СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Толық тізбек үшін Ом заңы.

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ разработкасы.

Просмотр содержимого документа
«Толық тізбек үшін Ом заңы.»

АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ


КЕЛІСЕМІН

Директордың оқу-әдістемелік

ісі жөніндегі орынбасары

______________А. Хасенова

БЕКІТЕМІН

Директордың оқу-ісі

жөніндегі орынбасары

________Ж. Кусаинова





2022 жылдың 07 желтоқсан күні

01120100 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының

4S01120102 «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарының тәрбиешісі»

біліктілігі бойынша 222 кб тобында физика пәнінен өтетін ашық сабақ жоспары.



Оқытушы, топ: Мусаева М.Е.

222 кб тобы




Физика және информатика

пәндері бірлестігі отырысында қарастырылды

Хаттама №4 «28» қараша 2022 жыл

ПБК төрайымы _____А. Картаева

Нұр-Сұлтан - 2022 ж.



Сабақ тақырыбы

Толық тізбек үшін Ом заңы.

Модуль /пән атауы

Физика

Дайындаған педагог

Мусаева М.Е.

2022 жылғы «07» желтоқсан

Жалпы мәліметтер


Курс, топ

1 курс, 222 кб

Сабақ типі

Аралас сабақ

Мақсаты, міндеттер

Мақсаты:

Ток күші, кернеу және кедергілердің арасындағы өзара байланыстарды анықтап, Ом заңымен танысу.

Міндеттері:

  • Жеке және топтық жұмыс арқылы ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Заманауи қоғамда өмір сүріп, асқақ рухты бойларына сіңіру.

Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі

1. Өткізгіш кедергісі, тізбек бөлігі үшін Ом заңын, формулаларын меңгереді.

2. Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тапсырма орындауда тиімді пайдаланады.

3. Тізбектегі ток күші мен кернеу арасындағы тәуелділіктіӊ графигін біледі және Ом заңына есептер шығарады.

Қажетті ресурстар

1. Б.Кронгарт, Д.Қазақбаева, О.Иманбеков, Т.Қыстаубаев. Физика. Оқулық. 10с. 1,2 бөлім. Мектеп. 2019

2. Н.Закирова, Р.Аширов. Физика. Оқулық+ СD. Арман-ПВ. 2019

3. С.Туякбаев, Ш.Насохова, Б.Кронгарт, В.Кем, В.Загайнова. Физика. Оқулық.11с. Мектеп. 2015

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті

Студенттің әрекеті

Бағалау

Ресурстар

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин





- Сәлемдесу

- Студенттерді түгендеу

- «Жылы тілек жазылған жүрекшелер»


- Оқытушымен амандасады.

- Студенттер қағаздан қиылған жүрекшелерге жылы тілектерін жазып, жанындағы студентке береді, топта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.

- Оқытушыны мұқият тыңдайды.






Сабақ кезеңдерінде әр топ басшылары бағалау парағы арқылы бағалап отырады.









ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

7 мин


3 мин

«Блум таксономиясы» әдісі арқылы

Топтық жұмыс «Блум таксономиясы»

Жеке жұмыс

Шартты белгілерді өз ретімен қою


Әр топ ойын кестеге жазады.






Сәйкестендіру тапсырмасы беріледі.

Әр студент сәйкестендіру тапсырмасын орындайды.

Топ басшылары бағалау парағы арқылы бағалап отырады.

Б.Кронгарт, Д.Қазақбаева, О.Иманбеков, Т.Қыстаубаев. Физика. Оқулық. 10с. 1,2 бөлім. Мектеп. 2019

Жаңа тақырыпты талдау

14 мин


- Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау

- Миға шабуыл

Токтың әрекетін реттеуге бола ма? Ток күші қандай шамаға және қалай тәуелді?

- Жаңа тақырыпқа сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру;

- Видео көрсету.

Қар кесегі стратегиясы.

1-топ.

- Өткізгіштің кедергісі қандай шамаларға тәуелді? Кедергі температураға байланысты өзгере ме, өзгерсе оны қалай түсіндіруге болады? Кедергінің өлшем бірлігі қандай?

2-топ.

- Тізбек бөлігі

үшін Ом заңының өрнегі қандай және қалай оқылады?



Сұраққа жауап береді.




Оқытушыны мұқият тыңдайды.


Видео көреді.



Бірінші топтағы екі адам жұптасып жауаптарын біріктіреді, одан кейін төрт адамның жауабы біріктіріледі, содан соң алты оқушының жауабы біріктіріліп, топта талқылай отырып, сол жауаптардың ішінен 3 жауап іріктелініп алынады, таныстырылым дайындайды.

Топтардың таныстырылымдарын қорғату. Берілген тақырыпшалар бойынша әр топ таныстырылымдарын қорғап шығады.











Топ бір-бірін бағалайды.








https://youtu.be/MqWGTsGLJ7A



Б.Кронгарт, Д.Қазақбаева, О.Иманбеков, Т.Қыстаубаев. Физика. Оқулық. 10с. 1,2 бөлім. Мектеп. 2019

Жаңа білімді бекіту.

14 мин


Семантикалық картамен жұмыс.

LearningApps.org сервисінде интерактивті тапсырмаларды орындау.

Есептер шығару.

Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.

Өткізгіш кедергісі ...

Тізбек бөлігі үшін Ом заңы ...

LearningApps.org сервисінде интерактивті тапсырмаларды (викториналық сұрақтар, бос орынды толтыру, пазл, аудио/видеоконтент жаттығуы) орындау.


Топ басшылары бағалау парағы арқылы бағалап отырады.

https://learningapps.org/watch?v=pvmom57m521

https://learningapps.org/watch?v=pkas5ijsc21

https://learningapps.org/watch?v=pkhjj9k2k21

Үйге тапсырма беру.

1 мин

- Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Электр кедергісі. Меншікті кедергі тақырыбын оқу.

- Ом туралы мәлімет жинақтау. LearningApps.org сервисінде интерактивті тапсырмаларды орындау.

Берілген тапсырмаларды орындайды.


https://learningapps.org/watch?v=pvmom57m521

https://learningapps.org/watch?v=pkas5ijsc21

https://learningapps.org/watch?v=pkhjj9k2k21

Рефлексия

«Құмырадағы гүлдер»

3 мин

Сабақтың қорытындысы бойынша рефлексия жасау.

Егер сабақ саған ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, гүлді жасыл түске боя. Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, гүлді сары түске боя. Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, оқытушының көмегі қажет болса, гүлді қызыл түске боя.