Технология п әнінің мұғалімі Узакбаева З
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының тоқу дәстүрін қалыптастыру, өнерге бейімдеу, талғампаздығын, әсемдік ерекшеліктерін, жеке басына қажет нәрсені тоқып алу мүмкіндігін арттыру. Білімділігі: өз бетімен меңгерген білімін тереңдете түсу.
Дамытушылығы : өнер мен уақыт саясатын ұштастыруға машықтау. Тәрбиелілігі : ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру, әсемдікке тәрбиелеу.
Тоқу өнері - Қазақ халқының ежелден қолданылып келе жатқан дәстүрі. Бұл өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан шығармашылықпен байытылып тұрмыспен бірге ұласа дамып келеді. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, өзінің талғампаздығын, қайталанбас даралығын танытуға тырысады. Міне осыған орай бізге көмекке келген өнердің бір түрі – тоқу. Тоқумен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін ғана тоқымайды, сонымен бірге осы тоқу үстінде түрлі-түсті бояулар әлемінің үйлесімділігі, түрлі фасондар, түрлі тоқу әдістері, оның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай тоқу ісі де басқа істер сияқты үйренуді, ізденуді талап етеді.
Қолданбалы қолөнер
кілем
алаша
жаға,жең
Тоқылатын
бұйымдар
кеудеше
тұтқыш
шұлық, қолғап
Тоқуға арналған құралдар
Тоқу жіптері
- Жүн
- Мақта
- Вискоза
- синтетика
Тоқитын заттар
- № 1-10 дейінгі сымдар
- Ілмек
Шикізатты өңдеу
жүн
Түбіт
Ешкі
Жүнінен
алынады
Күзем
Күзде
қырқылады
Жабағы
Жазғытұры
қырқылады
Шүйкелейді
Ұршықпен иіреді
ширатады
Өңдейді
Түтеді
тарайды
Сұрыптайды
Тазартып
жуады
Тоқыма әліппесі
Жіпті шумақтап сол
алақанға аласыз
Енді екі сымды біріктіріп,
басбармақтың ішкі
жағындағы жіпке кіргізіңіз
Сымдарды оңға бұрып,
саусақтағы жіпті іліп
алыңыз
Жіпті бас бармақтан
сағат тіліне қарсы
айналдырып шығасыз
Сосын бүгілген сұқ
саусаққа орай алып, оны
сол алақаныңызға жіптің
ұшымен қосып қысыңыз
Оны үлкен саусақтағы
шалудан өткізіңіз
Шалудың түрлері
Осыдан кейін оны бас бармақтағы шалудан өткізіңіз,одан соң бас бармақтағы шалуды түсіре сала оны жіптің астына келтіресіз де, бас бармақпен сұқ саусақты қарама-қарсы жылжытып, сымдардағы жіпті қатты тартасыз
Оңға шалу. Оң қолдағы сымның ұшын сол жақ
сымға, өзінен әрі қарай, солдан оңға өткізеді де,
онымен сұқ саусақта жатқан жіпті іліп алып, жаңа
шалу тартып шығарады
Енді жіптерді саусақтардан шығармай тұрып,
сол қолдың бас бармағын солға қарай жылжыта
қойсаңыз, сонда шалу пайда болады
Теріс шалу. Оң сымның ұшын сол қолдағы шалудан
оңнан солға, яғни, өзіне қарай өткізеді де, сол жақ
сымдағы шалу, оның алдындағы жіпті іліп алып,
жаңа шалу тартып шығарады
Шұлық тоқу технологиясы
Тоқу технологиясы
Қосымша шалу
Теріс шалу
Оңға шалу
негізгі шалу
1оң шалу,1 теріс шалу
қайталана береді
2 оң шалу, 2 теріс шалу
қайталана береді
Резина өрнегі
Сымға 40 шалу алынып
5см орамалша әдісімен
тоқылады
Орамалша тоқу
80-100 грамм жіп, №4 сым
қажет. Бұйымға теріс жағынан
белгі салынады
Шұлықтың басын қысқарту.
Екі жағынан бір-бірден қысқартып,
соңында екі шалуды ішіне түй
Өкше шығаруға 3-4 сымдар қатысады,
шалуды тең үшке бөліп, ортаңғы бөліктегі
шалуды тоқу екі шетіндегіні қысқарту
Шұлық аяқ киімі
Ілмек бізбен тоқу технологиясы
Негізгі шалу : тізбек бірнеше үлпілдек шалудан
жасалған тізбектер алғашқы немесе тоқылуға
тиіс бар бұйымның бастапқы негізі болып
табылады. Ілмектің ұшына бір шалу жасайды да жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасынан өткізіп алады,осылайша қайталана береді.
Қысқа шалу . Ілмекті тізбектегі 3 шалудың
алдынан артына қарай өткізеді. Содан соң
ілмекке жіпті орап, оны ілмектегі екі шалудан
өткізіп алады
Жай шалу . Ілмекті тізбектегі 3 шалудың
алдынан кері қарай өткізеді. Ілмекке жіпті
орап, шалып алады да, сонан соң жіпті тағы
орап, оны ілмектегі екі шалудан өткізіп алады.
Өрнектер түрлері
Ағылшын резинасы
“ Тор көз” өрнегі
“ Шахмат” өрнегі
“ Букле” өрнегі
Ілмек арқылы тоқылатын өрнектер
Букле өрнегін тоқу
- 1. І -- І -- І -- І -- І -- І -- І -- І
- 2. І -- І -- І -- І -- І -- І -- І -- І
- 3. І І -- -- І І -- -- І І -- -- І І --
- 4. І І -- -- І І -- -- І І -- -- І І --
- 5. І І І -- -- -- І І І -- -- -- І І І
- 6. І І І -- -- -- І І І -- -- -- І І І
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
- Мұндағы “І” - оң шалу, “—” теріс шалу деп санағанда
Шахмат өрнегін тоқу
1. І І І І - - - - І І І І - - - - І І І І
2. І І І І - - - - І І І І - - - - І І І І
3. І І І І - - - - І І І І - - - - І І І І
4. І І І І - - - - І І І І - - - - І І І І
5. - - - - І І І І - - - - І І І І - - - -
6. - - - - І І І І - - - - І І І І - - - -
7. - - - - І І І І - - - - І І І І - - - -
8. - - - - І І І І - - - - І І І І - - - -
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13141516 17 18 19 20
Мұндағы “ І ” – оң шалу, “ - “ – теріс шалу
“ Бақытты сәт”ойыны
(оқыта үйрету ойындары)(модульдік технология бойынша)
Құрал жабдығы:
- Шарлар салынған қапшық немесе кішкене бөшке.
- Секундомер (сағат)
- Ортақ бағалау парағы ( қосымша)
- Фишкалар
- Үй тапсырмасы ( әр команда екі сұрақтан)
- Конкурс тапсырмалары
- Жауап үлгілері
- Ойынның жүру барысы.
- Сынып 2 не 3 командаға бөлінеді, әр команданың өз капитаны және атауы болады.
І –гейм «Бой сергіту» Командаларға 10 сұрақтан беріліп, оларды талдауға 5 минут бөлінеді. Команданың бір өкілі жауап береді, ал бәсекелес команда жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап отырады. Сұрақтарға ең көп жауап берген команда ұтады.
ІІ- гейм « Бөшкеден шыққан бас қатырғылар » Команда мүшелері бөшкеден (қапшықтан) нөмірлері бар шарлар алып шығады. Жүргізуші әр нөмірге жұмбақ немесе сұрақ оқиды.Өз ішінде талқылаған соң, команда капитандары жауап береді.
ІІІ – гейм « Жұмбақтас »
Мұнда жүргізушінің сұрағына жылдамырақ жауап берген команда ұтады. Егер жауап дайын болса, команда көк жалаушаны немесе қолын көтереді.
Ұйқасын тап
Өнер - таусылмас азық...
Өнерсіздің бір саусағы кем
Бүгінгі істі...
Өрнегі көптің ермегі көп
Білім - өмір шырағы
Өнерлінің он саусағы тең...
Еңбек - өнер өрісі...
Жұтамас байлық
Ертеңге қалдырма
Үлгісі көптің өрнегі көп...
Өнер - өмір жемісі
Асыл қайшы пішуге сән..
Кітап - білім бұлағы...
Күміс қасық ішуге сән
ІV- гейм. « Сен-маған, мен-саған». Командалар бір-біріне 2 сұрақтан қояды.
1.Жасырылған сөзді тап. Бірінші сан бағана нөмірі, ал екінші сан – жол нөмірі
2. Жасырылған сөзге сәйкес мақал- мәтел жаз.
3,1
1,1
2,2
3,3
1,1
1,2
1,1
3,2
1,1
1,3
V-гейм. «Көсемдікке ұмтылу» Сұрақтарға барлық ойыншылар жауап береді. Ең көп дұрыс жауап берген команда ұтады: Ал ең көп дұрыс жауап берген (4-7) балалар өз командасына қосымша ұпай, өздеріне баға: 4-5 жауап- 4 бал- «4» бағасын, 6-7 жауап- 5 балл- «5» бағасын алады 2,3,4,5 -ші геймдерге талқылауға бір минуттан беріледі. Егер бірден жауап берілсе, онда осы үнемделген уақытын команда басқа сұрақты талдағанда пайдаланады. Әрбір дұрыс жауапқа команда 1 балл немесе фишка (барлық фишкалар бір түсті алады)
Қорытындылау:
Өнер, Еңбек деген сөздерді қатыстырып қорытынды талдау
Бағалау. бағалау парағы бойынша баға қою