СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тренинг "Достық"

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Тренинг "Достық"»

ТРЕНИНГ

5,6 - сыныптар

Тақырыбы: ДОСТЫҚ

Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.

Міндеті: 1. Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік

беру;

2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал

ету.

3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа,

адалдыққа тәрбиелеу.



Тренинг ережелерімен таныстыру.

  1. Кешікпеу.

  2. Өз уақытында бастау.

  3. Бір-бірін сыйлау.

  4. Ұзақ уақыт сөйлемеу.

  5. Көңілді болу.

Танысу тренингі.

Өз есіміңізге сын есім қосып танысайық.



Күлімдеген - Кәмилә Нұрдай – Нұржан

Айбатты - Адлет Адалды - Алдияр



Кел, ойланайық, пікірлесейік.

  • Енді, балалар, мына өлеңді тыңдап көрелік.



Дос көп еді жүретін сыр ақтарып,

Жандарынан тұратын шуақ тамып.

Домбырамның үні де естіледі,

Достарымның сырлары сияқтанып.

Дос жүрегі қашанда аңсағаным,

Соларменен қосылып ән саламын.

Ақ пейілді аңсаған достарымды,

Қуанышпен күлімдеп қарсы аламын.

Көңіл – дария, толқыған асылдарым,

Сендер менің жылдарым,ғасырларым.

Тіршіліктің тұздығы – достық екен,

Достарымнан ештеңе жасырмадым.

Шын достықтың оттары жалындайды,

Дос қамалдар ешқашан алынбайды.

Дос көңілдер есепке бағынбайды,

Дос үректер өсекке бағынбайды.

Күн шығады дүниені нұрландырып,

Достар әні өшпейтін бір мәңгілік.

Дос көңілі сияқты шашырайды.

Күннің өзі көктегі тұрған күліп.



  1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Шын досты қалай білуге болады?

  3. «Досы көпті жау алмайды» деген сөзді түсіндіріңдер?

  4. Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?







Көмектеседі









Адал

Мейірімді









Қайырымды

Білімді



ДОС







Шыншыл



Ұқыпты







Қамқоршы



Жанашыр







«Достық.Бірлік.» үйін салу.

  • Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.

Мақал-мәтелдер

  1. Шын дос үшін қалайда,

Тік қатерге басыңды.

Айыра біл алайда,

Досыңменен қасыңды.

  1. Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

  1. Досың мың болса да – аз,

Дұшпаның біреу болса да – көп.

  1. Досыңменен дос болғанға шаттан

Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.

  1. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.

  2. Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.

  1. Өрге жүзген өнегелі ісіңмен,

Адал дос тап тең құрбыңның ішінен.

Тыныштық сәті.

  • Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досы, оның жалқы қасиеттері туралы ойлаймыз. (2-3 секунд)

  • Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты-жөнімізді жазып, ойлаған досымыздың есімін жазайық.

Социометрия әдісі.

Мақсаты: Балалар ұжымдағы өзара қарым-қатынасты анықтау, алынған

мәліметтерді оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану, топ ішінде

психологиялық қолайлы жағдай орнату.

Нұсқау: Балалар, сіздерге қазір сұрақтарқойылады. Сол сұраққа осы өз

кластастарыңнан үш адам есімдерін жазасыңдар.

  1. Кіммен дос болғың келеді?

  2. Партада кіммен бірге отырғың келеді?

  3. Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?



Тренингке қатысқан оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар бүгінгі тренингктен алған әсерлерін жазып күнге жабыстырады.





Амангелді жалпы орта білім беру мектебі















5 – 6 сынып







Мектеп психологі: Беспаева Ж. К.















2016ж.

Тренинг анализі

5 – 6 сыныптар арасында өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.

5 – 6 сынып оқушыларына тренинг ұнады және де балалар белсенді қатысты.

Оқушылар адам қарым – қатынастағы достық ұғымын түсінді,сыйластыққа, әдептілікке, шынайлықты білді.