"Толағай" отбасылық сайысы
Мақсаты: оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығының, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру; оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру; салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
• Дене шынықтыру залын тақырыпқа сай безендіру
• «Толағай» отбасы сайысы- жазуын ілу
• Денсаулық туралы нақыл сөздер:
1. Спорт- денсаулық кепілі.
2. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ.
3. Саулық-байлық негізі
4. Музыкалық аппаратура.
Жүргізуші: Джангалиев Алмабек Мендиханович
Жарыстың барысы:
жүргізуші:
(Музыка ойнап тұрады )
Уа,халқым, назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
жүргізуші:
Кеш жарық құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, көрермен қауым!
Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.
«ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын. Осындай ойын бүгінде біздің мектебімізде өткізгелі тұрмыз.
жүргізуші:
Бүгінгі біздің сайысымызға төрт отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата-аналарымыздың қолынан келеді.
жүргізуші:
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Отбасыларымызды шақырамыз.
( Музыка ойнап тұрады)

жүргізуші:
1. « Сұңқар » тобы-Ахметовтар жанұясы
2. « Тұлпар» тобы-Тналиевтер жанұясы
3. « Жалын » тобы-Қайдаровтар жанұясы
жүргізуші:
Отбасыларға сәттілік тілеу үшін ортаға мектеп директоры Гумаров Жубан Орынғалиұлын шақырамыз.
І жүргізуші: Ән: «Ауылым». Орындайтын Таубаева Асель жүргізуші:
Ал,құрметті халайық!
Жарысты енді көріңіздер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер!
жүргізуші:
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бірімжаров Канат Болатович
2. Мектеп кәсіподақ ұйымының төрайымы Қойбағарова
Қырмызы Азаматқызы
3. «Нарын жастары» ЖҚБ-нің төрағасы Жалғас Есқайырұлы Ташуов
жүргізуші:
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 7 турдан тұрады
1-кезең: Таныстыру және үй тапсырмасы (отбасымен таныстыру 3- 5 минут, өздері таңдаған музыкаға таңертеңгілік жаттығуды отбасымен көрсету;
2-кезең: Мақал-мәтелдер сайысы (отбасы туралы)
3-кезең: Қаппен жүгіру
4-кезең: Доппен жарыс
5-кезең: Теннис шарын жинау
6-кезең: Мергендер сайысы
7-кезең: Хоккей жарысы
жүргізуші:
Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
жүргізуші:
Өнер қуып отбасы өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп.
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
жүргізуші:
Ендеше, сайысымыздың алғашқы кезеңі «Таныстыру»
жүргізуші: Жеребе бойынша ең алғашқы тобымызды шақырамыз.
Ортаға І реттік нөмірлі « » тобын шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!
жүргізуші:
Ортаға ІІ реттік нөмірлі « » тобын шақырамыз
Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты
Бәрін жеңіп шықты
жүргізуші:
ІІІ реттік нөмірлі « » тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз.
жүргізуші: Рахмет! Жақсы. Екінші тапсырмада таңертеңгілік жаттығуды көрсету. (Жаңағы ретпен отбасылар өздерінің үй тапсырмасын көрсетеді).
жүргізуші:
Дайындықтарыңыз үшін үлкен рахмет, әділ-қазы алқасынан бағаларын сұраймыз.
Әділ-қазыларға сөз береміз!
жүргізуші:
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен-тек жоймайық!
Олай болса, екінші бөлімге өтеміз.
жүргізуші:
2-тур. Мақал-мәтелдер сайысы. Әр команда отбасы туралы мақал-мәтелдер айтып жарысамыз.
Рахмет! Әділ-қазы алқасы бағаларыңыз.
жүргізуші:
3-тур. Қаппен жүгіру.
Ойынның шарты: уақыт санағы басталды деген белгіден бастап алдымен оқушы-баламыз, кейін анасы, соңында әкесі аяғына қапты киіп, ойын залының арғы шетіне жетіп сол күйінде қайта жүгіріп келу.
Сәт сапар, бастаймыз!
жүргізуші:
Жақсы! Керемет! Әділ-қазы алқасы қалай сіздерді бағалайды екен?!
жүргізуші:
4-тур . Доппен жарыс.
Ойынның шарты: Екі тіземен допты қысып ұстап, жерге түсірмей айналып келу.
жүргізуші:
Рахмет! Әділ-қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!
(Ата-аналардан сұхбат алу)
жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың. Ойынымызды жалғастырамыз.
жүргізуші:
5-тур. Теннис шарын жинау.
Ойынның шарты: боксер колғабын киіп теннис шарларын жинау.
Әділ-қазылар алқасы, бағаларыңыз! Ойынымызды жалғастырамыз.
жүргізуші:
6-тур. Мергендер сайысы
Ойынның шарты: ілініп тұрған шарды дротик лақтырып жару , көп шар жарған команда жеңіскер атанады.
Әділ-қазылар алқасы бағаларыңыз!
жүргізуші:
7-тур. Хоккей жарысы.
Шарты: Хоккей клюшкасымен допты алып кедергілердің арасымен өту.
Рахмет, ата-аналар! Әділ-қазы алқасына сөз берсек...
жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену,жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
жүргізуші:
Олай болса біздің әділ –қазыларға соңғы турымызды және қорытынды баға бергенше, музыкалық үзіліс жариялаймыз.
Ән: «Жаса, Қазақстан!». Орындайтын
Сайысты қортындылап,отбасыларды марапаттау үшін сөз «Нарын Жастары» ЖҚБ төрағасы Ашенов Жалгас Рафхатұлы беріледі.
жүргізуші:
Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бой тұмар ғып ар-ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген, -
демекші бүгін алтын уақыттарын қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымызды білдіреміз!
жүргізуші:
Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!
