Просмотр содержимого документа
«Тірі және жансыз табиғат»
Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в среней группе
Өткізу күні / Дата проведения: 20.02.2018
Тәрбиеші / Воспитатель :
Білім беру саласы / Образовательная область: Шығармашылық
Пән / Предмет: Сурет салу
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Тірі және жансыз табиғат
Тақырыбы / Тема: "Сүйкімді табиғаттың сиқырлы бояуы"
Мақсаттары / Цели
1. Тәрбиелік – воспитательная: Балалардың зейінділікпен орындау қабілетін арттыру, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая : Табиғат туралы түсініктерін кеңейту
3. Оқыту – обучающая : сурет салуда оқу қызметінде үйренген әдістерді қолдану арқылы жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, презентация, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, ақ қағаз, жай қарындаш, гуашь бояу, қылқалам.
Билингвалдық компонент : Табиғат-природа, бұлт-тучка, ағаш-деревья, күн-солнце, өлі табиғат-мертвая природа, кемпірқосақ- радуга.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
Балалар қазір бір сәт көзімізді жұмып, табиғатқа шығайық.
-Сендер табиғат аясында не көрдіңдер?
-Табиғат нешеге бөлінеді?
-Өлі табиғатқа нелер жатады?
- Тірі табиғатқа нелер жатады?
Табиғат дегеніміз-бізді қоршаған орта. Өлі табиғат, тірі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты. Табиғатты қорғау ережелерін айтыңдаршы?
-Жарайсыңдар, табиғатты қалай қорғау керектігін біледі екенсіңдер.
Табиғат көктем мезгілінде ерекше әсем кейіпке енеді.
2Негізгі бөлім
(Музыка әуенімен суретші кіреді)
-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен суретшімін. Бүгін сендердің оқу қызметіне қатысып, сендердің білімдеріңді көріп тексергім келді. Менің сендерге алып келген тапсырмаларым бар. Соны орындайсыңдар ма?
1 Тапсырма.
Суретшінің қатесін тап?
2Тапсырма.
Сурет салу үшін нелерді таңдар едің, ал үйшік соғу үшін ше?
3-Тапсырма.
Жұмбақтар.
Аспанға жайып қойған,
Ақ мақтам ғайып болған.
Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,
Өзіне жаратпайды қарағанды.
Жазда жатсаң көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң жаның рақат табады.
-Ал, енді менің басты тапсырмаларымды орындаңдаршы.
1топ күнді жапсырады
2 топ ағаш суретін салады
3 топ бұлттың суретін бояйды.
Суретші: Рақымет балалар сендер сурет салудың тәсілдерін біледі екенсіңдер
-Жарайсыңдар балалар, сендер көп тақпақ және сурет салудың тәсілдерін де біледі екенсіңдер. Менің таңғажайып қорапшамда кемпірқосақ бар. Кемпірқосақтың түстері шатасып кетіпті. Соны ретімен орналастырып беріңдерші.
-Кемпірқосақтың неше түсі бар?
-Жеті түсі бар екен. Кемпірқосақ туралы тақпақ кім біледі екен?
Суретші:
-Енді мен сендердің көп білетіндеріңе сүйкімді табиғатты сиқырлы бояумен сала алатындарыңа көзім жетті. Сендерге сыйлыққа боямақ кітаптар алып келдім. .
-Жануарларды, құстарды, күнді.
-Өлі табиғат және тірі табиғат.
-Өлі табиғатқа: тас, құм, күн, ай,су жатады.
-Тірі табиғатқа: адамдар, жануарлар, құстар,өсімдіктер жатады.
-Бояу, қарындаштар.
Бұлт.
-Күн.
-Ағаш.
1-топ күнді қырқып жапсырды.
2-топ ағашты бояумен салды.
3-бұлтты бояды.
Балалар түстерді үлгіге қарап орналастырды.
-Кемпірқосақтың жеті түсі бар.
Балалар боямаққа қызыға қарап рахметтерін айтады.
3.Қортынды
Өлі және тірі табиғатты атап ажыратуды;
Әдіс- тәсілдерді қолдана отырып табиғатты бейнелеуді игере алды жарайсыңдар балалр өте тамаша оқу іс-әрекеті болды, баріңе рахмет