СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жаттығу жұмысы 75-80 жаттығулар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға түбір мен қосымшаның жазылуы туралы түсінік беру

Просмотр содержимого документа
«Жаттығу жұмысы 75-80 жаттығулар»

Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмысы

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға түбір мен қосымшаның жазылуы туралы берілген түсінікті бекітуге мүмкіндік туғызу;

2.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

3.Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Іскерлік пен дағды қалыптастыру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Дамыта оқыту әдісі

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Біз қандаймыз,қандаймыз,
Жаңа жауған қардаймыз.
Ақпыз, пәкпіз,тазамыз,
Біз білімді баламыз

ІІ.Өткенді пысықтау

74-жаттығу, 137-бет.

1.Мойны тұтасқан, 2.Жалтыраған бөркі бар,

Аузы апан Жарқыраған көркі бар. (электр шамы)

Жоны жалпақ

Бұты талтақ. (бегемот)

Мойны-мойын, аузы-ауыз, бөркі-бөрік, көркі-көрік

III.Өткенге шолу

-Қосымша дегеніміз не? неше түрі бар?

-Түбір сөз деген не?

-Туынды сөз дегеніміз не?

-Түбірлес сөздер дегеніміз не?

-Түбір сөзге қосымшаның жалғануы

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

75-жаттығу түбір сөздегі п дыбысының у дыбысына өзгергендігін байқату:

сеп-сеуіп, қап-қауып, жап-жауып, кеп- кеуіп,шап- шауып

Ү. Жаңа материалмен жұмыс:

Өз бетімен жұмыс

76-жаттығу Берілген сеуіп, кеуіп, тауып сөздерін қатыстырып сөйлемдер құрастыру:

Далада шаң болмасын деп анам жерге су сеуіп қойды. Күннің астына қойған құрт тегіс кеуіпті. Тауып алған кітаптың иесін Айдос хабарландыру арқылы тауыпты.

77-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазу

Асыл мен Асан жасырынбақ ойнады. Асан Асылды тез тауып алды. Ал Асыл Асанды таба алмады. Өйткені Асан қорадағы ескі сандықтың ішіне кіріп жасырынған еді.

Тауып, таба-тап

-Мәтінді сөз құрамына талда.

-Мәтінге ат қой.

78-жаттығу. Мәтінді оқу, қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау.

Қарағайдың дәрілік қасиеттері бар. Қарағай ормандары хош иісті келеді.

Ойын: «Жұбын тап»

79-жаттығу сөздердің жұптарын таба отырып көшіріп жазу:

Орны-орын, еркі-ерік, халқы-халық, аулы-ауыл, көркі-көрік, бөркі-бөрік.

ҮІІ. Қорытындылау

Балалар, бүгін біз не үйрендік? Түбір сөздегі соңғы әріптің өзгеруін түсіндір. Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 80-жаттығу, 139-бет.

Бағалау