СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тема: Мерекелер

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мой урок составлен на тему "Мерекелер".

Просмотр содержимого документа
«Тема: Мерекелер»

Сабақтың тақырыбы: Мерекелер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған білімдерін молайту.
Өтілген материалмен байланыстыра отырып жаңа сабақты ондағы жаңа
сөздерді игертіп, тілдік қатынаста пайдаланып үйрену.
Дамытушылық:Көктем мезгілінің пайдасын айта отырып,оқушылардың
сөздік қорын молайту.Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ұғындыру. Оқушыларды сауатты,көркем жазуға үйрету.
Тәрбиелік:Табиғат байлығы - ағаштарды күтіп,баптау,құстарға ұя жасап қоюға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Тренинг. Жүректен жүрекке.
I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.2.Оқушыларды түгелдеу.

3.Сабаққа назар аударту.
II.Үй тапсырмасын тексеру.


III.Жаңа сабақ.

Ширату сұрақтары

1.Ұлыстың ұлы күні қалай аталады?

2.Мейірімді жандар мерекесі қашан тойланады?

3.Батырлық мерекесі қай күн?

4. Көгершін қай мерекенің символына айналған құс?

ІІІ.Жаңа сабақ. «Ой қозғау»

8 наурыз - Халық аралық әйелдер күні.

22 наурыз - Наурыз мерекесі.
1мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні.

7 мамыр – Ұландар күні
9 мамыр - Жеңіс күні

Көктемгі мерекелер.
Көктем өте әдемі,жылы жыл мезгілі.Көктемде мерекелер көп болады.Олар:Халықаралық әйелдер күні,Наурыз мерекесі,Қазақстан халықтарының бірлігі күні,Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні.Наурыз мерекесінде адамдар алаңға барады,наурыз көже дайындайды.Тоғызыншы мамырда оқушылар соғыс ардагерлерін құттықтайды.Мерекелер көңілді өтеді.

Сөздікпен жұмыс.
Халықаралық әйелдер күні - международный женский день
Қазақстан бірлігі күні - день единства народов Казахстана
Жеңіс күні - день Победы
алаңға барады - идут на площадь
құттықтайды - поздравляют
көңілді өтеді - проходят весело

Мәтінге аударма жасау және сұрақтар құру.
Дәптермен жұмыс.

1-тапсырма.Бірлік , наурыз, жеңіс сөздерін септеу.

2-тапсырма. Мереке,ана, Отан сөзін тәуелдеп жазу.

Суретпен жұмыс. Көктемгі мерекелер туралы сурет бойынша әңгімелеу.

(суреттер тақтаға ілінеді. Балалар суретке қарап әңгімелейді.)

«Ең ардақты – Ана»
Адам баласының ең жақын досы, ұстазы - ана. Ананың махаббатына, сүйіспеншілігіне ешнәрсе жетпейді. Қазақта «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, оның алдындағы қарызыңды өтей алмайсың» дейді екен.Сондықтан аналарымызды құрметтейік!


22 наурыз- Ұлыстың ұлы күні
Наурыз – ұлыстың ұлы күні, халықтық мейрам. Наурыз тойын тойлаудың өз дәстүрі бар. Бұл күні ойын - сауық, айтыс ұйымдастырылады, палуан күрестіреді, ұлттық ойындар ойналады. Адамдар бір - біріне « Ақ мол болсын!», « Ұлыс оң болсын!» деген тілектер айтады. Дастарқан жайылып, жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіріледі.
22 наурыз – күн мен түннің теңелетін күні. Наурыз – Шығыс халықтарының жаңа жылы, табиғат мейрамы.

1 мамыр.

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Қазақстан халқы 1 мамырда ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.


7 мамыр -Отан қорғаушылар күні
Қазақстан Республикасы Конституциясының 36 - бабында былай деп жазылған: “ Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады”
2016 жылы Қазақстан қарулы күштерінің құрылғанына 24 жыл болды. Осыған орай елбасының жарлығымен 2013 жылдан бастап 7 мамыр – мемлекеттік мереке.

Жеңіс күні
1945 жылы мамырдың 9 - ында Ұлы Отан соғысы кеңес елінің жеңісімен аяқталды. Сондықтан осы күні халықтар жыл сайын ардагерлерді құттықтап, жеңіс күнін мейрамдап келеді. Бұл күн Қазақстан Республикасында да белгілі мерекелердің бірі.
Қазақстандықтар соғысқа қатысып, ерлік көрсетті. 518 қазақстандық кеңес одағының батыры атағын алды. Қазақ қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова – шығыс қыздарынан түңғыш рет Батыр атағын алды. Бұл атаққа Талғат Бигелдинов екі мәрте ие болды.

ІV.Сергіту сәті


Салыстыру. Қазақ халқы мен орыс халқының көктемгі мерекелеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтары туралы табу.

Қазақ халқының мерекелері

Ортақ қасиеті

Орыс халқының мерекелері

8 наурыз

Аналар,қыздар мерекесі

8 наурыз

22 наурыз-көктемде тойланады

Жаңа күн ,жаңа жыл

Жаңа жыл-қыста тойланады

9 мамыр

Жеңіс күні

9 мамыр

7 мамыр- көктемде тойланады

Отан қорғаушылар күні

23 ақпан- қыста тойланады

1 мамыр

Бірлік, бейбітшілік, ынтымақ күні

1 мамыр


Есте сақтау диктанты

Жеңіс, ана, батыр, көктем, жылу, бірлік.


Постер құру.
Көктемгі мерекелер. Суреттер жапсырып, оз ойларын білдіру, қорғау.



Көктемгі мерекелер Қысқы мерекелер


V.Бағалау.
VI.Үйге тапсырма беру.









Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!