СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Туынды зат есімнің жасалуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Туынды зат есімнің жасалуы туралы түсінік беру

Просмотр содержимого документа
«Туынды зат есімнің жасалуы»

Тақырыбы: Туынды зат есімнің жасалуы

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға негізгі және тунды зат есімдерді ажырата білуге, алған білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу;

2.оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; 3.Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу,сауатты көркем жазуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі:пысықтау.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Өткенді пысықтау.

29-жаттығу.Мәтінді оқу, көшіріп жазу, туынды, негізгі зат есімдерді табу.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

31-жаттығу Берілген жұрнақтарды жалғап, туынды зат есімдер жасау.

-шы

-лық

-гіш

Малшы,басшы,аушы, кітапханашы,аңшы,балықшы, сауыншы, дойбышы,жыршы.

сыйлық,тазалық, сұлулық, жаңалық,балалық,татулық.

өшіргіш,ілгіш, жүзгіш, білгіш.

Туынды зат есім екендерін дәлелдеу.

Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді.

Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз: ана, жер, көз.

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз: іскер, байлық, кезекші.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу.

32-жаттығу көп нүктенің орнына негізгі зат есімді табу, көшіріп жазу, түсіндіру:

кезек-кезекші, сый-сыйлық, көл-көлшік, іс-іскер, сөз-сөздік, дос-достық.

33-жаттығуда берлген мақалды жаттау, мағынасын түсіндіру, жазу. Туынды зат еімдерді тап, олардың астын сыз.

34-жаттығу: сөздерді оқу, талдау.

Бірінші топтағы сөздер етістік, ал екінші жолдағы сөздер сын есімдер.

Етістіктен жасалған туынды зат есімдер:

Сын есімнен жасалған туынды зат есімдер:

ұшқыш, білгіш, ілгіш, сызғыш, өшіргіш.

жүзгіш.

Адалдық, ұзындық, жаңалық, сұлулық, тазалық, биіктік.

35-жаттығу мақалды жатқа жазу, зат есімдерді сұрақтар қою арқылы табу, олардың негізгі немесе туынды екенін дәлелдеу.

ҮІ. Бекіту:

36-жаттығу мәтінді оқу, қарамен жазылған сөздердің түбірін табу. Оларға жұрнақ жалғау арқылы туынды зат есімдер жаса.

Кітапхана, кітапханашы, малшы, құсшы, аңшы, мүсінші.

Неліктен бұл сөздерді туынды зат есімдер деп атаймыз?

ҮІІ. Қорытындылау



Тірек сызба арқылы туынды зат есімдерді түсіндіру.

1. Балалар, біз бүгін сендермен зат есімнің қандай түрін өттік?

2. Негізгі зат есімдер дегеніміз не?

3. Туынды зат есімдер дегеніміз не?

4. Мысал келтірейікші енді.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 37-жаттығу Қатардағы артық сөздерді табу, түсіндіру.

ІХ. Оқушыларды бағалау