Мотивациялық - шығармашылық | Жетекші балаларды «Туған ел» әнімен («Жігіттер тобының орындаунда) қарсы алады. Жалаушалармен жаттығуларды сызба арқылы жасайтынын айтып орындатқызады. Туған жер туралы тақпақпен мақал-мәтелді тыңдауға ұсынады. | Балалар екі қолына жалауша ұстап жүреді; сапты бұзбауға, үш қатарға бөлінуге тырысады.  Полина: Туған жер – алтын таң, Кең далам, таулы орман.Ұл мен қыз қорғаймыз,Бақытты сені Отан. Лаура: Отан – елдің анасы,Ел – ердің анасы. Жәния: Туған елдей ел болмас,Туған жердей жер болмас. |
Ізденіс – ұйымдастыру- шылық | Музыка тыңдау: «Тайтұяқ пен асатаяқ» әнін ұлдар тобының орындаунда. Қандай басқа ұлттық аспаптарды білесіңдер? Ән-күй жетекші жеті асықтарды, тақтай және жиптен жасалған ішекетерін қолданып жетіген туралы аңыз айтып береді. Атап беруге ұсыныс жасайды Дауыс жаттығу: «Есіл мен Жайық» ән жаттығуды үйретеді, модуляция түрінде айтқызады. «Қорабша» әнін тыңдатады (Әні Т.В.Ермолинаның, сөзін аударған Ғ.Ж.Тлеулина), сөздерін жаттатқызады, дауысты бір қалпы шығарып, ауызды дұрыс ашуға, айқайламай әндетуге ұсынады. Дидактикалық ойын: «Аспаптарды ажырат». Суреттерде кай ұлттың киімдерін көріп тұрсыңдар? Суреттерге сәйкес аспаптарды ажыратып топтастыруға ұсынады. Дидактикалық ойын: «Аспаптарда ойнаймыз». Ойынның шарттарын түсіндіреді. Музыкалық аспаптарда ойнау тәсілдері бойынша білімдерін бекітеді. Сабақтың сонында тақпақ тыңдатқызады. Балаларға білімді, мәдениетті, ұқыпты, тәрбиелі, басқа ұлтардың өнерлерін сыйлайтын азамат болуға тілек білдіреді. | Балалар өлеңді тыңдайды.  Қазақ ұлттық асатаяқ пен тайтұяқ аспаптары туралы.Домбыра, қылқобыз, шаңқобыз, сыбызғы, жетіген. Балалар қызыға тыңдайды. Бубен, трещетка, ағаш қасықтар, қоңырау, тон-блок, қорабша, таяқшалар, ұшбұрыш т.б. Сөздерін жаттайды, әндетеді. Балалар қандай аспапты естегендерін айтады, сөздерін жаттап әндетеді, өзін тыңдап айтуға үйренеді. Балалар екі жаққа аспаптарды топтастырады, атап береді.  Имитация әдісі арқылы қай аспапта ойнап тұрғандарын көрсетеді, айтып береді. «Шертіп», «Соғып», «Басып», «Сыңғырлатып» әдістерін айтып береді. Інжу: Өз елімде тұрамын, Білім қуған баламын. Өнер – дарын, ғылым да, Мәңгі менің жадымда. |