СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тіл кемістігі бар балаларға арналған жаттығулар

Категория: Логопедия

Нажмите, чтобы узнать подробности

в данном пособии собраны тексты и речевой материал для детей с нарушением звукопроизношения с казахским языком обучения.

Просмотр содержимого документа
«Тіл кемістігі бар балаларға арналған жаттығулар»

«Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебі» КММ


























Дефектолог-логопед С.Мейрманова


Кіріспе

Тіл – адамның рухани айнасы. Мемлекетіміздің ұлттық тілі неғұрлым бай болса, оның рухани дүниесі де соғұрлым жоғары болмақ.

Балалардың негізгі функциялары мектепке дейінгі жастарында қалыптасады. Сөйлеу тіллі – қарым – қатынас құралы ғана емес, ол ақыл-ой, шығармашылық, зейін, есте сақтау, дүниетану, өзіндік білім көтеру қабілеттердің дамуындағы қажетті де маңызды құрал.

Тіл дамыту – барлық сабақта жүргізіліп отыратын процесс. Соның ішінде тіл сабағында алатын орны ерекше, өйткені бала сауатгы жазып, сөйлемді дұрыс құра білудін негізін осы тіл сабағынан бастайды. Тіл дамыту - сөйлей, жаза білу, ойды байланыстырып айту, сөйлем кұрай білу, сөздік корды молайту, жеке дыбыс, сөз, сөз тіркестерін дұрыс айта білу мен тығыз байланысты. Осы айтылған мәселелер төңірегінде тіл дамыту жұмысы жүргізіледі. Барлық кезеңінде логопед маманы тіл дамыту жұмысын оқушылардың ойлау қабілетімен ұштастырып жүргізіп отырады. (текст, дыбыстану,грамматика, суретпен, сөздікпен жұмыс т.б.)

Тіл түзету жұмысы логопед маманы жүргізетін арнайы іс – әрекет болса да, әр ата-ана осы жағдайға жауапкершілікпен қарап, сәби күнінен бала тілін жаттықтыру жұмыстарын жүргізуі керек. Өйткені, кей жағдайда түзету жұмыстарында тек қана логопедтің көмегі жеткілісіз болуы мүмкін.


Сонымен тіл дамыту жұмыстарына қойылатын талаптар:

а) оқушылардың сөздік қорын байыту;

ә) сөйлемді дұрыс қүра білу;

б) байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру;

в) қазақтың ерекше дыбыстарын айта білу;

г) сурет бойынша жұмыс істеу;

д) оқушылардың ойлау кабілетін дамыту;

ж) оқығанын, естігенін анық, түсінікті етіп айта білуге жаттықтыру т.б.


Мұғалім бүл талаптарды сабақ мақсатына қарай ұштастырып жүргізіп отырса, оқушы өз ойын ауызша жеткізе алатын болады.











К, Қ

КА

КО

КУ

КИ

КЫ

АК

ОК

УК

ИК

ЫК

Үк-әк-ак-ык-ок-ук-ка-ко-кү-ку-кы-кұ-ік

Көбелек, кірпі, күн, кесе, күшік, көйлек, Кенжебек, Күлпаш, Кенжегүл, Күміс, қал, қас, жақ, тақ, қала, ноқта, қол,қос, жоқ, тоқ, қоға, тақта, ынтымақ, қолтырауын, Қаламқас, оқыды, қонақ, мақсат, қаз, қант, қамал, қасық, Қазақстан, қарбыз, қаймақ, қамшы, қарын, Қанат, қауын,қарға, қайшы, қарындаш, қарындас, арқан, қалпақ, сақал, аққу, көл, қол, кісі, көрік, қорық, әк, ақ, қасық, Қуат, қарлығаш, тамақ, көкшіл, ақшыл, шанышқы, лақ, қалың, қамқоршы, қыс, оқушы, қуырдақ, бауырсақ, қатық, құс, қасқыр.


[К] дыбысы қалай айтылуы. Ерніміз ашық болады, тістер де ашық болады, тілдің арқалығы таңдайға тиеді. [К] дауыссыз дыбыс.


Өленді жаттап ал.

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.


Мәтінді оқы

Көл жағасында

Кәрім – Кәкімжанның жолдасы. Ол көл жағасында отырды. Кәрім қанатты көрді. Ол доссын шақырды.

Көлдің суы көкшіл, мөлдір әрі жылы. Қанат, Кәрім, Кәкімжан суға шомылды. Содан соң көл жағасын аралады. Көл маңы қалың ағаш.


Өленді жаттап ал.

Біздерде бар қуыршақ, 
Бұзау, қозы, құлыншақ. 
Ойыншықтар тыңдайды, 
Айтқаныңнан шықпайды.






Мәтіндерді оқы

Көрші

Қыс. Қар жауды. Кәрім далаға шықты. Ол шанасын алды. Кәрімді Қадіржан көрді. Ол да далаға шықты.

  • Қадіржан, мына шанаға отыр. Таудан сырғана.

Ол таудан сырғанады. Олардың көңілді дауыстары шығады. Қадіржан, Кәрім – тату жолдас әрі көрші.


Көгершін

Бірнеше көгершін алаңға қонды. Айман көгершіндердің дән шоқығандарын байқады. Ол Берікке көгершіндерді көрсетті. Олар көгершіндерге жем мен су берді. Айман мен Беріккөгершіндерге әрдайым қамқорлық жасайды.

Көгершіндерді жәбірлеуге болмайды. Көгершін – бейбітшілік белгісі. Балалар, сендер де көгершіндерге қамқоршы болыңдар!


Өленді жаттап ал.

Көктем келді, балалар!

Айналаға қарандар.

Қызыл, сары гүлдерді

Бәрің бірге санандар.


Тыңда, қайтала. Оқы.

Көктем

Қазір көктем мезгілі. Көктемде күн жылы болады. Көктемде гүлдер шығады, құстар ұшып келеді.Көктемде табиғат жасыл түске оралады. Көктемде құстар оралып,ұя салады. Көктем айлары – наурыз, сәуір, мамыр. Қәзір наурыз айы.


Кітап

Кітап – білім бастауы. Кітапты оқи білу – өнер. Кітап – адамның ақылшы досы. Оны жұрт құрметтейді. Кітаптағы қызықты ертегі, әңгіме, өлеңдерді жазушылар, ақындар жазады. Суретшілер суретін салады.

? Кітап қай жерде басылып шығады? Ол туралы әңгімеле?


Ас

Қанат атасын асқа шақырды. Атам, әкем, Қанат, Қуат, Калима тамақтануға отырды. Анам қасық, шанышқы, кесе алды. Олар тамақ ішті. Қуырдақ, бауырсақ дәмді. Сонан соң қатық ішілді. Ас – адамдың арқауы.

Тыңда, қайтала. Оқы.

Ұя.
Қ
арлығаш ұя салды. Бiрақ ұяға торғай орналасып алды. Қарлығаш басқа қарлығаштарды көмекке шақырды. Көмек көрсетуге көп қарлығаштар келдi. Олар ұядағы торғайды қуып шықты. Қарлығаш ұясына орналасты. Достарына рахмет айтты. Достық – үлкен күш.


Сөздерді көпше түрде айт

Құс – құстар

Сабақ – сабақтар

Ыдыс – ыдыстар

Қасқыр – қасқырлар

Сурет – суреттер


Сергіту сәті.

Шеңбер құрып тұрайық,

Көңілдерді көтеріп

Күн секілді ашылып

Көбелек болып ұшайық

Керуен болып біз жүріп

Кеме болып жүзейік

Көйлек киіп әдемі,

Керемет би билейік.


Сергітуді мәнерлеп оқы, жаттап ал.

Ақ қанатты көбелек,

Көк қанатты көбелеқ,

Қызыл қанатты көбелеқ,

Бізідің үйге келе кет.

Көбелек-ау, көбелек,

Мені өзіңмен ала кет.


Тыңда, қайтала. Оқы.

Астана

Отанымнын жас қаласы – Астана. Астана – қазақ елі болашағының каласы. Астана – Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы. Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Көптеген ғимараттар бар. Қанағаттың атасы Қасым Астана қаласында. Қанағат атасында қонақта. Олар Астана қаласын тамашалады. Қаланы төрт сағат аралады.


Өленді жаттап ал.

«Ата  ақылы»    

Кім  үлкенді  тыңдаса,


Кім  үлкенді  сыйласа.

Үлкен  болған  кезінде,

Сыйлы  болмақ  өзіде



Жұмбақты оқы, шешуін тап.

Көкшіл айна үйдегі

Көрсетеді киноны. (теледидар)


Қалқиған ұзын құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)

Өленді жаттап ал.

Кеңсің дала,

Туған ана.

Көйлегің кең көк ала,

Жан беретін

Тән беретін

Мейірімді ана сен ғана.


Сөйлемдерді тарату

Көйлек.

Мынау – көйлек.

Бұл – көк көйлек.

Қолғап.

Мынау – қолғап.

Мынау қызыл қолғап.



Үйрек.

Қара үйрек.

Үлкен қара үйрек.

Гүл.

Қызыл гүл.

Кішкентай қызыл гүл.


Доп.

Қызыл доп.

Қызыл доп алдым.

Мен қызыл доп алдым.


Мектеп.

Мынау – мектеп.

Мен мектепке барамын.


Оқы.

Кітап оқы.

Қанат кітап оқыды.


Мынау – қызанақ.

Ол қызыл түсті.

Мен қызанақты жақсы көремін.


Мыну – қияр.

Ол жасыл түсті.

Мен қиярды жақсы көремін


Қоян.

Ақ қоян.

Мынау – үш ақ қоян.


Өленді жаттап ал.

Ойын, ойын, ойындар,

Қандай қызық, қарандар.

Асық ойнап, доп ойнап,

Қуанады балалар!


Мәтінді оқы

Мынау – дүкен. Дүкен үлкен. Дүкенде азық-түлік бар. Кенжебек дүкенге барады. Ол нан, сүт, қант, шұжық, кәмпіт, жұмыртқа, ірімшік, май, шай алады.


Мәтінді оқы

Қыс

Қазір қыс мезгілі. Қыс айлары – желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қысты күн суық болады. Қыста қар жауады. Қыста балалар шаңғы, шана тебеді. Қыста балалар аққала жасап ойнайды.


Өленді жаттап ал.

Қуыршақ

Сөйлемейсің сен неге,

Тілің жоқ па, қуыршақ?

Жуынбайсың сен неге,

Қірің жоқ па, қуыршақ?

Біз күлгенде, күлмейсің,

Аңқаусың ба, қуыршақ?

Бізбен бірге жүрмесің,

Жалқаусың ба, қуыршақ?


Мәтінді оқы

Көңілді қыс

Қыс келді. Күн суытты. Қар көп жауды. Өзенге қалың мұз қатты. Балалар жылы киім киеді, аққала жасайды, шаңғы тебеді. Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі – Жаңа жыл мерекесі. Бұл мейрамды балалар күтетіні анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады.


Өленді жаттап ал.

Таңдайыма тәтті-ақ!

Өзі қардай аппақ.

Мұз да, бал да өзінде

Бұл атақты балмұздақ.

Өленді жаттап ал.

Қыркүек, қазан, қараша –

Қүз айлары тамаша.

Далада жатыр жапырақ

Сап-сары боп жараса.

Х, Һ

ХА

ХО

ХИ

ХЫ

ХЕ

АХ

ОХ

ИХ

ЫХ

ЕХ

Хор, хабар, хат, хан, халат, хош, сухбат, кітапхана, шеберхана, асхана, рахмет, Ахмет, Хабиба, Райхан, саяхат, Халел, Хамит, дәріхана, дәмхана, наубайхана, емхана, шеберхана, хоккей, ұстахана, шайхана, шахмат, халық, Қаһарман, Гауһар, қаһар, шаһар, жиһаз, жиһазгер, тарих, айдаһар, қаһарман.


«Қарада» жоқ «ханда» бар
«Қағазда» жоқ «хатта» бар
Кәне ойланып көрейік,
Бұл әріпті кім табар? (Х әрпі )


Мәтіндерді оқы

Хоккей

Хасан мен Хамит хоккей ойынын жақсы көреді. Екеуі екі топта ойнайды. Хасан қақпашы, Хамит шабуылшы болды. Ойын басталды. Екі жақ та қызу ойнады. Хасан да, Хамит та нағыз хоккейшілердей ептілік көрсетті. Хасанның тобы жеңіп шықты.


Мектеп асханасы

Мектепте асхана бар. Хамит, Халида, Хасан үшеуіміз асханадан түсте тамақ ішеміз. Аспаз Халида апай тамақты дәмді пісіреді. Нанды наубайханадан әкеледі. Біз нанды қадірлейміз.Нан – дастарқан құты. Нан – тоқтық, нан – байлық.


Халық қаһарманы

«Халық қаһарманы» aтағы — 1993 жылы белгіленген. «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелік бeлгici — Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырылады. «Халық  қаһарманы» – Отанына ерекше мәртебе көрсетіп, ел  алдына игілікті іс тындырып көзге түскен, халқына  аса көрнекті қызметі көрсеткен адамдарға берілетін атақ.


Сөйлемдерді тарату

Хамит.

Мынау – Хамит.

Хамит – әдепті оқушы.


Халида.

Мынау – Халида апай.

Халида апай тамақты пісіреді.

Хат.

Мен хат жаздым.

Досыма хат жазу керек.


Хасан.

Мынау – Хасан.

Хасан асханадан тамақ ішті.

Кітапханада

Біздің мектепте кітапхана бірінші қабатта орналасқан. Кітапхана таза, жарық, әдемі. Кітапханада қызықты, керекті, жақсы кітаптар бар. Кітапханада түрлі газет – журналдар да көп. Оқушылар кітапханадан кітаптар алады. Балалар кітапханаға кіріп,әртүрлі кітаптар алады. Кітапханада мейірімді кітапханашы Халида апай жұмыс істейді. Маған ертегілер, балалар хикаясы ұнайды.

Сөйлемдерді тарату

Гауһар.

Гауһар – досым.

Гауһар менің жан досым.


Ашық хат

Ашық хат – дегеніміз мерекеде тілек білдіретін хат. Ең алғашқы ашық хат жүз елу жыл бұрын шыққан. Ашық хаттың түрлері көп. Ашық хат әрбір мерекеге байланысты жазылады. Ашық хатта әр адам өзінің жақсы тілектерін білдіреді.Ашық хатты қолдан жасауға да болады. Ашық хат шын көңілден жасалған, жазылған болуы керек.









Ш

ША

ШО

ШУ

ШИ

ШЕ

АШ

ОШ

УШ

ИШ

ЫШ


Ш дыбысын анық айтып жаттық.

ША-ША-ША – өсе берсін шырша

ШЕ-ШЕ-ШЕ – таза болсын көше

ШІ-ШІ-ШІ – тату тұрсын көрші

ШЫ-ШЫ-ШЫ – келді бізге сылақшы.

ШЫ-ШЫ-ШЫ – төбені бояды сылақшы.


Шы-шы-шы

Әкем менің аңшы.

Ша-Ша-Ша

Біз тебеміз шана

Ша-ша-ша

Алашамыз тамаша

Шы-шы-шы

Тамшылайды тамшы

Шу-шу-шу

Шашылды шашу

Шұ-шұ-шұ

Пісірдік шұжжық

Шық-шық-шық

Төрге шық

Іш-іш-іш

Сусын іш

Үш-үш-үш

Бойға жина күш

Аш-аш-аш

Қорқып кетті қарлығаш

Аш-аш-аш

Ұшып келді қарлығаш

Аш-аш-аш

Ұя сады қарлығаш

Аш-аш-аш

Бақта тұр қара ағаш


Ке-ке-ке, әп-әдемі шәшке.

Ге-ге-ге, шай құйылды шәшкеге.

Шәшкені алайық, шәшкеге шайды құяйық.


Бақ-бақ-бақ, аулада бар шарбақ.

Бақ-бақ-бақ, түп түзу шарбақ.


Шек-шек-шек, аулада бар әткеншек.

Шек-шек-шек, тебеміз әткеншек.


Жаңылтпаштарды жылдам айтып, жаттап ал.

Шошыттық үш кұсты,

Шошып үш кұс ұшты


Шамалы шыршасы шырайлы,

Шынары ішінара ұшырайды.

Сөздерді оқы

Шырша, шана, шығыс, шомылу, шабдалы,шар, шаш, аш, қаш, шығыс, шаңсорғыш,шаңғы, көрші, шаян, шөп, шық, шығады, шашады, ашық,бірінші, алтыншы, шыдады, іш, әткеншек, ағаш, тамаша, Шолпан, нағашы, қақпашы, қанша, шеге, ағаш, шелек, қайшы, оқушы, көше, шегіртке, шеше, егінші, сатушы, сызғыш, шие, машина, ағаш, шымшық, шапалақ, шырын, Шыңғыс, шие, машина, ағаш, шымшық, шапалақ, тамшы, шұжжық, Раушан, Шынар, Кәмшат, Гүлшат, шырын, қөгершін, қайшы, шортан,қарлығаш


Сөйлемдерді тарату

Сатушы өлшейді.

Сатушы заттарды өлшейді.

Сатушы дүкендегі заттарды өлшейді.

Сатушы дүкендегі заттарды тез өлшейді.


Жұмбақтарды шеш

Тікен-тікен тік пісте 
Қысы-жазы бір түсте. (Шырша) 

Қызыл, жасыл домалақ,

әуеде ұшар домалап.  (Шар)


Мәтінді оқы

Көктем күні шуағын төге бастады. Құстар ұшып келіп жатыр. Жер көгерді. Ағаштар гүлдеді. Тиіндер ағаштан ағашқа секіріп жүр. Қызғалдақ шықты. Қөңілді көктем табиғатты ұйқысынан оятты.


Өленді жаттап ал.

Отбасы – ол бақыт, 
Отбасы – ол ата-ана, 
Отбасы – туыстарымыз, 
Отбасы – ол шаңырақ. 


Мақалды жатта

Өнерлінің қолы – алтын,

Өлеңшінің сөзі – алтын.


Мәтінді оқы

Мынау – шырын. Шырын тәтті. Шолпан шырын ішеді. Мынау – шай. Шай ыстық. Шынар шай ішпейді.


Жұмбақты шешіндер
1.Тікен - тікен тік пісте,
Қысы - жазы бір түсте. (Шырша)

2. Жас кезінде қара орман,
Қартайған соң ағарған.(Шаш)

3. Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.(Шаңғы)


4. Жазда тынығады
Қыста зымырайды.(Шана)


Сөйлемдерді оқы

Күйші күй тартады. Балықшы балық аулайды. Құрылысшы құрылыста істейді. Жылқышы жылқы бағады. Суретші сурет салады.Шекарашылар күзетте тұрады. Олар еліміздің шекарасын қорғайды.


Сөйлемдерді тарату

Ілгіш.

Мынау – ілгіш.

Мынау – бір ілгіш.


Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашайық
Салақтықтан қашайық
Қолға қалам алайық
Көркем етіп жазайық









Мәтіндерді оқы

Шие тергенде

Шие піскен уақыт. Шолпан әже немерелері Жанат пен Қанатты ертіп, шие теруге орманға келді. Қып-қызыл шиелер шашылған маржандай көз тартады. Шадияр терген шиесін қолындағы ыдысқа жинай берді. Шолпан шиені тойғанынша жеп, сонан соң өз бетімен ойнап кетті. Таза ауада әрі жақсы демалып, әрі шиеге тойып балалар үйлеріне қөңілді оралды.


Шахтер

Біз шахтерлар қалашығында тұрамыз. Шадияр шахтада істейді. Шахтер шахтада таскөмір өндіреді. Шахтер – қиын да құрметті мамандық. Бір күні шахтаны көргім келді. Әкем сыйлаған көше фонарын алып, тура шахтаға тарттым.


Сөздерді көпше түрде айт

Шахтер – шахтерлар

Көше – көшелер

Шахта – шахталар

Шие – шиелер


Өленді жаттап ал.

Қыста да, жазда, күзде де

Тұрады жасыл түске еніп.

Шипасы мол шыршаның,

Тыңайтар бізге күш беріп.


Мәтіндерді оқы

Әншілер

Әлім, Сәлім – әнші. Әлім, Сәлім ән салды. Олардың әні тамаша. Шолпан мен Әмір ән тыңдады. Достар да ән салды. Олардың дуысы да тамаша.


Ұшқыш

Шыңғыспен Айбаршаның көкесі – ұшқыш. Қуанышда ұшқыш болғысы келеді. Ал Шыңғыс ұшақтың, тікұшақтың суретін салғанды ұнатады. Менің де арманым – ұшқыш болу. Онда ғарышқа ұшар едім.


Жаңылтпашты жылдам айтып, жаттап ал.

Шамалы шыршасы шырайлы,

Шынары ішінара ұшырайды.


Шеше, шеше

Неше кесе,

Сынды кеше?





















Ж

ЖА

ЖО

ЖУ

ЖИ

ЖЕ

АЖ

ОЖ

УЖ

ИЖ

ЕЖ


Жұмбақтарды шеш

Ұшқанда өлең айтады, Ж-Ж-Ж

Қонғанда жер қазады. Ж-Ж-Ж


Ойлап оны көрейік,

Шешуін кім табады? (қоңыз)

Ішіне тамақ салынған,

Есігі тастай жабылған.

(Жұмыртқа)

Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды.

(жұлдыз)


Жесең ащы,

Көзіңнен шығарар жасты.

(пияз)


Мәтінді оқы

Жанат,Жанар жылғаның жағасында жарысты. Жанаттың жарасын тал жырды. Жанат жылады. Жанар:

-Жанат, жылама. Жанат жылауын доғарды. Олар жарысын жалғастырды.


Жұмбақты шеш, жаттап ал.

Жауып жаңбыр, жер сабыр,

Шөп, жапырақ солады.

Бұл қай кезде болады?


Сөйлемдерді тарату

Жапырақ.

Мынау – жапырақ.

Мынау – жасыл жапырақ.


Жаз.

Дәптерге жаз.

Жансая дәптерге жазды.




Мәтінді оқы

Жаз

Жадырап жаз келді. Көк аспанда күн күлімдейді. Көбелектер бірін-бірі қуып ойнағандай. Маған жаз мезгілі ұнайды. Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ыстық болады. Балалар да көптен күткен жазғы демалысқа шықты. Өзен жағасына келіп,балық аулады. Жазда түрлі жемістер, көкөністер піседі. Жаз қандай тамаша!

Сөздерді оқы

Жаз, жауын, жоғары, жануар,жарыс, Жанар, Жанат, Жарас, жаңа,жаса, жасау,жастар, жаман, жолақ, жасыл, жүзді, жылқы, жеті, жапырақ, жиырма, жақсы, жақын, жылы, жылтыр, жем, жүз, жер, жел, жоқ, жемістер, жусан, жүзім, жарық, жұмсақ, жаңбыр, желтоқсан, жаңғақ, жыртқыш, жабайы, жапалақ, жұп-жұмсақ, жұма, жұлдыз, жылдам, жүзік.


Мақалды жатта

Жаман аттан аяғым артық,

Жаман жолдастан таяғым артық.


Өленді жаттап ал.

Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Жаңа жылда – жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жұр.

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы –

Қөз тоймайды қараса.


Мәтіндерді оқы

Нөсер

Аспанды қою қара бұлт басты. Әуедегі құстар да көрінбейді. Күн қатты күркіреді. Найзағай да жарқ-жұрқ етті. Нөсер құйып кетті. Жауынның жауғаны жақсы. Жауын көп болса, көк қаулап шығады. Жиын-терін мол болады.








Өлеңді аяқта.

Іші толған шәрбәт,

Дәмі қандай әйбәт.

Үзесің бірден жүзін

Оның аты – .....


Жаңбырлы орман

Тропикалық орманды жаңбырлы орман деп айтады. Өйткені тропиктерде күнде жаңбыр жауады. Бірақ ұзақ жаумайды. Аптап күн таңертеңнен ауаны қыздырады. Буланған ылғал жаңбыр болып төгіледі. Ол жылдам тоқтап, қайтадан күн жарқырап шығады.


Өленді жаттап ал.

Мен тиінмін, тиінмін,

Қысқа жылы киіндім.

Қоймам толы жаңғаққа,

Іші жылы үйімнің.


Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндір.

Жаманды жаман десе, жалпаяды,

Жақсыны жақсы десе, калқаяды.


Жақсылық – жанып тұрған шырақ,

Жақсының сөзі – жағалай біткен құрақ.


Жақсы байқап сөйлейді,

Жаман шайқап сөйлейді.


Жеті рет өлшеп, бір рет кес.


Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.

Мәтінді оқы

Бақта жемістер мен жидектер өседі. Жүзім, құлпынай, таңқурай – жидектер. Алма, алмұрт, өрік, алхоры, шие – жемістер.

Картоп, сәбіз, орамжапырақ, баклажан, пияз бақшада өседі. Олар – көкөністер.








Мәтінді оқы.

Жазғы каникул

Жазда жазғы каникул болады. Біз үш ай демаламыз. Жазда өрік, шие, алма, жүзім піседі. Жазда күн ыстық болады. Балалар жазда суға шомылады. Футбол ойнайды, велосипед тебеді. Мен жазды жақсы көремін.


Өленді жаттап ал.

Жаманшылық жақсылықтан аса ма,

Жақсы адам жақсы істен қаша ма?

Жақсы болғың келсе егер, батырым,

Жамандыққа жамандық жасама.


Сөйлемдерді оқы.

Бейжің Олимпиадасында біздің команда жиырма тоғызыншы орынды иеленді. Олжас мектепшілік жарыста шахматтан бірінші жүлдені жеңіп алды. Айжан он жетінші пәтерде тұрады.


Өленді жаттап ал.

Жаз келіпті

Жаз келіпті дегенше,

Алма пісті дегейсің.

Бағымызда ендеше,

Алма теру көбейсін.

Жаз келіпті дегенше,

Қарбыз пісті дегейсің.

Бақшамызда ендеше,

Қарбыз жинау көбейсін.


Жұмбақ өлеңді тыңда, шеш, жатта.

Жүзім жедім,

Үзіп жедім.

Жіпке алтауын

Тізіп жедім.

Екеу жедім.

Бесеу жедім.

Санаңдаршы,

Нешеу жедім?


Мәтінді оқы.

Мынау – жапырақ. Жапырақ жасыл болады. Маған жасыл қарындаш керек. Мен жасыл жапырақ саламын. Маған сары қарындаш керек. Мен сары жапырақ саламын.





Мәтінді оқы.

Жаңа жыл

Жаңа жыл — ең ғажайып, әдемі, ең жұмбақ және көңілді мереке! Желтоқсан айының басынан бастап мерекеге дайындық басталады: көшеде түрлі-түсті шамдармен безендіріліп, қаланың алаңдарында ұлы шыршалар өсіп, дүкендердің терезелерінде жаңа жылдық гирляндалар жарқырайды. Балалар Жаңа жылдың келуін асыға күтуде. Мерекелік дастархан басына жиналып, туыстарымды, достарымды кұттықтаймыз.





















Ч

ЧА

ЧО

ЧУ

ЧИ

ЧЕ

АЧ

ОЧ

УЧ

ИЧ

ЕЧ


Почташы, почташы!

Біздің үйге тоқташы!


Сөздерді кайталла

Чемодан, Чукотка, чек, чипсы, чупа-чупс, чак-чак, почта, чебуреки, кетчуп «Чили», чеснок, чечел ірімшігі, чемпион.


Мәтінді оқы.

Мәзір: Чебуректер!

Асыққанда жылдам әрі оңай пісірілетін чебуректер. Чебуректер тұзды қамырдан жасалынады. Қамыр сәл демалу үшін жылы орап, қоя тұрыңыз. Пияз бен чеснокты ұсақ етіп турап, фаршпен араластырамыз. Үстіне тұз бен бұрыш себеміз. Қамырды барынша жұқа етіп жайып, ортасына дайын етімізді төсеп, шетін бекітеміз. Чебуректерді табада ысыған майға қуырып, екі жағын да пісіреміз. Отты қатты қыздырмай, чебуректің түсі қызғылт тартып, ішіндегі еті де жақсы піседі.Чебуректер дайын! Астарыңыз дәмді болсын!

Өленді жаттап ал.

Шынықсан шымыр боласын,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.


Чемпион болу оңайма,

Арман болған талайға?

Болмасаңда ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Сергіту сәті.

Біз чемпион боламыз,

Бір, екі, үш, бір, екі, үш.

Торғай боп та ұшамыз,

Чик-чирик, чик-чирик.

Би билеп те аламыз,

Ча-ча-ча, ча-ча-ча.

Орнымызды табамыз,

Қолға қалам аламыз.


Өленді жаттап ал.

Болашақ чемпиондар

Сырғанайды екеуі,

Мұзайдынға кеп бірге.

Желді қуып жетеді,

Екпін қосып екпінге.


Бақыты боп бар елдің,

Алар талай байрақ та.

Чемпионы әлемнің

Болар күні әлі алда.

Мәтіндерді оқы

Дүкенде

Чингиз пен Чулпан дүкенге барды. Дүкенде сөмкелер мен чемодандар көп. Олар көп дүкенді аралады. Чингиз пен Чулпан өздеріне ұнаған чемоданды сатып алды.Дүкенші әрбір сатып алған заттың чегін береді.


Чемпион

Чемпион – жеке түрдегі жарыстың жеңімпазы. Бекзат Саттарханов – 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиаданың чемпионы. Лондон олимпиадасында алтын алған қазақстандық спортшылар: Серік Сәпиев, Зүльфия Чиншанло, Илья Ильин.


Сөздерді көпше түрде айт

Чемпион-чемпиондар

Чемодан-чемодандар

Чек-чектер...


Сөйлемдерді оқы.

Менің досымның ұлты – чечен.Серік Сапиев – чемпион. Дүкенші маған чек берді. Анам чемоданға киім салды. Әпкем чебуректерді пісірді. Почташы хат әкелді.








Щ

ЩА

ЩУ

ЩО

ЩЕ

ЩЕ

ЩИ

АЩ

УЩ

ОЩ

ЕЩ

ЕЩ

ИЩ


Щи, борщ, ащы, тұщы.

Бұрыш ащы – бал тәтті.


Мәтінді оқы.

Щеткалардың айтысы

Бір күні Щеткалар жиналып, айтыса бастады.

  • Мен адамға пайдалымын. Мен тісті таза сақтаймын, - деді тіс Щеткасы.

  • Мен неден кеммін. Менімен адам аяқкиімін тазартады, - деді аяқ Щеткасы.

Киім Щеткасы:

  • Мен бәріңнен де қажеттімін. Киімдерді тазартып тұрамын, - деді.

  • Мен еден сыпырамын. Үйді таза ұстаймын, - деді еден Щеткасы.

Мұны естіп тұрған Марат былай деді:

  • Босқа таласпаңдар. Бәрің де бізге қажетсіңдер.






Өленді жаттап ал.

Щётка, щётка, щёткалар,
Неше түрлі щётка бар:
Бірі тісті жуады,
Бірі шаңды қуады.



Жұмбақтарды оқы

Тіс кірлесе – тазартар.

Киімнің кірін азайтар.

Бәтеңкеңді жаңартар,

Бұл не? (щётка)


Атқарады талай-талай ісіңді,

Тазалайсың киіміңді, тісіңді. (щётка)


Мәтінді оқы.

Біздің күнделікті пайдаланып жүрген суымыздың өзі ащы тұщы болып бөлінеді. Ащы сулар Мұхит пен теңіздерде кездеседі.

Тұщы су өзен, көлдерде, жер асты суларында кездеседі. Адамға тұщы су керек.


Мәтінді оқы.

Борщ мәзірі

Борщ кәзіргі таңда елімізде де сүйікті тағамдардың біріне айналды. Борщтың басты құрамдас бөлігі – қызылша. Әрине, қазақ халқына етінің көбірек болуы да маңызды. Назарларыңызда борщ мәзірі. Борщ — ет, қырыққабат пен қызылшадан әзірленеді.  Борщ украин аспаздығының басты тағамы болып есептеледі. Борщқа сиыр, қой, құс еттері қолдануға болады. Көкөністер: картоп, қырыққабат, үрме бүршақ, қызылша, қызанақ, шалқан, сәбіз, болгар бұрышы, жүгері кіреді. Борщ дайын. Астарыңыз дәмді болсын!


Өленді жаттап ал.

Щетка деген ғажап-ақ,

Щетканы әжем мақтайды.

Щеткамен тіс тазалап,

Щеткамен үй ақтайды








Мәтінді оқы.

Тіс щеткасы

Тіс щеткасы не үшін керек? Жауабы: тіс тазалау үшін. Араларымызда щеткамен ыдыс жуатындар да табылады. Тіс щеткасын қас тарауға пайдалануға болады екен. Қалай дейсіз ғой? Қазіргі уақытта қалың, табиғи қастар сәнде. Егер қас тарайтын арнайы щеткаңыз болмаса, осы тіс щеткасын пайдалансаңыз болады. Маникюр үшін. Лак кеппей тұрып, тырнағыңызды щеткамен ақырын тарсылдатып шығыңыз – қызықты бедер шығары анық. Шашты түтуге. Шашты көтеру үшін тістері майда тарағыңыз болмаса осы щетканы пайдаланыңыз. Тарақты тазалауға. Шашқа арналған құралдарыңызды: тарақ, бигуди, фен щетка жақсы тазартады. 
Кірпіктерді тарауға. Қастарыңызды тарап болған соң, кірпіктеріңізді де ұмытпаңыз. Щетканың қылшықтары өте жіңішке болғандықтан кірпіктеріңізді бөліп, жақсы тарап береді. 
Шашты бояуға. Егер шашыңыздың түбін бояғыңыз келсе, щетканың көмегіне жүгініңіз.














С

СА

СО

СЫ

СУ

СИ

АС

ОС

ЫС

УС

ИС


Сая, сауда, сауысқан, сабақ, сатушы, салқын, маса,сабын, Сапар, Сабыр,Самат, сағат, салат, сақина, сабыз, саңырауқұлақ, сәлем, сынып, сурет, суық, сыйлық, себеб, сұлы, су, сусын,сумка, тасу, басу, тосу, өсу, өсімдік, жеміс, бас, ас, сүт, отбасы, аспаз, аспан, аралас, қыс, сыз, сиыр, сызғыш, сылақшы, сырлаушы, сырғанақ, сыбызғы, пысық, мысық, даусы, борсық, торсық, сыпырды, тесік, ыстық, сатылды.


Мәтінді оқы

Дос

Дос деген дүниедегі табылмас байлықтардың бірі. Досың ол сенің сырласың. Досыңа сен басқаларға айтпаған сырларыңды айтасын. Досың қыйын жағдайларда көмектеседі. Егерде ол сенің шын досың болса ол сені ешқашанда жалғыз қалдырмайды. Досты құрметтеу керек.

Сөйлемдерді оқы, дұрыс қайтала.

Саматта сағат бар. Самал жел соқты. Самат салат жасады. Совхозда астық, көкөністер мол болды. Сара сабақтан ерте келді. Сара сиыр сауды. Самат сұңқар құсын көрді. Қасым сыбызғыда ойнады. Сағат сырт етті. Сауысқан шикылдайды. Сайраған құстар дауысы қандай тамаша! Балалар судан балық аулады.


СА-СА-СА – ызыңдайды маса

СЕ-СЕ-СЕ – бұл әдемі кесе

СУ-СУ-СУ – жай ағады Ақсу


Ық-ық-ық,

Менде бар мысық.

Ық-ық-ық,

Мияулайды мысық.



Есімдік түрлері

Менің әпкем сатушы.

Сенің әпкең сатушы.

Сіздің әпкеңіз сатушы.

Оның әпкесі сатушы.


Сатушы өлшейді.

Сатушы заттарды өлшейді.

Сатушы дүкендегі заттарды өлшейді.

Сатушы дүкендегі заттарды тез өлшейді.


Мәтінді оқы

Отбасым

Менің  атым – Сәуле. Менің отбасым бар. Отбасым өте тату және күшті. Отбасымда сегіз адам бар.Олар – анам,әкем,әпкем, сіңілім,қарындасым, ағам, апам және атамбар. Өз отбасыма көмектесуге әрдайым дайынмын. Отбасыммен серуенге шыққанды ұнатамын.Біз әр мейрамды бірге тойлаймыз. Менің отбасым – ең үлгілі отбасы.



Жаңылтпашты жылдам айтып, жаттап ал.

Сағат сыртылдады,

Сырға сыңғырлады




Мәтінді оқы

Сыныпта

Сен бірінші сыныпта оқисың. Сенің көп сыныптастарың бар. Сен олармен араласасың, кейбірімен жақын доссың. Сабақта сен білім аласың, мұғалімнің сұрақтарына жауап бересің, дәптерге жазасын. Сыныпта сенің өз орның, оқулықтарың, оқу құралдарың бар.


Жұмбақты жаттап ал.

Кесе-шыны, пияла,

Оларсыз шай кұя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді?

(ыдыс-аяқ)

Сөйлемдерді тарату

Ыдыс.

Мынау – ыдыс.

Мынау – көп ыддыс.


Мәтінді оқы

Қыс.

Қүзден кейін қыс түседі. Аязды күндер мен түндер басталады. Даланы қар басады. Боран соғады. Өзендердің бетін мұз жабады. Қар жауады. Түн ұзарып, күн қысқарады. Адамдар қыстық киімдерін киеді. Балалар қыста коньки, шаңғы, шана теуіп ойнайды.


Өлеңді оқы.

Жеті күн

Дүйсенбіде – Делиде,

Сейсенбіде – Сеулде,

Сәрсенбіде – Сібірде,

Бейсенбіде – Берлинде,

Жұма күні – Меккеде,

Сенбі күні – Семейде,

Жексенбіде – Жайықта

Болдым! – десем,

Айып па?

Бірақ шын бұл, жарқыным, -

«Саяхатқа» шығамын,

Теледидар арқылы.




Өлеңді оқы.

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,



Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болмақ өзі де.



Тісімізді тазартайық

Анамызды қуантайық.


Жұмбақты жаттап ал.

Сыртылдайды күнімен,

Сыртылдайды түнімен,

Білгің келсе мезгілді

Көрсетеді тілімен. (сағат)


Өлеңді тыңда, жаттап ал.

Сыйлап үлкен ағаны,

Сәлем берген баланы

Кім дейміз?

Әдепті екен ол дейміз.


Сөйлесіп үйрен.

Сызғыш.

Мынау – сызғыш.

Мынау – сары сызғыш.

Сағат.

Мынау – сағат.

Мынау – кішкентай сағат.


Үстел.

Мынау – үстел.

Мынау – сары үстел.


Жаңылтпашты жаттап ал.

Ащы ма екен сарымсақ

Тұщы ма екен сарымсақ?

Қышқыл ма екен сарымсақ?

Тәтті ме екен сарымсақ?

Кім айтады сұрасақ?


Мәтінді оқы

Сыйлық жасау.

Сыйлық берместен бұрын, кімге қандай сыйлық, не нәрсе ұнайтынын білген жөн. Сыйлықтың тарихы 2 мың жыл бұрын бастау алады. Этикет формалары орта ғасырларда қалыптасқан. Қазіргі кезде сыйлық – халықта ізгі әдет-ғұрып. Сыйлық жасауды бала кезінен үйрену керек. Бірақ сыйлықты таңдап, дұрыс тарта білу керек. Десе де сыйлық, ең алдымен сыйластықты білдіреді. Шын пейілден жасалған сыйлық адамның әдептілігі, тапқырлығы, мейірімділігін көрсетеді.

З

ЗА

ЗО

ЗУ

ЗЫ

ЗЯ

ЗЮ

ЗИ


АЗ

ОЗ

УЗ

ЫЗ

ЯЗ

ЮЗ

ИЗ

Зауыт, заман, заң, зат, зиян,зертеу, таза, қарбыз, азық, қызыл, Ораз, Зада, Зәуре, Зауыр, базар, қарбыз, жазушы, қазақ, еліміз, жұлдыз, ұзақ, өзгеріс, мезгіл, пияз, жаз, өзен, маңызы, жүзім, қызанақ, күз, қызыл, қымыз, теңіз, тұз, ауыз, иіссіз, мұз, жалбыз, зырылдауық, зымыран, зебра, Заманбек, қарбыз,сызғыш,қобыз,қоңыз,қаз,жүзік, қозы.


Мәтінді оқы.

Сіз пиязды көп жейсіз бе?

Домалақ басты пияз табиғи антибиотик болып табылады.

Күнделікті өмірде тағамды пиязсыз елестету мүмкін емес. Пиязды мүлдем жемей қоюға да болмайды. Күнделікті өмірде тағамды пиязсыз елестету мүмкін емес. Көк пияз негізінен кәдімгі пияздың қөқөнісі. Пияздың көгі – С және В дәруменінің ең бай көзі болып табылады. Кез келген пияздың құрамындағы дәрумендер көп. Апельсин мен лимонға қарағанда, пияздың құрамында аскорбин қышқылы көбірек.

Жұмбақтарды шеш.

Түрі – жылқы бейнесі,

Жолақ-жолақ жейдесі.

(зебра)

Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады.

(аяз)


Көзде бар

Түнде жоқ.

Қазда бар.

Қапта жоқ.

- Ол қандай дыбыс және әріп? (3)





Жұмбақ шешу.


Ләзатта бар,
Жанатта жоқ.
Азатта бар,
Қанатта жоқ.(З әрпі)

Өлеңдерді жатта.

Ауыл маңында

Ауыл маңы саз, саз, саз.

Жайылады қаз, қаз, қаз.

Жем шашсаң, мәз, мәз, мәз.

Тоймай қалса қаз, қаз, қаз.

Шашқан дәнің аз,аз, аз.


Наурыз көже

Наурыз тойын әдемі

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді.


Құтты болсын Наурыз!

Үйге ат ізін салаңыз.

Ұлы күні Ұлыстың

Дастарқанда барымыз.


Мәтінді оқы

Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі. Бұл жалғыз қазақтар үшін қуаныш емес – Қырғызстан, Иран, Ирак, Өзбекістанғада үлкен қуаныш. Ақ дастарқанға бауырсақтар, қаймақтар, құрттар, май шелпектер жайылады. Наурыз мейрамындағы маңызды тағам бұл наурыз көже. Наурыз мейрамында түрлі ұлттық ойындар ойналады. Олар – қазақша күрес, тоғыз құмалақ, алтыбақан, ат жарыс ойындары.
   Ұлыс оң, ақ мол болсың!


Жұмбақ шешу.

Табақта жоқ,

Қазанда бар,

Шарбақта жоқ,

Сазанда бар. (З әрпі)


Жасыл ала дөңгелек,

Бақшада жатыр дөңгелеп. (қарбыз)


Бұтағында азығы

Ортасында азығы. (алма) 




Сөйлесіп үйрен.

Ыз-ыз-ыз
Азиза –сүйкімді қыз.


Мәтіндерді оқы

Зебра  – жылқының бір туысы. Негізгі мекені Африка болып саналады. Зебраның салмағы 350 кг-дай. Терісін айқын көрінетін ақ, қара жолақтар жапқан. Тікірейген, қысқа жалдары болады. Зебралар топтанып жүреді.

Зебралар – өте сақ, тез жүгіретін жануарлар. Негізінен шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. Зебралар табиғи жағдайда тіршілік ететін жануар болғандықтан, оларды қолға үйрету өте қиын.


«Рахат» кондитер зауытты

Кондитер өнімдері – құрамында қанты көп тағамдық өнімдер. Кондитер өнімдерінің жүздеген түрлері бар. Қантты түріне карамель, кәмпит, шоколад, жеміс-жидекті кондитер өнімдері жатады.Қазақстанда кондитер өнімдерін шығаратын ең ірі зауыттар: «Рахат» кондитер зауытты. Мен Рахат зауытында жұмыс істеймін. Зауытта кəмпит жасайтын жумыскерлер істейді. Зауыт көп деген тəттілерін шығарады. Бұл топқа құнары аз, қанттың орнын табиғи шикізат толтыратын шоколад, кәмпит, печенье мен вафли сияқты бірнеше өнім түрлері кіреді.










Ц

ЦА

ЦО

ЦУ

ЦЫ

ЦИ

ЦЕ

АЦ

ОЦ

УЦ

ЫЦ

ИЦ

ЕЦ

Цех, цирк, авиация, офицер, концерт, секция, лекция, цифр, циркуль, полиция,экспедиция, цемент, мотоцикл, милиция,марганец, целлофан.


Мәтіндерді оқы

Цирк

Бұл – цирк ғимараты. Мұнда Қазақстанның және басқа елдердің цирк әртістері өнер көрсетеді. Біздің Қазақстан циркі де басқа елдерге шығып, өнер көрсетіп тұрады. Сен циркте болдың ба? Онда кімдер өнер көрсетеді?


«Егер мен полиция қызметкері болсам...»

Мен полиция қызметкерлерін өте құрметтеймін. Себебі ол кісілер қоғамға өздерінің көп пайдаларын тигізіп, адам құқықтарын қорғайды. Әділдік үшін күресіп, қиын жағдайда қалған адамдарға барынша көмектесіп, халықтың ризалығына бөленеді. Түн демей, күн демей жұмысын адал атқарады. Құрметті мамандық – бұл полиция қызметкері болсам. Менің ойымша бұл полиция мамандығы қоғамда үлкен рөл атқарады. Полиция қызметкерлері халық үшін күреседі. Біздің қоғамымызда полиция мамандығы аса құрметті,  аса маңызды рөлді атқаратын, батырлық пен сабырлықты талап ететін мамандық. Сондықтан да біз полиция мамандығын құрметтеуге тиіспіз!


Циркте.

Біздің қалаға цирк келді. Мен циркке досыммен бардым. Циркте аюлар мен қонжықтар мотоцикл жүргізіп, би биледі. Цирктің ішінде сайқымазақтар өнер,сиқыршылар сиқыр көрсетті. Цирк өте көңілді болды. Біз цирктен үйге автобуспен қайттық.



Цирк

Жазғы демалыста ауылдан Аян келді. Аян апасымен циркке барды. Цирк ғимараты қаланың әсем жеріне орналасқан. Циркте үйретілген хайуанаттар көп. Аян мен апасы олардың ойындарын көрді. Аюлар биледі. Иттер футбол ойнады. Цирк ойындары Аянға қатты ұнады.

? Цирктен кімдердің, нелердің ойыындарын көруге болады?

Өзіңе қандай цирк ойыны ұнайды?


Өлеңді жаттап ал.

Цементке расында,

Целлофан қап жарамас.

Центнерлеп тасуда,

Цистернадай бола алмас.


Сөйлемдерді оқы

Асанның туған күніне әкесі жаңа мотоцикл сыйлады.
Нурай математика сабағында шенберді циркульмен сызды.
Математика сабағында цифрларды колдана отырып, есеп шығарамыз. Циркуль  шеңбер сызатын екі ашпалы аспап. Циркуль, қарындаш, сызғыш – оқушының құралдары. Біз енді циркульмен жұмыс жайсайтын болдық.











Л

ЛА

ЛО

ЛУ

ЛЫ

ЛИ

АЛ

ОЛ

УЛ

ЫЛ

ИЛ

Лалагүл, лағман, алды, лайық, лас, лақтыру,орамал, қала, лауазым, Ляззат, Лейла, балық,сулы, алма, алмұрт, лашын, аула, сулама, Алмас, лимон, бал, сол, гүл, Дулат, келді, ұлдар, аласа, тіл, кызыл, бала, дала, лақ.


Мәтінді оқы

Менім сүйікті ауылым

Жазғы каникулда мен ауылға барамын. Менім сүйікті ауылым əлемдегі тамаша ауылдардың бірі. Ауылда таза ауа, табиғи дəмді май жəне қаймақ, сүт, айран, құрт бар. Ауылдың көк жайлаулары, көлдері көз жауын алады. Үй жануарлары жайлауда жайылып жүреді. Ауылдың адамдары да ашық жанды адамдар. Ауылда менің атам мен әжем тұрады. Мен ауылды өте жақсы көремін.


Сөйлемдерді тарату

Алма.

Мынау – алма.

Мынау – қызыл алма.


Бөлме.

Үлкен бөлме.

Бұл – үлкен бөлме.

Бұл үлкен бөлме менікі.

Мақалды жаттап ал

Ананың сүті – бал,

Баланың тілі – бал.


Лу-лу-лу – біздің Алия сұлу

Ла-ла-ла – бұл әдепті бала.


Іл-іл-іл

Үп-үлкен піл

Іл-іл-іл

Су ішті піл.






Мәтінді оқы

Лақ

Ерланның атасы мен әжесі ауылда. Атасы Ерланды демалыста ауылға қонаққа шақырды. Олардың ешкісі лақтады. Ерлан лақты далаға шығарды. Лақ секіруді жақсы көреді. Ерлан қашса, лақ қуа жөнеледі.


«Л» дыбысын дұрыс, анық айт.

 Ла - ла - ла- лас                             Ал – ал – ал - алма

 Ло - ло - ло - лом                          Ол – ол – ол - олжас 

 ұл – ұл – ұл – ұлжан                     әл - әл - әл – әлек

Жұмбақ шешу

Күндіз көрінбейді

Түнде күлімдейді. Жұлдыз


Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты. Алма

Сумаңдаған тілі бар,

Бұраңдаған ізі бар.

Тіл ұшында уы бар,

Ол не? Біліп ал! Жылан



«Л» дыбысын дұрыс, анық айт.

Ра – ра-ра келді ұшып ара
Ла – ла-ла араның үсті ала

Ла-ла-ла- Асан жақсы бала. 
Лау-лау-лау- желбірейді жалау. 

Мәтіндерді оқы

Бөлме

Ерболдың бөлмесі кең. Бөлме өте жарық және жылы. Бөлмеде орындық, төсек, кілемше бар. Ербол желдеткішті ашады, ауасын жаңартады. Оның інісі Жамалдың да жеке бөлмесі бар. Ербол Жамалның бөлмесін жууға көмектеседі.






Алмұрттың пайдасы

Алмұрт – иісі жұпар, тәтті дәмі бар, пайдасы мол жеміс. Бұлжемістің пайдалылығы белгілі болған.Алмұрттың жапырақтары сопақша әрі жылтыр келетін ағаш. Гүлдері ақ түсті. Алмұрт жемісінен компот, шырын, джем, пастила, пюре, шай, сірке сусын жасауға болады.Алмұртшырыны керемет дәмді және пайдалы. 




















Р

Сөздерді оқы

Раушан, рұқсат, Рауан, тара, Рақат, рәсім, рет, рақым, ара, орман, нұр, Тараз, отыр, Асқар, төрт, қырық, кірпі, метр, қасқыр, қар, керек, жарық, кұрт, Айнұр, Нұрлан, ренжу, ребус, ырыс,радио, домбыра, жаңбыр, көгершін, рұқсат, рет, ырыс,қара, отыр, сыры,жаңбыр, теледидар, бұрыш, бұршақ, картоп, шақырады


Ра-ра келді ара

Ла-ла араның усті ала.

ра-ра-ра 
Айжан шашыңды тара. 
ар-ар-ар 
Дала толы қар


Буындарды қайтала (оқы).
Ра – ра – ра – ара Ар – ар – ар – қар
Ро – ро – ро – ром Ор – ор – ор – тор
Ру – ру – ру – керу Ур – ур – ур – ура
Ры – ры – ры – рыс Ыр – ыр – ыр – отыр


Ойын «Жануарларға айналамыз».
Бір, екі, үш, жануарларға айланамыз.
Итті бейнелеңдер, ол қалай ырылдайды (рррр).
Тоқылдақ ағашты қалай тоқылдатады (тр – р – р, тр – р – р).
Мысық қалай дауыстайды (мур – р – р – р).
Қарға дауыстап шақырады (кар – р – р – р).


Рақат Рауанға тәтті ….(алмұрт берді). Раушан тосапты сары…(өріктен қайнатты). Рауан ащы……(сарымсақты турады).

Ардақ піскен….(қарбыз әкелді).


Алфавиттік жұмбақтарды шешіңдер.

Қарда бар, 
Мұзда жоқ 
Жарда бар, 
Құзда жоқ. «Р» 

Дәптерде бар,
Кітапта жоқ.
Пәтерде бар,
Үйде жоқ. «Р»

Қырқада бар, қырда бар,
Айранда бар, сүтте жоқ. «Р»

Сөйлемдерді тарату

Ыбырай.

Мынау – Ыбырай.

Мынау – оқушы Ыбырай.


Мәтінді оқы

Монтер

Монтердің жұмысы қиын. Күннің жаңбырлы, боранды болғанына қарамай жұмыс істейді. Биік бағаналарға өрмелеп шығуға да тура келеді. Монтер болу үшін епті, сабырлы болу керек.


Сөйлемді   дұрыс қайтала.

Рамазан  мен  Рахат  ажырамас достар. Рауан мен  Руслан  бір үйдің  балалары. Райхан  радио  тыңдап  отыр.


Өлеңді жаттап ал.

Пісіп тұрған төрт алмұрт,

Қызығатын көрген жұрт.

Екі алмұртты бұтақтан

Алып жеді Мұратхан

Қанша қалды алмұрттан?


Мәтінді оқы

Асқар мен Еркін

Асқар – Еркіннің інісі. Еркін он он төрт жаста. Оның інісі төртте. Асқар мен Еркіннің нағашы әжесі Оралда. Ал Асқар мен Еркін Атырауда. Олар әжесін жақсы көреді. Әсіресе Асқар оны қатты сағынады.

Әжесі Атыраудағы немерелеріне келді. Ол Асқар мен Еркінді еркелетеді.

? Асқар кімнің інісі?

Еркін неше жаста?

Олар кімді жақсы көреді?

Әжең туралы не дер едің?

Жаңылтпашты тез оқып үйрен

Ара, ара, аралар.

Орман бойын аралар.

Гүлдерден сорып бал алар.

Алысқа ұшып бара алар.


Мәтіндерді оқы

Фирма

Мынау – фирма. Рауан мен Рүстем фирмада жұмыс істейді. Олар түрлі дәрі-дәрмекті дәріханаларға таратады. Адамдар ұялы телефон арқалы фирмаға тапсырыс береді. Берілген тапсырыс жылдам орындалады. Рауан мен Рүстемнің жұмысы көп. Халық фирманың жұмысына дән риза.


Метро

Метро – қаладағы жолаушыларды тасымалдайтын көліктің түрі. Метро негізінен үлкен қалаларда салынады.Метро өте ыңғайлы көлік, жолы жер астында салынады. Метро құралымдары темір-бетоннан жасалады.

Алматы қаласында өте әдемі метро бар.Айнұрбүгін бірінші рет метроға мінді. Алматы метросында  кең және жарық. Айнұрдың аялдамасы «Сайран» станциясы.



Теледидар мен радио

Теледидар мен радио бүкіл әлемнің бүкіл адамзаттың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды. Теледидар мен радио – ақпараттық, қоғамдық-саяси, көркем және музыкалық хабарлар, жедел ақпарат, бұқаралық ақпарат құралы болып табылады. Кішкентай балақайлардан қартқа дейін теледидардан көз алмай қажетін тауып, тамашалайды.


Үнсіздікпен сөйлемдер


  • Сәлем! Қайрат, сен дүкенде не іздеп жүрсін?

  • Сәлем, Еркін! Өткен кезде менің інім атамның телидидарын  абайсызда сындырған болатын. Сондықтан мен атама радио сыйлайын деп жүрмін. Бірақ мыналардың ең жақсысын таба алмай отырмын. Сен көмектесе аласын ба?

  • Әрине! Қайрат радио деген телидидардан да жақсы нәрсе ғой ! Оны алып  жүре аласын. Бұл радио үнемі сенің, яғни, атанның қасында болады! 

  • Дұрыс  айтасын , Еркін. Соған қоса атам ән тыңдауды жақсы көреді!

  • Бұл ғажап қой! Еее,сен атаңа радио сыйлаған кезде атаң қуанатын шығар!

  • Рақмет, Еркін! Мен де оған сыйлығым ұнайды деп үміттенемін!





Сәлем, Айдар, қалайсың?

-Сәлем, Жандос, жақсымын. Өзіңнің қалың қалай?

-Менде бәрі шүкір. Алдында Жайнаның туған күніне неге келмедің? 

-Мен ол кезде қалада болмаған едім, сондықтан келе алмадым. Бірақ қоңырау шалып құттықтағанмын. Туған күн қалай өтті? Сен барып пе едің?

-Ия, мен бардым. Туған күн өте керемет болды. Анасының пісірген тағамы бәрімізге ұнады. Тамақтанып болған соң, бәріміз кинотеатрға барғанбыз.

-Әәә, солай де! Қызықты болған сияқты. Мен қазір шұғыл шаруам шығып қалып еді, соған асығып бара жатырмын. Келесіде жүздескенше, Айдар. Сау бол!

-Сау бол, Жандос.
































Қойылған дыбыстарды толық мәтіндерде,өлеңдерде бекіту

Саябақ іші

Қыс. Күн суық. Саябақ іші аппақ қар. Аяз бетті қариды. Құстар да тоңа бастады. Тиін шырша жаңғақтарын жеп отыр. Тек қорқақ қоян не істерін білмейді.

Рамазан  мен  Рахат  саябаққа келді. Олар бұта түбінен қоянды көрді. Рамазан қоянға жақын келді. Қоян зып беріп, қаша жөнелді. Рахат қорқақ қоянды қуды.


Өлеңді жаттап ал.

Көкөніс

Әкелді анам базардан,

Барлығынан тазарған:

Бұрыш,

Бұршақ,

Картоп,

Қызылша,

Сәбіз ұзынша.

  • Ас қалатын мен асты,-

Деп өзара таласты:

Бұрыш,

Бұршақ,

Картоп,

Қызылша,

Сәбіз ұзынша.

Пышақ – өткір құрал-ды,

Бірі қалмай туралды:

Бұрыш,

Бұршақ,

Картоп,

Қызылша,

Сәбіз ұзынша.

Қазанға кеп түсті де,

Қайнап-қайнап пісті де:

Бұрыш,

Бұршақ,

Картоп,

Қызылша,

Сәбіз ұзынша.

Айналды бір дәмді асқа,

Амалың жоқ нанбасқа!


Бұл қай мезгіл?

Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?


Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?


Бұллты айдай желдеткен,

Нөсерлеткен, селдеткен.

Шалшық, кешіп ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?


Қойның толы жеміске,

Көк майсалы еңісте.

Қөбелек қуып ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?


Адал достар

Айдар мен Ақан кішкентайынан дос. Екеуі бір-бірінен еш нәрсені жасырып көрген емес. Екеуі бірге ойнайды, бірге сабаққа дайындалады, үйдегі жұмыстарын да бірлесе істейді. Күшіктерін ертіп, екі үйдің бұзауларын көк шөпке жаюға ауылдың сыртына барады. Арасында өздері күшіктерімен біраз ойнап та алады.


Өлеңді жаттап ал.

Қолыма гүл аламын,

Дайын дәптер, қаламым.

Мен мектепке барамын.

Қуанышым менін мол,

Мектебіме тарттым жол.

Балабақшам, қош, сау бол!

Өлеңді жаттап ал.

Бұл қай кезде болады?

Өрік, алма,

Шие, алша,

Жидек, жүзім піседі.

Балалар, айтындаршы,

Бұл қай кезде болады?


Жаз айлары туралы өлеңді жатта.

Июнь – маусым,

Гүлдер жаусын.

Июль – шілде,

Шомыл көлде.

Август – тамыз,

Піседі қарбыз.

Тыңда, қайтала. Жаттап ал.

Сенде бар екі доп,

Менде бар екі доп.

Екі доп,

Екі доп,

Болады неше доп?



Өлеңді жаттап ал.

Дос.

Менің жақсы досым бар,

Сенің жақсы досың бар.

Әрқашан да бақытты –

Әрбір адамда досы бар.






Мәтінді оқы

Хоккей

Жасөспірімнің көбісі спорттық ойындардың ішінде хоккейді көп таңдайды.Бұл спорт түрі көбінесе төзімділікті,қайсарлықты және жылдамдықты талап етеді.Ойынның шарты бойынша ойынша командаларға бөлініп,орнатылған қақпаға шайбаны салу тиіс.Бұл хоккей ойынының шайбамен ойналынатын түрі ғана.Хоккейдің доппен когалда ойналынатын түріде бар.Ал шайбамен көбіне мұзда ойналынады.


Тыңда, оқы.

Бұл – Қанаттың отбасы. Бүгін демалыс күні. Оның атасы газет оқиды. Әжесі тамақ пісіреді. Оның анасы үй жинайды. Әкесі сурет салады. Ағасы шахмат ойнайды. Қарындасы сөзжұмбақ шешеді.


Өлеңді жаттап ал.

Ең жақын адамдар –

Әкем мен анам бар.

Әкемнің әкесі –

Ақ басты атам бар.

Әкемнің шешесі –

Ақ шашты әжем бар.

Ұлдардың үлкені –

Бір туған ағам бар.

Қыздардың үлкені –

Бір туған әпкем бар.

Ұлдардың кішісі –

Бір туған інім бар.

Қыздардың кішісі –

Бір туған қарындасым бар.



Оқы.

Қуз келді. Қүзде жемістер, көкөністер піседі. Олар ащы, тәтті, қышқыл болады. Біз күзде жемістер мен көкөністерді жинаймыз. Жемістер мен көкөністерде дәрумендер бар. Жемістер мен көкөністердер пайдалы.




Күз келді!

Келді, міне, күз,

Қуанамыз біз.

Жеміс-жидек, көкөніс

Жинайықшы бәріміз.

Бірі – ащы, бірі – тәтті,

Бірі – жұмсақ, бірі – қатты.

Жеміс-жидек, көкөніс

Жинайықшы бәріміз.

Ә.Шапағат


Мәтіндерді оқы

Жауын.

     Өзеннің арғы жағынан үлкен қара бұлт көтерілді.Жарты аспанды бүркеп қалды.Күн күркіреді.Құйын соғып өтті.Бұтақтардан үзілген жапырақтар алаңқайдың үстіне айран-асыр үйіліп кетті.

   Алғашқы ауыр тамшылар да сіркіреді.Найзағай жарқылдап,күн күркіреді.Жауын ағыл-тегіл құйын кетті.

    Ормандағы бүрі қалың,бұтақты шыршаны паналап тұру да рақат.Шыршаның панасы жанға жайлы,құп-құрғақ.


Бөдене.

       Қыс суық.Ініміз екеуіміз жол жағалап келеміз.Кенет шиқ-шиқ еткен дыбыс естілді.Біз дыбыс шыққан жерге жақындадық. Бұл қанатымен қар сабалаған бөдене екен.Мен оны аяп кеттім.Қойныма тығып,үйге әкелдім.Оң қанаты сыныпты.Оны таңып қойдық.Бөдене күннен-күнге оңала бастады.

    Көктемге дейін үйде асырадық.Терезеден сыртқа қыт-қыттап қарай береді.Күн әбден жылынған соң,оны ұшырып жібердік.Бөдене қуанып,бізге алғыс айтып бара жатқандай болды.


Аналық жүрек.

     Күздің суық бір күні болатын.Мектептен қайтып келе жатыр едім.Үй алдындағы қора ішінен мияулаған мысық баласының әлсіздауысы естілді.Көмек сұраған тәрізді. Жақындап қора ішіне үңіліп қарадым.Ол мысықтың баласы екен. Өзі өте кішкентай екен.

    Оның әлі өздігінен тамақтана алмайтыны көрініп тұр.Аяп,үйге алып келдім.Үйде өзімнің мысығым бар болатын.Ол өте сүйкімді болатын.Оның жүні үлпілдек мамықтай болғандықтан «Мамық» деп атаушы едім.Әкелген бала мысығымды «Мамықтың» бауырына салдым.Ол жатсынбай,өз баласындай жақсы көріп кетті.Мен «Мамықты» бала мысықты өзгенің баласы деп жатсынбай,еміренген аналық жүрегіне қайран қалдым.    

Қорқақтық жараспайды.

     Балалардың бәрі Асанды қорқақ деп атайды.Өйткені ол найзағайдан қатты қорқады.Жаңбыр жауып,күн күркірегенде кірерге жер таппайды.Бірде күн бұлттанып,майда жауын сіркіреп жауа бастады.Бір топ бала ауыл сыртындағы алаңда футбол ойнап жатқанбыз.Асан қақпашы еді.Ол дегбірсізденіп,абыржи бастады.Ретін тауып ойыннан шыққысы келді.Сөйткенше болмай, аспан жарқ-жүрқ ете түсті.Асанның зәресі ұшты,балалар ойынды тоқтатып,қақпаның жанында үйіріліп тұрды.Асанды найзағайдан қорықпауға,жауынның өткінші екенін айтып сабырға шақырды.Асан үйіне тура жүгіруге балалардан ұялды.Қанша қорықса да,шыдауға бекінді.Біраздан кейін жаңбыр басылды.Ойын қайта жалғасты.

 

 Ақ тоқаш.

     Түс кезі.Екі дос мектептен қайтты.Қызу әңгімелесіп,тым көңілді келеді.Екеуінің қолында ішінде шұжығы бар ақ тоқаш.Сөз арасында ұрттары бұлт-бұлт етіп,қаужалап қояды.Қажыкен нанның бір кішкене қалдығын қағазға орап,сөмкесіне салып қойды.Ал Болат өзі тойғаннан кейін тоқашының қалғанын бір кескен шұжығымен жолға қарай лақтырып жіберді.Оның үстіне тоқашты доп етіп теуіп,қуалай жөнелді.Нанды домалатып біраз жерге апарып тастады.Қажыкен досын қуып жетіп,оған ұрысты.Ағыл-тегіл байлық,мыңдаған адамдардың еңбегі,маңдай тері соны бағалай біліп,нанға ұқыпты қарау керек екендігін түсіндірді.Қателігін кеш түсінген досы басын төмен салып,артта ілбіп келе жатты.

 

Менiң  атам  екеу.
Мен  он  жастамын. Төртiншi  сыныпта  оқимын. Үздiк  оқуға  менiң  аталарым  көмектеседi. Менiң  екi  атам  бар. Бiреуi – әкемнiң  әкесi. Екiншiсi – анамның  әкесi. Үлкен  атам  ұзын  бойлы, шашы көзiқап-қара.Кiшi  атам  әлi  жас, қайратты. Ол  орта  бойлы,өте  сабырлы  адам. Мен  аталарымның  ең  жақсы  қасиеттерiн  алдым.





Балық аулауға барғанда

Ауылдың шығыс жағында көл бар. Ержан мен Нұржан көлге балық аулауға барды. Олар оңаша жерге келіп орналасты. Таңертеңнен түс ауғанша қармақ салды. Екеуі бір шелектей балық аулады. Үйден ала шыққантамақтарын жеді. Сусын ала келуді ұмытып кетіпті. Көлдің суы ішуге жарамайды. Олар үйлеріне қайтты.


Жаңа жыл мерекесі

Қазір қыс мезгілі. Қыста үш ай бар: желтоқсан, қаңтар,ақпан. Қыста Жаңа жыл мейрамы бар. Ол мейрам 31-ші желтоқсанда болады. Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі.Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Жаңа жылда балалар , үлкен адамдар бір – біріне сыйлықтар жасайды.Шыршаны безендіреді. Ол күні аяз атамен ақшақар келеді.Сыйлықтар береді.Жаңа жылды бәрі асыға күтеді.


Соңғы алма

Күз айы еді. Рысбек ауланы жапырақтан тазартып жүрген. Бір кезде ағаш басындағы жалғыз алмаға көзі түсті. Рысбек ойланбастан алманы алғысы келді. Ол бұтаққа шықты. Бұтақ сынып кетті. Рысбек ағаш түбіндегі кірпінің үстіне құлады. Ол жылап қалды. Үзіліп түскен алма кірпінің үстінде кетті.


Әже өнері

Маржан қалада тұрады. Жазғы демалыста ауылға келді. Ол әжесін сағынып қалыпты. Әжесінің қолынан келмейтін ісі жоқ. Түрлі оюлар ояды. Текемет басады. Өрнекті сырмақ сырады. Тоқыған алашасы көздің жауын алады. Үй ішіндегі әсем мүліктердің көбі әжесінің қолынан шыққан. Маржан әжесінің осы өнерлерін үйреніп алсам деп ойлайды.


Қамқоршылар

Көктем келді. Асан мен Үсен далаға шықты. Бір топ бала жасаған ұяларын көтеріп алыпты. Асан мен Үсен ойланып қалды. Үйлеріне қайтып келді. Қолдарына балға мен ара алды. Олар ұя жасауға кірісті. Ракетадан айнытпай ұя жасады. Мұндай әсем ұяны бұрын-соңды көрмеген балалар таң қалды. Құстар да қаптап кетті. Асан мен Үсеннің куанышында шек жоқ.



Шын дос

Мұқан есебін шығара алмай басы қатып отырған. Сол сәтте ойына Сәкен түсті. Жүгіріп Сәкенге келді. Ол есебін шығарып қойыпты. Мұқан оны көшіріп алғысы келді. Бірақ Сәкен дәптерін бермей қойды. Мұқан досына ренжіп қалды. Ол есікке қарай беттеді. Сәкен досын тоқтатты. Олар ұзақ отырып есеп шығарды. Мұқан Сәкенге риза болып, үйіне қайтты.


Орман достары

Тоқылдақ пен сарышымшықтар – орман достары. Олар қыста көп пайда келтіреді. Себебі қыста олар зиянды жәндіктердің жұмыртқасын тауып жейді. Құстың тоюы үшін бірнеше жүз жұмыртқа керек. Жаз шыққанда әр жұмыртқа – бір тірі құрт. Әрбір шымшық өз салмағындай жұмыртқа жейді. Шымшықтың салмағына жету үшін қаншама жұмыртқа керек.Сонда олардың қандай пайда келтіретінін есептеп көріңдер.


Қар

Ертеңгілік жапалақтап қар жауды. Жел жоқ. Тынық күнгі қардың жауғаны әдемі болады екен. Аспаннан ақ мамық түсіп тұрған сияқты. Жасұлан далаға шықты. Оның киімі аппақ болды. Қызығып кеткен Жасұлан алақанын тосты. Қолғабына ақ жұлдызшалар түсе бастады. Ол жаңа жауған қар үстінде ойнауға кірісті. Жылы жауған қар жабысқақ келеді. Ондай қар домалатып ойнауға ыңғайлы болады.


Менің атам – ардагер

Менің атам – соғысқа қатысқан адам. Ол бір мың тоғыз жүз отыз тоғызыншы жылы Шымбай қаласынан әскери қызметке алынды.

Атам әскери қызыметте жүрген кезде соғыс басталды. Майданда үш рет жараланды. Үшінші рет ауыр жараланып емханаға түседі. Ол кісінің соғыста алған ордендері көп. Атамның жасы қазір жетпіс бесте. Мен атамды өте жақсы көремін.


Ана тілі

Ана тілі – әкеңнің, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден анамыздың ақ сүтіндей бойымызға сіңіреміз. Ол – біздің өмір бойы өзгелермен ұғынысатын қарым-қатынас құралымыз.

Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқ кездегі кітабы, мектебі жоқ кездегі ұстазы болған.

Ана тілін жақсы білмей тұрып сауатты сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес.


Қыс

Қыста күн қысқарады. Күн көзінің қызуы азаяды. Жер ақ көрпеге оранады. Өзен мен көл мұз жамылады. Терең інде жатқан жануарларға аяз жете алмайды. Олардың орны жылы болады. Қар суық өткізбейді. Қар астындағы өсімдіктерге де суықтың зияны тимейді.

Кейде ұйтқып боран соғады. Ондайда сыртқа шығу қиын. Ашық күндері қар үстінде ойнау көңілді.


Қысқы ағаш

Қыс ағашқа қауіпті. Қарсыз аязды күндері суықтан жарылып кетеді. Ағаш қысқа өзінше дайындалады. Оның өркендеп өсуі үшін қорек зат керек. Ол қыста жетіспейді. Сондықтан ағаш қыста өсуін тоқтатады. Ағаштың суықтан қорғайтын қалың қабаты бар. Жыл өткен сайын оның қабағы қалыңдай түседі. Ағаштың түбін қармен көму. Сонда ағаштың тамырына суық өтпейді.


Дені саудың – жаны сау

Денсаулық – табиғаттың ең қымбат сыйы. Денсаулықты сақтау үшін тамақтану керек,уақытында демалу керек, дене шынықтырумен айналысу керек. Денсаулықты сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Спортпен айналысу денсаулықты жақсартады.Спорттың ең қарапайым түрі-жүгіру. Денсаулықтың бірінші жауы темекі,спирт ішімдіктері. Ешкімге жамандық жасама. Жүзіңнен әрқашанда күлкі кетпесін. Адам күлген сайын ағзадағы шлактар сыртқа шығады.Таңертеңгілік тамақты ішкен оқушы сабақты жақсы оқиды.Сондықтан да таңғы асты таста ма.


Бақтағы жұмыс

Күзде бақтағы жеміс жиналады. Жапырағы түскен ағаштар сидиып тұрады. Жапырақ ағаш түбіне үйіліп жатады. Мұндай қоқыс жәндіктерге қажет. Олар арасына кіреді. Ағаш сабағының жарығына тығылады. Жылы жамылып ұйқыға кетеді. Олар өте зиянды.

Бақтағы ағаштардың түбін тазартыңдар. Жапырақтарды өртеңдер. Ағаш сабағын әктеңдер. Сонда зиянды жәндіктер құриды.


Менің досым.

Біздің сыныпқа Раушан деген қыз келді. Екеуміз жұбымыз жазылмайтын дос болдық. Оның қолынан келмейтін іс жоқ. Би билейді. Ән айтады. Домбырада ойнайды. Өзі үздік оқиды. Бос уақытында пайдалы іспен айналысқанды ұнатады. Раушан – өте ілтипатты қыз. Ол достарынан көмегін де аямайды.


Жол ашық жүре беріңіздер!

Өзіңе таныс үш көзді бағдаршам алдыңда тұр. Бағдаршам көше қиылысына ілінеді.Түрлі түсті көздері кезектесіп жыпылықтайды.

Бағдаршамның қызыл түсі нені аңғаратынын түсіну қиын емес. Бұл –әрдайым қауыптілік белгісі. Өйткені ол – көзге бірден ілінетін қызыл түс. Қызыл шамнан кейін бағдаршамның сары түсі жанады.Ол – дайындық белгісі. Еш уақытта асықпа.Көше қиылысында жасыл түстің жануын күт. Бағдаршамды тыңдамағанның арты қайғылы болады. Соны ұмытпауымыз керек.


Тоғызқұмалақ

Тоғызқұмалақ – қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық ойыны. Бұл өзі кілең есепке құрылған қызық ойын. Бұл ойынды шопандар ойлап шығарған болса керек. Бұрын оны қойдың құмалақтарымен ойнайтын.Ойынға екі адам қатысады. Олар тоғыздан шағын шұңқыр қазып алады.Бұл отау деп аталады. Сонан соң екеуі де ұтқан құмалақтарын жинайтын ұя жасайды. Ол қазан деп аталады. Әр ойыншыда сексен бір құмалақтан болады.






Ақтөстің көмегі

Қыстың ашық күні. Айдос далаға ойнауға шықты. Ол төмпешікке қарай бет алды. Соңынан иті Ақтөс ілесті.Төбешік ауыл сыртында еді. Олар төбешікке жетті. Ызғырық жел тұрды. Күн суыта бастады. Айдос үйіне тезірек жетпекші болды. Сол кезде ешнәрсе көрінбейтін боран болып кетті. Айдостың жүруге шамасы келмей қалды. Қолы бір нәрсеге тигендей болды. Айдос Ақтөстің қарғыбауын мықтап ұстап алды. Ақтөс оны үйіне алып келді.


Уақыттың пайдасы

Адам өз уақытын үнемдей білуі керек.Өзгелердің де уақытын бағалауы қажет.Уақыттың босқа өтуі-үлкен шығын.Мұны дәлелдеудің қажеті жоқ. Пайда келетін іспен шұғылдануды ойластырған дұрыс. Бір қарағанда,ондай пайдалы іспен айналысу оңай сияқты. Бірақ олай емес. Себебі күн тәртібін жоспарлап үйрену қажет. Ол қасиетті бойыңа жас кезіңнен қалыптастыру керек.Әрбір минутыңды үнемдеп,пайдалы жұмсауға дағдылан. Сонда ғана табысқа қол жеткізіп,өз қабілет – күшіңді толық жұмсай аласың.


Кезекші

Бүгін Жанар мен Айнұр сыныпта кезекші. Олар мектепке басқа балалардан бұрын келді. Алдымен парталарды реттеп қойды. Жанар терезелерді ашты. Айнұр партаның үстін, тақтаны шүберекпен сүртті. Бірінші сабақ қазақ тілі. Кезекшілер әр партаға сөздіктерді дайындайды. Сөздіктер сөреде тұрған. Қыздар өз міндеттерін ұқыпты орындады.











9



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!