Просмотр содержимого документа
«Тіл – халықтың ең басты қазынасы.»
Тіл – халықтың ең басты қазынасы. Үш тұғырлы тіл саясатын қолға алсақ та, өз еліміздің ішінде қазақ тілін өгейсітуге болмайтынын әсте естен шығаруға болмайды. Мұндайда «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» — деген даналық сөз ойымызға орала кетеді. Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық. Сондықтан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген ұрпақ қалыптастырып, бәсекеге қабілетті болу мақсатында мемлекетіміз аямай қаржы бөліп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді.
Жалпы, «Үштұғырлы тіл» туралы жобаны Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария еткен болатын. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.
Яғни, бұл бағдарламалардың басты идеясы Қазақстанды бүкіл әлем халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныту керек. Атап айтатын болсақ, олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – дамыған мемлекеттермен терезе теңестіріп, солардың қатарына қосылу үшін қажет. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілді дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз. Осы мақсатта бүгінгі күні қаншама бағдарламалар қабылданып, қаншасы жүзеге асырылып үлгерді. Барлық мекемелердің қызметкерлерін үш тілге үйрету қолға алынып, қазіргі таңда ол талапқа айналып бара жатыр. Елдегі барлық білім ордаларында ағылшын тілі тереңдетіліп оқытыла бастаса, орыс тілі бірнеше жылдан бері ҰБТ сынағында тапсырылатын міндетті пәндердің қатарына енді. Тіпті, мектептің бастауыш сынып оқушыларының сабақ кестесіне шетел тілін енгізсе, балабақшаларда көштен қалыспай, бүлдіршіндердің тілін ағылшынша сөйлетуге күш салып жатқаны белгілі
« Балаларға арналған ағылшын тілі» Балаларды қазіргі замандағы оқыту барысында,әсіресе шетел тілін меңгеру мәселелерінің бірі болып табылады. Шетел тілі коғамдық өмірдегі қамтамасыз етудің құралы болуға, ол тек жоғары оқу орындарында, мектептерде ғана емес, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларды оқытатын және тәрбиелейтін мекемелерде білім берудің негізгі міндетті компонентіне айналуда . Шетел тілін ерте оқыту бүкіл әлемдік көп денгейлі тілде және мәдениетке деген қызығушылықты туғызу үшін тамаша мүмкіндіктер жасайды, коммуникативтік тіл ерекшілігін дамытуға ыкпал етеді, баланың ойлауына , танымына және есте сақтауына жайлы әсерін тигізеді. Бірақ мектеп жасына дейінгі балаларга тән шыдамсыздык, назар аударудагы тұрақсыздық тез қажу, шаршағыштық сияқты кейбір теріс қылықтарын ескере отырып, ағылшын тілін ойын түрде өткізу керек. Қазіргі кезде алдында туған өзекті мәселе бұл жанжақты дамыған, көп тілді меңгерген шығармашылық тұлға қалыптастыру.Баланы шет тілінде қарым-қатынас жасап, сөйлеуге ерте жастан бастап үйрету қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі. Балаларға жас ерекшіліктеріне сай тілді менгертіп, басқа халықтын мәдениеттерін әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан да бүгінгі өскелен уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.Балабақшада берілген барлық білім- барлық білімнің бастамасы әрі жан- жақты дамыту түпкі негізінен қалайтын орын. Сондықтан да, балалардын ой өрісін үздіксіз дамыту үшін сабақты ойын арқылы өткізудің маңызы зор. Дыбыстарды дұрыс айту, үйрету үшін артикулясына айрықша көңіл бөлеміз тілдің, еріннің, тістің, жақтын атқаратын қызметін көрсетіп түсіндіру қажет. Ағылшын тілі сабағында балалардын коммуникативтік, танымдық және басқада белсенділіктерін арттыру, баланың еркіндігімен, өзін-өзі шығармашылық тұрғысына көрсетуге деген қабілеттілігін дамыту жолдарында баса назар аударуымыз қажет.
Елбасының жолдауымен қортындылайтын болсақ:
Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт.
Кез келген тіл өзге тілмен қарым-қатынасқа түскенде ғана өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте сақтаған жөн.
Осы заманғы ғылыми терминологияның негізін латын тілінен енген сөздер құраса, ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек.
Қазақ тілінің осы заманның биік талабына сай, бай терминологиялық қорын жасаған соң оны рет-ретімен, кезең-кезеңімен қоғамдық өмірдің бар саласына батыл енгізуіміз керек.
Мемлекеттік тілмен қатар Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдағы уақытта да жалғастыра беретін боламыз.
Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз.
Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек.