СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 21.07.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тілдер күніне арналған іс шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

тілдер күніне арналған іс шара.Мақсаты:Балаларға ана тілдері туралы түсінік беру

Просмотр содержимого документа
«Тілдер күніне арналған іс шара»

Тақырыбы: Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!

Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар, слайд

Пәнаралық байланыс:Тіл дамыту,көркем әдебиет,музыка

Әдіс-тәсілдер:аралас, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: Барысы: Балалар әнмен екеу-екеу болып топқа кіреді.

Тәрбиеші: Балалар,бүгін ерекше күн екен.Біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр.Олай болса,балалар,қонақтармен амандасып алайық.

Сәлеметсіздер ме балалар!

Здраствуйте дети!

Good moorning childring!

Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату-тәтті доспыз.Қане,бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.

Балалар: Күніміз жарық болсын. Аспанымыз ашық болсын. Деніміз сау болсын. Еліміз тыныш болсын. Досымыз көп болсын. Балабақшамыз жайнап тұрсын. Нанымыз көп болсын.

Тәрбиеші: Ия,балалар,осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар.Олай болса ерекше күн деп есептеп,тақырыбымызды «Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз»,-деп бастайық. Мақсатым балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

 

І Ғажайып сәт.

Есік қағылып,ішке шет мемлекеттен қонақ келді.Ол біздің елімізге ұшақпен жетіпті.Оның арманы біздің еліміз туралы көп білгісі келеді екен.

Қонақ (Германиядан келген)

- Гутэн таг! Мен Германиядан келдім! Кешіріңіз мен қазақша сөйлей алмаймын. Қазақша үйренуге келдім.

Тәрбиеші:Балалар, амандасайық қонақпен!

Тәрбиеші:Сіз бізге өзіңіздің туған жеріңіз туралы айтып беріңізші?

Қонақ: Германия өте әдемі, шағын мемлекет. Бас қала – Берлин деп аталады.

Табиғаты өте әдемі. Мен өзімнің туған жерімді сүйемін.

Тәрбиеші:Рахмет, Сіз қазақ тілін үйреніп жүрсеңіз бізде тіл мерекесі өтіп жатыр. Қонақ болыңыз! Біздің балалар Қазақстан туралы сізге айтып береді.

-Балалар,бұл қай мемлекет?

-Қазақстан Республикасы

-Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?

-Астана қаласы

-Мен сендердің мемлекеттерің туралы толығырақ білсем деп отырмын.Сендер маған көмектесесіңдер ме?

-Ия, көмектесеміз.

-ҚР Елбасы кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-ҚРның мемлекеттік тілі қай тіл?

-Қазақ тілі

Тәрбиеші: Қәне,балалар,біз қонағымызға мемлекетіміздің әнұранын айтып берейік.

Балалар әнұранды орындайды.

-Ана тілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Балаалрдың тақпақтары.

Шет ел азаматы:

- Жарайсыңдар,балалар,рахмет сендерге.Мен сендерден көп нәрсе біліп алдым,көп нәрсе біледі екенсіңдер.Енді маған рұқсат мен кетейін.Сау болыңдар!


ІІ Тәрбиеші: «Мақал-сөздің мәйегі» демекші туған тілімізге қатысты тіл өнеріне байланысты мақал мәтелдер айтайық.

1.Тіл тасжарады,

Тас жармаса бас жарады.

2.Ойнап сөйлесең де

Ойлап сөйле.

3.Сөз сүйектен өтеді,

Таяқ еттен өтеді.

4.Өнер алды қызыл тіл.

5.Жақсы сөз – жарым ырыс.


ІV Жұмбақ шешу


Тілден ұшып, құлаққа қонады.

(Сөз)

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса, аттама

(Кітап)

Жағалай-жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым.

(Тіл,тіс)

Оттан да ыстық, ол не..?

(Отан)

V Құрастыру ойыны.

Балалар Ту злементтерін құрастырады.


Қорытынды.Сұрақ-жауап

Тәрбиеші:Балалар,бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деп айтқаныдай сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін.

Балалар:

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.


































МКҚК «Жұпар» балабақшасы












Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!

Тәрбие сағаты









Дайындаған: Немзорова Светлана Андреевна














Амангелді ауданы 2017-2018 оқу жылы

Тіл тірегіміз ,соғып тұрған жүрегеміз!

«Жұпар» балабақшасында «Ертөстік» тобының тәрбиеленушілерімен 22 қыркүйек тілдер күніне арналған «Тіл тірегіміз ,соғып тұрған жүрегеміз!» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты:Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатына шетел азаматы қонаққа келіп балаларды таң қалдарды.Балалар шетел азаматымен шет тілінде амандасып, туған жерлері туралы мәлімет берді.

Балалар тілдер күніне арналған өлең шумақтарын айтып, би билеп,туған жер туралы әндерін шырқады.

Амангелді ауданы

«Жұпар» балабақшасының тәрбиешісі

Немзорова Светлана




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!