СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Тіл - татулық тірегі"

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Тіл - татулық тірегі" атты шара 10-сынып оқушылары арасында өткізілді. Тілдер мерекесіне арналған шара. 

Просмотр содержимого документа
«"Тіл - татулық тірегі"»

« Тіл – татулық тірегі»


(Қазақстан халқы тілдері мерекесіне және қазақтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай өткізілетін

қорытынды кештің бағдарламасы)


 

«Қазақ биімен» кеш ашылады.

1-жүргізуші:

Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай және қазақтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай өткізілген «Тіл –татулық тірегі» атты апталықтың қорытынды кешіне қош келдіңіздер!


2-жүргізуші:

Біздің мектебімізде биылғы оқу жылында да жыл сайынғы дәстүр бойынша 5-9 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне орай апталық өткен болатын. Биылғы Тілдер мерекесі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығымен қатар келіп тұр. Ол, ең алдымен тілге, сол арқылы жасалатын мәдениет пен өнерге деген көрсетілуге тиіс ілтипаттың бір өнегесі. Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орын алған мереке – ұлт тілдеріне құрмет көрсетілетін ортақ мейрам. Ендеше, сіздерді елімізде тойланып жатқан  осы Халықаралық тілдер күнімен құттықтаймын.


1-жүргізуші:

Ана тілім,

Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана,

Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!


2-жүргізуші:  

Тіл деген – алып мұхит түбі терең,

Піспегі толқын шашқан күбі ерен.

Қадірін тілдің сұра сақаулардан,

Көзіне жас алып бір күбірлеген,-деп жырлай отырып, қорытынды кешті ашу үшін сөз мектеп директоры Тамара Молдашқызына жолданады.

(Сөз сөйленеді)



1-жүргізуші:

Аққыстау орта мектебінің оқушылары да, ұстаздары да білімді, өнерлі жандар. Олар ән де шырқайды, би де билейді, сұрақтарға да жауап береді. Оған бүгінгі кеште куә болатын боламыз.


2-жүргізуші:

Әп, бәрекелді, олай болса, не тұрыс. Өнерге кезек берейік. Қабыл алыңыздар!

Кешіміз әдеби кеш болғандықтан көркемсөзбен бастағанды жөн көріп тұрмыз. Ортаға облыстық байқаулардың жүлдегері Орынбай Дильназды шақырамыз. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың қарасөзі.


1-жүргізуші:

Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,

Арманның қиял жетпес баспалдағы.

Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,

Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.


2-жүргізуші:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.


Ән. Абилхайрова Алтынай, Баделова Шолпан, ...............................................................................................................................


1-жүргізуші:


Қазақ тілім өз тілім, ана тілім

Абай ,Мұхтарсөйлеген дана тілім.

Қастерлейдіұл-қызыңмәңгісені

Болашағым, бақытым дара тілім.


2-жүргізуші:

Iрi ғалым-лингвист, әдебиет зерттеушi, түрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқы, елi үшiн еңбегi зор.

Қазақ тiл бiлiмiнiң негiзiн қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал», «Маса», «Жиған-терген», «Тіл-құрал», «Әдебиет танытқыш» атты еңбектерін баршамыз білеміз. Қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениетінің дамуына орасан еңбек сіңірген Ахаңның әр сөзі ұрпаққа үлгі. Олай болса, кешіміздің тізгінін Ахмет атамыздың өлеңін оқитын көсемсөз шеберіне берейік!


Ахмет Байтұрсынұлы « ». Оқитын:


Ән. Мұхитова Гүлдана, Жалғасбайқызы Дана

1-жүргізуші:  Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады. Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі.



2-жүргізуші:

Көрермен қауымға тіл туралы қызықты деректерімізді бөлісіе кеткеніміз жөн сияқты.

Адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты фактілерімізді естеріңізге сала жүріңіздер. Шығыс ғұламасы Әл-Фараби  70-ке жуық тілді меңгерген.


1-жүргізуші:

Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген. А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген. Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.


2-жүргізуші:

Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген. Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген. «Бір тіл білсең-бір адамсың, көп тіл білспең-көп адамсың» дегенді қағиданы ұстанатын біздің оқушыларымыз орысша да, ағылшынша да сайрайды. Өздеріңіз куә болыңыздар.


Ортаға ______________________________________________________ шақырамыз.

Орысша ән.


Стихотворение. _______________________________________________________________


1-жүргізуші:

Білесіздер ме, Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.


2-жүргізуші:

Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1%  неміс тілінен аударылады екен. Олай болса, құрметті оқушылар, тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет. Сондай еңбекқор оқушыларымызды ұстаздарымен ортаға шақырамыз.



1-жүргізуші:

Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,

Қажеті не басқаның өлшемінің?

Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,

Енді міне жетеді көпке үнім,- демекші біз, қазақ балалары, ұстаздан алған һнегемізбен ана тілімізде де, орыс, тіпті ағылшын тілінде де еркін сөйлейміз. Біз 21-ғасыр ұрпақтарымыз . Олай болса ортаға ағылшын тілін еркін меңгерген оқушыларды ұстаздарымен ортаға шақырып, өнерлерін тамашалайық.





2-жүргізуші:

Келесі кезекте құлақ құрышын қандырар әнге кезек берелік.




1-жүргізуші:

Егемен елімізде болашақтың кілтін қолына ұстап, елдің ертеңін бүгін ойлаған осындай ойлы ұрпақтың тәрбиеленуі көңіл қуантады.

2-жүргізуші:

Бәрекелді, балалар! Ана тілдеріңмен қоса орыс, ағылдшын тілін ерекше қызығушылықпен оқып, үйреніп жүргендеріңді көріп, тәнті болдық. Өнерлерің үстем болсын! Мемлекетіміздің мақтан тұтар азаматы болыңыздар!

1-жүргізуші:

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Мезгілде біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осыменен концертіміз аяқталды!

2-жүргізуші:

Құрметті көрермен қауым, еліміз тыныш, жұртымыз аман, көңілдеріңіз көтеріңкі болсын деген игі тілектер жолдай отырып, біз өздеріңізбен қоштасамыз. Әрқашан да Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы  болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік болсын! Қош сау болыңыздар!