СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Теріс сандарды қосу

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Теріс сандарды қосу туралы түсініктерін дамытады, қалыптасады  және уақытты үнемдеуге, кітаппен  сауатты  жұмыс жасай  білуге дағдыланады. Оқушыларға оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше  және топпен  жұмыс  істеуге дағдыландыру.

Просмотр содержимого документа
«Теріс сандарды қосу»

Сыныбы: 6 «б» Пәні: Математика Мерзімі: 11.11.2016ж


Сабақ тақырыбы:



Теріс сандарды қосу


Сабақ мақсаты:

Теріс сандарды қосу туралы түсініктерін дамытады, қалыптасады және уақытты үнемдеуге, кітаппен сауатты жұмыс жасай білуге дағдыланады. Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.


Күтілетін нәтиже:

Өз бетімен ойлау, сөйлеу дағдысы дамиды. Өзара сұхбаттаса алады.

Сыни ойлай біледі. Сабақ барысында алған мағлұматты пайдалана отырып есептер шығаруды үйренеді.


7 модульдің қолданылуы

"АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.


Сабақ түрі,

әдіс – тәсілдері



"Миға шабуыл", "Топтасу", "Ойлан. Бірік. Бөліс", "Болжау стратегиясы", "Іште, сыртқа". "Кері байланыс".


Сабақтың көрнекілігі:



Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук


Ұйымдастыру кезеңі:


а) Оқушылармен амандасу

ә) Оқушыларды түгендеу

б) Сабаққа керекті құралдарды партаның үстіне қою



Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. Оқушыларды топқа бөлу. «Атом, молекула» деп аталады. Шарты: Окушылар араласып жүріп мұғалім белгілі бір санды айтқанда бірігу керек. Сол арқылы топқа бөліну.

«Миға шабуыл арқылы» үй тапсырмасын тексеру.

Балалар, үй тапсырмасын тексерместен бұрын алдымен «таңбалар ережесін» қайталайық: +(+)=+ -(+)=- +(-)=- -(-)=+

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Таңертең ауаның температурасы -1°С болды, ал кешке -4°С-қа өзгерді. Кешке ауаның температурасы неше градус болды?

Кешке ауаның температурасын табу үшін (-1) санын (-4) санын қосу керек. Демек, (-1)+(-4)=-5

Екі теріс санды қосу үшін:

  1. Қосылғыштардың модульдерін қосу керек;

  2. Шыққан санның алдына минус (« - ») таңбасын қою керек.

Мысалдар:

1) -8+(-11)=-(8+11)=-19

2) -0,3+(-0,9)=-0,3-0,9=-1,2

3) -

Екі теріс санның қосындысы – теріс сан.

Егер екі қосылғыштың біреуі 0-ге тең болса, онда қосынды екінші қосылғышқа тең болады.

Мысалы, а+0=а, 0+а=а

-8+0=-8, 0+(-8)=-8



Оқулықпен жұмыс.

440

1) -9+(-0,3)=-9,3 2) -6,03+(-2,17)=-8,2 3) -9,5+(-100)=-109,5

-6,7+(-5)=-11,7 -7,2+(-8,23)=-15,43 -5,07+(-61,9)=-66,97

-3+(-0,91)=-3,91 -4,5+(-27,8)=-32,3 -21,61+(-45,7)=-67,31

«Ойлан. Бірік. Бөліс»

Сандар берілген: -1; -2; -3; -4; -5; -6; -7; -8; -9; -10. Сандарды бір рет пайдаланып үш дұрыс теңдік құрыңыздар.

«Болжау стратегиясы»

Келесі тапсырмада қандай сөз шығады деп ойлайсыздар?

-47+(-19) =-66

-17+(-8) =-25

-3,5+(-5,9) =-9,4

-8,8+(-4,2) =-13

-5,9+(-3,7) =-9,6

-3,75+(-1,27) =-4,52

Кему ретімен орналастырыңыздар әйгілі фрацуз математигі Декарт есімі шығады.

Француз математигі Рене Декарт (1596-1650).

1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берді.




«Сергіту сәті»

Балалар, мына берілген суретте қандай цифрлар көріп отырсыздар. Топ бойынша жұмыс жасау арқылы алдыңыздағы парақшаға жазыңыздар.


«Іште, сыртқа» стратегиясы арқылы сабақты бекіту.

Іште Сыртқа

-6-7,2

6,3+1,2

0,95*0,5

-4+11

-0,25+(-1,5)

17,68-9,8

-0,1+(-6,7)

-16,5-10,5

-3,86+(-4,47)

-23,5+6



«Кері байланыс»











Үйге тапсырма беру

Үйге тапсырма бүгінгі тақырыпты қайталау.

447 есеп

Оқушыларды бағалау.





































Қарақия ауданы

«Мұнайшы селосының №5 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Сабақтың тақырыбы:

(Аудандық жаратылыстану-математика пәндері

мұғалімдернің олимпиадасы)





Сыныбы: 6 «б»

Пән мұғалімі: Башимова Гүлшат















2016 – 2017 оқу жылы