ІV. Негізгі бөлім 3.2.4.1 (МК; Ө; Ұ) 30-жаттығу. Мәтіндегі негізгі ой сұрақ-жауап әдісі арқылы анықтатылады. Тапсырма 1. Сабақта өтілетін мәтін тақырыбын анықтау мақсатында оқушыларға жұмбақ жасырылады: Ілулі тұрған кітап Барады күнде жұтап. Бір бетін жыртты мамам, Бір бетін жыртты ағам. Бір бетін жыртты інім... Себебі неде мұның? Барады неге жұтап Ілулі тұрған кітап? Жауабы: (Күнпарақ) Тапсырма 2. Мәтіннің тақырыбы мен мәтін мазмұны сұрақтар қою арқылы болжатылады. Сұрақтар үлгісі: -Күнпарақ дегеніміз не? (Күнтізбе) -Күнпарақта нелер болады? (Күн, апта, ай атаулары) -Күнпарақты не үшін пайдаланамыз? (Уақытты анықтау үшін) -Күнпарақ түрлері? (Қабырға күнпарағы, үстел күнпарағы, қалта күнпарағы) -Жұмбақ күнпарақтың қай түріне арналған? (Қабырға күнпарағына арналған) -Қабырға күнпарағының басқаларынан айырмашылығы? (Күнпарақта көрсетілген күн аяқталғанда, жыртылып тасталады, яғни өткен күнді, уақытты білдіреді) -Мәтіннің не туралы болатынын болжа. (Мерзім, уақыт, өтіп кеткен уақыт) -Уақытты жоғалтуға болады ма? Қалай? (Болады. Берілген тапсырманы, жұмысты уақытында орындамау, сол себептен уақыттың жетпей қалуы т.с.с.) (Ө, Т, Қ) Оқылым. Оқулықта берілген «Жоғалтып алған күн» мәтінімен жұмыс жүргізу. Тапсырма 3. Мәтінді оқу, мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау. Оқуышыларға мәтінді жеке оқу ұсынылады. Топта бірігіп мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды. 1-топ. Мәтін неліктен «Жоғалтып алған күн» деп аталған? Өз ойларын дәлелдеу. 2-топ. «Егер бір күннің ішінде пайдалы жұмыс бітірмесең, онда бұл күніңді босқа өткіздім деп есептей бер» нақыл сөзінің мәнін талқылау. 3-топ. Мәтіндегі қарамен берілген сөздерді тауып, түбір сөздерге қосымшалардың жуан, жіңішке болып жалғану себебін анықтау. Жұмыстарын топта жариялайды. Топтар өзара бағалау дескрипторы негізінде бағалайды. Бағалау дескрипторы: -мәтінді түсініп оқиды; -мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды; (М, Ұ) Түбір мен қосымшаның жазылуы. Тапсырма. Сызбада көрсетілген сөздердің қосымшаларын дұрыс орналастыр.   Қосымшалар: -қын, -діз, -лар, -шіл, -ға, -де, -на, -гей, -ла, -дер. МК: -Берілген сөздердің дыбысталуына назар аудар. -Екі сөзді бір-бірімен салыстыр. Дыбысталуында қандай ерекшелік бар? -Қосымшаларды не себепті сол сөздерге жалғадың? Дәлелдеуге тырыс. -Қандай ой қорытындысын жасайсың? (М, Ұ) Оқулықта берілген жаңа ақпаратты оқып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан болады: адам+дар+дың. Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке болады: сурет+ші+лер. Сергіту сәті! Әуен ырғағымен билеу. 3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Тиісті сөздерді қойып, сөйлем құрап жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету. 31-жаттығу. Тиісті сөздерді қойып сөйлем құрап жазады. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі. Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды. 3.1.3.1 (Т; Ж; Ұ; Қ) Сурет бойынша әңгіме құрау, диалогке қатысу, болжау жасау. Тілдік нормаларды сақтап сөйлеу. Оқушылардың назары оқулықтағы немесе тақырыпқа сәйкес басқа да сюжетті суретке аударылады. Суретке қарап не айтуға болатынын топта талқылайды. Суретте не бейнеленгенін, қандай кейіпкерлер барын анықтаған соң, «Рөлдік ойын» әдісі арқылы, қажет жағдайда тірек сөздердің көмегімен мұражайдағы жағдаятты әңгімелейді. Кейіпкерлердің рөліне еніп, сахналайды. Диалог үлгісі: Мұражай қызметкері: -Мына жәдігер қандай тіршілік иесі? Ұл бала: -Бұл –динозавр. Мұражай қызметкері: -Динозавр туралы және оның тіршілігі туралы не білесің? Қыз бала: -Динозавр өте ертеде тіршілік еткен т.с.с. -...(Егер сен ұл баланың орнында болсаң не деп жауап берер едің?) Мұражай қызметкері: -Динозавр қай кезеңде тіршілік еткен? Неше жыл бұрын? -... (Егер сен қыз баланың орнында болсаң не дер едің?) -...(Егер сен ұл баланың орнында болсаң не дер едің?) Мұражай қызметкері: -Бейнеленген жануардың бұрынғы тіршілігі мен бүгінгі күнін салыстыр. Айырмашылықтар байқадың ба? Қандай? Ұл бала: -... Қыз бала: -... Әр топқа диалог құруға қажетті тірек сөздер ұсынылады. Топтық талқылауға уақыт беріледі. Тірек сөздер: Динозавр, «қорқынышты кесіртке», жыртқыш, жұмыртқа, 160 миллионға жуық жылдар бойы, 225 миллион жыл бұрын пайда болған, пілдерден үлкен, 65 миллион жыл бұрын жойылған, қаңқасы, сүйектері т.б. (Ө; Ж) Жұмыстарын топта жариялау. Диалог құрайды. Құраған диалогтарын топта жариялайды және сахналайды. (Ө; Ұ; Қ) Бір-бірінің жұмысын бағалау. Екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы рефлексия жасау. «Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды. Бағалау дескрипторы: -сурет бойынша әңгіме құрайды; -тірек сөздерді орынды пайдаланып, диалогке қатысады; |