СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«The ABC - Party»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өткен материалды қайталау, қызықты оқу түрлері арқылы шет тілін үйренуге қызығушылық туғызу. Алған білімдерін қолдануға және ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау білігін, ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту.Өтілген грамматикалық және лексикалық материалды бекіту. Оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен тілдік қатынас жасау мәдениетін, актерлік қабілетін дамыту, ой-өрісін, сенсорлық қабілеті  мен зейінін дамыту. Бір-бірін құрметтей білуге тәрбиелеу

Просмотр содержимого документа
««The ABC - Party»»

Күні:

Пәні: ағылшын тілі

Сыныбы: 3

Тақырыбы: «The ABC - Part

Мақсаты: Өткен материалды қайталау, қызықты оқу түрлері арқылы шет тілін үйренуге қызығушылық туғызу. Алған білімдерін қолдануға және ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау білігін, ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту.Өтілген грамматикалық және лексикалық материалды бекіту. Оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен тілдік қатынас жасау мәдениетін, актерлік қабілетін дамыту, ой-өрісін, сенсорлық қабілеті мен зейінін дамыту. Бір-бірін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Түрі: «Көңілді тапқыштар клубы».

Әдісі:

Көрнекіліктері: кейбір тапсырмалардың үзінділерін көрсетуге арналған бейнепроектор, ақ парақтар, фломастерлер.

Дайындық: өздеріне белгілі өлеңдер, әліпби, «Жануарлар» тақырыбы бойынша лексиканы қайталау.

Іс –шара барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Good morning, boys and girls. I am glad to see you. Бүгін біз ойын ойнаймыз. Алдымен өздеріңе ұнаған жетонды таңдап алындар (жетонда ит немесе мысық бейнеленген). Бізде екі каманда пайда болды: «Cats and Dogs»

II. Ойын жүргізу

1 конкурс «Сәлемдесу».

«Cats». My cat is black.

My cat is fat.

I like my cat.

It is my pet

«Dogs» . I am a dog.

My name is Jack.

My coat is white.

My nose is black.

(Дұрыс және мәнерлі айтылғаны үшін командалар ұпай алады).

2 конгурс. «Әріптер жасырынып қалды».

Тақтада командалардын әрқайсысы үшін плакаттар дайын тұр. Әр команданың өкілі тақтаға шығады, олардың мақсаты әріптерді тауып, әләпби тәртібінде атау. Қайсысы тапсырманы жылдамрақ орындаса, сол командасын 1 ұпай әкеледі.

A B
T Z I R
Q M N G X Q W X
M E K Y D W E N Y G K D
H S C O U V P V S H U C O

B J I R A J T Z

3 конкурс. «Жануарларды танисыңдар ма?»

Бейнепроекторда командалардың әрқайсысы үшін кезек- кезек жануарлардың бейнесі көрсетілді. Әрбір дұрыс жауап үшін команда 1ұпай алады. Егер команда жауап беруге қиналса, жауап беру құқығы қарсылас командаға ауысады.

4 конкурс «Сөйлем құрастырыңдар»

Мына сөздерден сөйлемдер құрастыр.

«Cats»: the\ is\ of\ London\ Britain Great\ capital

Keys; London is the capital of Great Britain.

«Dogs»; Is\ Kazakhstan\ of\ Astana\ capital\the

Keys; Astana is the capital of Kazakhstan.

Дұрыс құрастырылған сөйлемге 1 ұпай беріледі.

5 конкурс. «Кімнің күні ең жарық?»

Каманда капитандары кезек-кезек тақта алдына шығады. Оған екі дөңгелек ілінеді. Интербелсенді тақтада алдымен бір капитанға , одан кейін екінші капитанға арналған жануар бейнесі көрсетілді. Мақсаты- осы жануар туралы барынша көбірек сөйлем құрастыру. Әрбір дұрыс сөйлем үшін күн бейнесіне 1 сәуле және 1ұпай қосылады.

6 конкурс. «Сөзді тап»

Әріптерден жануарлардың атауларын құрыңдар. Әрбір дұрыс сөз үшін -1 ұпай. Командалар карточкалар алады.

«Cats»; aitrn; meotr; lleybsutro.

«Dogs»; arc; iekb; alpne.

7 конкурс. «Жылдам және дұрыс оқы»

Келесі тапсырма. Каманда мүшелері интербелсенді тақтада пайда болатын сөйлемдерді тізбек бойынша оқиды. Оқу дұрыстығы мен қарқыны ескеріледі. Ең жоғарғы ұпай-5.

«Cats»; I live in a big. Beautiful city. There are many school, museums and theatres in my city. There are many green parks and beautiful squares in the city. I love my city.

«Dogs»; Good manners at school are very important. We say `hello` to our teachers and to each other. We say `thank you` and `please`. If we bump into someone, we say ``I`m sorry``

8 конкурс. «Singers»

Камандалардың әрқайсысы биылғы немесе бұрынғы үйренген жануарлар туралы өлеңді есіне түсіріп, айтып берулері тиіс.

9 кокурс «Name the date»

Оқушылар күнді толық атауы тиіс:November, 29 th; January 1 st; March 22 nd; December 16 th. Әрбір дұрыс атаған күн үшін командағы 1ұпай.

ІІІ. Қортындылау.

-Жарайсыңдар, балалар! Маған сабағымыздың қалай өткені ұнады (ұпай санау, марапаттау).