Мектепалды даярлық «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған
оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 22.01.2020ж
Тәрбиеші: Абенова М.К.
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Пән: өзің-өзі тану
Өтпелі тақырып: «Қардың пайдасы.»
Тақырыбы: Түсіну мен кешіруді үйренеміз
Мақсаты:
Тәрбиелік: Өзара сенімен түсіністікке тәрбиелеу.
Дамыту: Балалардың жақсы қасиеттерін дамыту.
Оқыту: Кешірім», «өзара түсіністік» адамгершілік қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту
Педагогикалық технологиялар: денсаулық сақтау,ойын, жеке дара тұлға технологияр.
Ресурстармен қамтамасыз ету: тақырыпқа байланысты суреттер
Көптілділік: Кешірім – прощение-forgiveness, түсіну- понять- understanding
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Қане бәріміз амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Алақанды ашайық,
Күннің көзін салайық.
Жүректің жылуын салайық,
Таза ауаны салайық
Жиналған бар жылуды
Бір – бірімізге сыйлайық.
Негізгі бөлім:
Таңғажайып әңгіме:
- Балалар, қараңдаршы балабақшаға келсем топтан әдемі гүл тауып алдым, ол көңілсіз, біреуге ренжулі сияқты. Әдемі гүлдің көңілін қалай көтеруге болады?
- Балалар әдемі гүлге арнап жылы сөздер айтады.
- Әрқашан көңілді бол!- Мейірімді бол!
- Жарқырап жайнай бер!- Әдемі болып өсе бер!
- Иісің тәтті екен!- Күндей ашық бол!- Ауырмай өсе бер!
- Мен сені жақсы көрем!- Гүлде, гүлде, гүлдеші!- Гүлдеріміз көп болсын!
- Біздерді әдемілігіңмен қуанта бер!- Бізге бақыт әкеле бер!
- Жарайсыңдар балалар, өздерің әдемі жылы сөздеріңіз арқылы гүлдің көңілін көтердік. Қараңдаршы қандай әдемі!Бүгін ол бізді өз әдемілігімен қуанта берсін. Бірақ кейбір кезде өміде жағымсызз жағдайлар болып жатады. Сондай жағдайларды теледидардан көруді ұсынамынБалалар түрлі жағдаятарды көреді. Өз ойларын ортаға салады.
Әңгіме:
Сұрақ - жауап:
- Айнара неліктен түрып қалды?
- Аслан неге достарымен ойнамады?
- Ұлдар қандай болу керек?
- Балалар сіздер осы оқиғаны қалай аяқтар едіңдер?
- Дәйексөз: «Қандай рахат, жүрейік достар күнде өстіп,Режу деген,ренжу деген білместік!»
- Ойын жаттығу: «Досыңды кешір»- Балалар, көңіл күйіміз жақсы болу үшін бізге бір – бірімізді түсінуді, кешіруді үйрену қажет. Қазір біз кешірім сұрау мен кешіруді үйренеміз. Өздеріңізге жұп таңдап алып, бір – біріңе қарап тұрыңдар.Досымызды байқаусызда ренжітіп алдым деп елестетіңдер.Енді онымен татуласқыларың келеді. Сондай – ақ ең жақсы, жылы сөздер айтып кешірім сұрауға болады.- Егер достарыңды кешірген болсаңдар, оның көзіне тура қарап,күлімдеңдар!
Тағы оған алақандарыңды созып, бір – біріңнің қолдарыңды қысуға боады.
- Балалар жұптарға бөлінеді
- 1- ренжіген бала басына қалпақ киеді.
- 2 бала кешірім сұрайды.
Мысалы: Амира мен сенімен ойнағым келеді. Өтінемін мені кешірші! – Мерует мен сені кешірдім!Осылай ойын жалғаса береді.
Қорытынды:
Шығармашылық жұмыс: