Балалардағы жүректің
туа біткен ақаулары
Туа біткен жүрек ақауы (ТБЖА) – бұл жүрек құрылымының анатомиялық өзгерістері, аурулардың кең және алуан түрлі тобын құрайды, оған жеңіл түрлерімен қатар, өмір сүруге сәйкессіз түрлері де кіреді.Туа біткен жүрек ақауы 1000 баланың ішінде 8-10-нда кездеседі. Барлық даму ақауларының ішінде ТБЖА 30% -ті құрайды.Балалардың көпшілігі өмірінің алғашқы жылында шетінейді (70-90%-ке дейін), солардың ішінде алғашқы айда өлімге ұшырайтын балалардың саны көп. 1 жастан кейін өлім жиілігі күрт төмендеп, 1 жастан 15 жасқа дейінгі кезеңде балалар өлімі 5%-тен артпайды.
ТБЖА түрлері
“ КӨК”
1.Фалло ауруы (Тетрадо, Пентадо, Триадо)
2.Магистральды тамырлардың транспозициясы
1
“ АҚ”
1.Жүрекшеаралық перде дефектісі
2.Қарыншааралық перде дефектісі
3.Ашық артериалды түтік
4.Қолқа коарктациясы
5.Өкпе артериясының жеке стенозы
ТБЖА-мен нәрестелердің туылу қаупі бар тобына мына әйелдер жатады:
- Анамнезінде түсік тастауы және өлі туылу жағдайлары бар әйелдер
- 35 жастан асқан әйелдер
- Жүктілік кезінде шылым шеккен және алкоголизмнен зардап шегетін әйелдер.
- ТБЖА тұқымқуалаушылық ауру ретінде анықталған жанұяларда, яғни, өзі немесе туыстарында ТБЖА болса
- Экологиялық жағынан жағымсыз аудандарда тұрып жатқандар
- Жүктілік кезінде инфекциялық аурулармен ауырған әйелдер
( әсіресе, қызамықпен)
- Жүктілік кезінде кейбір дәрілік препараттарды қолданған әйелдер (сульфаниламидтер, кейбір антибиотиктер, тырысуға қарсы препараттар т.б.)
- Жүкті әйелдердің төмен дәрежеде ақпараттануы (жүкті әйелдердің 59 %-ы ғана жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер кеңесіне тіркеуге тұрып, босануға дейін тұрақты бақыланады.)
ТБЖА-ның пренатальды диагностикасы
Жүктіліктің 14 аптасында ультрадыбыстық зерттеудің көмегімен жүзеге асырылады.
Нәрестеде ТБЖА анықталған жағдайда ата-анасы нәрестенің тіршілік қабілеті , оның патологиясының ауырлығы, емдеу әдісі туралы мәліметтер алады. Босануға шешім қабылдаған әйел нәрестені арнайы стационарда мамандардың бақылауымен босанады.
Фельдшер нәрестедегі ТБЖА-на қай жағдайда күдіктенеді?
Нәресте туылғаннан бірнеше күннен кейін ТБЖА анықтайтын бірқатар белгілер бар:
1. Жүрек шулары
2. Цианоз немесе тері жамылғысының бозаруы.
3. Жүрек жетіспеушілігі.
4. Шеткері тамырлардың спазмы.
5. Жүректің электрлік белсенділігінің бұзылыстары (ырғағы мен өткізгіштігінің).
Ата-анасы педиатрдың назарын келесі симптомдарға міндетті түрде аударуы керек:
- Егер бала әлсіз болса
- Шамалы емсе
- Жиі лоқсу байқалса (срыгивания)
- Тамақтану кезінде немесе жылағанда көгерсе
- Жүрек соғу жиілігі минутына 150-ден жоғары болса
Аспаптық
диагностиканың негізгі әдістері:
- Жүректі ультрадыбыстық зерттеу немесе эхокардиограмма
- Электрокардиограмма
- Фонокардиограмма
Ультрадыбыстық зерттеу арқылы жүректің анатомиялық құрылысын, оның қабырғалары мен перделерінің қалыңдығын, жүрек камераларының көлемін, ірі тамырлардың орналасуын, сонымен қатар, қанның жүрек ішіндегі ағымының интенсивтілігі мен бағытын анықтауға болады.
Электрокардиограмма
Жүректің ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылыстарын, жүректің белгілі бір бөлімдерінің шамадан тыс жүктелуін анықтауға мүмкіндік береді .
Фонокардиограмма
Жүрек шуларын нақты тіркеуге мүмкіндік береді, алайда сирек қолданылады.
ТБЖА статистикасы
Жыл сайын Қазақстанда 3000-нан астам бала ТБЖА диагнозымен дүниеге келеді, олардың 10-15% ғана 1 жасқа дейін өмір сүреді, яғни балаға жүрек ақауының коррекциясын бір жасқа дейін жүргізу керек.Қазіргі таңда Қазақстанда 5000-ға жуық балалар ТБЖА-ның коррекциясына мұқтаж. ҚР бойынша балалар өлімінің құрылымында ТБЖА-мен туылған балалардың салмағы ерекше орын алады 8,2 %-ден 16,6 % - ке дейін.Жүректің және магистральды тамырлардың туа біткен аномалияларынан болатын өлімнің жастық құрылымында
91 % -ті 1 жасқа дейінгі балалар құрайды, олардың жартысынан көбі - неонатальды кезеңдегі балалар .(алғашқы 28 күні).
Қазақстанда жүрекке алғашқы отаны 1958 жылы академик Сызғанов жасаған. 1960 жылы Алматыда хирургия институты жанынан 30 төсектік жүрек хирургиясының мамандандырылған бөлімшесі ашылған. 80-90 жылдары 10 жыл ішінде 83 балаға ота жасалған.Қазіргі кезде 12 клиникалық база жанынан 163 балалар кардиохирургиялық төсектер саны ұйымдастырылған, олардың 4-уі республикалық мекекмелер (2-уі Астанада 2-уі Алматыда) 5-уі аймақтық және 3-уі облыстық кардиоорталықтар .
Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми-хирургиялық орталықтың мәліметтері бойынша, 2010 жылы хирургиялық орталықта әртүрлі туа біткен жүрек ақаулары бар 292 балаға операция жасалды, олардың 108-і – салмағы 10 кг-нан кем балалар. 2011 жылы 282 балаға операция жасалып, олардың
34-і 1 жасқа дейінгі балалар, ал 58-і 3 жасқа дейінгі балаларды құрайды. 2015 жылы 700-ден астам балаға операция жасалды, оның 58 %
1 жасқа дейінгі балалар.
Қорытынды
ТБЖА алдын- алуы мен емінде келесі мәселелерге көңіл аударуымыз керек:
- Жүкті әйелдердің жоғарғы дәрежеде ақпараттануын қамтамасыз ету;
- ТБЖА-ның пренатальды диагностикасын жақсарту;
- Жүктілік кезіндегі зиянды әдеттердің алдын – алу;
- Жүктілік кезінде инфекциялық аурулардан сақтану;
- Елімізде ТБЖА-мен науқас балаларға оперативтік көмекті жақсартып, осы салада қызмет ететін білікті мамандарды дайындау.
Назар аударғандарыңызға рахмет!!!