СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Технологиялық карта Шығармашылық сурет

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шыгармашылық сурет технологиялық карта 

Просмотр содержимого документа
«Технологиялық карта Шығармашылық сурет»

Ұйымдастырылған оқі іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек) тобы « __» _____________20__жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Мерекелік от шашу

Мақсаты: балаларға салтанатты шерулердің мәнін түсіндіру,мерекелер туралыбілімдерін одан әрі жетілдіру. Шығармашылық қиялдарын,көркемдік талғамдарын дамыту, ұқыптылық пен жинақтылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: мереклік отшашу көрінісі бейнеленген сурет,қылқалам,акварель бояу,су құятын ыдыс.

Сөздік жұмыс: республика күні,мерекелік от шашу.

Оқу іс-әре кеті

Педагогтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивация лық-қозғаушылық

Үнтаспадан мемлекеттік ән ұранды тыңдау.

Жүректерінің тұсына қолдарын қойып,ән ұранды айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Отан дегенне?

Б.Ысқақовтың «Отан» өлеңі оқылады.

-Балалар,біздің ұлтымыз қазақ. Отанымыз Қазақстан Республикасы. Мынау мемлекетіміздің елтаңбасы./Елтаңбасы туралы басты мәліметтер береміз/

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні 16 желтоқсан.

Бұл ең үлкен мереке.

Отшашудың салу жодарын көрсету.

Алдымен сопақша немесе дөңгелек пішінді әр түрлі мерекелік шарларды саламыз.Қылқаламмен сүйкей жаға отырып жан-жаққа сызықтар саламыз.

Әуен ырғағымен билеу.

Жеке жұмыс жасау.

-Отан-біздің елімі,әке-шешемі,туған-туысымыз,өзіміз туып өскен жеріміз.

Балалар педагогты тыңдап түсінбеген тұстарына сұрақ тарын қойып отырады.

Балалар әуен ырғағы мен отшашуды салады.

Сергіту сәтін орындады.

Жеке көмек алды.

Рефлексиялық-түзету

Педагог балаларға салған суреттеріне өздері талдау жасауды ұсынады.

Балалар педагогпен бірге талдап ,бір-біріне баға береді.




Күтілетін нәтиже:

Біледі:салтанатты шерулердің мән- мағнасын біледі.

Игереді:қиялдағы дүниелерді сурет арқылы беру дағдылары,жақсы көңіл күйді жеткізу ептіліктері жетіледі

Меңгереді:жұмысты орындау барысында көркемдік дағдылары дамиды.

Ұйымдастырылған оқі іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек) тобы « __» _____________20__жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Жаңа жыл мерекесі.

Мақсаты: жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беру,қиялдау,елестету дағдыларын дамыту,бауырмалдыққа,армандай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: жаңа жылдық мерекелік сурет,түрлі –тү сті акварель бояуы, қылқала,. сүрткіш.

Сөздік жұмыс: жаңа жыл.

Оқу іс-әре кеті

Педагогтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивация лық-қозғаушылық

Педагог өлең оқиды.

Жаңа жылды қарсы алып,

Барлық бала ән салып.

Ақша қар жүр би билеп,

Қол слғады барша жұрт.

Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Әңгімелесу.

Жаңа жыл туралы.

Қонаққа кұртықындай келеді.

Педагог оны жұбатады.

Балалар құртықындайға жаңа жыл туралы сурет салып беретіндерін айтады.

Педагог балаларға суреттің салу жолдарын түсіндіреді.

Балалардың жұмысы.

Сергіту сәті.

Жұмысты жалғастыру.

Жеке көмек.

Мақалдар.

Жаңа жылда ел жаңа.

Педагогтың әңгімесін тыңдап,сұраққа жауап алады.

-Иә,с аған сыйлықтар салып береміз.

Балалар акварель бояуымен жұмыс жасады.

Сергілту сәтін орындады.

Мақалды жаттады.

Рефлексиялық-түзету

Дайын болған сыйлықтарды құртықындаға береді.Ол қуанып алғысын айтады.Педагог балалармен мейірімділік,қамқорлық жайлы әңгімені айта отырап оқу іс-әрекетін қорытады.

Балалар сыйлықтарын берді.Өз ойларымен бөлісті.




Күтілетін нәтиже:

Біледі:жаңа –жылдық мерекелер туралы мағұлматты біледі.

Игереді:жаңа –жылдық басқада мерекелік көңіл күйді жеткізетін түстерді таңдай білуді игереді.

Меңгереді:бір-біріне сүйіспеншілік қарым –қатынаста болу,басқаларға қуаныш сыйлай білу қасиеттерін қалыптастыру.

Ұйымдастырылған оқі іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек) тобы « __» _____________20__жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Аяз ата

Мақсаты: Аяз атаның бейнесін салуды үйрету, балаларды мейірімділікке, сүйіспеншілікке тәрбиелей отырып,Жаңа жыл кешінің аса сыйлы қонағы –Аязатаның қалай пайда болғанымен таныстыру.

Көрнекілік: үлгі ретінде үлкен көлемді Аязатаның суреті.

Сөздік жұмыс: күртеше, шапан, Аязата, Санта Клаус.


Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивация лық-қозғаушылық

-Балалар сәлемдесу туралы мақалды еске түсіреді. «Әдептілік белгісі ,иіліп сәлем бергенің»

-Онда жылы шыраймен амандасып,бір-бірімізге жылулық сезімімізді білдірейік.

Балалар бір-бірімен жылы жүзбен амандаса ды.Қыздар бастарын иіп амандасады, ұлдар оң қолдарын беріп амандасады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар ,қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі сендерге неліктен ұнайды?

-Балалар,сендер Аязатаның қалай пайда болғанын білесіңдер ме?

Аязатаның жақсы балаларға сыйлық әкеп беріп кететінін айтады.

Сергіту сәті.

Аязатаның бейнесін салу жолдарын көрсетеді,айтып түсіндіреді. Қандай геометриялық пішіндер арқылы салу жолдарын айтып береміз.

Суреттің салу жолдарын қайталап сұрайды.

Балалар сурет салған кезде педагог балаларды бақылап көмек беріп отырады.

-Қыс мезгілі.

-Қармен ойнаймыз,шана тебеміз.

Педагогты тыңдайды.

Сергіту сәті орындалды.

Суретті салды.

Рефлексиялық-түзету

Балалардың тамаша салған суреттері мадақталады.

Балалардың оқу іс-әрекетінен алған әсерлері талқыланады.

Балалар бір-бірінің суреттерін бағалайды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:Аязатаның қалай пайда болғанын біледі.

Игереді:Аязата тәрізді аңыздық кейіпкерлерді құрметтеуді,оның образдық бейнесін сала білуді игередеді.

Меңгереді:сурет салу кезеңдерінің дұрыс ретін қолдануды меңгереді.

Ұйымдастырылған оқі іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек) тобы « __» _____________20__жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Мерекелік дастархан

Мақсаты: қазақтың дастарқаны,қонақ күту рәсімі,туралы түсініктерін кеңейту,іс-әркет барысында өз ойын толық жеткізе әңгімелеу арқылы тілін дамыту. Ой қиялын ұштауға көмектесу.

Көрнекілік: сурет салаға арналған құралдар. «Дастархан »әні.

Сөздік жұмыс: құрметтеу,қасиетті,қадірлеу,әдемі.


Оқу іс-әре кеті

Педагогтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивация лық-қозғаушылық

«Дастархан» әнін тыңдау. Педагог әннің не жайлы айтылғанын әңгімелеп ,дастархан ның мән-мағынасына қысқаша тоқталады. Үлгіні талдау барысында дастарханды салу техникасы мен ою-өрнектерге назар аударады.

Балалардың назары үн таспаға ауады. Үлгіге қарап дастарханда қалай сәндеу туралы ойланады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Алдамен дастарханның суретін саламыз.

-Дастархан қандай геометриялық пішінге ұқсайды?

Дастарханды бір түрлі бояумен саламыз.

Көркем сөз.

Алға жайып тұз-дәмін,

Келтіреді үй сәнін.

Ол халқымның ақ наны,

Кең пейілді арайлы,

Осы жерден тарайды.

Дастарханды әшекейлеу жолдарын көрсету.

Өрнектерді салу жолдарын көрсету.Тіктөртбұрышты дастарханның шетіне,бұрыштарына,ортасына түрлі түсті қызғалдықты ,қошқар мүйізді үйлестіріп саламыз да бояймыз.

-Иә.

-Дөңгелек.


-Жарайды.


-Тыңдады.






-әдемі өрнек ерді пайдаланып дастарқанды сәндейді.

Рефлексиялық-түзету

Оқу ісінің аяғында балалардың еңбек нәтижесі нің әдемілігі аталып өтеді.

Балалар жұмыстары ның нәтижесін көреді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:дастарқанның қонақжайлылықтың мән-мағанасын,маңыздылығын біледі.

Игереді:дастарқанды әшекейлеу ерекшеліктерін игереді.

Меңгереді:ұқыпты жұмыс жасауды,сұлулықыт сезінуді меңгереді.

Ұйымдастырылған оқі іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Балдырған» (ересек) тобы « __» _____________20__жыл


Білім беру саласы:Шығармашылық

Білім беру бөлімі:Сурет салу

Тақырыбы:Қыстағы жапырақсыз ағаш.

Мақсаты:балаларға жапырақсыз ағашты салу техникасын түсіндіру, одан әрі жетілдіру. Шығармашылық қиялдарын,көркемдік талғамдарын дамыту, ұқыптылық пен жинақтылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:суретсалуға керекті құрал-жабдықтар. Қыстағы жапырақсыз ағаш бейнесі.

Сөздік жұмыс: қыстағы жапырақсыз ағаш.


Оқу іс-әре кеті

Педагогтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивация лық-қозғаушылық

Қайта-қайта қар жауады,

Қыс келгеннің белгісі.

Дала кезіп зар қағады,

Көбейген-ау жел күшті.

Балалар қайталап айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Жыл мезгілін сұрайды.

Қандай белгілерге қарап қыс мезгілі екенін білеміз?

Айнала неге оранған?

Сұрақ-жауаптар.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар.

Қыстағы ағашты қағаз бетңне түсіреміз./Салу жолдарын түсіндіру/

Ағаштың түрлерін сұрайды.

-Ағаштың діңі ұзынша,төменгі бөлігі жуандау болады.Бұтақтары көлденең,жапырақтары иіліп тұрады.

Қолдарымен ауады сызып көрсетеді.

Балалар сурет салуға кіріседі. Олардың жұмыстарын бақылап,басшылық жасайды.

-Қыс мезгілі.

Күн суытады,аяз болады.


Қарға оранады.

Сұрақтарға жауап береді.

Сергіту сәті орындалды.


Суретті салу жолдарын түінді.

Рефлексиялық-түзету

Балалар салған суреттерін тақтаға іліп, қотындылайды.Жұмыстарын талдап,әңгімесін тыңдап,бағалайды.

Балалар өз жұмытары туралы әңгімелейді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі:қыс мезгілінің ерекшеліктерін,өсімдіктер дүниесінде болатын өзгерістерді,оған ауа райы мен сыртқы ортаның әсерін біледі.

Игереді:жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін анықтап,қағаз бетіне түсіруді.

Меңгереді:жұмысты орындау барысында көркемдік дағдылары дамиды.

Ұйымдастырылған оқі іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек) тобы « __» _____________20__жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Жаңа жыл мерекесі.

Мақсаты: жаңа жыл туралы түсінік беру,қиялдау,елестету дағдыларын,дамыту,бауырмалдыққа,армандай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Жаңа жылдық мерекелік сурет,қылқалам,акварель бояу,су құятын ыдыс.

Сөздік жұмыс: жаңа жыл.


Оқу іс-әре кеті

Педагогтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивация лық-қозғаушылық

Үн таспадан жаңа жыл туралы әуен ойнап тұрады.

Жаңа жылды қарсы алып,

Барлық бала ән салып.

Ақшақар жүр бибилеп,

Қол соғады барша жұрт .

Балалар жаңа жылдық тақпақт арды педагогпен ілесіп қайталайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог балалармен жаңа жыл туралы әңгімелесіп отырады. Ергежейлі келеді.

Шанамен сыйлық алып келе жатыр едім ұрлатып алдым.

Педагог жарайды жылама.Балалар көмектеседі.

Қазір сурет салып береміз.Таныс пішіндерді пайдаланып жұмыс жасаймыз.

Сергіту сәті.

«Ұлпа қарлар»

Балалармен жұмыс.

Жеке жұмыс.

Жаңа жыл туралы әңгіме балаларға ұнады.

Жаңа жылдық көңіл күйлерді суреттеп берді.

Ашық мерекелік түстерді таңдай білді.

Жасыл шырша жанындағы қуыршақтарды бейнелеп берді.

Рефлексиялық-түзету

Дайын болған сыйлықтарын ергежейліге береді. Ол қуанып алғыс айтады.

Балалар дайын жұмыс тарын ата –аналарына сыады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:жаңа жылдық мереке туралы мағұлматтарды біледі..

Игереді:жаңа жылдық мерекелік күйді жеткізетін түстерді таңдай білуді игереді.

Меңгереді:бір-біріне сүйіспеншілік қарым –қатынаста болуды ,басқаларға қуаныш сыйлай білу қасиеттері қалыптасады.

Ұйымдастырылған оқі іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Балдырған» (ересек) тобы « __» _____________20__жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Қар кесегі

Мақсаты:балаларды қыс мезгілімен таныстыру,қысқы табиғат құбылыстарын сезіне білуге,қардың аппақұлпа, мамықтай жұмсақ болатынын түсіндіру,балаларға дербес түрде қар кесегін салуды үйрету.

Көрнекілік:қар кесегі көрінісі бейнеленген сурет,қылқалам,акварель бояу,су құятын ыдыс.


Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Бүгін біз өздеріміз айтып жүрген ғажайып сөздерді айтамыз.Оны алақаны мызды түйістіру арқылы айтамыз.

Алақандарын түиістіріп бір-біріне жылы сөздерді айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Мультфильм көру «Көртышқан мен оның аққала досы».

Көртышқан аққала досын неге жасады?

Көртышқан досына қалай көмектесті?

Енді қар кесегінен аққала жасаймыз. Алдымен үлгіге қарап аламыз.

Суретті салу жолдарын түсіндіру.

Бояу түстерін дұрыс пайдалана білу жолдарын түсіндіреді.

Аққаланың бас киімі қандай фигураға ұқсайды.Мұрынын қалай салу керек екенін атап кетеді.

Сергіту сәті.

Саусақ жаттығулары.

Балалар мултьфильмді қызыға тыңдайды,тамашалайды.

-Қар кесегінен.

-Балалардың жауаптары.

Балалар сурет дәптерлерімен жұмыс жасайды.

Аққаланың суретін салады.

Рефлексиялық-түзету

Қортындылау.

-Біз бүгін сабақта не істедік?

Қандай мултьфильм көрдік?

-Қандай әсер алдық?

-Мултьфильм көрдік.

-«Көртышқан мен аққала досы».Алаған әсерлерін әңгімелеп береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:аққаланы қар кесегінен жасауға болатынын,қардың күн жылына бастағандағы жұмсақ,жабысқақ болу себептерін,жыл мезгілдерінің табиғатқа әсерін біледі.

Игереді:достық қатынастың аса қымбат екенін,достықты қадіртұту өмірлік маңызды қасиет екендігін игереді.

Меңгереді:ақ түсті бояуды пайдаланып,көк түсті фонда аққала суретін салуды меңгереді.

Ұйымдастырылған оқі іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Балдырған» (ересек) тобы « __» _____________20__жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық,қатынас

Білім беру бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Атама арналған тымақ.

Мақсаты: балаларды ер адамға арналған баскиімінің түрлерімен ,олардың ерекшеліктерімен таныстыру,қазақ халқының салт-дәстүрін сыйлап-қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: тымақтың үлгі ретінде үлкен көлемде салынған суреті.

Сөздік жұмыс: тымақ.


Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивация лық-қозғаушылық

Балаларға қонаққа қарт атай келеді.Ол өзімен бірге балаларға сыйлыққа құрт ала келеді.

Балалар атаймен амандасып,әкелген сыйлығы үшін алғыстарын айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар,атай сендерді дұрыс ести алмай отырған сияқты,себебін сұрапта үлгердім.Атайбаскиімсіз жүрем деп,құлағыма суық тигізіп алыпты.Атайдың құлағы жақсы естуіне қөмектескілерің келе ме?

-.Тымақ деген кандай болатындығын білесіңдер ме?

-Иә,дұрыс айтасыңдар,тымақ ер адамдарға арналған баскиім.

Сергіту сәті:

-Балала,енді үлгі ретінде ілінген суретке қарап отырып,тымақтың суретін салып ,қонаққа келген атамызға тарту етейік.

Балалар көмектесуге әзір екендіктерін айтаады.

-Иә,білеміз,ол ер адамдардың баскиімі.

Балалар педагог айтқан ақпаратты мұқият тыңдайды.

Балалар орындарынан тұрып,сергіту сәтін орындайды.

Балалар белсене сурет салуға кіріседі.

Балалар атаға тымақтың суретін тарту етеді.

Рефлексиялық-түзету

Сабақтың қортындысы:

-Бүгін бізге қонаққа кім келді?

-Атаға арнап ненің суретін салдық?

-Ер адамға арналған тымақ қалай жасалынады?

-Сабақтың алған әсерлерің қандай?

-Сабақ сердерге несімен ұнады?

-Ата

-Тымақтың

-Жақсы,тамаша.

-Атаға сыйлыққа тымақтың суретін салғанымыз.

Күтілетін нәтиже:

Біледі.ер адамның баскиімі – тымақ туралы мәліметтерді,оның қандай бөліктерден құралатыны туралы біледі.

Игереді:тымақтың суретін салу дағдысын игереді.

Меңгереді:тымақтың тұрқымен бірге құлақшадан тұратынын және оның тері сыртынан қалың матамен қапталып тігілетінін меңгереді.

Ұйымдастырылған оқі іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Балдырған» (ересек) тобы « __» _____________20__жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Ақшақардың сүйікті достары.

Мақсаты: балаларды ақшақардың достарымен таныстыру,олардың суретін салуды одан әрі жетілдіру. Шығармашылық қиялдарын,көркемдік талғамдарын дамыту, ұқыптылық пен жинақтылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Ақшақардың достарының /қоянмен мысықтың /үлгі ретіндегі суреті.


Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивация лық-қозғаушылық

Жағдаятты сомдау.

Ақшақар қонаққа келеді.

Балалардан достарын тауып беруді өтінеді.

Ақщақарды қарсы алды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балалар келіседі.

Үлгі суретті қарап талдау жасайды.

Балаларға суреттің салу жолдарын көрсетеді.

Балалар талдаулары бойынша сурет салуға кіріседі.

Сергіту сәті.

Қайталайық тағы да,

Қимылыңнан жалықпа.

Бүгілмесін қолдарың,

Жылдам-жылдам қозғағың.

Суреттің қалған жерлерін салып аяқтайды.

Болған суреттерін ақшақарға көрсетеді.

-Иә,жарайды.

Педагогты тыңдады.


Дәптермен жұмыс жасады.

Сергіту сәтін орындады.






Жұмыстарын ақшақарға көрсетті.

Рефлексиялық-түзету

Жұмыстарын қортындылау.

Ақшақардың қай досының суретін салдыңдар?

-Осы сабақта сендерге нге ұнады?

-Ұнатқан сурет терімізді салдық.

Балалардың жауаптары.




Күтілетін нәтиже:

Біледі:Ақшақардың достары туралы мәліметтерді.

Игереді:сурет сала білу дағдыларын қалыптастырады.

Меңгереді:бір-біріне қамқор болуды, басқаларға көмектесіп,қамқорлық жасай білуді.


Ұйымдастырылған оқі іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек) тобы « __» _____________20__жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Қыстағы шуақты күн

Мақсаты:Балалар бойында байқағыштық,қысқы табиғат құбылыстары ерекшелігін сезіне білушілік,қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік қасиеттерін тәрбиелеу.

Көрнекілік:демонстрациялық материялдар,электронды қазақ үйі.

Сөздік жұмыс: шуақыт күн


Оқу іс-әре кеті

Педагогтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивация лық-қозғаушылық

Үнтаспадан әнтыңдау.Қ.Ыдырысов.

Қысым –ақ,қысым-ақ,

Жібердің қысып –ақ.

Қалмаспыз біз деген,

Боранға ұшырап.

Әнді тыңдайды.

Өлеңді қайталайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар ,қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

Бүгін қыстың жайдарлы бір шуақты күнін салып көрелік.Үлгіге назар аударамыз.

Жылы аспан ашық,қыстағы шуақты күн.

-Енді өзіміз осы қыстағы шуақты күнді салып үйренейік.

Суреттің салу және орындалу жолдарын түсіндіреміз.

Сергіту сәті. «Шауқты күн»

Суретті салуды жалғастырамыз.

Жеке көмек.

-Қыс мезгілі.

-Қыста аяз,суықболады. Балалардың жауаптары.

Үлгіге назар аударады.

Балалар өз беттерінше сурет салады.

Жек көмек алады.

Әуен ырғағы мен сергіту сәтін орындады.

Суретті аяқтады.

Рефлексиялық-түзету

Жақсы ерекше орындаған балалардың жұмыстары аталып,мақталады. Сабаққа талдау жасалады.

Жұмыстарын аяқтапбір-бірінің жұмыстарын бағалайды.Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.


Күтілетін нәтиже:

Біледі:қыс мезгілінің негізгі белгілері мен ерекшеліктерін біледі.

Игереді:қыс бейнесінде күнді салу арқылы көңілді,шуақты қыс бейнесін көрсете білу.

Меңгереді:әр жыл мезгілінің ерекшелігін ескеруді,қоршаған орта,табиғатқа деген қамқорлық жасаудың қажеттігін меңгереді.


Ұйымдастырылған оқі іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек) тобы « __» _____________20__жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Қызғаншақ екі қонжық

Мақсаты: достық туралы ,тату –тәтті қарым –қатынас жасау туралыбілімдерін жетілдіру,дұрыс қарыс-қатынас жасай білу дағдыларын дамыту, балаларды қайырымды болуға ,көпшіл,мейірімді болуға тәрбиелеу,қызғаншақтықтың жақсылыққа бастамайтынын түсіндіру.

Көрнекілік: демонстрациялық метериялдар, «Қызғаншақ екі қонжық» мультфильм, үнтаспа.

Сөздік жұмыс: қонжық

Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тыныштандыру кезеңі. Үнтаспадан ойнаған әуенмен балалар қонжықтар алаңына қонаққа барғандай болады.


Балалар өздерінің қандай күйде болғандарын айтып бір -бірімен бөліседі.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Әңгімелеу.

-Сендер «татулық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Тату деп кімді айтамыз?

-Татулық достар арасында ең керемет қасиет.Тату балалар бір-бірін тыңдайды. Сондықтан да достық татулықтан басталады.»Екі қызғаншақ қонжық»венгер ертегісінен үзінді оқу. Бейнефильм көрсетіледі.

-Ертегі сендерге ұнады ма?

-Ертегідегі екі қонжықтың суретін саламыз.Алдымен көрнекісуретке қарап аламыз. Қонжықтарды бөлісіп аламыз Оң жақтағы бала,оң жақтағы қонжықты.Сол жақтағы бала,сол жақтағы қонжықты салады.

Дәптер бетін бағдарлап қоямыз.

Қонжықтың басын,денесін,қолдары мен аяқтарын саламыз.Алдымен қарындашпен салып аламыз.Қылқаламмен бояуп суретіміздге көрік береміз.Екі қонжықтың көңіл күйін келтіреміз

Балалардың жауаптары тыңдалады.


Балалар педагогты мұқият тыңдайды.

Балалар бейне филмді қызыға тамашалайды.

-Иә,өте ұнады.






Балаларсурет салу әптерлерін ашып,сурет сала бастайды.

Рефлексиялық-түзету

Оқу іс –әрекетін қортындалау.

-Сабақ ұнады ма?

-Бүгінгі оқу әс-ірекетімізден өздеріңе қандай үлгі алдыңдар?

Суретті тамаша орындаған балаларды мадақтайды.

-Сабақ ұнады, қызғаншақ болған жықсылыққа апармайтынын түсіндік.Балалар бір-бірінің жұмысн бағалайды.





Күтілетін нәтиже:

Біледі:мейірімділік,жомарттылық, жанашырлықсияқты түсініктердің мағынасын ажырата біледі.

Игереді:қонжықтың суретін сала білу,олардың көңіл күйлерін жеткізе білу икемділіктерін игереді.

Меңгереді:қызғаншақтықтың жағымсыз қасиет екендігін,басқа адамдарға тек жақсылық ойлау керектігі туралы ой –түсініктері қалыптасады.





























Ұйымдастырылған оқі іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек) тобы « __» _____________20__жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Сәукеле.

Мақсаты:ұлттық киімдер туралы ұғымдарды бекіту, сурет салу іс-әрекеті арқылы баскиімдерді әшекейлеу,ұлттық ерекшеліктерді ажырата білу.

Көрнекілік:сәукеле бейнеленген сурет,қылқалам,акварель бояу,су құятын ыдыс.

Сөздік жұмыс: киіз,тәж, төбе,құлақбау,конус, үкі.

Оқу әс-ірекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Бір-бірімізге алақанымызды түйістіріп бір –бірімізге жылы тілектер айтамыз

Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балаларға көремөнер туындаларын көрсетіп,әңгіме құрып айтқызу. Ою-өрнек әшекейлеріне,ер кісілер мен әйелдер,қыздар киетін бас киімдер ерекшеліктеріне тоқталып өтеді. Қыз бала қалыңдық болған жағдайда киетін сәукеле туралы айтып береміз.

-Дұрыс айтасыңдар балалар.

Балалар ұлттық киімдер жайлы білгендерін айтады.


Балалар педагогты тыңдап,сұрақтарға жауап береді.

Рефлексиялық-түзетушілік

Біз қалыңдықтың бас киімі сәукелемен толық танысамыз және оның суретін салып аламыз.Сәукеле қыз бала тұрмысқа шыққанда киетін бас киім.Сәукеленің төбесі конус сияқты.Она алтынтас,кұміспен әшекейлейді. Ең жоғарғы төбесіне үкі тағады.

Балалардың жұмысы.

-Алдымен конус салып аламыз,астыңғы бөлігін сәл дөңгелетеміз. Сәукеленің ең жоғарғы бөлігіне үкі тағамыз.

Үлгіге қарап немесе өз таңдаулары бойынша әшекейлейді.

Балалар педагогты тыңдайды. Ән ырғағымен жұмыс жасайды.



Балалар үлгіге қарап немесе педагогтың нұсқауымен суретті салады және әшекейлейді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:ұлтық бас киім туралы білімдерін кеңейту.

Игереді:жұмыс бары сында балалар бір-бірімен дұрыс қарым-қатынаста болу,адамгершілік,ізгілік қасиеттердің мәнін түсіну.

Меңгереді:сурет салу іс-әрекеті арқылы сәукелені әшекейлеуді,баскиімнің ұлттық ерекшеліктерін ажырата білуді меңгереді.


Ұйымдастырылған оқі іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек) тобы « __» _____________20__жыл

Білім беру саласы:Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Ұлу

Мақсаты:ұлу туралы білімдерін жетілдіру,ұлудың суретін салудағы ептілікпен дағдыларын дамыту,ұлу әрекеттерімен таныстыра отырып ,шыдамдылыққа , қарапайымдылықққа тәрбиелеу.Көрнекілік:ұлкен көлемді ұлудың суреті. Ұлу туралы муллтфильм,сурет дәптері,қылқалам, акварель бояуы,су құятын ыдыс.

Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Жұмбақ жасыру,

Әрең жылжып алдыға,

Асықпайды,біл мұны.

Кім екен ол ,ойлан тап!

Тасты үйдің тұрғыны





Ұлу.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, дайын болсаңдар ұлудың өтініші мынадай: ол қазір өзін жалғыз сезінгендіктен сендер оған дос болғандықтан ,ол сендерден көп ұлу салып берулеріңді сұрайды.

-Онда ұлудың суретін салайық. Мен сендерге нұсқау беремін.

Алдымен кішкене дөңгелек саламыз. Одан кейін үлкен дөңгелек –денесін саламыз,қағаздан қарындашты алмастын ұлудың денесін саламыз, яғни ішкі сызықтарды қолдана отырып ішке қарай тұйық емес дөңгелек сызықтар саламыз.Әрі қарай үлгі бойынша ұлуымыздың бет пішінін саламыз.Акварел бояуымен қылқаламды сүйкей жағып бояймыз


-Тастан үйі бар.

Балалар қолдарымен ұстап көреді.

-Иә, дайынбыз.


Балалар шеңбер бойлап тұрып, педагогпен бірге сергіту сәтін орындайды


Балалар қуана жұмысқа кіріседі.Педагогтың нұсқауларын мұқият тыңдап,суретті салады.

Рефлексиялық-түзету

Орындалған жұмыстар, келген ұлуға тарту етіледі. Ұлу балаларға өте риза болып,алғысын айтады. Балалардың жұмыстарына педагог талдау жасап ,ерекше жұмыстарды атап өтеді.

Жұмыстарын аяқтап ұлуға сыйға тартады.Бір-бірінің жұмыстарын бағалайды,

Күтілетін нәтиже:

Біледі:ұлу туралы қызықты әлімет біліп,білімдері жетіледі.

Игереді:ептілікті,ұлудың суретін салудағы икемділікті,салу техникасын игереді.

Меңгереді:балалар бойында бір-бірлеріне жанашырлық,ұлудың әрекетіне қарай шыдамдылық пен сабырлық қалыптасады..

Ұйымдастырылған оқі іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек) тобы « __» _____________20__жыл

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Көрікті көктем

Мақсаты: көктем мезгілі жайлы түсініктерін жетілдіру,көргендерін бейнелеу,іс-әрекеті арқылы қағаз бетіне түсіру дағдыларын ,ептіліктерін дамыту,бояу түстерін таңдап,алмастыра қолдануға үйрету,бояумен жұмыс істеу іскерліктерін жетілдіру,табиғат сұлулығын сезінуге ,эстетикалық қабылдауға тәрбиелеу.

Көрнекілік:көрікті көктем суреті,электронды қазақ үйі,қылқылым,сурет дәптері.

Сөздік жұмыс: суретші,шеберхана,мольберт,эскиз,көкжиексызығы.

Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Электронды қазақ үйінен «Көктем келді» әнін тыңдайды.

Балалар әнді тыңдай отырып ,көктнм мезгілінің ерекшеліктерін естеріне түсіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог балалардан осы көктемнің суреттерін салып беруін ұсынады.

-Суретсалу неден басталу керек?

-Бүгін бәріміз суретші боламыз.

-Суретшілер ішінен тек қана табиғат суретін салатын суретшілерді қалай атайды?

Суретшілер көп болғандықтын екі тонқа бөлінеміз.Бірінші топ менің оң жағымдағы ,екінші топ срл жағымдағы қағазға көрікті көктемнің суретінт салады.Алдымен бәріміз ойланып аламыз. Кімнің несалғысы кледі.Өздеріңнің алдарыңдағы ақ қағазға салғысы келген суреттің сұлбасын салыңдыр.

Қағазға суреттерін ойланып салуға кіріседі. Бірнеше эскиз түсірілген соң,қағазға сурет салуды бастайды. Әрбала өз ойын алдын-ала айтып алады.Педагог не салғысы келетңг суретті салуға нұсқау береді. Бояу түстерін дұрыс таңдауға бағыт береді. Балалар кезектесіп ақылдаса отырып,көктем көрінісін бейнелейді.

Рефлексиялық-түзету

Педагог балаларға салған суреттеріне өздері талдау жасауды ұсынады.

Балалар педагогпен бірге талдап ,бір-біріне баға береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: көргендерін бейнелеу іс-әрекетінде қағаз бетіне түсіре білу дағдыларын .

Игереді: көктем мезгілдері туралы түсініктерін жетілдіреді.

Меңгереді: бояумен жұмыс істеу іскерліктерін жетілдіру.




Ұйымдастырылған оқі іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек) тобы « __» _____________20__жыл

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Қуыршақтың қамзолы.

Мақсаты: қамзодың суретін салуға жаттықтыру,сурет салу іскерлік –дағдыларын меңгерту ,жұмыстың нәтижесіне жете білуге ,әсемдігіне мән беруге ,көркемдік талғампаздаққа , ұқыптылық пен жинақтылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:қамзалдың көрінісі бейнеленген сурет,қамзаол,қылқалам,акварель бояу,су құятын ыдыс.

Сөздік жұмыс: ұлттық киім,қамзол,ою-өрнек атаулары..

Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Педагогт балалармен тбасы жайлы әңгімелеседі.Ұлттық киімге тоқталып әр түрлі сұрақтарға жауап береді.Ұлттық киімнің ерекшелігін әңгімелеп,оның әдемілігін айтады.

Балалар өз отбасы жайлы айтып береді.»Бұл қанадай ою» атты дидаетикалық ойын ойналады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ұлттық киімдерге,қамзол оюларына назар аударып отырғанда топқа кішкене Меруерт қызымыз келіп кіреді.Үстінде керемет,тамаша үлттық киім.

-Балалар қандай ұлттық ою-өрнекті білесіңдер?

Менің қуыршағыма әдемі қамзол керек еді. Педагог балаларға қамзолды жеке көрсетеді.Балалар мен бірге Меруертте оның ерекшеліктерін си патттайды. Бәрі де үлгіге тмұқият қарап ,сурет салу әдіс тәсілдерін естеріне түсіреді.Педагг сурет салу жолдарын көрсетеді.»Бота мойын» өрнегін салғанда бір нүктеден бастап қолды үзбей,екінші бөлігіне дейін сызып салуды , «қошқармүйіз» өрнегін салған кезде симметрияны сақтау жолдарын түсіндіреді.

Бояу түрлерін таңдап қағаз бетіндегі кеңістікке пайдалану,негізгі бөліктерін түсіру,қосымша бөліктермен толықтыру,бояу тәсілдерін тиімді қолдану ,қиылған қамзодың көлеміне сәйкес өрнектермен безендіреді. Балалар қамзолдың суроетін салуға кіріседі. Меруерттің айтқанын орындайды.

Рефлексиялық-түзету

Дайын болған қамзолдарды тақтаға үлгімен қатар қойып салыстырады. Педагог жақсы салынған жұмыстарды мақтап өтеді.

Оқу іс-әрекетінің соңында Меруерт балалармен «Дүкен» ойынын ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:ұлттық киімдер жайында мағұлматты,қамзолды қай мезгілде киетінін, қандай матадан тікені дұрыс болатынын.

Игереді:қамзолодың суретін сала білу іскерлік-дағдыларын игереді.

Меңгереді:қамзол жайындағы түсініктері ұлғаяды.

Ұйымдастырылған оқі іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек) тобы « __» _____________20__жыл

Білім беру саласы:Шығармашылық

Білім беру бөлімі:Сурет салу

Тақырыбы:8 наурыз ашықхаты

Мақсаты: анаға арнап ашық хат жасай білуді үйрету,балаларды өз аналарын және барлық басқа да аналарды құрметтеуге ,қыз балаларды сыйлауға ,мейірімділікпен сүйіспеншілікке тәриелеу.Шығармашылық қиялдарын,көркемдік талғамдарын дамыту, ұқыптылық пен жинақтылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:мерекеге арналған «8 наурыз мерекесімен құттықтау ашықхаты»,жұмыс дәптері,акварель бояуы,қылқалам,су,электонды қазақ үйі «Анама» әні.

Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Үнтаспадан «Анама» әні орындалады.Топта балалар отбасы мүшелері жайлы әңгімелеседі. Әркім анасына қалай көмектесетінін айтады. Әжелері не үйретеді ,олар туралы мақтан етеді

Әнді тыңдайды. Өз отбасын мақтанышпен айтып береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог «Қонжықтың анасына айды сыйлауы » Кішкентеай қонжық шелек толы судағы айды апара жатқанына қуанады , бірақ үйге кіргенде жоғалып кетеді.Анасы сондада баласы қонжықтың сыйына рза болды.

Сергіту сәті:

Біз аналарымызға арнап мерекелік ашық хат салуды ұсынады.

-Алдамен деманстроционный материялға көңіл аударамыз. Балаларға дәптерге ашық хатты салу жолдарын түсіндіреміз.

Балалар дәптерде жұмыс жасайды.

Жеке көмек алды.

Барлық балалар аналарына сыйлық жасағысы келді.

Педагогтың нұсқауы мен дәптерге аналарына арналғанташық хатты салды.

Сергіту сәті орындалды.

Сурет салу кезінде тазалық сақтай білді.

Жеке көмек көрсетілді.

Рефлексиялық-түзету

Педагог балаларға салған суреттеріне өздері талдау жасауды ұсынады.

Балалар педагогпен бірге талдап ,бір-біріне баға береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:8 наурыз мерекесінің неден басталатынын аналарға деген сезімін .оларға қамқор болуды біледі.

Игереді:мерекелерге арналған ашық хаттарды жасай білу дағдыларын игереді.

Меңгереді:аналар мерекесіне арнап сыйлық жасау білуді.

Ұйымдастырылған оқі іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек) тобы « __» _____________20__жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Қызыл телпек.

Мақсаты:«Қызыл телпек » ертегісі мазмұнымен таныстыру, сөздік қорларын молайту, сурет салу дағдыларын дамыту,қайырымды көпшіл болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: «Қызыл телпек» ертегісінен видео фильм,жұмыс дәптері.


Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Топқа әже келеді. Әже балалармен амандасады.

Балалар әжемен амандасады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Әже:

-Мен үлкен жолдан келе жатырмын. Сендер өнерлі бала деп естідім.Маған немерем қызыл телпек қуыршаған әкеп беруді өтінді. Еш жерден таба алмады. Сендер маған көмектесе аласыңдар ма?

Педагог ең алдымен сергәу сәтін орындап алайық.

«Біз кішкентай баламыз»

Педагог әжейдің немересіне бір емес бірнеше қуыршақ салып беруді өтінеді.

Алдамен қызыл телпек қызымыздың басын,денесін,қолдары мен аяғын салып аламыз. Қзымыздың телпегі қызыл болуы тиіс.

Балалардың дәптермен жұмыс. Салып болған суретінт әжемізге көрсетеміз. Сурет әжейге ұнады.

Балалар әжейді тыңдайды. «жейге көмектесуге дайын екенін айтады.


Балалар педагогпен біре сергіту сәтін орындайды.

Балалар ұсынысты қабылдап қызыл телпекті қалай салатындарын ойластырады.

Балалар үлгіге қарап. Қызыл телпектісалады. Балалар салған суреттерін әжейге көрсетеді.

Рефлексиялық-түзету

Ең жақсы салынған суретті әженің немересіне беріп жібереді.

Әжей балаларға рахмет айтып,қоштасып кетеді.

Балалар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:мейірбан болуды, бір-біріне достық қарым-қатынаста болуды, келген қонақты ренжітпеуді біледі.

Игереді:нұсқау бойынша өз бетімен әрекет етіп,суретсалу икемділіктерін игереді.

Меңгереді:балаларға көмектесе білуді,суреттегі кейіпкерді дұрыс орналастыра білуді,қажетті түстерді үйлестіре білуді меңгереді..

Ұйымдастырылған оқі іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек) тобы « __» _____________20__жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Кешкі қала

Мақсаты:ұжымдық жұмысты бірлесіп еңбек етуге ,бір-бірімен ақылждаса отырыпғқала көрінісін шығармашылықпен бейнелеуге жұимылдару. Шығармашылық қиялдарын,көркемдік талғамдарын дамыту, ұқыптылық пен жинақтылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:кешкі қала көрінісі,қылқалам,жұмыс дәптері, акварель бояуы, үн таспа.


Оқу іс-әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Үнтаспадан әуент ойнап тұрады.Кешкі қала көрінісі суреттелген салайдты көріп тамашалайды. Қаланң ауылдан айырмашылығына тоқталып отырады.

-Үйлерді

Жүректерінің тұсына қолдарын қойып,ән ұранды айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Отан дегенне?

Б.Ысқақовтың «Отан» өлеңі оқылады.

-Балалар,біздің ұлтымыз қазақ. Отанымыз Қазақстан Республикасы. Мынау мемлекетіміздің елтаңбасы./Елтаңбасы туралы басты мәліметтер береміз/

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күні 16 желтоқсан.

Бұл ең үлкен мереке.

Отшашудың салу жодарын көрсету.

Алдымен сопақша немесе дөңгелек пішінді әр түрлі мерекелік шарларды саламыз.Қылқаламмен сүйкей жаға отырып жан-жаққа сызықтар саламыз.

Әуен ырғағымен билеу.

Жеке жұмыс жасау.

-Отан-біздің елімі,әке-шешемі,туған-туысымыз,өзіміз туып өскен жеріміз.

Балалар педагогты тыңдап түсінбеген тұстарына сұрақ тарын қойып отырады.

Балалар әуен ырғағы мен отшашуды салады.

Сергіту сәтін орындады.

Жеке көмек алды.

Рефлексиялық-түзету

Педагог балаларға салған суреттеріне өздері талдау жасауды ұсынады.

Балалар педагогпен бірге талдап ,бір-біріне баға береді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі:Ұжымдық еңбек етуге ,бір бірімениақылдыс жұмыста бірлес отырып,

Меңгереді: Қысқы түн көрінісін бейнелейді.

Игереді: акварель бояумен сурет салуды.


Ұйымдастырылған оқі іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Балдырған» (ересек) тобы « __» _____________20__жыл


Білім беру салалары: Шығармашылық,

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Ғажайып ұшақ.

Мақсаты: әуе ұшақтары, аспан планеталары туралы білімдерін жетілдіру, сурет салудағы

іскерлік дағдыларын дамыту, балалар қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдары: үлгі рентіндегі үлкен көлемдегі «Ғажайып ұшақ» суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: қарындаш, қылқалам, сурет салудан жұмыс дәптері.

Алдын ала орындалатын жұмыс: әңгімелесі, таныстыру, көрсету.


Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық

Жағдаятты сомдау:

Балаларға қонаққа Карлсон келеді.

Ол балалармен амандасады.

Балалар Карлсонмен амандасады.


Ұйымдастырушылық - ізденістік

Педагог:

-Балалар, қараңдар, біздің қонағымыз Карлсон көңілсіз, оған көмек керек екен, не болғанын өзінен сұрап көрейікші.

Карлсон (мұңайып)

Педагог:

- Балалар, мен сендерге Карлсонға көмектесудің жолын айтайын, оған өз қиялдарыңнан шығарған ғажайып ұшақтың суретін салып берейік.

-Алдымен, үлгідегісуретке қарайық, бірінші ұзыншақ сопақша пішінді саламыз, оған жалғап ұшақтың екі қанаты мен құйрығы қандай фигураларға ұқсас кекенін анықтағанымыз жөн. Ұшақты кішкене дөңгелек тетіктер жасап көркемдейміз. Бұл дөңгелек тетіктер не үшін қажет? Ол ненің қызметін атқарып тұр?

Балалар орындалып біткен жұмыстарын Карлсонға сыйлыққа береді.

Педагог:

-Бұл ұшақтар жай ғана ұшақтар емес, олар – ғажайып ұшақтар, енді сен осы ұшақтарға мініп, баратын жеріңе оңай жете алатын болсың әрі бұл қуанышты достарыңмен де бөлісе аласың!

Балаларға риза болған Карлсон алғысын айтып, ғажайып ұшақтың біріне отырып үйіне қайтады.


Балалар Карлсоннан не болғанын сұрайды.

Балалардың карлсонға жандары ашып, көмектескілерін келетіндерін айтадs

Балалар өз ойларынан ғажайып ұшақтың суретін салады.

Балалар ғажайып ұшақтарын Карлсонға табыс етеді.

Карлсонның көңіл күйінің көтерілгеніне де балалар қуанып, онымен қоштасады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Сабақ қорытындыланады.

Балалар сабақтан алған әсерлері мен жұмыстары талқыланады.


Балалар өз ойларымен бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: басқаларға көмектесе білуді, достық қарым-қатынастың маңыздылығын біледі.

Игереді: шығармашылық қиялдарын ұштай отырып, өз бетінше әрекет ету дағдысын игереді.

Меңгереді: ғажайып ұшақты жасай білу, суретте білуді меңгереді.

Ұйымдастырылған оқі іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек) тобы « __» _____________20__жыл


Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Алма ағашы гүлдеді.

Мақсаты: қоршаған орта туралы білімдерін жетілдіру, балалардыңң іс-әрекет белсенділігін, арттыру, саяхат барысында табиғатқа деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру, байқампаздықтарын дамыту, бір-бірімен қарым-қатынас барысында ізгілікке, сыпайылыққа,

жағымды мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдары: топ бөлмесі саяхат жасауға қолайлы етіп безендіріледі. Табиғат көрінісі суреттері, үстел үстінде алма бақты декорациялау, жіп, тақтайша, қиылған бөренелер.

Қажетті құрал-жабдықтар: қарындаш, қылқалам, акварель бояуы, сурет салудан жұмыс дәптері.

Алдын ала орындалатын жұмыс: әңгімелесу, таныстыру, көрсету

Сөздік жұмысы: алма бағы, алма жинау, бұлақ, аттап өту, жемістер.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық

Педагог балаларға саяхатқа баратындарын хабарлап, жиналуларын сұрайды, Алма жинауға қажет құрал-жабдықтарды ала жүру қажет екендігін ескертеді.

Алма баққа жеткенше айналаны бағдарлап, көргендерін әңгімелейді.


Ұйымдастырушылық – ізденістік

Балалар «Алма ағашы гүлдеді» тақырыбындағы суретке қарап, мазмұны бойынша байланыстыра сөйлем құрайды. Жерге сызып жасалған (ирек жіптен) бұлақтан су ішуге келген үй жануарлары жайында әңгіме жүргізіледі, балаларға осы тақырыпта әндер мен тақпақтар айтқызады. Жануарлар суды қанып ішіп, қайтуға бет алады.

  • Ал, енді біз бұлақтан қалай өтсек екен, аяғымыз су болып қалмасын. Педагог балаларға ой тастап, жердегі «бұлақты» (ирек жіпті) аттап өткен тәрізді қимылдар жасайды.

Бақта өсіп тұрған «алма ағашы» гүлдерінің түсіне, пішініне балалардың назарын аударады.


Педагог балалармен «саяхаттан» оралысымен, гүлден тұрған алма ағашын балалардың өздері салуларын сұрайды.

Балалар тақырып бойынша алдымен алма ағашын салулары керек, одан кейін олардың бүршіктеріндегі гүлдеп тұрған әдемі гүлдерді салулары керек.

Балалар ойланып, бормен сызылған «бұлақтан» өтудің жолдарын іздейді. Біреулері «секіріп өтуге болады», «аттап кетеміз», «көпір жасауға болады» деп көлденең тақтайшаны немесе шағын гимнастикалық орындықты әкеліп қояды, балалар өз қалауы бойынша таңдаған әдістерін пайдаланып судан өтеді.


Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың салған жұмыстары талқыланады.

Балалар өз ойларын қимыл-қозғалыс жасау арқылы мына өлеңмен аяқтайды:


Күтілетін нәтиже:

Біледі: саяхат барысында көргендерін әңгімелеп беру арқылы байланыстырып сөйлеуге үйренеді.

Игереді:алмабақ, жемістер туралы түсініктерді игереді.

Меңгереді:гүлдеп тұрған алма ағашының бейнесін сала білу дағдыларын меңгереді.





















































Ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттік технологиялық картасы

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­«______»__________________ 201 жыл

Білім беру салалары: Шығармашылық,

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Қызыл телпек.

Мақсаты: «Қызыл телпек» ертегісі мазмұнымен таныстыру, сөздік қорларын молайту, сурет

салу дағдысын дамыту, балаларды қайырымды, көпшіл болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдары: үлгі ретіндегі демонстрациялық материал.

Қажетті құрал-жабдықтар: қарындаш, қылқалам, акварель бояуы, сурет салудан жұмыс дәптері.

Алдын ала орындалатын жұмыс: әңгімелесу, таныстыру, көрсету.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық

Жағдаятты сомдау:

Қонаққа әже келеді. Әже топ балаларымен, педагогпен амандасады.

Балалар әжемен амандасады.


Ұйымдастырушылық – ізденістік

Әже:

-Балалар, мен үлкен жолдан келе жатырмын.Сендерді өте өнерлі балалар деп естідім. Сендерге бір өтінішім бар. Кіші немере қызым қызыл телпекті қуыршақ әкеліп беруімді сұраған еді. Барлық дүкендерді аралап шығып, таба алмадым. Сендер маған көмектесе аласыңдар ма?

Педагог:

  • Ең алдымен сергіту сәтін жасап алайық:

Біз кішкентай баламыз

Өсіп-өніп толамыз,

Көкке қарап, талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай қалықтап,

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

Педагог балаларға әженің немересінде бір ғана емес, өте көп қызыл телпекті қуыршақ болатынын түсіндіріп, қызыл телпекті қуыршақ суретін салуды ұсынады.

Педагог нұсқау ретінде қызыл телпектің үлкен етіп салынған суретін балардың алдарына қояды.

  • Алдымен қызыл телпекті қызымыздың басын, денесін, қолдары мен аяқтарын салып аламыз, ең маңыздысы, қызымыздың телпегін қызыл түске бояуды ұмытпағанымыз жөн.

Салынып біткен суреттерді әжеге жинап береді. Балаларға риза болған әже оларға өз қолымен жасаған құртын таратады.

«Немерем қуанатын болды», - деп балалармен қоштасып, үйіне қайтады.



Балалар әжеге көмектесуге әзір екендіктерін айтады.






Балалар педагогпен бірге сергіту сәтін орындайды.








Балалар ұсынысты бірден қабылдап, қызыл телпекті қалай салатындарын орындайды.


Балалар үлгіге қарап, қызыл телпекті салады. Балалар салған суреттерін әжеге тарту етеді.

Әжемен қоштасады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Сабақ қорытылады:

Жұмыстың нәтижесі талқыланады.

Балалар сабақта алған әсерлерімен бөліседі, жұмыстарының нәтижесі жөнінде пікірлерін айтады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: мейірбан болуды, бір-біріне достық қарым-қатынаста болуды, келген қонақты ренжітпеуді біледі.

Игереді:нұсқау бойынша өз бетімен әрекет етіп, сурет салу икемділіктерін игереді.

Меңгереді: басқаларға көмектесе білуді, суреттегі кейіпкерді дұрыс орналастыра білуді, қажетті түстерді үйлестіре алуды меңгереді.












































Ұйымдастырылған оқі іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Бәйтерек» (ересек) тобы « __» _____________20__жыл


Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Балалар жаттығу жасайды.

Мақсаты: балаларды адамның жалпы дене құрылысын анықтап, жаттығу кезіндегі қолдарының, аяқтарының өзгерісін беруге үйрету, жаттығу жасаудағы балаларды салуға үйрету.

Көрнекі құралдары: үлгі ретінде үлкен көлемдегі жаттығу жасап жатқан балалар суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет салудан жұмыс дәптері.

Алдын ала орындалатын жұмыс: әңгімелесу, таныстыру, көрсету.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық

Қонаққа Дымбілмес келеді. Ол балалардан былай көмек сұрайды:

Болсам деймін күшті мен,

Сендерге ұқсап, балалар.

Ол үшін мен не істейін,

Кәне, қандай амал бар?

- Балалар, айтыңдаршы, Дымбілмеске мықты болу үшін не істеу керек?

Балалар Дымбілмеспен амандасады.

-Спортпен шұғылдану керек, дене жаттығуларын жасап, күн тәртібін сақтау керек.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

-Онда мені мұқият тыңдаңдар, мен сендерді дене жаттығуларын суретке салудың ережесімен таныстырамын.

Балалардың бірін үлгі етіп алып, бастың, дененің және дене мүшелерінің оң және сол жақ симметриялы екені анықталады.

-Жұмысты неден бастаймыз?

Педагог әр баланың жұмысын аралай жүріп бақылайды.

Кемшіліктерін байқаса, дереу бүкіл топқа сол кемшілікті талдап түсіндіреді.

- Балалар, сендерге сурет салып, қолдарың да аздап шаршаған шығар, қазір біз аздап сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Күнде жасап жаттығу,

Қан жүгіртіп алалық.

Керек мұны қатты ұғу,

Жасап биік саналық.

Балалар қуана келіседі.



Алдымен басынан, сосын мойыны, денесі, қолдары және дененің төменгі бөлігі.

Балалар сурет салуды бастайды.




Балалар тақпақты керіліп-созылу арқылы қимылдап қайталайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Жұмысты қорытындылау.

Балалар салған суреттер Дымбілмеске сыйлыққа беріледі. Жұмыстар талқыланады.

Балалар жұмыстарын аяқтайды. Бір-біріне жұмыстарына баға береді.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: дене жаттығуларын жасаудың пайдасын біледі.

Игереді: дене жаттығуларын жасап жатқан адамды қағаз бетінде дұрыс орналастыра білу іскерлігін игереді.

Меңгереді:күн тәртібін сақтаудың қажеттілігі, адам ағзасы дұрыс қалыптасып өсуі үшін жаттығу жасау керектігі білімін меңгереді.


































Ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттік технологиялық картасы

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­«______»__________________ 201 жыл

Білім беру салалары: Шығармашылық.

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Кешкі қала.

Мақсаты: ұжымдық жұмыста бірлесіп еңбек етуге, бір-бірімен ақылдаса, келісе қала көрінісін шығармашылықпен бейнелеуге жұмылдыру. Дербестікке, белсенділікке баулу. Еңбек нәтижесінде қанағаттану сезімдерін ояту, көркемдік талғамын, ой-қиялын дамыту. Кешкі қала көрінісінің әсемділігін, сұлулығын сезіндіру.

Көрнекі құралдары: кешкі қала көрінісінің суреті (үлгі).

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет салудан жұмыс дәптері.

Алдын ала орындалатын жұмыс: әңгімелесу, таныстыру, көрсету.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларға саяхатта көрген-білгендерін әңгімелеу. Қала жайындағы түсініктерін тереңдету мақсатында сурет көрсете отырып әңгімелеу.


Қаланың ауылдан ерекшелігіне тоқталу.

-Үйлерді кімдер салады?

(құрылысшылар).

Балалар қала жайлы түсініктерін айтады. Өздері тұратын мекен-жайын айтып, қаланың ауылдан ерекшелігіне тоқталады.

Балалар педагогтің қойған сұрақтарына жауап береді.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

- Балалар, ал сендер кешкі қала көрінісін тамашалап көрдіңдер ме?

-Кешкі қала көрінісі несімен ерекшелінеді?

-Бүгін сол сендер тамашалап отырған кешкі қала көрінісін салайық


Педагог кешкі қала суретін салған кездеәртүрлі фигураларды молынан қолдануға болатынын, әр үйдің терезесінен түсетін жарық неге әр түсті болуы мүмкін екенін (терезеге тұтылған перденің түсіне сай), түн мезгілі екендігін фон арқылы көрсетуге болатынын, аспандағы жұлдыздарды қылқалам көмегімен салу жолдарын түсіндіреді.

-Ия, тамашаладық.


-Түнде де қала әдемі болады, шамдардың бәре жап-жарық болып, қала одан сайын әдемілене түседі.


Балалар қажетті құралдарын алып, өз қалаулары бойынша кешкі қала көрінісін салады.



Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың іс-әрекеті талданып, қорытындылады. Жақын маңдағы қала көшелеріне мақсатты серуенге барып, қала өмірінің тыныс-тіршілігіне бақылау жасалады.

Жасаған жұмыстарына талдау жасайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұжымдық жұмыста бірлесіп еңбек етуді, бір-бірімен ақылдаса білуді, кешкі қала көрінісін шығармашылықпен бейнелеуді үйретеді.

Игереді:сурет салудың іскерлік дағдыларын игереді.

Меңгереді:қағаз түстерін, үйлесімділігін бере білуді және қала көшелері туралы түсініктерін меңгереді.


Ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттік технологиялық картасы

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­«______»__________________ 201 жыл

Білім беру салалары: Шығармашылық,

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Алашаны әшекейлеу.

Мақсаты: сәндік-қолданбалы өнермен таныстыру, алашаны ою-өрнектермен әшекейлеуде оны қағаз бетіне дұрыс орналастыра білуге баулу, бояу түстері мен ою-өрнектерді үйлестіру арқылы балалардың көркемдік талғамын дамыту, эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекі құралдары: үлгі ретіндегі үлкен көлемді алашаның суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет салуға қажетті құрал-жабдықтар, сурет салудан жұмыс дәптері.

Алдын ала орындалатын жұмыс: әңгімелесу, таныстыру, көрсету.

Сөздік жұмыс: сәндік-қолданбалы өнер, ою-өрнекті симметриялы беру.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық

Қазақ ою-өрнектері туралы не білетіндерін еске түсіреді. Алаша мен текеметтің айырмашылығы сұралады.

Алаша мен текеметтің айырмашылығы жайында өз білгендерін айтады.


Ұйымдастырушылық – ізденістік

Педагог сәндік қолданбалы өнер көрмесіне арнайы ұйымдастырылған саяхат жасап, қолөнер бұйымдарымен таныстырады.

Суреттерін қарап көреді. Алашаға және оның суретіне балалардың назарына ерекше аударады.

Алашаның қандай мақсатта қолданылатынын түсіндіріледі. Алашаны жасау әдістеріне қысқаша тоқталып өтеді (тоқу әдісімен, өрмек құра отырып). Осындай алашаны біз бүгін сендермен бірге әшекелейміз деп келіседі.

Алашаның суреті бойынша үлгіге талдау жасайды. Ою-өрнек элементтерін таңдауға және оның орналасуына баса назар аударып түсіндіреді. Ою-өрнектерді салу жолдарын алдымен ауада көрсетеді, содан кейін барып қағаз бетіне түсіреді.

Балалардың шығармашылықпен жұмыс жасауына бағыт беріледі, алашаның сәнді, әдемі безендірілуін қадағалайды. Ою-өрнектің бірнеше түрлерінің үлгілері көрсетіліп, салу жолдары түсіндіріледі.

Балаларбояу түстерін және ою-өрнек элеметтерін таңдайды.

Оны қағаз бетіне қалай орналастыруға болатыны жайлы ойланады.

Өрнектерді салу жолдары көрсетіліп, ортасынан шеттеріне, оң және сол жақтарға симметриялы салуқажеттілігі түсіндіріледі.;

Балалар көрмені аралап көреді, сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен танысады, оның ішінде алашаның ерекшелігіне мән береді.


Қағаз түстеріне сәйкес бояу түстерін таңдайды, ою-өрнек элементтерін таңдайды және оны қалай әшекейлеу керектігі жайлы ойланады.

Алашаның шеттеріне, бұрыштарына қандай ою-өрнек салуға болатыны жайлы ойланады.










Рефлексиялық-түзетушілік

Пелагог балалар жасаған алашаларды тақтаға іліп, талдау жасайды.

Балалар ұсынылған талапқа сәйкес алашаның суретін салуды аяқтап, өз жолдастарының еңбегіне талдау жасайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің аттарын («балта», «ирексу», «қошқармүйіз», «сынықмүйіз», «қызқалдақ» т.б.) және сипатын біледі.

Игереді: қазақтың ұлттық ою-өрнектерін біліп, құрметтеуге, үлкендердің еңбегін сыйлауға үйренеді. Ою-өрнектерді алашаның ортасына, жанына, шеттеріне, бұрыштарына орналастырудың ерекшеліктерінигереді.

Меңгереді: алашаны безендіруде ою-өрнектерді дұрыс сала білудің іскерлік дағдыларын, өздерінің жасаған жұмыстары туралы әңгімелеп айта білуді меңгереді.

Ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттік технологиялық картасы

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­«______»__________________ 201 жыл

Білім беру салалары: Шығармашылық,

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Астық жинау

Мақсаты.Балаларға сопақша дөңгелектерді қолдана отырып бидай масақтарын салуды

үйретеді,ұқыпты жұмыс жасауға дағдыландыру,шығармашылықпен сурет сала білуге

баулу, дәнді дақылдарды құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдары:Түрлі түсті бояулар,үлгі көрнекіліктер.

Алдын ала орындалатын жұмыс: «қырманды», «астықты өлкесі», «Егін алқабында»

Сөздік жұмыс:бидай,егін,бидай масақтары,қырман,диірмен


Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларға астық жинап жүрген техника түрлерін,егін,диірмен суретін көрсетіп, олар жайлы әңгімелетіп болған соң улгіге талдау жасайды.Балалар,нан туралы, бидай туралы қандай тақпақтар білесіңдер.

Еңбек етсең ерінбей,тойады қарның тіленбей.

Нан қоқымын шашпаңдар Жерде жатса баспаңдар

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Педагог күз мезгілін еске түсіріп неліктен күзді «алтын күз», «күз жомарт» деп атайтынын талдайды.Астық жинап жатқан суретті көрсетеді.Балалар , суретте диқаншылар бидай жинап жатса, біз ақ қағаз бетіне бидай масақтарын салайық.Бидай масақтарын салу үшін ,ақ қағаз бетіне жоғарыдан төменге қарай ұзын бидай масағының сабағын сызып аламыз, одан кейін сабақтың жоғарғы бөлігіне сопақша дөңгелектерді орналастыра отырып бидай дәнін саламыз.




Балалар күзде жеміс жидек,көкөністер пісетін жайлы айтады, диқаншылар көктемде еккен егіндерін жинайтыны жайлы баяндайды.


Балалар бояу мен қылқаламды қолданып ақ қағаз бетіне бидай масағының сабағын сызып алады, содан бидай сабағының жоғарғы жағына сопақша дөңгелектерден бидай дәнін салады.




Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог балалардың бидай масақтарын салынған суреттерін жинап алып көрме ұйымдастырсын










Балалар «бидай масақтарын» қалай салғандарын әңгімелеп береді


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Дәнді дақылдардың бір түрі бидай масақтарын салу барысында пішіндерді пайдаланып суретсалуды үйренеді.

Игереді:Астық жинау туралы түсініктерді,егін жинайтын адам диқаншы туралы ұғымды игереді

Меңгереді: ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.


Ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттік технологиялық картасы

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­«______»__________________ 201 жыл

Білім беру салалары: Шығармашылық,

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Сазбалшықтан жасалған табақ.

Мақсаты.Балаларға қазақ халқының ыдыстары туралы білім беру,ұлттық көркемдік стилдің

әліпесімен таныстыру, көркемдік талғамын дамыту,ұқыптылық пен жинақылыққа

тәрбиелеу.

Көрнекі құралдары:акварель бояуы, қылқалам,табақ

Сөздік жұмыс:табақ, ет асу

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық

Психологиялық сәт.

Қуан,шаттан,алақай,

Қуанатын күн келді.

Күліп шықтық бүгін

Қайырлы таң.

Балалар қимыл қозғалыспен көрсетеді

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Балалар,мына суретте не көріп тұрсыңдар?

Табаққа қандай тағамды саламыз?Расында да, бұл табаққа ұлттық тамақ етті салады.Сондықтан табақ әр үйде болу керек.Қылқалам мен акварель бояуын пайдалана отырып,әсем табақтарды әдемі өрнектермен әшекейлейік.Бірінші дөңгелек саламыз,сосын табақтың ішкі жақтауын саламыз, ал енді осы жақтауды әсем ою өрнектерді әшекейлеиік. «Қошқармүйіз», «қызғалдақ», «ботамойын» өрнектерді салу жолдарын қағазға педагог салып көрсетеді, балалар өздері қалауы бойынша өрнектерді таңдайды және әшекейлейді.


Табақ.


Етті.

Балалар реттілікті сақтайды отырып,суретті салады



Жақтауларын ою өрнекпен әшекейлейді.




Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог салынған суреттерді тақтаға іледі.Өте жақсы шыққан суреттерді бағалайды.








Балалар суреттерін іліп, өздерінің ойларымен бөліседі.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Табақ туралы түсінік алады және оның қолданылу ерекшеліктерін мен маңызын біледі.

Игереді:Салынған табақ суреті үстіне қылқаламды дұрыс қолдана отырып өрнек салуды игереді

Меңгереді: Табақты салу ерекшеліктерін меңгереді, жұмысты орындау барысында мұқияттылық пен жинақылыққа жаттығады.








Ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттік технологиялық картасы

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­«______»__________________ 201 жыл

Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Құмған

Мақсаты.құмған туралы білімдерін жетілдіру,құмғанды сала білуге үйрету, сурет салу дағдыларын дамыту, өз халқының қолөнеріне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Көрнекі құралдары: түрлі түсті бояулар,улгі көрнекілік

Сөздік жұмыс:құмған,салт дәстур.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Балалар,бүгінгі сабақты бір- бірімізге жақсы тілектер айтудан бастайық.







Балалар шеңберге тұрып,оң жақтағы көршісіне жағымды сөздер айтады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Балалар, суретте не көріп отырсыңдар?

Бұл ыдысты қай уақытта қолданамыз?. Енді құмған туралы мәліметті мұқият тыңдап алайық.Ол үшін Дымбілместен келген мына хатты оқиық.дымбілмеске құмған не екенін айтып береиікпе.Олай болса көмектесемізбе.Қолымыздан келе ме?Онда құмғанның суретін салып көрейік.Мойыны жіңішке,ұстайтын сабы болады екен ретімен салайық.Құмғанды салыну жолын ретімен салып берейік.Құмғанды салып болғаннан кейін қылқаламмен бояуды бастаймыз.Бояу кепкен соң, құмғанды ою-өрнекпен әшекейлеиміз.

Құмған,



Қол жуғанда.


Балалар хатты оқып тұрған педагогті мұқият тыңдайды.



Балалар жұмыс дәптерлеріне құмғанның суретін салады.


Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог балалардың суреттерін тақтаға іледі.Суреттерің өте әдемі, сабақтан кейін пошта арқылы Дымбілмеске салып жібереміз.






Балалар өздерінің суреттері туралы қысқаша баяндап береді


Күтілетін нәтиже:

Біледі: қазақтың үй тұрмысында қолданған заттары туралы түсінігі кеңейеді.

Игереді:қылқаламен сурет салу техникасын үйренеді.

Меңгереді: Эстетикалық талғамы мен дұрыс жұмыс жасау дағдыларын қалыптасады.






Ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттік технологиялық картасы

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­«______»__________________ 201 жыл

Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Гүлдене бер,Қазақстан!

Мақсаты.Кең– байтақ Қазақстан туралы мәліметтерін кеңейту, туған жердің көрнісін қағазға түсіре білуге үйрету,өз еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар.қылқалам,бояу,

Сөздік жұмыс:Отан,туған ел

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбер. Балалар, бір сәт көзімізді жұмып, көз алдамызға туып өскен жерімізді елестетейік.Ал енді көзімізді ащайық.





Балалар көздерін жұмып, әуен ырғағымен көз алдарына туған жерлерінің көрікті жерлерін елестетеді.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Балалар , енді тақтаға қараңдар не көріп тұрсыңдар?

Қазақстан туралы,Қазақстан қалалары туралы қандай тақпақтар білесіңдер.Қазақстан туралы тағы да не айта аласыңдар.Біз қай жерде тұрамыз.Балалар ,болашақ Қазақстаның қандай болғанын қалайсыңдар.Соны суреттеп бейнелеп көрейік.Көзге бірден түсетін,аса биік «Бәйтеректің» суретін салуды неден бастаймыз. «Бәйтеректің» түсін өздерің таңдауларыңа болады,өйткені ол түнде алуан түрлі болып өзгереді.

  • Бәйтерек

  • Хан шатыр

  • Медеу

  • Көктөбе спорт кешені.Балалар өздері білетін тақпақтарын айтады.

Балалар суретті үлгі бойынша салады.


Балалар жауабы.


Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар, бүгінгі салған суреттердің өте әдемі шықты, олардан көрме жасайық.Суреттер сендердің туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді көрсетіп тұр.



Балалар өздерінің суреттері жайлы әңгімелеп береді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі:.Туған жердің кең-байтақ екені, өз елінің әсем жерлері мен ерекшеліктері туралы білімін кеңейту.

Игереді:Көз алдын елестету арқылы сурет салу дағдыларын игереді.

Меңгереді: өз ойларын жеткізе білу суреттен,жұмысты орындаудағы тиянақтылығы менептілігі қалыптасады.






Ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттік технологиялық картасы

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­«______»__________________ 201 жыл

Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Ертегідегі құс

Мақсаты. Құстар туралы білімдерін жетілдіру, құстардың бейнесін қағаз бетіне түсіре білу біліктілігін машықтандыру,құстарға деген қамқорлық пен сүйіспеншілікке баулу.

Қолданылатын құралдар.ертегі құстарының суреттері

Сөздік жұмыс:құстарға қамқорлық, аялау, қыстап қалған құстар

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері жайында әңгімелесу

Қыста қыстап қалған қандай құстарды білесіңдер.Қазір қандай құстар ұшып келеді.



Балалар «Әтеш пен тоты», «Шымшық пет көгершін»ертегілерінің бірін айтып береді.Ертегі аяқталған соң сергіту сәтін жасайды.Құстардың дыбысын қимыл қозғалысын көресетеді.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Балалар сурет салуға қажетті құрал-жабдықтарын алып, іске кірісер алдында көрнекті көркем суреттер көрсетіліп,қысқаша әңгіме өткізіледі.Құстар туралы қандай ертегі білеміз?Естеріңе түсіріп көріңдерші: «Құс базары», «Үй құстары». Құстардың дене бітімі еске түсіру.Тырналардың үшбұрыш жасай ұшып келе жатқанын немесе ұясының жанындағы қараторғай бейнесін суреттен көрсетеді.Сурет салудың ретімен түсіндіріп, тақтаға салып,қарапайым сызықтармен ауада көрсетіп, бормен сызып, салып көрсетеді.Қарындашпен салынып, дайын болған құсты қылқаламның көмегімен қағаз бетіне бояуды сүйкеи жаға отырып түрлі түске бояп, көрік береміз.Жұмыс барысында кейбір балаларға жеке нұсқаулар беріліп,жалпылама бақылау арқылы басшылық жасалады. Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізу балалармен.








Балалар жауабы.




Сурет салуды алдымен қағаз ортасын белгілеп алады,құстың дене бөлігі сопақша дөңгелекке ұқсайды, басы домалақ,үлкен бөліктерінен бастап бейнені ұсақ бөліктермен толықтырады және бояу түсін дұрыс таңдауға назар аударады.


Қойылған сұрақтарға жауап береді.


Жеке жұмыс


Балалар жауабы.


Сөздік жұмыс.

Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог еңбек нәтижесін балалармен бірлесе талдап, балалардың суреттерін бағалайды.

Балалардың әдемі салған құстары табиғат бұрышына қоюға таңдалып алынады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі:.табиғатқұбылыстарынан бақылағандарын әңгімелеп айта білуді.

Игереді:құстардың бейнесін қағаз бетіне түсіре білу іскерліктерін игереді

Меңгереді: жұмыс барысында икемділік пен дағдылары жіне қызығушылықтары қалыптасады.




Ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттік технологиялық картасы

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­«______»__________________ 201 жыл

Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Менің сүйікті ертегім

Мақсаты..Балаларды сурет салғанда ертегілер сюжетін өздері ұнататын кейіпкерлерге тән сипаттарды бере білуге баулу,түрлі тәсілдермен бейнелеу дағдыларын нығайту, бауырмалдық,достыққа бір-біріне деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар: түлкі, қоян,ертегі кейіпкерлерінің суреттері,қылқалам,су, бояу,сүлгі

Сөздік жұмыс:Түлкі,ертегі сюжеті

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

-Балалар, мен бүгін қонаққа ертегіше Ерден атайды шақырып едім.Ол кісі де келіп қалар.Келгенше мен бір жұмбақ жасырайын, соны шешіп көріңдерші

Өзі айлакер, өзі қу.

Жүрген жері айқай-шу (Түлкі)


Балалар жұмбақтың шешуін тапқан соң түлкі жацында қандай ертегілер білетіндерін айтады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Осы кезде есік қағылып, бөлмеге Ерден атай кіреді.Балалар сәлемдесіп,Ерден атайды қарсы алады.Ерден атай:

Балалар, мені таныдыңдар, ма?Бүгін қандай ертегі тыңдағыларың келеді?Түлкі жайлы ертегі айтып беріңіз.Ертегіні тыңдап болғанан кейін тәрбиеші Ерден атаға сурет салып берейік. Кәне, түлкіні қалай салғандарыңды көрейін, мүмкін мен де үйреніп алармын.Тәрбиеші сурет салу тәсілдері көрсетеді.Балалар суреттерді салады.Суретімізді дайын болса, қылқаламның көмегімен түлкі немесе қоянды түрлі түспен бояп, суретті көңілді ете түсейік.Жұмыс барысында тәрбиеші кейбір балаларға жеке нұсқау береді, көмектеседі.Ерден атай балалардың жұмысына ризашылығын білдіріп мадақтайды,

Ерден атай «Түлкі қойшы,аю», ертегісінің суретін көрсетіп, қысқаша әңгімелеп береді.

Балалар түлкінің дене бөлшектерін айтады.


Суретті дәптердегі реттілікке қарап салады.



Ерден атайға балалар өздерінің салған суреттері туралы айтып береді.


Педагог көрсетіп болған соң, балалар жұмысқа кіріседі.

Рефлексиялық-түзетушілік

Ерден атай балаларға рақметін айтып, батасын береді.

Рақмет,гүлдерім

Жарқыраған күндерім

Балалар Ерден атаймен бірге өз жұмыстарын талдайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:.Ертегі кейіпкерлерін қағаз бетіне түсіруді,ертегі сюжетінен бір кейіпкерді салу тәсілдерін,кейіпкерлердің әртүрлі сезімдерін сурет арқылы бейнелеуге болатыны туралы.

Игереді:Сурет салудағы техникалық дағдыларын және икемділіктерді игереді.

Меңгереді: Ертегі кейіпкерлерінің жағымсыз немесе жағымды мінез құлықтары мен істерін ажырата біледі.


Ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттік технологиялық картасы

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­«______»__________________ 201 жыл

Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы:Жаңа жыл мерекесі

Мақсаты.Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беру,қиялдау,елестеу дағдыларын дамыту, бауырмалдылыққа, армандай білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар: Үлгі суреттер, бояу,қылқалам, су.

Сөздік жұмыс:Ергежейлі

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбер.

Жаңа жылды қарсы алып.

Барлық бала ән салып,

Ақшақар жүр би билеп.

Қол соғады барша жұрт.


Балалар Жаңа жылдық тақпақты педагогке ілесіп қайталап айтады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Педагог балалармен Жаңа жылдық мереке туралы әңгімелесіп отырғанда, кенет есіктен Бұғыны шанаға жегіп алған ергежейлі кіреді.Балалармен амандасады.Аязата мен Ақшақар мерекелік кешке кетті, бірақ сыйлықтардың барлығы сүйкімсіз жалмауыз кемпір ұрлап алып кетті.Енді не істеиміз көп балалар сыйлық күтіп отыр. Ергежейлі сен жылама балалар саған көмектесе алады.Сыйқырлы қорапшалар жасап береді.Балалар қызу жұмысқа кіріседі.Ол үшін тік төртбұрыш пен шаршы пішіндер қажет.Оларды салғаннан кейін қылқаламмен бояп, қораптарды әдемі байлаушпен байлап қоямыз.Сыйлықтарды дайындап болғаннан кейін, оны қасына апарып қою үшін шыршаны түрлі ойыншықтармен безендіреміз.



Балалар сыйлықтар салатын қорапшалардың суреттерін салады.


Балалар жауабы.

Көрсетілген үлгі бойынша суретті салады.


Рефлексиялық-түзетушілік

Дайын болған сыйлықты ергежейліге береді.Ол қуанып, алғысын айтады.Педагог балалармен мейрімділік , қамқорлық туралы әңгіме жүргізіп отырып сабақты қортындылайды.

Балалар сыйлықтарын береді.

Өз ойлармен бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Жаңа жылдық мереке туралы мағлұматты біледі.

Игереді:Жаңа жылдық, басқа да мерекелік көңіл күйді жеткізетін түстерді таңдай білуді игереді.

Меңгереді:Бір–біріне сүйіспеншілік қарым қатынаста болу, басқаларға қуаныш сыйлай білу қасиеттері қалыптасады.





Ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттік технологиялық картасы

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­«______»__________________ 201 жыл

Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы:Аязата

Мақсаты..Аязатаның бейнесін салуды үйрету,балаларды мейрімділік пен сүйіспеншілік сезімін оята отырып,Жаңа жыл кешінің аса сыйлы қонағы Аязатаның қалай пайда болғанымен таныстыру.

Қолданылатын құралдар: Сурет салудан жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс:күртеше ,шапан «Аязата»

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар, сәлемдесу туралы мақалды еске түсірейікші. «Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергенің»

Онда жылы шыраймен сәлемдесіп, бір-бірімізге жылы сезімімізді білдірейік.

Балалар бір бірімен жылы жүзбен амандасады. Амандасу түрлерімен көрсетеді.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

-Балалар ,қазір жылдың қай мезгілі? Балалар, сендер Аязатаның қалай пайда болғанын білесіңдер ме?Енді тақтаға ілінген суретке назар аударыңдар.

Аязатаның басын, бет бейнесін домалақтап салып аламыз, денесі,сақалы, қолдары, баскиімін саламыз.Дене мүшелері геометриялық пішіндерден салынады. Шапаны неліктен көк түсті деп ойлайсыңдар?Себебі ол көк мұз бен көгілдір қар елінен, суық жақтан келеді.

Суретті салу жолдарын көрсеткен соң, педагог балалардан суреттің орындалу ретін тағы бір рет қайталап сұрайды.Балалар сурет салуға кіріскен кезде педагог олардың жұмыстарын бақылап, басшылыққа жасайды.

Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс.

Қыс мезгілі.

Жоқ.


Балалар қимылдай отырып, сергіту сәтін орындайды.


Балалар сурет дәптерлерін ашып, үлгі бойынша Аязатаның суретін сала бастайды.


Балалар жауабы. Сөздікпен жұмыс.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың тамаша салынған суреттері мадақталады.Балалардың сабақтан алған әсерлері талқыланады.

Балалар бір бірінің суреттерін бағалайды.Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Аязатаның қалай пайда болғанын біледі.

Игереді:Аязата тәрізді аңыздық кейіпкерлерді құрметтеуді,бейнесін сала білуді игереді.

Меңгереді: Сурет салу кезеңдерінің дұрыс ретін қолдануды меңгереді.






Ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттік технологиялық картасы

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­«______»_____________ 201 жыл

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Терек бұталары.

Мақсаты: терек бұталары жайлы түсінік беру, ағаштарды өзіндік ерекшкліктеріне байланысты бір-бірінен ажыратуға және терек бұталары суретін салуға үйрету, таза, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Қолданылатын құрал: ақ қағаз,түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: терек, бұтақтар.

Қызмет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Уәждемелік -ынталандыру

Шаттық шеңбері.

Педегог балаларға терек, үйеңкі, қайың жапырақтарын көрсетеді.

-Балалар, не көріп тұрсыңдар?

Жапырақтар қайда өседі? Дұрыс, ағаштың бұталары болады, осы бұталарда жапырақтар өседі.

-Балалар, бүгін біздің сабағымызға ақ лақ қатысқысы келеді.Рұқсат етесіңдер ме? Ол жапырақтарды қалай салатынын сендерден үйрансем деп келіпті. Төрлет, ақ лақ.

Балалар шеңбер бойына тұрып , аспанмен, күнмен,Жер-Анамен, бір-бірімен амандасады.



Педегог балалардың жауаптарын баұғалайды және өз ойларын толық айтуға талпынады.

Ұйымдық -іздестіру

-Балалар, қазір қағаз бетіне терек бұталарының суретін саламыз, теректің бұтақ шоғырының түрі пирамидаға, жапырағы жалпақ, сағатқа, ромб пішініне ұқсайды. Терек жапырағы шықққанша гүлдейді. Терек ағашынан сіріңке, қағаз жасайды.

Терек бұталарын салу үшін қағаз бетіне , ең алдымен, үлкен бұтаны қалың сызықпен сызып салып аламыз, осы үлкен бұтадан тармақтап кіщкентай бұталарды саламыз. Содан кейін терек бұталарына ретімен біртіндеп жапырақтар саламыз. Жапырақтарды қарындашпен әделілеп тегістеп бояймыз.Балалар, ақ лақ түсінді ме екен?Сұрайық. Бәрін мұқият тыңдап алыпты, келесі сабақта әдемі жапырақтар салып әкелемін деп уәде беріп отыр. Онда келесі сабақта сенің суретінді күтеміз..


Балалар педегогтің үйретуі бойынша қағаз бетіне үлкен бұтаны сала бастайды



Үлкен бұтадан тармақталып шығатын кішкентай бұталарды салады.











Рефлекстік -түзету

Балалар алдын ала дайындаған терек жапырақтары таратылып береді, педагог тақтаға ілінген әр баланың суретін жеке-жеке көрсетеді, қалған балалар ұнаған суретті көрсеткенде алдарындағы жапырақты көрсетеді, ең әдемі терек бұталары солай анықталады.

Балалар ең әдемі суреттерді таңдап, қолдарындағы жапырақтарды көтереді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: терек түрлері жайлы түсініктері молаяды, білімдері жетіледі.

Игереді: терек түрлері және оның бұталарын қағаз бетіне түсіру ерекшеліктерін игереді.

Меңгереді: қағаз бетіне қарындашпен терек бұталарын сала білу икемділігі мен дағдысы қалыптасады.

Ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттік технологиялық картасы

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­«______»_____________ 201 жыл

Білім беру саласы: Шығармашылық ,

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Күзгі орман.

Мақсаты: қылқаламмен және бояумен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, сүйкей жағу арқылы қағаз бетіне дақ түсіру кезіндегі қолдың қимыл –қозғалысын дамыту, ұқыпты жұмыс істеуге үйрету, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын құрал: акварель бояуы, ақ қағаз, қылқалам,су,сүрткіш және тұғырлар.

Сөздік жұмыс: себет,тұғыр.

Қызмет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Уәждемелік -ынталанды

Шаттық шеңбері.

-Балалар, Толғанай есімді қуыршақ бүгін бізге қонаққа келді.Ол күзгі орманда жапырақ жинап жүргенде, қолындағы себетін бір жерге қойып кеткен екен, енді соны таба алмай қалыпты. Сендерден себетін сұрауға келген көрінеді.Естерінңе түсіріп көріңдер, біз себетті қайдан көрдік?

-Мынау ма?

-Иә, қуыршақ қуанып, қандай жақсы болды, рахмет сендерге. Ақ лақ өзі келемін деп еді, келіп қалар.Осы кезде есік қағылып ақ лақ кіреді. Сурет алып келеді.

-Ақ лақтың суреті қандай әдемі! Ол нені салғанын кім айтады?

Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін айтады.










Ақ лақ түсіп, бірден ақ лақты тауып алып, әкеліп көрсеткен суретітуралы әңгімелейді.


Ұйымдық -іздестіру

Педегог баланың ойын дамыту үшін күз туралы бір шумақ өлең оқиды.

Педагог : -Ақ лақ суретті жақсы салып үйреніпті, енді біз түсіп жатқан жапырақтарды салып үйренейік. Ол үшін қылқаламды қолымызға аламыз да, былай сүйкей жағамыз.Балалардың суретін Толғанай екеуі аралап көреді. Аяқталған суреттерді жинап алып тақтаға іледі.

Толғанай: - Ақ лақ, менің себетімді балаларға әкеліп бергенің қандай жақсы бол. Балалардың бәрі сурет салуды үйреніп алыпты, мен де енді сендерден сурет салуды үйренемін. Мен сендерге арнап ақ лақ туралы тақпақ айтып берейін бе?

Ақ лақ: - Рахмет, Толғанай, мен айтқан тілді аламын. Балалар ұқыпты, таза жұмыс істеуді үйреніпті, енді мұнда екуміз келетін боламыз.







Қылқаламмен бояуды сүйкей жағу тәсілімен қағазға жапырақтардың суретін салады. Бояу түстерін өздері таңдайды.





«Балабақша бағында» атты әуенімен қозғалмалы ойын ойнайды.

,Рефлекстік -түзету

Педагог балалардың суреттеріне ауызша баға беріп, алдын ала дайындағант себет суреттерін балаларға үйлестіреді.

Балалар өздерінің салған суреттерін тамашалайды, басқалардікімен салыстырады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: күзгі жапырақтардың ерекшіліктері жайында түсініктері қалыптасады.

Игереді: қылқаламмен, бояумен қағаз бетінде дұрыс жұмыс жасау, жапырақтарды үлгідегіндей икемді және шебер салу дағдысын игереді.

Меңгереді: ұқыпты жұмыс істеуді меңгереді.


Ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттік технологиялық картасы

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­«______»_____________ 201 жыл

Білім беру саласы: Шығармашылық,

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы:Тостаған:

Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілетін дамыту,заттың пішідері жайында білім беру, қылқаламды пайдалана отырып,тостаған туралы білімдерін бекіту,икемділікке, ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу

Қолданылатын құралдар: акварель бояуы, қылқалам, сүрткіш, тұғырлар.

Сөздік жұмыс: тостаған, безендіру.

Қызмет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Уәждемелік -ынталандыру

Шаттық шеңбері.

Педагог:- Балалар, менің қолымдағы ыдысты қалай атайды?

-Сендердің үйлеріңде осындай тостағандар бар ма?

-Балалар, менің қолымдағы тостағанның қандай ерекшелігі бар?

Балалар шеңберге тұрып бір-бірімен, достарымен амандасады.

-Тостаған.

-Иә.

-Оюмен безендірілген.


Ұйымдық -іздестіру

-Сурет салу кезіндегі маңызды дүние- заттың фонына көңіл аудару, себебізаттағы оя-өрнектің реңкі әртүрлі болуы мүмкін. Бүгін біз тостағанды салып, әшекейлеуді үйренеміз. Қағазға бір түсті акварель бояуымен тостағанның суретін саламыз. Ол үшін:

-Алдымен қағаз бетіне дұрыс бағдар алып,тостағанды орналастыратын орынды белгілеп аламыз. Тостаған беттің дәл ортасынды, солай емес пе?

-Содан соң беттің сәл төменгі жағына тостағанның табанын белгілейміз, қылқаламды жоғары қарай көтеріп,тостағанның жақтауларын саламыз.

-Енді әдемілеп әшекейлейміз, ол үшін сызықтармен төртке бөліп, бөліктерін әрт.рлі түске бояймыз.Астыңғы бөлігін қоңыр түске,жоғары бөлігін сары,келесі бқлік қоңыр. Сары жіне ең үстінгі қабаты қоңыр түсті болады.Тостағанның бояуы кепсе, қылқаламды басқа түске малып алып, оюлармен безендіреміз.

Педагог балалардың жұмыс жасауына басшылық жасай жүріп, жаңа сөздерді қайталайды.



Үлгі арқылы қылқаламмен тостағанды салады.




Өздері бояу түсін таңдап , тостағанды безендіреді.




Қимыл-қозғалыстарды қайталайды.





Бүгінгі сабақтағы жаңа сөздерді педагогпен бірге қайталайды.





,Рефлекстік -түзету

Педагог балалардың жұмыстарын қкрап, баға береді. Ерекше ұқыптылықпен салынған суреттерді атап өтеді.


Балалар өз суреттерін тақтаға іледі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: тостаған жайлы түсініктері, қолданылу ерекшелігі туралы білімі кеңейеді.

Игереді: суретті қағаз бетінде дұрыс орналастыра білу, затты безендіру ерекшеліктерін игереді.

Меңгереді: боялған суреттің үстінен қылқаламмен оюларды ептілікпен сала білу дағдысы қалыптасады.



Ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттік технологиялық картасы

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­«______»_____________ 201 жыл

Білім беру саласы: Шығармашылық ,

Бөлімі: Суретсалу

Тақырыбы: Жаңбырлы күн.

Мақсаты: балаларды табиғат құбылыстарын бақылай отырып өз сезімдерін бейнелей білуге үйрету, жаңбыр тамшыларынқағаз бетіндегі жазықтықты дұрыс пайдалана отырып түсіруге жаттықтыру, бейнеленген заттарын музыка әуенімен қимыл-қозғалыста үйлестіре білуге бағыттау, ептілік пен жинақылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын құрал: көгілдір түсті бояу, ақ қағаз,губка,су, сүрткіш.

Сөздік жұмысы:

Қызмет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Уәждемелік -ынталандыру

Педагог: Менің жұмбағымның шешуін тауып көріңдер.

Тырс-тырс тамады,

Тереземді қағады.(Жаңбыр).

-Бүгін күн қандай? Ашық па?

Бұлтты ма?Жаңбыр жауып тұр ма?

-Тақтадағы суретке мұқият қараңдаршы, бұл не?

-Түсі қандай?

-Жаңбыр жауғанда қандай дыбыс естіледі? Қане, тыңдап көрейік.

Педагог үстел үстіне саусақтарымен тысырлатып жаңбыр дыбысын бейнелейді.

-Ой, жаңбыр қатты құйып кетті.


Балалар жұмбақтың шешімін табады.

-Бүгін салқын,жаңбыр жауып тұр. Аспанды бұлт торлаған. Күн бұлттанса жаңбыр жауады.

-Бұлт.

-Түсі көк.

-Тырс-тырс еткен дыбыс шығады.Балалар жаңбыр тамшыларын тыңдайды.

Балалар педагогтің айтқанын қайталайды.


Ұйымдық -іздестіру

-Жаңбыр жаумас бұрын, алдымен аспанда не пайда болады?

-Олай болса қағаз бетіне алдымен бұлтты салып аламыз. Бұлт қоюланғанда түсі сұр болады. Енді жаңбыр тамшыларын қағазға былай түсіреміз ( салу тәсілін көрсетеді). Губканың бір бұрышын ақ түсті бояуға батырып алып , бір рет бастыру арқылы тамшы бейнесін түсіреді. Қылқаламмен сүйкей жағып, дақтар түсіру тәсілімен де орындауға болады. Қағаз бетіне біркелкі шашырата салуларын қадағалайды. Жұмыстарына басшылық жасайды, аяқталған жұмыстарын ауызша бағалайды.

-Бұлт пайда болады. Балалар бұлттың суретін салуға кіріседі. Сұр түспен бояйды. Қағаз бетінде жаңбыр тамшыларын бейнелеу үшін сүйкей жағу тәсілімен немесе губкамен бастыру арқылы дақтар түседі.


«Жаңбыр тамшыларын тосамыз» деген қимылмен ойын ойнайды.


Рефлекстік -түзету

Педагог балалардың салған суреттеріне баға береді.


Балалар өздерінің еңбектері туралы әңгімелеп береді, достарының салған суреттерін тамашалайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: табиғат құбылыстары жайлы түсінік, жаңбырлы күннің ерекшеліктерін біледі.

Игереді: жаңбырдың түрлері және оны қағаз бетінде түсіру ерекшеліктерін игереді, губкамен немесе қылқаламмен қағаз бетіне жаңбыр тамшыларын сала білу дағдысын қалыптастыру.

Меңгереді: қағаз бетінде атаулы суретті дұрыс орналастырып қолдана алуды, жұмысты орындау барысында қойылған талаптарды дұрыс сақтай білуді меңгереді.



Ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттік технологиялық картасы

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­«______»_____________ 201 жыл

Білім беру саласы: Шығармашылық ,

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Қоржынды сәндейміз.

Мақсаты:қазақтың үй бұйымы – қоржынмен таныстыру, қоржын туралы білімдерін одан әрі жетілдіру, қоржынды безендіре білуді үйрету, эстетикалық талғамдарын дамыту, тиянақтылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын құрал: қылқалам, су, сүрткіш, қоржынның суреті.

Қызмет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Армысың,асыл Күн!

Армысың асыл Жер!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым!

Балалар шеңберде тұрып лебіздерін іс-қимыл арқылы білдіреді.

Ұйымдық -іздестіру

-Балалар,қоржынның не екенін білесіңдер ме? Ата –әжелеріміз оны не үшін қолданады? Қоржын- иірілген жүннен тоқылған үй бұйым. Түрлі заттар алып жүру үшін қажет.

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық,

Ою-өрнек салайық .

« Түйетабан», «ботакөз»,

«Қойізі», «қоймүйіз»,

«Қарғатұяқ», «тышқаніз»,

«Бүршік» пен «гүл» әдемі,

Ою – өрнек салайық.

-Балалар, жұмыс дәптерлеріңде қоржынның суреті берілген.Қоржын қандай геометриялық пішінге ұқсайды?


-Қоржынды бір түсті бояумен саламыз.Қоржын дацын болған соң ою- өрнекпен әшекейлейміз. Алдымен тік төртбұрышты салып, оның шеттерін дөңгелектеп қоржынның пішініне келтіреміз,одан әрі қоржынның екінші жағын – артқы бөлігін саламыз. Дайын болған қоржынымызды ою-өрнекпен безендіреміз.

-Қалта.


-Зат салу үшін.


Сергіту сәтін қимыл-қозғалыспен көрсетеді.


-Тік төртбұрыш.

Балалар өздері қалаған бір түсті бояуды алып, қоржынның суретін салады. Дайын қоржынды әшекейлейді.










Рефлекстік -түзету

Бір-бірінің жұмысын бағалау үшін балаларға сөз береді. Педагог балалардың салған суреттерін бағалайды.

Балалар көршілерінің суретін бағалайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қоржын туралы түсініктері мен білімдерін кеңейтеді, қоржынның түрлері, оның қолданылуы жайлы мәліметтердібіледі.

Игереді: қоржынды салу техникасы мен әшекейлеу ерекшеліктерін біледі.

Меңгереді: әшекейлеу реттілігін, ұқыптылық пен жұмысты орындау барысындағы жинақтылықты қалыптастырады.



Ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттік технологиялық картасы

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­«______»_____________ 201 жыл

Білім беру саласы: Шығармашылық ,

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Автобус.

Мақсаты: түрлі түсті бояудың көмегімен , геометриялық фигураларды пайдаланып автобустың суретін салуды үйрету, салу дағдыларын қалыптастыру, достыққа, татулыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын құрал: жеңіл машиналар,автобус суреттері, ойыншық машина мен автобус.

Сөздік жұмысы:жеңіл машиналар,қоғамдық көлік түрлері.

Қызмет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Уәждемелік -ынталандыру

Педагог:

Алысты жақын еткізеді,

Керек жерге жеткізеді.(Көлік)

-Қандай көлік түрлерін білесіңдер?

-Балалар, маған орман құстары мынадай хабар жеткізді, орманға жидек теруге барған балалар адасып кетіпті, 10 баланың 2-еуі орманның оң жақ бөлігінде, қалған 8-і сол жақ бөлігінде адасып, үйлеріне жете алмай жүр.Кәне, біз оларға көмектесейік.

Жеңіл және автобус суретерін көрсетіп, бөліктерін анықтап алады.

Жұмбақ шешуін табады.

-Машина, автобус, ұшақ, кеме.


Балалар келіседі.

-Автобус пен жеңіл машина.


-Кабина,терезе, дөңгелек, руль.




Ұйымдық -іздестіру

Педагог автобусты қалай жасау керектігін көрсете отырып түсіндіреді:

-алдымен тік төртбұрышты пішін жасалады;

-дөңгелектерді салынады;

-алдыңғы бөлігіне кабина пішіні салынады;

-терезесі кішкене төртбұрыштардан жасалады;

Ең астына екі дөңгелек салып қойып, оның үстіне төртбұрышты пішіндер салады, төртбұрыштың алдыңғы жағына үшбұрышты пішіндерді салып, көліктердің терезелерін төртбұрыштардан жасайды.


Рефлекстік -түзету

Педагог балалар салған жеңіл машина мен автобус суреттерін қарап шығады, әр баланың ормандағы балаларға қалай көмектескені жайлы тыңдайды.

Балалар өздері жасаған жеңіл машиналары мен автобусқа орманда адасқан баланың суретін қояды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: көлік түрлері, көлік түрлерін салуда пішіндерді дұрыс орналастыруды үйренеді.

Игереді: пішіндерді тиімді пайдалану арқылы жеңіл машина мен автобусты оңай салуға болатыны туралы жаңа мәліметтерді игереді.

Меңгереді: жеңіл машина мен автобусты дұрыс сала білу іскерлік-дағдылары қалыптасады.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!