрау» ойынын ойнауды ұсынады. Әртүрлі пішінді маталарды түстеріне қарай үйлестіріп, құрақ құрайды. Шағын топпен жасалған құрақтардың сапасы айтылып, еңбек нәтижесі мадақталады. Шеберханадағы құралдармен жұмыс істеу ережелерімен таныстырады:
|
Мектеп шеберханасына топтасып барады.
Мұғалімнің көмегімен ондағы заттармен танысады.
Маталарды танып-біледі.
Ойынды ойнау арқылы зейіндерін дамытады.
Қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйретеді. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылау. |
Сұрақтарға жауап береді. |
Біледі: мата түрлерімен танысады.
Игереді: шеберханадағы тігін құрал-жабдықтарын, олардың пайдаланылуын, құрылымын.
Меңгереді: қауіпсіздік ережесін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Құрастыру. (23-с)
Тақырыбы: Жолаушылар таситын кеме.
Мақсаты: суда жүзетін көлік түрлерімен таныстыру, құрылыс материалдарынан сызба үлгіге қарап, жолаушылар таситын кеме құрастыру тәсілін үйрету, құрастыру жұмысы арқылы ойлау қабілетін дамыту, балалардың құрастыруға деген қызығушылығын арттырып, белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту |
Шаттық шеңберін ұйымдастыру. Адал жақсы ниетпен, Бар адамға бақ тілеп Жарып шыққан жүректі, Сөздің бәрі ақ тілек.
|
Өлең жолдарын қайталап, сәлемдеседі. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы |
Әңгімелесу. Суда жүзетін көлік түрлерінің әртүрлілігі туралы әңгіме жүргізіп, олардың не үшін пайдаланылатыны, үлкен, кіші, жолаушылар таситын, жүк таситын, әскери деп бөлінетінін айту. Әліппе-дәптермен жұмыс. Көлік түрлерін сурет бойынша салыстыра келе, барлық кемелердің негізгі бөлігі сопақша, ұшы сүйір болып келетінін анықтайды. Кеменің жылдамдығын, ыңғайлылығын оның пішініне қарап қояды.
Жолаушылар таситын кеменің негізгі бөліктерін (палуба, каюта, жүргізу бөлігі) еске түсіріледі. Балаларға жеке көмек көрсете отырып, бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізуді бақылау.
|
Үлгіге назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін қарайды.
Қолдарындағы материалдарды қолданып, кемені жасауға кіріседі.
Тәрбиешінің нұсқауы, көмегі бойынша кемені сапалы, әдемі етіп жасайды.
|
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
Құрастыру жұмысы аяқталған соң балалармен бірлесіп талдау жасау. Орындарын жинауды ескерту. Жұмыс барысында «Теңіз толқиды» Ойынымен жалғастыру.
| Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді. Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі. |
Біледі: суда жүзетін көлік түрлерін танып-біледі.
Игереді: құрылыс материалдарынан сызба үлгіге қарап, жолаушылар таситын кеме құрастыру тәсілін.
Меңгереді: құрастыру жұмысын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Қол еңбегі.(24-с)
Тақырыбы: Матамен жұмыс. Тігіс түрлерімен таныстыру.
Мақсаты: балаларды қол еңбегімен, ине-жіппен, тігу түрлерімен таныстыру, ине-жіппен жұмыс істеу тәсілімен таныстыру, инені сабақтау, ұшын түюді үйрету, көктеу және шеттік тігіс түрлерімен таныстыру, ине-жіпті пайдалану ережелерін сақтауға үйрету.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңберін ұйымдастыру. Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Жарқыраған күндейміз, Ренжісуді білмейміз! |
Өлең жолдарын қайталап, сәлемдеседі. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Сабақты жұмбақ жасырудан бастау. Өзі жүріп отырады, Ізі тігіп отырады. (Ине) Балалардың жауабынан кейін бүгін инені сабақтаумен, тігу тәсілімен танысатындарын айту. Тігіп үйренбес бұрын ине-жіппен жұмыс істеу ережелерімен танысады: 1.Инені кез келген жерге тастама, ине салғышқа салып қой. 2. Инені ешқашан аузыңа салма. 3. Инеге жіпті сабақтағанда, оны аузыңа салма. 4. Жіпті тісіңмен тістеме, ол тісіңді бүлдіреді. 5. Тот басқан инені тігуге пайдаланба. Ине туралы өлең оқып беру. Ине-жіпті сабақтауды үйрету. Балалардың өздерінің инелеріне жіп сабақтауды үйрету. Балаларды тігіс тәсілдерімен таныстырғаннан кейін, қолдарындағы қатырмақағазға орындап жаттығады. Содан соң, тігіс түрін матаға орындайды. Мата жұмсақ болғандықтан, тігісті матаға тігу қиындау болады. сондықтан әр баланың қауіпсіздік ережесін сақтап, ұқыпты орындауына көңіл аудару керек. |
Жұмбақты шешеді.
Инемен тігу тәсілдерін үйренеді.
Қауіпсіздік ережелерін мұқият ұстануды үйренеді.
Өлеңді зейін қоя тыңдайды.
Қолдарындағы қатырмақағазға инемен тігіп үйренеді. Матаға тігуді жүзеге асырады. Қауіпсіздікті сақтайды. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Балалардың тігу жұмысын қалай орындағандары талданады, жекелей кеңестер беріледі. Сабақ соңында «Ине мен жіп» ойыны ойнатылады. | Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді. Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі. |
Біледі: инені сабақтау, ұшын түюді.
Игереді: ине-жіппен жұмыс істеу тәсілін.
Меңгереді: көктеу және шеттік тігіс түрлерін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Құрастыру. (25-с)
Тақырыбы: Қажетсіз заттардан құрастыру. Жиһаз.
Мақсаты: қағазбен, өндіріске қажетсіз заттармен жұмыс жасауды жалғастыру, балаларға ойыншықтарға арналған жиһаздар жасауды үйрету, жұмысты өздерінің ой-қиялымен толықтыру, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа баулу.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңберін ұйымдастыру. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық достарым, Арайлап атқан Күнге! | Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сәлемдеседі. Сабақты жақсы көңіл күймен бастайды. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Балаларға үстел үстіндегі материалдар киндер-сюрприздің қауашақтары, сусын, шырындардың бөтелкелерінің қақпақтары, сіріңке қораптары т.б. қарауды ұсыну және бұлардың ешкімге керексіз қалдық заттар екенін, осы қажетсіз заттарды пайдаға асыруға болатынын айтады. Енді осы заттардан қуыршаққа әдемі жиһаздар жасауды үйренеміз. Әліппе-дәптермен жұмыс. Үстел. Төрт тігінен тұрған киндер-сюрприздің қауашағының жартысы – бұл аяқтары, кез келген түрлі тіктөртбұрышты қатырмақағаз беті – үстелдің қақпағы болады. Орындық. Тігінен тұрған киндердің қауашағының үстіне ортасынан тең бүктелген түрлі түсті қатырмақағаз жолағын жапсырамыз, содан соң жолақты ашамыз, сонда арқалығы бар орындық болады.қауашақты отыратын орындықтың ортасына орналастыру керек. Шкаф. Сіріңке қорабының ішкі бөлігін көлденеңінен орналастырып, бір-біріне желімдейміз. Диван. Екі сіріңкенің қорапшасын оның ені жағынан бір-біріне желімдейміз де, сыртын түрлі түсті қағазбен айналдыра жабыстырамыз – бұл диванның негізі болады, қораптардан дәл осылай диванның арқасын жасаймыз. Бүйір жағы үшін екі жеке қорап аламыз, оларға да түрлі түсті қағазды жабыстырамыз. Диванның негізіне арқасын және бүйір жағын біріктіріп желімдейміз. |
Үлгіге назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін қарайды.
Қолдарындағы материалдарды қолданып, жиһаздарды жасауға кіріседі.
Тәрбиешінің нұсқауы, көмегі бойынша жиһазды сапалы, әдемі етіп жасайды.
|
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Мақал-мәтел: Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей. Еңбек етпеген ішіп-жемейді. |
Мақал-мәтелді жатқа айтады. |
Біледі: ойыншықтарға арналған жиһаздар жасауды.
Игереді: қағазбен, өндіріске қажетсіз заттармен жұмыс жасауды.
Меңгереді: жұмысты өздерінің ой-қиялымен толықтыруды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Қол еңбегі.(26-с)
Тақырыбы: Матамен жұмыс. Сулықты шашақтау.
Мақсаты: матаның түрлері, сапасы жайында білімдерін тиянақтау, сулықты шашақтау тәсілін үйрету, инені сабақтау, дұрыс ұстау, қауіпсіздік ережесін сақтау дағдыларын қалыптастыру, ерінбей еңбек етуге тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту |
Шаттық шеңберін ұйымдастыру. Адал жақсы ниетпен, Бар адамға бақ тілеп Жарып шыққан жүректі, Сөздің бәрі ақ тілек.
|
Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сәлемдеседі. Сабақты жақсы көңіл күймен бастайды. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы |
Әңгімелесу. Түрлі түсіт шашақталған әдемі сулықтарды көрсету. Енді осы сулықтарды өздерінінң жасайтындықтарын айту.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
Сулық жасау үшін шыт мата таңдап алынады. Өйткені оның жіптері көлденеңінен және тігінен тоқылған. Сулықтың шетінен иненің ұшымен бір жіптің ұшын шығарып, үзбей суырып көрсету. Инені ұқыпты ұстап, бір-біріне кедергі келтірмеу керектігін ескерту.
|
Үлгіге назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін қарайды.
Тәрбиешінің нұсқауы, көмегі бойынша сулықты дұрыс шашақтауды үйреніп, шашақтайды.
|
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
Дайын болған сулықтарын көрсетеді. Көмек қажет болған балаларға жәрдем беріледі. |
Сабақты тақпақ айтып аяқтайды. |
Біледі: матаның түрлері, сапасы жайында.
Игереді: сулықты шашақтау тәсілін.
Меңгереді: , инені сабақтау, дұрыс ұстау, қауіпсіздік ережесін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Құрастыру.(27-с)
Тақырыбы: Сіріңке қораптарынан керуен құрастыру.
Мақсаты: сіріңке қораптарынан түйені және керуенбасын құрастыру, сіріңке қораптарын пайдалану дағдыларын қалыптастыру, қораптарды біріктіріп, бір-біріне кигізу, желімдеу ретін түсіндіру, жұмыс барысында балалардың ой-қиялын дамытып, ұжымдық еңбек нәтижесіне жетуге тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері. Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Жарқыраған күндейміз, Ренжісуді білмейміз! | Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сәлемдеседі. Сабақты жақсы көңіл күймен бастайды. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Түркістан қаласының тарихы жөнінде қысқаша мағлұмат беру. Ол қаланың Ұлы Жібек жолының бойында орналасқанын айту. Ұлы Жібек жолы бойымен керуен арқылы әртүрлі тауарлар тасымалданғаны жайында түсінік беру.
Әліппе-дәптермен жұмыс. Керуенді құрастыруға кіріседі. Алдымен түйені жасау. Түйе 6 қораптан жасалады. Алдымен екі қораптың ішін жартылай ашып, тігінен қойылады (бұл аяғы), денесі ретінде алынған үшінші қорап сызбада көрсетілгендей жартылай ашық қораптың ішіне орналастырылады. Төртінші қорап бұрыштап, өркештің орнына қойылады., бесінші қораптың сырты тігінен(мойны), іші(басы) көлденеңінен орналастырылады. Содан соң түйенің дайын бейнесінің сыртын түрлі түсті қағазбен айналдыра желімдейді. Көзін, құлағын түрлі түсті қағаздан қиып алып жапсырады. Бұйдасын жіптен жасауға болады. |
Үлгіге назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін қарайды.
Қолдарындағы материалдарды қолданып, түйелерді жасауға кіріседі.
Тәрбиешінің нұсқауы, көмегі бойынша түйені сапалы, әдемі етіп жасайды.
|
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
Жұмыс барысында кейбір балаларға көмек көрсетіледі, мадақталады.
| Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді. Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі. |
Біледі: сіріңке қораптарын пайдалану дағдыларын.
Игереді: сіріңке қораптарынан түйені және керуенбасын құрастыруды.
Меңгереді: қораптарды біріктіріп, бір-біріне кигізу, желімдеу ретін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Қол еңбегі.(28-с)
Тақырыбы: Сулықты кестелеу.
Мақсаты: матамен жұмысты жалғастыру, қарапайым кесте тігу өнерімен таныстыру, кестежіптің ерекшелігін түсіндіру, тігіс түрлерін орындау, көркемдеу дағдыларын жетілдіру, инемен жұмыс істеу ережелерін сақтай білу.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері. Адал жақсы ниетпен, Бар адамға бақ тілеп Жарып шыққан жүректі, Сөздің бәрі ақ тілек. | Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сәлемдеседі. Сабақты жақсы көңіл күймен бастайды. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Өткен сабақта сулықты шашақтағандарын естеріне түсіріп, бүгін сулықты кестелейтіндіктерін айту.
Әліппе-дәптермен жұмыс. Үлгіге талдау жасап, көктеп тігу тәсілінің үлгісін көрсету. Балалар екі түрлі кесте жіпті пайдаланып, сүлгіні кестелеу жұмысына кіріседі: -шашақталған сулықтың екі шетін қарындашпен сызу; - қызыл түсті жіпті инеге сабақтап, жіптің ұшын түюді ескерту; - балаларға инені дұрыс ұстауға бағыт беру; - екінші түрлі жіпті инеге сабақтап, ұшын түйіп алу; - инені тігістің ең шеткі бөлігінен астынан үстіне қарай өткізіп алады; - ине мен жіпті бір тігіс үстінен өткізіп, екіншісін келесі тігіске өткізіп кезектестіріп, жасыл жіпті жүргізіп шығады. |
Үлгіге назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін қарайды.
Қолдарындағы материалдарды қолданып, сулықты кестелеуге кіріседі.
Тәрбиешінің нұсқауы, көмегі бойынша сулықты сапалы, әдемі етіп тігеді.
|
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
Жұмыс барысында кейбір балаларға көмек көрсетіледі, мадақталады.
| Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді. Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі. |
Біледі: қарапайым кесте тігуді.
Игереді: кестежіптің ерекшелігін.
Меңгереді: тігіс түрлерін , көркемдеу дағдыларын , инемен жұмыс істеу ережелерін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Құрастыру.(29-с)
Тақырыбы: Қажетсіз заттардан мысық, күшік бейнесін құрастыру.
Мақсаты: жіп орауыш (катушка) пен әртүрлі қажетсіз заттарды пайдаланып, күшік пен мысық бейнесін жасауды үйрету, дене бөліктерін желімнің көмегімен біріктіруді үйрену, балалардың ой-қиялын дамыту, жан-жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері. Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Жарқыраған күндейміз, Ренжісуді білмейміз! | Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сәлемдеседі. Сабақты жақсы көңіл күймен бастайды. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Балалар (6-8) шағын топпен топтасып отырады. Ортаға дәретхана қағазының ортасындағы түтік, түрлі түсті қатырмақағаз, жай қарындаш, желім, қайшы, т.б. қойылады. Әліппе-дәптермен жұмыс. Ойыншық үлгіге талдау жасалады. Жұмыстың орындалу реті: -қатырмақағаздан тіктөртбұрыш қиып алып, ортасынан екіге бүйтейді; - тіктөртбұрыштың жоғарғы бұрыштарын дөңгелектеп қияды; - аяғын шығарып алу үшін тіктөртбұрыштың төмен жағынан ойып алады; - құйрығын сызып, қиып алады; - басын дөңгелектеп қағаздан қиып алып, көзін, мұрнын, т.б. ұсақ бөлшектерін фломастермен сызады; - құлағын қиып жапсырады; - басын алдыңғы аяғының жоғарғы жағына желімдейді; - артқы, алдыңғы аяқтарын түтікке біріктіріп жапсырады; - құйрығын қиып алып, артқы аяғының жоғарғы жағына желімдейді; |
Үлгіге назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін қарайды.
Қолдарындағы материалдарды қолданып, күшікті , мысықты жасауға кіріседі.
Тәрбиешінің нұсқауы, көмегі бойынша күшік пен мысықты сапалы, әдемі етіп жасайды. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
Жұмыс барысында кейбір балаларға көмек көрсетіледі, талдау жасалады, мадақталады.
| Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді. Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі. |
Біледі: жіп орауыш (катушка) пен әртүрлі қажетсіз заттарды танып-біледі.
Игереді: , күшік пен мысық бейнесін жасауды.
Меңгереді: дене бөліктерін желімнің көмегімен біріктіруді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Қол еңбегі.(30-с)
Тақырыбы: Ине шанышқыш тігу.
Мақсаты: балаларға матаның ішіне поролон салып, ине шанышқыш жасауды үйрету, тігін құралдарын қолдана білу дағдыларын арттыру, «шеттік» тігіспен бөлшектерді біріктіре білуге үйрету, өздері орындаған жұмыстарының нәтижесіне қанағаттану сезімдерін ояту.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық достарым, Арайлап атқан Күнге! | Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сәлемдеседі. Сабақты жақсы көңіл күймен бастайды. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Жұмбақ жасыру: Жылт-жылт етеді, Жүгіріп кетеді. (Ине) Ине – өте үшкір, әрі жіңішке, жерге түссе көрінбейді, табылмай қалуы мүмкін. Сондықтан біз оын шаншып қоятын «ине шанышқыш» жасап, оны анамызға, әжемізге немесе әпкемізге сыйлайық. Сергіту сәті: Басбармағым – атам, Балаң үйрек – әжем. Ортан терек – әкем, Шылдыр шүмек – анам, Кішкене бөбек – ол мен. Әліппе-дәптермен жұмыс. Үлгіге қарап талдау жасалады. Ине мен қайшымен жұмыс істеу ережелерін еске түсіру. Шаршы пішінді екі матаға таңдап алынған бейненің үлгіқалыбын қойып, бастырып алады. Сызық бойынан сәл үлкендеу қиып алады. Үлгіқалыпты поролонның үстіне қойып та бастырып алады. Қиып алынған поролон екі матаның ортасына салынады. Екі мата бөлшегін бір-бірімен шеткі тігіс арқылы біріктіреді.ілгішті екі матаның ортасына салып, тігіп жібереді. Поролон болмаған жағдайда, екі мата бөлшегін біріктіріп тігіп алғаннан кейін, біраз жерін тікпей ашық қалдырып, сол жерден ішіне мақта салып, толтырады. |
Үлгіге назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін қарайды.
Қолдарындағы материалдарды қолданып, жиһаздарды жасауға кіріседі.
Тәрбиешінің нұсқауы, көмегі бойынша жиһазды сапалы, әдемі етіп жасайды.
|
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау | Жұмысты орындау барысында кейбір балаларға көмек көрсетіледі, жұмысы тексеріліп мадақталады. | Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді. Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі. |
Біледі: тігін құралдарын қолдануды.
Игереді: матаның ішіне поролон салып, ине шанышқыш жасауды.
Меңгереді: «шеттік» тігіспен бөлшектерді біріктіре білуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Құрастыру.(31-с)
Тақырыбы: Сым темірден қуыршақ жасау.
Мақсаты: балаларды сым темірдің сапасымен, түрлерімен таныстыру, сымтемірді таяқшаға орап, шиыршық дайындауды, бөлшектерді біріктіруді, ойыншық жасауды үйрету, балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін арттыру.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері. Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Жарқыраған күндейміз, Ренжісуді білмейміз! | Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сәлемдеседі. Сабақты жақсы көңіл күймен бастайды. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Балаларға сым темірді таныстыру. Сым темірдің сапасы жайында айтып беру. Жұмсақ, иілгіш, сырты қапталған, ішінде жұмсақ темір, тегіс, жылтыр, т.б. бұл сым темірді орауға, бүктеуге, қайшымен қиюға болады. Әліппе-дәптермен жұмыс. Сым темірден жасалған ойыншық түрлерінің суретін көрсету, балалардың қызығушылығын арттыру. Сым темірмен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін түсіндіру: -сым темірдің ұшын өзіңнің немесе қасыңдағы адамның көзіне жақындатпа; - сым темірді ауызға салуға болмайды; - сым темірді қолыңды жарақаттап алмай, ұқыпты пайдалан; - жұмыс аяқталған соң, сым темірді орнына қой. Сым темірден қуыршақтар жасауды үйрету. Ол үшін сым темірді алдымен шиыршықтап орауды үйренеміз. Қарындашты алып, сым темірді қарындашқа айналдырып ораймыз. Қарындашты сол қолға ұстап, сым темірдің ұшын сұқ саусақпен басып ұстап тұрамыз, оң қолмен сым темірді қарындашқа айналдыра ораймыз. Шиыршықталған сым темірді қарындаштан жайлап алады, ұзындау етіп созады. Созылған сым темірден қолы мен аяқтарын ұзындау етіп, денесін қысқалау етіп қайшымен қиып алады. Қиып алынған сым темірлерді бір-біріне бұрау арқылы бекіту. Қуыршақтың денесі дайын болғаннан кейін оны толықтыру жұмыстары жүргізіледі. Басы екі дөңгелек қатырмақағаздан жасалады. Бет-әлпетінің суретін фломастермен салады. |
Үлгіге назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін қарайды.
Қолдарындағы материалдарды қолданып, қуыршақты жасауға кіріседі.
Тәрбиешінің нұсқауы, көмегі бойынша қуыршақты сапалы, әдемі етіп жасайды.
|
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
Жұмыс барысында кейбір балаларға көмек көрсетіледі, мадақталады.
| Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді. Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі. |
Біледі: сым темірдің сапасын, түрлерін.
Игереді: сымтемірді таяқшаға орап, шиыршық дайындауды.
Меңгереді: бөлшектерді біріктіруді, ойыншық жасауды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аясы:Шығармашылық. Күні:_____________
Білім көздері: Қол еңбегі.(32-с)
Тақырыбы: Ағашпен жұмыс.
Мақсаты: мектеп шеберханасына саяхат жасап, балаларды ағашпен жұмыс жасау жолдарымен таныстыру, ағаштан жасалған бұйымдарды қарау, балғамен, арамен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін естеріне түсіру, қажетті құрал-жабдықтар жайында түсініктерін қалыптастыру, адамдардың еңбегін құрметтеуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңбері. Адал жақсы ниетпен, Бар адамға бақ тілеп Жарып шыққан жүректі, Сөздің бәрі ақ тілек. | Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сәлемдеседі. Сабақты жақсы көңіл күймен бастайды. |
| Ізденістер. Ұйымдастырушы | Әңгімелесу. Еңбек пәнінің мұғалімімен танысып, шеберханамен танысады. Шеберханадағы орналасқан заттарды, оқушылардың үстеріндегі киімдерді, ағашты өңдеуге арналған құралдарды көрсету. Содан соң мұғалім балаларды шкафтың жанына шақырады. Ондағы ағашпен жұмысқа қажетті құралдармен таныстырады; ара, балға, тістеуік, біз, егеу, пышақ, т.б. құралдарды не үшін пайдаланатындығын түсіндіреді. Араның көмегімен ағашты әртүрлі өлшемде кесуге болады, балға және шегемен бөліктерді біріктіріп, тақтайшаларды мықты ұстау үшін қиюластырады. Араланған орынды егеумен тегістейді, дұрыс қағылмаған шегені тістеуікпен суырып алады. Содан соң балалар ағаштан жасалған ойыншықтар тұрған сөреге келеді. |
Еңбек пәнінің сыныбына, шеберханасына саяхатқа шығады.
Ондағы ағашты өңдеу жұмыстарымен танысады.
Ағашты өңдеуге қажетті құралдарды көріп-ұстап, танысады.
Оларды не үшін, қалай қолданалатындығын түсінеді. |
| Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
Жұмыс барысында кейбір балаларға көмек көрсетіледі, мадақталады.
| Балалар дайын болған жұмыстарын көрсетеді. Бір-бірімен жұмыстарын көрсетіп бөліседі. |
Біледі: ағашпен жұмыс жасау жолдарымен танысады.
Игереді: ағаштан жасалған бұйымдарды қарау, балғамен, арамен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін.
Меңгереді: қажетті құрал-жабдықтар жайында түсініктерін.