| Дәлеледеп ояту | Таңертеңгі шеңбер. Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, өлең жолдарын айту. Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз? Қазақстанның қай қаласында тұрамыз? Біздің ұлтымыз кім? Біздің ана тіліміз қандай тіл? | Арайланып таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды таңымыз. Қайырлы таң достар! Қайырлы таң қоңақтар! Қазақстан Қостанай қаласында Қазақ Қазақ тілі |
| Ұйымдастырушылық -ізденушілік | Ал енді осы ана тіліміз жайында сендерге тоқталып кетейін. Біз тәуелсіз мемлекетпіз. Әр тәуелсіз мемлекетте өз басшысы, мемлекеттік ана тілі, туы, ел таңбасы, әнұраны болады. Біздің мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мынау еліміздің көк туы. Түсі ашық аспан түстес көгілдір. Ортасында шапағын шашқан алтын күн. Күн астында ұшқан қыран кұс, сол жағында тігінен қазақтын ою өрнегі салынған. Мынау елтаңбамыз. Көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты күн сәулесіндей айнала уықтар қоршайды. Мынау аңыз әңгімелердегі пырақтардың қанаттары. Бас жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төмеңгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Біздің мемлекеттік ана тіліміз ол қазақ тілі. Сондықтан біз бір бірімізбен ана тілінде сөйлесуіміз керек. Бүгін балалар мемлекеттік тіл күні. Бұл мемлекетіміздің мерекесі болып саналады. Сергіту сәті: Балалар енді ойын ойнайық. «Атын ата» ойыны. (Ұлттық киімдердің, аспаптардың, суреттерін балаларға таратып беру. Балалар суретке қарап суреттің атын атау. Музыка ойналып ата келеді. Ата: Сәләмәтсіздер ме, балалар! Балалар, сендер бір бірлеріңмен қай тілде сөйлесесіңдер? Сендер ана тілдерің туралы тақпақтар білесіңдер ме? Қане, онда маған айта қойындар, мен сендерді тыңдайын. . Ата: Балалар, сендер ана тілдерінде тақпақты жақсы біледі екенсіңдер. Енді менімен ойын ойнағыларын келе ме? Ойын: «Қол күрес» Ата кетер алдында балаларға бата береді. | Балалар тәрбиешіні зейін қойып тыңдайды.
Суреттерге назар аударады.
Шаңырақты қояйық, Керегені созайық. Уықтарын тұрғызып, Киіз үй біз жасайық.
Сәләмәтсіз бе, ата! Қазақша Білеміз Толтырған гүлге даланы, Жайнатқан ауыл қаланы. Ардақты ата мекенім Отаным - Қазақстаным Ана тілін арын бұл Ұятын болып тұр бетте Өзге тілдің бәрін біл Өз тілінді құрметте. Жарып шыққан қауызын Дән өмірлік азығын. Жегенінде ақ нанды, Нәрге толар ауызын. Аялап ару ананы, Өсірген еркін баланы. Бесігім болып тербеткен Отаным Қазақстаным Ана тілі біздің туған анамыз, Анамыздай сыйлап, бағып, қағамыз. Ана тілің бағаласақ қалай біз, Өзіміздің сондай болмақ бағамыз. Ойнағымыз келеді Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды. |
| Рефлексивті- түзеуші | Бүгін қандай мереке күні? Еліміздің басшысы кім? Біз қандай мемлекетпіз? Біз бір бірімізбен қай тілде сөйлесеміз? Онда біз қазір оң қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып, еліміздің әнұранын тыңдаймыз. | Ана тілі мерекесі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз мемлекетпіз Қазақ тілінде Балалар қолдарын жүрегінің тұсына қойып, әнұранды тыңдайды. |