Сабақтың тақырыбы: «Толағай» отбасылық спорттық сайысы.
Мақсаты: Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау,Спорт бұқаралығын арттыру,денсаулығын нығайту ,жанұяларды спортқа тәрбиелеу.
Өтілетін орны: Гимнастика залы.
Өтілетін күні: ж.
Керекті құрал- жабдықтар: Ысқырғыш,Секундомер,Скагалка,Доп,Гранад,кольсо
Өткізген:Байжанов Бақыт Оразалыұлы
Барысы:
Құрметті ұстаздар, ата аналар мен оқушылар «Тәні саудың-жаны сау , жаны саудың –дені сау демекші » бүгін сіздер 5-6 сынып оқушыларының ата анасымен арасында өткізілгелі отырған « Толағай » атты отбасылық спорттық сайысына қош келдіңіздер. Сонымен ортаға көңілді спорттық жарысқа қатысқалы отырған сайыскерлерді шақырайық.
Қыран командасы.
Топ басшысы : Әкесі
Мүшелері:
1. Анасы
2. Баласы
3. Баласы
Сұңқар командасы
Топ басшысы: Әкесі
Мүшелері:
1. Анасы
2. Баласы
3. Баласы
Тұлпар командасы
Топ басшысы: Әкесі
Мүшелері:
1. Анасы
2. Баласы
3. Баласы
Бүгінгі жарыстың бағдарламасы
төмендегідей.
1. Топтың аты,ұраны.
2. Қайықпен жарыс. .
3. Себетке доп салу .
4. «Кім епті?»
5. Ми гимнастикасы.
6. « Білімді мыңды жығар»
7. Арқан тартыс
8. Капитандар сайысы.
9. Қорытынды
Сайыскерлерімізге әділ төрелік ететін қазылар алқасын сайлап алайық.
1.
2.
3.
Жетерсің әлі талай бақыттарға , -деп бүгінгі ойынымызға кезек береміз.
1.Әр топ атын,ұранын айтуы шарт.
2.Бағдарламамыздың келесі шарты бойынша «Қайықпен жарыс» Кольцомен командамен өту.
Бұл бөлімге топ толық қатысамыз.
3. «Себетке доп салу» бөлімінде.Әр топ осы сап бойынша допты алып себетке допты түсіргенше
лақтыру.
Қане сайыскерлер ,алға!
4. Ми гимнастикасы.
1 топ. Әлемге әйгілі қазақ балуаны. ( Қажымұқан)
Жарыстың басталатын жері. ( мәре )
2 топ. Асықты мұртынан немесе жамбасынан тұрғызу. ( омпы )
Қызбен жігіттің айлы түнде ойнайтын ойыны. ( ақсүйек )
3 топ. Томпай ,сомпай деген қай малдың асығы. ( сиырдың )
Жарыстың аяқталатын жері. ( сөре )
5.« Кім епті » деп аталатын бұл бөлімде әр топ біртіндеп шығып көздерін байлап , бұрылу командасын 4 рет орындап , 5 қадам жердегі допты тебу. Қане ,кім епті екен ,байқап көрейік.
6.Келесі сайысымыз «Білімді мыңы жығар» Допты түсірмей аяқтың арасына қысып жүгіріп келіп есеп шығару.
7.Келесі сайыс «Арқан тартыс» деп аталады.
Шарт бойынша екі топ толық қатысады.
8. Капитандар сайысы. Логикалық сұрақтар.
1 топқа. Бақа құдыққа түсіп кетті. Құдықтың тереңдігі 16 метр. Бақа күндіз 4 метр жоғары ,түнде 3 метр төмен түседі.бақа неше күнде құдықтан шығады.
2 топқа. Жұмбақбай атай бір табақ алманы немерелеріне берді. Оларға екіден берсе біреуіне жетпей қалды. Бір бірден беріп еді , бір алма артық қалды.Жұмбақбай атайдың неше немересі бар , табақтағы алма нешеу. (Н -3,А -4)
3 топқа. Бір топ торғай ұшып келіп ағаштың бұтағына қонады. Бұтақ басына бір торғайдан қонып еді,бір торғайға бұтақ жетпей қалды.Сонда бұтақ нешеу, торғай нешеу. (Т-4,Б-3)
Енді әділ қазылар алқасының әділ төрелік шешімін тыңдайық.
Марапаттау
-Міне жүлдегер топта анықталды.
Құрметті ұстаздар,ата аналар спорттық шарамызға қатысқандарыңызға көп – көп рақмет осымен бүгінгі сайыста мәресіне жетті.
Тек жеңіспен алға баса берейік.