СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Технология для учительей начальных классов

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пәні:Өзін-өзі тану

Тақырып:  

Құндылық :  Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Бәрін жақсы көру, әкеге деген  сүйіспеншілік, татулық .

Мұғалім  Утегенова Перизат                        Сынып     2 «А»                         Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты: Үйлесімді байланыс арқылы сүйіспеншілік   құндылығының мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

1. Салауатты отбасы туралы түсінік беру;

2. Кешірімділік, қамқорлық,бауырмалдық қасиеттерін дамыту;

3. Мейірімділік, кешірімділік, қамқорлық, бауырмалдық қасиеттерге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар,

дереккөздер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. 

Сабақты жағымды күйге келтіру. 

5 «Т» -ның сақталуын еске түсіру:

тәртіп, талап, тазалық, татулық, тыныштық.         

Тыныштық сәті.    Нұрға бөлену 

(Жай, баяу жағымды музыка қойылады).

       Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің

әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.

Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға  толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз:«Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы  Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуыңызға болады. Рахмет

Үй тапсырмасын пысықтау: Мәтінмен жұмыс

                                  « »                      «Өсиет әңгіме»

- Балалар мәтін не жайында жазылған?

- Әкенің бойында қандай қасиеттер байқадыңдар?

- Еңбек еткенде сендер қандай сезімде боласыңдар?

- Ұрыс болудың салдары неден басталады?

- Екі отбасын қалай сипаттап берген ?

- Сендер жанұяларың тату болу үшін не жасай алар едіңдер?

Ескертулер

Дәйексөз «Бір адам жаққан отқа,

                   Жүз адам жылынады»         Қазақ мақалы

 Шынайы өмірде жағымды да, жағымсыз да құбылыстар, әрекеттер кездесуі мүмкін. Соларды ажырата білу арқылы өмірдің жағымды жақтарын бойымызға сіңіріп, жақсы өмір сүруге, адамдарға және айналамызға қуаныш, бақыт сыйлай білуге үйренеміз.                                                                         

 

                 Мұғалім сыйы: "Бақытты отбасының сыры"

Бір шағын қалада екі отбасы көрші тұрады. Бір отбасында үнемі ұрыс болады, ал екінші отбасында барлығы тату –тәтті өмір сүреді.

Бір күні бақытты отбасына қызығып жүрген екінші үйдің баласы олардың қалай өмір сүріп жатқанын білгісі келеді.

Сөйтіп, бір күні ол көрші үйге келіп,жасырынып, бақылап отырады.

Бақытты үйде барлығы әкесі, анасы, балалары да ылғи көңілді жүреді екен. Олар бәрін бірлесіп жасап жатыр. Анасы үйін тазалап жүріп бір құмыраны сүртіп тұр еді, кенеттен біреу телефон соғады. Ол құмыраны үстелдің шетіне қойып кетеді.

Анасына көмектесіп жүрген баласы бөлмедегі жаңағы құмыраны байқамай құлатып алады. Құмыра сынып қалады.

Бала « Міне қазір ұрыс басталады » деп ойлайды. Өйткені олардың отбасында осылай болушы еді.

Анасы оны көріп, ұлына :

- Кешір , балам. Мен кінәлімін. Мен оны дұрыс қоймадым.

- Жоқ, мен кінәлімін. Байқамай қалдым.

- Жарайды, ештеңе етпейді, бұл болмашы нәрсе,- дейді әкесі.

... Көрші бала оларға қызыға қарап, өз үйіне қарай жүгіре жөнеледі.

Анасы:

- Не болды, сонша жүгіріп, бірдеңе көрдің бе?

- Иә!

- Анашым,мен көршілердің бақытының сырын, олардың бізден ерекшелігін енді ұқтым.

- Олардың отбасында әркім өзін кінәлайды. Ал біздің отбасымызда әрқайсымыз « менікі дұрыс» дейміз....

Сұрақтар:

1.Отбасы жылулығы мен саулығы кімге және неге байланысты деп ойлайсыңдар?

2. Отбасы салауатты болу үшін қандай құндылықтармен өмір сүру керек?

3. Өз отбасыңды салауатты отбасы деп санайсыңдар ма? Неліктен?

 

 

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

- « Салауатты отбасының ережесі» құрастыру

- «Бақытты отбасы» тақырыбында әңгіме жазыңдар

- Адамның дамуына не ықпал етеді?

- Өскен сайын өз бойларыңнан қандай өздгерістер байқайсыңдар ?

- Өз бойларыңда қандай қасиеттер  болғанын байқадыңдар?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

 

Топпен ән айту.

 «Біз осылай өсеміз» әнін орындаймыз.        

                                 Сөзін жазған:М.Әлімбаев

                                 Әнін жазған:И. Нүсіпбаев

Таң атады арайлап,

Күн күлімдеп туады.

Жадырайды бар аймақ,

Жарқырайды шуағы.

Дала гүлін жинаған,

Жазып ерлік дастанды.

Аталарым сыйлаған

Бізге ашық аспанды

Жарқын заман бөбегін

Аялайды нұрлы таң

Алтын бесік өз елім,

 

 

Үй тапсырмасы

1. Өз отбасың «салауатты отбасы» деп ойлайсың ба? Неліктен? Неге?                                Cол бойынша әңгімелеп беру

2. Келесі сабақ:

51-бет. «Жаның жеті жаманнан аман болсын»                   Ел аузынан

 

Соңғы тыныштық сәті

Баяу музыка қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

                             Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде

          Сүйіспеншілік сүйіспеншілік,сүйіспеншілік бүкіл әлемде!

 

                                  Әдебиеттер:

  1. Өзін-өзі тану пәнінің оқу бағдарламасы.1-11 сыныптар. «Бөбек» Алматы, 2010 -31б.
  2.  «Өзін-өзі тану». Оқулық. 4-сынып. «Бөбек» Алматы, 2010-110-115б
  3. «Өзін-өзі тану» мұғалімге арналған әдістемелік құрал. 4-сынып. «Бөбек» Алматы, 2010-111-114 б.

«Өзін-өзі тану-Самопознание kz» журналы. «Бөбек» ҰҒПББСО  Адамды үйлесімді даму институты, №1 (61) 2015; №3 (63) 2015

Просмотр содержимого документа
«Технология для учительей начальных классов»

Мектеп: М.Әуезов мектеп - гимназиясы

Күні: 08.12.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні: Утегенова Перизат

Сынып: 1 - 4

Сабақ тақырыбы: Тәуелсіздік – тірегім,

Мәңгілік ел – тұрғым.

Шығармашылық жұмыстар

Көрме ұйымдастыру



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары :

Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану мен эксперимент жүргізу.

Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану.

Cыныпқа дайын жұмысты таныстыру (көрме т.б.).



Сабақ мақсаттары:

Түрлі көркем материалдарды қолдана отырып жұмыстарды әсемдеу

Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану.

Жұмыстардың таныстырылымы

Пәнге тән лексика мен терминология:

Өнердің қайта өркендеуі, импрессионизм, экспрессионизм, заманауи өнер, кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері, пейзаж, натюрморт, дақ, штрих, көлем, форма, кеңістік, түс, сызық.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Сіздің ойыңызша суретші не үшін… материалдарды қоладанады?

Сіз сипаттап бере аласыз ба?

Бұл техника сізге не үшін ұнады?

Қолөнер жұмысы сізді не үшін қызықтырды?

Өз жұмысыңызды қалай жақсартар едіңіз?



Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту бірін-бірі сабақ барысында қолдау және түсіністік арқылы жүзеге асады



Пәнаралық байланыстар:

Бейнелеу өнері, дизайн

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар электронды көрме жасау үшін АКТ қолданады



Бастапқы білім:

Түрлі материалдар және АКТ мен жұмыс істеу қабілеті

Сабақ барысы



Сабақтың басы:

Амандасу

Коллабаративті орта құру

Белсенді ойын «Бір біріне»

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Шығармашылық жұмыстар

Көрме ұйымдастыру

Түрлі көркем материалдарды қолдана отырып жұмыстарды әсемдеу

Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану.

Жұмыстардың таныстырылымы

Сабақтың ортасы:

Практикалық бөлім:

Көрме ұйымдастыру үшін көркем материалдарды қолданып жұмыстарды әсемдеу және АКТ қолдана отырып электронды көрме ұйымдастыру, жұмысты әсемдеу ( картинка қою).

Электронды көрме ұйымдастыру (дизайн, функционалдылық)

Жеке идеяларын көрсету мен дамытуда оқушылар өз ойларын айтып, алған әсерлері мен шығармашылық шабыттарын сезінеді.

Шығармашылық шабыт сезімінде оқушылар альбомда немесе фотоаппарат көмегімен өздерін әуестендірген сәттерді жинап, түсіреді, әсемдейді.

Оқушылар шығармашылық жұмысқа тақырыпты, орындау техникасын және қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды өздігімен (мұғаліммен келісе отырып) таңдайды. Оқушылар өздерінің шешімдерін көрсетіп, материалдар мен тәсілдерді пайдалануды жүзеге асырады.

Оқушылар өз жұмысында суреттеу құралдарын қолдана отырып өз идеяларын жеткізуі қажет. Жұмыс барысында оқушылар бір-бірінің жұмыстарын талдап, мұғалім кеңесін алып, берілген ұсыныстар негізінде аяқтайды.

Сабақтың соңы

Әрбір оқушы өз жұмысын жариялап, қорғайды. Жұмыстағы негізгі ойды айқын түсіндіріп, өнерден өзінің білімін көрсетеді.



Жұмыстарға жалпы сипаттама беріп, оқущылардың шығармашылық жұмыстарына ұсыныстар айту.

Электронды көрме жасау бойынша жасалынған шығармашылық жұмыстардың ішінен таңдалған жұмыстар мектептің сайтына жүктеледі

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдаукөрсете отырып, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу .



















































Қысқа мерзімді жоспар




Мектеп: М.Әуезов мектеп гимназиясы

Күні: 04.12.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні: Утегенова Перизат

Сыныптар: 1 - 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы:

Тәуелсіздік – тірегім,

Мәңгілік ел – тұрғым.

Шығармашылық жұмыстар.

Көрме ұйымдастыру.



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану мен эксперимент жүргізу

Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану.

Cыныпқа дайын жұмысты таныстыру (көрме т.б.).


Сабақ мақсаттары

  • Түрлі көркем материалдарды қолдана отырып жұмыстарды әсемдеу

  • Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану.

  • Жұмыстардың таныстырылымы


Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Өнердің қайта өркендеуі, импрессионизм, экспрессионизм, заманауи өнер, мүсін, көлем, форма, түс т.б.

  • Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Сіздің ойыңызша қолөнерші не үшін… материалдарды қоладанады?

  • Сіз сипаттап бере аласыз ба?

  • Бұл техника сізге не үшін ұнады?

  • Қолөнер жұмысы сізді не үшін қызықтырды?

  • Өз жұмысыңызды қалай жақсартар едіңіз?


Құндылықтарды дарыту




Құндылықтарды дарыту бірін-бірі сабақ барысында қолдау және түсіністік арқылы жүзеге асыру.


Пәнаралық

байланыстар

Бейнелеу өнері, дизайн.

АКТ қолдану

дағдылары

Оқушылар электронды көрме жасау үшін АКТ қолданады.


Бастапқы білім


Түрлі материалдар және АКТ мен жұмыс істеу қабілеті.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Амандасу

Коллабаративті орта құру

Белсенді ойын «Бір біріне»

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Шығармашылық жұмыстар

Көрме ұйымдастыру

  • Түрлі көркем материалдарды қолдана отырып жұмыстарды әсемдеу

  • Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған орта мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану.

  • Жұмыстардың таныстырылымы



Сабақтың ортасы


Практикалық бөлім:

Көрме ұйымдастыру үшін көркем материалдарды қолданып жұмыстарды әсемдеу және АКТ қолдана отырып электронды көрме ұйымдастыру

  • жұмысты әсемдеу

( картинка немесе бейне қою)

  • Электронды көрме ұйымдастыру (дизайн, функционалдылық)

Жеке идеяларын көрсету мен дамытуда оқушылар өз ойларын айтып, алған әсерлері мен шығармашылық шабыттарын сезінеді.

Шығармашылық шабыт сезімінде оқушылар альбомда немесе фотоаппарат көмегімен өздерін әуестендірген сәттерді жинап, түсіреді.

Оқушылар шығармашылық жұмысқа тақырыпты, орындау техникасын және қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды өздігімен (мұғаліммен келісе отырып) таңдайды. Оқушылар өздерінің шешімдерін көрсетіп, материалдар мен тәсілдерді пайдалануды жүзеге асырады.

Оқушылар өз жұмысында суреттеу құралдарын қолдана отырып өз идеяларын жеткізуі қажет. Жұмыс барысында оқушылар бір-бірінің жұмыстарын талдап, мұғалім кеңесін алып, берілген ұсыныстар негізінде аяқтайды.

.

Сабақтың соңы

Әрбір оқушы өз жұмысын жариялап, қорғайды. Жұмыстағы негізгі ойды айқын түсіндіріп, өнерден өзінің білімін көрсетеді.

Жұмыстарға жалпы сипаттама беріп, оқущылардың шығармашылық жұмыстарына ұсыныстар айту.

Көрме жасау бойынша жасалынған шығармашылық жұмыстардың ішінен таңдалған жұмыстар мектептің сайтына жүктеледі.



Саралау іріктелгентапсырмалар, нақты біроқушыдан күтілетіннәтижелер, оқушыға дербесқолдаукөрсету, оқуматериалдары мен ресурстарын 

оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде болуымүмкін.

Саралау уақытты ұтымдыпайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады


































Скачать

© 2018, 388 4

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!