СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Төрт аяқты достарым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Төрт  аяқты  достарым

  Мен   ауылда  тұрғандықтан  менің   төрт  аяқты  достарым   көп.

 Олар :  көктемде  мал төлдеген уақыттағы  сүйкімді   ойнақтаған лақтар мен қозылар, торпақтар мен құлындар. Бәрінің өздеріне тән ерекше  қылықтары  бар. Лақ  пен  қозылар секіреді  тамақ  берсең  артыңнан қалмай  қолдарымды  жалап мә-мә деп  әдемі  дауыстарымен  ән салғандай болады.

      Ал  тұрақты   менің   төрт  аяқты  достарым ала күшігім  мен ақ мысығым.

Біз  үшеуміз қатты доспыз. Бірге  ойнаймыз олардың  ерекше  қылықтары  бар.   Мысығым, күшік  екеумізбен  қуаласпақ  ойнағанда  биік  талдың  басына  секіріп шығып, бізге мяу-мяу  деп мақтанады, күшігім  талдан түс деп   ауф-ауф деп жіңішке  дауысымен  жалынғандай болады. Мен  мектептен келгенде  ақ мысығым мен ала  күшігім   алдымнан  тосып   күтіп  алады. Біз үйге  бірге жүгіріп  келеміз. Мысығым күшігімнің  арқасына шығып, құйрықтарынан  тартып ойнайды. Мысығымның  аты Ақмойын. Күшігімнің аты  Ақтөс мен  Ақнұрмын.  Аттарымызда ұқсас.  Олардың  әдемі үйшіктері  бар. Өздерінен үлкен иттерден қорыққан  кезде  екеуі  бір үйшікке кіріп алып , ақырын есігінен  сығалап қарап жатады.Екеуінің  көздері  бірдей қап-қара.   Бір-біріне қарап алып   аяқтарымен   ойнап, күшігім  ауф-ауф десе,  мысығым мяу-мяу деп  сөйлеседі, кейде төбелесіп қалады. Өздері өкпелеуді де  біледі.  Мен  оларды қатты жақсы  көремін. Екеуінің ыдыстарына  сүт құйып  берем.  Екеуі жарыса  ішіп алады. Сүтін  ішіп болған  соң мысығым  алдыңғы  аяқтарымен  бетін жуады, аяқтарын  тілімен  тазалайды,  күшігім де аяқтарын тілімен  жалап тазалайды.

Бірге жатып ұйықтайды, менің  даусым  шыққанда, жүгіріп  екеуі менің қасыма  келеді, үшеуіміз  кішкене доппен  допты  домалатып  ойнаймыз,  мысығым допты  әдемі  домалатады, қатты  домалап кеткен доптың   артынан   күшігім қуалап жүгіреді.  Екеуінің де  жүндері   әдемі жұмсақ.

     Мысығым сарайдан тышқан  аулауды  үйреніп  жүрген сияқты, өйткені жасырын бір нәрсені  тықырлатсаң   екі құлағын тікірейтіп,  көзін біресе ашып, біресе  жұмып жерге қарай  бауырын төсеп ақырын  ұрланып басып сол тықырға  қарай жақындайды. Өзінің қулығы да бар.

    Күшігім  аңқау , аулаға   жем  іздеген құстар  келіп қонып жатады. Қарғалар , кептерлер , сауысқандар  соларды ұстап алғысы келіп  соларға қарай   жүгіре жөнеледі. Құстар аспанға қарай ұшып көтеріліп кетсе артқы екі аяғын көтеріп ауф-ауф  түс дегендей дауыс шығарады. Құстарда күшігімнің қылығын біліп алған. күшігім  кетіп  қалса  қайтадан  жаңағы жерге келіп қонады. Күшігім тағыда жүгіре жөнеледі. Мен  оларды мектептен үйге  барғанымша сағынып, ойлап жүремін.

   Жазған : Әбдімұқамет Ақнұр. 2 а сынып оқушысы

 Сынып жетекшісі    Надырова Гульмира Сатыбалдықызы

Алматы  облысы. Райымбек ауданы. Албан Асан Барманбекұлы  атындағы орта мектеп-гимазиясы

Просмотр содержимого документа
«Төрт аяқты достарым»