СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Циклдің ілесу шарты

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алгоритм типтері: сызықтық, тармақталу және циклдік ілесу алгоритмдер. Орындалу жолдары, бір-бірінен айырмашылықтарын білу.

Просмотр содержимого документа
«Циклдің ілесу шарты»

Күні:


8 сынып 19 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Циклдің ілесу шарты

Сілтеме

8-сынып оқулығы.

электрондық оқулық, презентация

Жалпы мақсаттар

Алгоритм типтері: сызықтық, тармақталу және циклдік ілесу алгоритмдер. Орындалу жолдары, бір-бірінен айырмашылықтарын білу.

Оқыту нәтижесі

Алгоритмді жазу формасын, алгоритмді блок-схема түрінде жазуын білуі тиіс.

Сабақтың әдісі

Баяндау, сұрақ-жауап, диалог, топпен жұмыс, АКТ, қолдану, электронды оқулықпен жұмыс, «Блум таксономиясы», Сын тұрғысынан ойлау («Ой тастау», «Мағынаны тану», «Топтастыру», «Кесте толтыру», «Тест жұмыс» )

Жалпы

Білу

Үй тапсырмасы.

Түсіну

Мағынаны тану

Қолдану

Оқулықпен жұмыс

Талдау

Практикалық жұмыс

Жинақтау

Корытынды

Бағалау

Топ басшысы бағалайды

Сабақ барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

3 минут

Психологиялық дайындық



5 минут
























10 минут









5 минут






3 минут








7 минут



2 минут





5 минут




4 минут


1 минут


Сыныппен сәлемдесу. Сыныпты ұйымдастыру (оқушыларды тексеру, аудиторияны қалыпқа келтіру)

Оқушыларды сызықтық, тармақталған, циклдік деп кеспе қағаздарға жазып таңдау арқылы топқа бөлу.

Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

«Білу»

І. Үй тапсырмасы.

1. Егер алгоритмдегі іс-әрекет бірінен кейін бірі қатаң түрде орындалса... алгоритм деп аталады.

А) сызықтық В) тармақталған С) толық емес формадағы тармақталған алгоритм

Д) тармақталған элементтері бар сызықтық алгоритм

2. Толық және толық емес формадағы алгоритмді не деп атаймыз?

А) сызықтық В) тармақталған С) ондай алгоритм жоқ Д) таңдау алгоритмі

3. Тармақталу алгоритмінің блок-сызбасындағы шарттың берілуі қандай фигурамен сипатталады:

А) тіктөртбұрыш В) эллипс (сопақша шеңбер) С) алтыбұрыш Д) ромб

4. «Егер сағат кешкі 11 болса, онда ұйықтау керек, әйтпесе кітап оқу керек». Қандай алгоритм?

А) сызықтық В) тармақталу алгоритмінің толық формасы С) тармақталу алгоритмінің толық емес формасы Д) аралас түр

Сұрақ-жауап: 1. Алгоритм түрлері атаңдар.

2. тармақталған және сызықтық алгоритмге анықтама беріңдер.

3. Тармақталған алгоритмнің толық емес формасына мысал келтіріңдер.

4. Алгоритмді ережеге түрлендіріңдер:

Басы

Егер сөз түбірінді екпінсіз дауысты дыбыс кездессе

Онда тексеру сөзін таңда

Әйтпесе сөздіктен сөз тап

Соңы.

ІІІ. Жаңа сабақ.

«Түсіну»

Мағынаны тану ( электрондық оқулық)

І топ: сызықтық алгоритм. Шарт басында келетін циклдік алгоритмнің блок-сызбасы.(23-сурет)

ІІ топ: тармақталған алгоритм. Шарт соңында келетін циклдік алгоритмнің блок-сызбасы.(24-сурет)


ІІІ топ: циклдік алгоритм. Асықты іздеу алгоритміне мысал. (25-сурет)

«Қолдану»

Оқулықпен жұмыс жасаймыз. 70-бет

І топ: №4 тапсырма.

ІІ топ: №5 тапсырма

ІІІ топ: №6 тапсырма


Сергіту сәті. (жаңылпаш айтқызу)

Қырық құрқылтай

Бір құрдан үркіп ұшты.

Қырық құр

Бір құрқылтайдан үркіп ұшты.

Қырық құр қорқақ па?

Қырық құрқылтай қорқақ па?


ІV. «Талдау»

№7, №8 тапсырма. 71 бет


V. «Жинақтау»

Қорытынды.

Не біліп, не үйрендік?

Рефлексия.

Бүгінгі сабақ туралы өз ойларыңызбен бөлісулеріңізді сұраймын. (Бір ауыз сөзбен)
Ол үшін төмендегі сөйлемдерді пайдаланыңыздар:
- Маған қиын болды…
- Маған жеңіл болды…
- Мені ойландырған…
Бағалау.

Бірін –бірі бағалау .

Үйге тапсырма. §11 (68 бет) тест тапсырмасына дайындық.







Скачать

© 2017 876 12

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!