| Мектеп: | №48 мектеп-лицейі |
| Мұғалімнің аты-жөні: | Оразғалиева Ақбота Аянқызы |
| Күні: | 14.11.2017ж |
| Пән/Сынып: | Информатика 6-сынып |
| Сабақтың тақырыбы: | Циклдік алгоритм |
| Оқу мақсаты: | Циклдік алгоритм туралы түсінік беру, блок-сызбаларын көрсету |
| Сабақ мақсаты: | Циклдік алгоритм туралы түсінік алады, блок-сызбаларымен танысады |
| Құндылықтарға баулу | Ынтымақтастық – тапсырмалар орындау барысында. Сыйластық – жұптық, топтық жұмыстарда. |
| Пәнаралық байланыстар | Математика, сызу |
| Алдын ала білім | Оқушылар алгоритм, оның жазылу пішімін біледі. |
| Саралап оқыту |
| Барлық оқушылар: | Көпшілік оқушылар: | Жекелеген оқушылар: |
| а) Циклдік алгоритммен танысады | а) оқушылар циклдік алгоритмнің ерекшеліктерін ажырата алады | а) Әр түрлі жағдайларда циклдік алгоритмді ақылға қонымды қолдана алады |
| Уақыты | Кезеңдері | Тапсырма | Мақсаты | Мұғалім не істейді | Оқушылар не істейді | Бағалау | Ресурстар |
| 2 мин | Қызығушылықты ояту | «Атмосфералық ахуал туғызу». | Оқушылардың бір- біріне деген сыйластығын бакылау | Ыңғайлы орта құру | Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Жіптің бір ұшын ұстап тұрып бір-біріне тілек айта отырып, жіпті беріп отырады. | | жіп |
| | Үй тапсырмасын сұрау | «Өрмекші торын жинау» | үй тапсырмасын пысықтау | «Ақылды доп» әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталауға жағдай жасау | Оқушылар орындарында тұрады. Жіпті қайтадан орау үшін бір-біріне сұрақ қоя отырып жіпті өз қалпына келтіреді | | жіп, сұрақтар |
| 1мин | Ой қозғау | Сабақтың тақырыбын ребус арқылы табу | Тақырыпты ашу | Оқушыларға ой қозғау | Сын тұрғысынан ойлай алулары күтіледі | | Стикерлер |
| 12 мин | Мағынаны тану | Топтық жұмыс: Ішкі шеңбер: Циклдік алгоритм тақырыбын оқу Сыртқы шеңбер: Циклдік алгоритм тақырыбын оқу | Ізденуге Талқылауға талдауға өз көзқарасын білдіруге үйрену дәлел келтіріп сөйлеуге үйрету сұрақты дұрыс қоюға жетелеу | Әр топқа нақты тапсырмалар ұсынады. ЖАДА құруға оқушыларды бағыттау Дәлел келтіруге бағыттау Түрткі сұрақ Сынамалы сұрақ орын алды ма, бағыттау | Ішкі шеңбер: берілген тапсырманы орындап, сыртқы шеңберге түсіндіру. Сыртқы шеңбер: өздеріне берілген тапсырманы орындап, ішкі шеңбердің айтқанын тыңдау | | |
| 2 мин | Сергіту сәті | «Жер, су, ауа, от». | Оқушылардың бойын сергіту | оқушыларды сергітуге ыңғайлы атмосфера жасау | Оқушылар шеңберге тұрады. «Жер» дегенде қолдарын төмен түсіреді, «су» дегенде қолдарын алдыға созады, «ауа» дегенде қолдарын жоғары көтереді, «от» дегенде қолдарын жоғары көтеріп тұрып қимылдатады. | | |
| 10 мин | Ой толғаныс | Тапсырма 1. Оқушылар үш-үштен бірнеше топтарға бөлінеді. Екі оқушы тақырыптан не түйгендерін айтады. Ал бір оқушы соның дұрыс не дұрыс еместігін тексеріп тұрады. | Тақырыпты түсінгенін анықтау | басқаның пікірін тыңдауға, ойын толық жеткізуге, шындықты айтуға жағдай туғызу | Әр топ кезекпен өздеріне берілген тапсырманы орындайды | | |
| 9 мин | Жеке жұмыс: | Тапсырма: Циклдік алгоритм туралы қысқаша жазу, мысалдар келтіру | Такырыпты қорытындылау | ойын, тілін дамыту, көшбасшылыққа жетелеу | қызықтыру | Циклдік алгоритмге мысалдар келтіру | қалам, парақтар |
| 3мин | Қорытындылау | Оқушыларға қойылатын сұрақтар: «Миыңның суретін сал» | Білім тексеру | Тақырыпты меңгергенің бақылау | Тақтада мидың суреті тұрады. Оқушылар оны сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады. | | Стикерлер |
| 1 мин | Үй тапсырмасы | Берілген тақырып бойынша циклдік алгоритмге мысалдар жазып, оны блок-сызбаға енгізу. (қайталанбайтындай) | Тақырыпты пысықтау | Оқушыларға тапсырманы орындауын түсіндіру | Тақырыпты түсініп түртіп алулары күтіледі | | |
| Сабақтан кейінгі ойланатын сұрақтар |
| Не сәтті болмады? | |
| Нені жақсартуға болады? | |
| Мен өз дағдыларымды нені дамыта алдым? | |
| Нені өзгертуге болады? | |