Ұйымдасты- рушылық- ізденістік | -Балалар, түлкіні жыртқыш аң десек, ал қоян жыртқыш аң емес. -Қоян-өте қорқақ аң, қоянды үйде де асырауға болады. Қазыр осы қоян мен түлкі туралы орыс халқының ертегісімен танысамыз. Педагог мәнерлеп оқиды. Түлкі мен қоян. Әуелде түлкінің құйрығы жоқ еді. Қасқырмен тату тұрмаған соң үнемі қашып жүреді екен.Жүрген ісін жасыра алмай қиналыпты. Сол үшін қасқыр түлкінің артынан еріп, аңдып жүріп, оның ініне түсіпті. Түлкі інінің екінші тесігінен шығып кетіпті. Шығып кетпесе, қасқыр түлкіні өлтіріп тастар еді.Түлкі орманда келе жатып ағаш түбінде отырған қоянды көреді.Ол мезгілде қояндардың құйрығы ұзын, жүгірулеріне кедергі келтіреді екен. Сол жерде қоян өзін ұстап түлкіге: «Мені өлтірме, құйрығымды сыйға берейің»,-деп жалыныпты.Міне, содан бері түлкінің құйрығы ұзын болыпты, ал қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты. Педагог: -Ертегі сендерге ұнады ма? -Ертегіде нелер туралы айталған? -Ерте заманда түлкінің құйрығы қандай болыпты? -Түлкі қасқыр мен тату тұрмаған соң не істеген? -Бір күні не болыпты? -Түлкі қалай құтылып кетіпті? -Әлден соң ағаш арасына кірген түлкі нені көреді? -Иә, балалар, содан бері түлкінің құйрығы ұзын болыпты, ал қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты. Педагог балалардан ертегі мазмұнын сұрайды. Билингвальді компонент: Түлкі-лиса, қоян-заяц, қасқыр-волк. Сергіту сәті: Ұзын құлақ,сұр қоян Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгіреді. Қарап еді артына, Қиығын сап көзінің. Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің. -Енді ертегідегі «Түлкі» сөзіне дыбыстық талдау жасайық. -«Түлкі» сөзі неше буыннан тұрады? -Неше дауысты дыбыс бар? -Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз? -Ал дауыссыз дыбысты көк түспен белгілейміз. -Міне, балалар, біз «Түлкі» сөзіне дыбыстық талдау жасадық. «Буынды жалғастыр» дидактикалық ойыны: Ойын шарты: педагог аң аттарының бірінші буынын ғана айтады, балалар соңғы буынын тауып, толық атын айтады. Мысалы: түл-...,қо-...,қас-...,кө-...,мыр-...,жол-... . Дәптермен жұмыс: Дәптердегі №5 тапсырманы бойынша орындалады. Жеке жұмыс жүргізеді. | Балалар ертегіні ынта қойып тыңдайды. -Иә, ұнады. -Түлкі,қасқыр, қоян туралы. -Құйрығы кішкентай болыпты. -Қасқырдан қашып жүреді екен. -Қасқыр түлкінің ізіне түсіп, ініне кіріпті. -Іннің екінші тесігінен шығып кетіпті. -Ағаш түбінде отырған қоянды көреді. -«Мені өлтірме, құйрығымды сыйға береін»,-деп жалыныпты. Балалар жаңа сөздерді қайталайды. Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды. «Түл-кі» сөзі екі буыннан тұрады. (Қол шапалақтап бөледі) -Екі дауысты дыбыс бар. -Дауысты дыбысты қызыл түспен белгілейміз(қызыл қиындыны көрсетеді). Балалар қызыл және көк түсті қималарды көтеріп, педагогпен бірге қайталайды. Түл-кі,қо-ян,қас-қыр,кө-жек,мыр-шай,жол-ба-рыс. Тапсырманы орындайды. |