Просмотр содержимого документа
«Цикл әзірше do 9- сынып»
Күні: 17.02.17 ж.
Пәні: Информатика
Сынып: 9 «А»
Сабақтың тақырыбы: Цикл әзірше.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға цикл әзірше туралы мәлімет беру, және есептерді шешу жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларды ойлау қабілеттерін, информатика пәніне қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Компьютерлік сауаттылыққа, жауапкершілікке, оөушылардың белсенділіктерін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндірмелі иллюстративті, карточкамен оқулықтармен жұмыс.
Сабақта қолданылатын көрнекі – құралдары: интербелсенді тақта, флипчарт, компьютер, жұмыс дәптері.
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі. (2-3 мин)
Үй тапсырманы тексеру. (5-7 мин)
Жаңа сабақ. (10-15 мин)
Сабақты бекіту. (3-6 мин)
Қорытындылау. (1-2 мин)
Үй тапсырманы беру.(3мин)
Бағалау. (2 мин)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен амандасу;
- Журнал бойынша оқушыларды тексеру;
- Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырманы тексеру.
Циклдік алгоритм дегеніміз не?
А. Шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайтын алгоритм
Ә. Командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм
Б. Командалары бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын алгоритм
Циклдік алгоритмнің неше түрі бар?
А. 4
Ә. 3
Б. 2
Циклдік алгоритмнің қызметші сөздері (түйінді):
А. Цикл басы, цикл соңы, әзірше
Ә. Егер, онда, басқаша
Б. Егер, цикл басы, онда, цикл соңы
Арифметикалық циклдік алгоритм дегеніміз не?
А. Қайталау саны алдын ала белгілі циклдік алгоритм
Ә. Орындалу саны белгісіз циклдік алгоритм
Б. Шарттың екеуін де орындайтын алгоритм
Командалық циклдік алгоритм дегеніміз не?
А. Қайталау саны алдын ала белгілі циклдік алгоритм
Ә. Орындалу саны белгісіз циклдік алгоритм
Б. Шарттың екеуін де орындайтын алгоритм
ІІІ. Жаңа сабақ.
WHILE операторы қайталану саны алдын-ала белгісіз болған жағдайларда қолданылады. Цикл денесінің әрбір орындалуының алдында, WHILE операторында циклдің орындалу шарты тексеріледі, шарттағы айнымалылар мәндерінің өзгеруіне әсер ететін операторлар цикл денесінде беріледі. Егер цикл денесі бірнеше операторлардан тұрса, онда ол операторлық жақшаларға алынады, жалпы жазылу түрі:
WHILE шарт DO цикл денесі;
Әзірше WHILE операторында жазылған шарт орындалып тұрса, цикл денесінің орындалуы қайталанып тұрады. Егер шарт орындалмай қалса, онда қайталану процесі тоқтап, басқару цикл денесінен кейін тұрған операторға беріледі. Шарттағы салыстырылатын айнымалылар мәндері циклге дейін беріліп, олардың жаңа мәндерінің өсімі цикл денесінде беріледі. Егер WHILE операторындағы шарт бірде-бір рет орындалмаса, онда бағдарлама орындалуы циклді аттап өтеді. Егер шарттағы айнымалы мәндері ешқашан өзгермесе, онда бағдарлама мәңгі циклденіп қалады.

IV. Сабақты бекіту.
Компьютермен тәжірибелік жұмыстар жасау. Карточкамен жұмыс.
А – деңгейі.
В – деңгейі
С – деңгейі
V. Қорытындылау.
Цикл әзірше дегеніміз не?
Цикл әзірше қай алгоритм түріне жатады?
Цикл әзріше операторы және 1 мысал келтіру.
Цикл үшін операторы және 1 мысал келтіру.
Блок схема есеп алгорим және паскаль тілінде.
VI. Үй тапсырманы беру.
Дөңгелектің ауданын есептеу программасын құрау: S = πR2
PROGRAM M1;
VAR R,S : REAL;
BEGІN
READLN (R);
S:=3.14 * SQR(R);
WRІTE (S: 5: 2);
END.
Функция есептеу программасын құрау.
PROGRАM M2;
VAR y, z : REAL;
BEGІN
READLN (y);
ІF y
ІF y 1 THEN z :=0 ELSE z :=SQR (y) + y;
WRІTE (z : 6 : 2);
END.
VII. Бағалау.