СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Теңіздер мен мұхиттар әлемі

Нажмите, чтобы узнать подробности

.......................................................................................................................................................

Просмотр содержимого документа
«Теңіздер мен мұхиттар әлемі»

Ортаңғы «Көбелек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 14.11.2019

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: "Таным"

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі Тақырып: Теңіздер мен мұхиттар әлемі

Тақырыбы: "Сиқыршы су" \Іізденіс -эксперименттік қызмет\

Мақсаты:

1.Тәрбиелік:балаларды ізгілікке,әдептілікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық:Су қасиеттері және нышандарымен танысуды жалғастыру және оның күйлерін (су қатады-мұз болады, ериді су болады) бақылау. Қарапайым экспериментке қызығушылықтарын дамыту.

3.Оқыту:су мен эксперимент жасай отырып,балалардың ой өрісін дамыту,қызығушылықтарын арттыру

Сөздік: су-вода,

Билингвальдік компонент: теплый- жылы, холодный-суық, жаркий-ыстық , вода-су

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жұмбақ

Дәмі де жоқ, түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ. Ол не?

2. Негізгі бөлім

Балалар су қандай зат?

Ал судың иісі бар ма, иіскеп көріңдерші?

Судың дәмі бар ма? Осыны да біз тексерейік.

Тәжірибе-1. Алдарында ыдысқа су құйылған. Сол суды ішіп көріңдер. Енді осы суға кейбіреулерің  қант қосып көріңдер, ал басқаларың тұз қосып көріңдер.

Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болды екен?

Дұрыс, суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен. Судың түсі бар ма?

Тәжірибе-2. Егер де бояу қосып жіберсек, оның түсі өзгереді. Оны да тәжирибе арқылы дәлелдейік. Стакандағы суға гуашь бояуларын қосайық.

Балалар судың үш қасиеті бар – сұйық, қатты, бу. (үстел үстінде тұрған ыдыстағы су, мұз және қайнаған суды көрсету.)

Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, ол мұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол еріп суға айналады. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу болып ұшады. Тәжірибе -3. Мен сендердің қолдарына мұз беремін, ұстап көріңдерші не болады екен? Мұзбен не болады? Иә дұрыс айтасыңдар ол ери бастайды, себебі біздің қолымыз жылы.

Жарайсыңдар балалар, ал енді «Күн мен жаңбыр» деген ойынды ойнайық. Ойын шарты: Мен сендерге күн дегенде сендер жүгіресіңдер, серуендейсіңдер, ал жаңбыр дегенде қолшатырдың астына тығыласыңдар жақсы ма?

Тыйым сөздер:

Су ішкен құдыққа түкірме. Түнде суға барма.

Түнде судың бетін ашық қалдырма.

Өзен, көлдерді ластама.

Корытынды

Біз не туралы сөйлестік?

Судың қандай күйлері болады екен?