СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Теңіздер мен мұхиттар әлемінде

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ересек  «Балбөбек » тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

 

Өткізу күні:  21 .02.2019ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Теңіздер мен мұхиттар әлемінде»

Тақырыбы: Су тіршілік нәрі

Мақсаты:

Тәрбиелеу:суды үнемдеуге,лас тамауға тәрбиелеу

Дамыту:Балалардың қызығу шылғын ояту,судың  қасиет терін есте сақтауға дағдылан дыру.

Оқыту:су туралы айтып,түсін

Педагогикалық технологиялар: сұрақ - жауап, түсіндіру, үйрету

Просмотр содержимого документа
«Теңіздер мен мұхиттар әлемінде»

Ересек «Балбөбек » тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Өткізу күні: 21 .02.2019ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К.

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Теңіздер мен мұхиттар әлемінде»

Тақырыбы: Су тіршілік нәрі

Мақсаты:

Тәрбиелеу:суды үнемдеуге,лас тамауға тәрбиелеу

Дамыту:Балалардың қызығу шылғын ояту,судың қасиет терін есте сақтауға дағдылан дыру.

Оқыту:су туралы айтып,түсін

Педагогикалық технологиялар: сұрақ - жауап, түсіндіру, үйрету, әңгімелеу, түсіндіру, ойын технологиясы.

Ресусртармен қамтамасыз ету: Суреттер.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жұмбақтар: (жауабын тапқан бала сол суреттерді тақтаға іледі).

1. Дәміде жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.  (Су)


2. Моншағым көктің,

Тестім түбін шөптін.  (Тамшы)


3. Көз жасын төгіп елжіреп,

Жүреді көкте көлбіреп,

Жел қуса кетер селдіреп.  (Бұлт)


ІІ. Негізгі бөлім:

— Міне осылардың барлығы сумен байланысты. Балалар  ал сендер білесіңдер ме су қайдан, қалай пайда болатынын?  (балалардың жауаптары тыңдалады) Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мен сендерге толығырақ түсіндіре кетейін.

Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.

Табиғаттағы судың айналымы туралы сызба-нұсқасы

Ал, енді сендермен бірігіп бірнеше  тәжірибелер жүргізіп көрейік.

Тәжірибе «Су — мөлдір»

● Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес».

● Балаларға бояу беріп, судыңда түсін өзгертуге болатынын да тәжірибе жүзінде біледі.

 

II Тәжірибе «Суда дәм жоқ»

● Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шырынның дәмін көрулерін ұсынады. Суға қант қосып, дәмінде өзгертуге болады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі өзгергендігін.

III Тәжірибе «Судың иісі жоқ»

● Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.

Сергіту сәті

Ал, балалар тұрайық, мойнымызды бұрайық,

Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап,

Қане, жүзіп алайық,

Оңға бір, солға бір қарап, денемізді бұрайық.

Дидактикалық ойын: «Табиғат аясында»

Шарты: Балаларды екі топқа бөліп, алдарына бір бірден А4 қағазы мен қоса түрлі түсті қима суреттерді беремін. Сол суреттер арқылы балалар өз еріктері бойынша қандайда бір компазиция құрап, дайын болған бейнені әңгімелеп берулері керек. Яғни, сурет бойынша жұмыс жасайды.

Міндеттері:  Баланың тез ойлау қабілеттерін дамытып қана қоймай, дайын болған суретті мазмұндап беруге дағдылану. Тіл байлығын дамыту.


Қорытынды: Балалар біз бүгін сендермен қандай тіршілік көзімен таныстық?

Балаларға сұрақ-жауап?

Балаларды мақтау, мадақту.












Ересек «Балбөбек » тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 21.02.2019ж

Тәрбиеші: Испаева Б.К

Білім беру саласы: «Шығарамашылық»

Пән: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Теңіздер мен мұхиттар әлемінде»

Тақырыбы: Теңіздегі балықтар

Мақсаты:

Тәрбиелеу: Ұқыпты,нәтижелі жұмыс жасай білуге тәрбиелеу

Дамыту: Бояумен жұмыс істеу іскерліктерін жетілдіру,қылқа ламмен ирек, түзу, ұзын, қысқа сызықтар сызуға дағдыландыру

Оқыту: трафарет арқылы балық ты жасай білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: сұрақ - жауап, түсіндіру, үйрету, әңгімелеу, түсіндіру, ойын технологиясы.

Ресусртармен қамтамасыз ету: Суреттер.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі:

Суда өседі, өнеді,

Сыртқа шықса, өледі.

Балық

Күміспенен апталған,

Теңгеменен қапталған.

Сазан

Негізгі бөлім:

Балалар бүгін бізге қонаққа Дымбілмес келеді.

Дымбілмес: балалар мен сендерден көмек сұрай келдім көмектесесіңдерме?

Мен балықтар туралы білгім келеді .Қандай балықтарды білесіңдер?

Маған балықтың суретін салып бересіңдерме?

Балаларға балықтың түрлері туралы , және оның пайдасын толықтыра айту.

Сурет салу қауіпсіздігін түсіндіру. Трафарет арқылы балықтардың суретін салу. Түрлі-түсті гуашьпен.

Д\ойын: «Жер, су, ауа»

Мақсаты: суда,жерде,ауада нелер тіршілік ететіндерін ажырата білу.

Балық қайда мекендейді?т.б

Қауіпсіздік ережесін айта отырып ,балықтың салу жалдарына қарап саламыз.

Сергіту сәті:

Жып-жылы тынық суда,

Балық ойнап жүзеді.

Біресе керіледі,біресе жыйырылады.

Біресе құмға тығылады.

Сазан,майшабақ,жалпақ балық,бекіре.

Дымбілмес: балалар мен бүгін сендер балықтар туралы білдім рахмет.

Тағы кездескенше сау болыңдар.

Сұрақ-жауап:.

Бізге қонаққа кім келді?

Дымбілмес не жайлы білгісі келді?

Балаларды мақтап салған балықтардан көрме ұйымдастырады.

Балалар Дымбілмеске рахмет айтайық. Біз дымбілместің балықтар туралы білгісі келгендігін орындап, сурет салып бердік.

Қорытынды: Балалардан бүгін қандай сурет салғандарын сүрау.

Балықтардың атын сұрау. Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы.








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!