Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Новоалександров орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ЖУСУПОВА МАРЖАН БОЛАТОВНА
Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып 1996 жылдан бастап істеп келемін. Жалпы еңбек өтілім – 21 жыл. Новоалександров орта мектебінде 2008 жылдан бері, қазіргі уақытта оқу ісінің меңгерушісі ретінде қызмет атқарып келемін.
Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылықтары мен белсенділіктерін сабақ бойы сақтау мақсатында және оқушылардың өздігінен білім беруде оқытудың жаңа тиімді әдіс – тәсілдерін іздеуден жалықпаймын. Жұмысымда мен жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланып, өз педагогикалық тәжірибеммен мектеп және аудан мұғалімдеріне тақырыпты баяндама жасап, ашық сабақ беру арқылы бөлісемін.
Бүгінгі таңда оқыту жолында әр түрлі технологиялардың тиімділігін практика тұоғыда қолдана отырып, ұстаздың дәрежелі жұмыс көрсеткішін, әр оқушының жеке қабілетін ескеріп, сонымен қатар, оқыту барысында, оның сабақта белсене жұмыс істеуі үшін, алған білімінен нәтижесін көруін жетілдіруге мұқтажбын. Әсіресе практикалық тұрғыдан қолдануына жағдай көрсету арқылы пәнге деген қызығушылығын дамытудын тиімді жолдарын іздеймін.
Бұл тұрғыда қазақ тілін оқытудың кең тараған және заман талабына сай өткен тақырыппен жаңа тақырыпты жүйелі байланыстыратын жұмысымда қолданылатын дидактикалық ойындарының атқаратын рөлі зор.
Ойын – ол шығармашылық пен қатар келетін - еңбек. Ойын барысында баланың өздігінен ойлану, есте сақтау қабілеттері, жұмысқа деген қабілеті арта түседі. Әсіресе жастық ерекшелігіне сай «Дүкенде», «Ақша», «Шырайлар», «Менің сүйікті заттарым» және т.б. тақырыптар тіл дамыту сабақтарында дидактикалық ойындар, оқу үрдісін қызықтырып, баланың көңіл – күйін көтеріп, оқу материалдарын меңгеруіне оңайға соғады.
Өз жұмысымда сабақ пен сабақтан тыс іс-шараларында дәстүрлі және заманауи талаптарына сай әдіс – тәсілдерін, интернет жүйесі мен білім беру үрдісінің ақпараттық-техникалық мүмкіндіктерін қолдану арқылы оқушының шығармашылық қабілеттерін жеке дара мүмкіндік ерекшеліне ескере отырып дамытудамын.
Күтпеген сұрақ пен тапсырма оқушылардың тіл білімін тұрақтандырады және өз мүмкіндігіне сенімділігін тудырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Қазақ тілі сабақтарымда әр оқушының білім деңгейін ескере отырып, пән бойынша дидактикалық материалдары қолдану арқылы оқушының ой-өрісінің дамуына жағдай жасаймын. Әдіс-тәсілдердің тиімдісін таңдай отырып, өз жұмысыма лайықты етіп дайындаймын.
Оқушыларымның жылдан – жылға шеберліктерінің артыруы пән бойынша бағаларының жақсарғанын көруге болады. Жақсы нәтиже көрсеткіштері әрине оқушылардың жеке қабілеттеріне байланысты. 9-сыныпта қазақ тілі бірінші жылы оқытқаныма қарамастан, нәтиже көрсеткіштерім барына, көзім жетіп отыр, әсіресе үлгерімі нашар оқушылар арасында. Жылда дарынды балалар мен үлгерімі нашар оқушылармен жеке дара жұмысын қорытынды бақылау дайындық жұмысын жүргіземін. Оқушыларамен ғылыми жоба жазу тәжірибием бар. Сонымен қатар, түрлі пән бойынша интеллектуалды байқауларына белсене қатысу нәтижесінде, оқушыларым жүлделі орындарына иеленгенін көруге болады.
21 жыл жұмыс жасау нәтижесінде өзімнің негізгі мақсатым оқушыларға нақты кең көлемде білім беру үшін оларды сыни ойлауға, ғаламтормен еркін жұмыс істей алуға, өз ойын еркін жеткізуге, өздігінен білім алуға жағдай жасау жұмысын анықтадым. 5 сыныптан бастап, қазақ тілі бойынша тестілеу жұмысын кең қолданамын, өйткені оқушылар тестпен жұмыс жасауға үйренеді. Бұл жұмыс түрін ҰБТ тестілеуге алдын ала дайындық деп есептеймін. Сонын нәтижесінен өзімнің шәкірттерім ҰБТ тестілеуде қазақ тілінен жақсы көрсеткіштеріне ие болды. Еңбек жетістіктерім үшін мадақтамаларым бар. Олардың әрқайсысының өз орны ерекше, 2011 жылы ҰБТ 100% қазақ тілінен сапалық көрсеткіші үшін Аршалы аудандық білім бөлімінің мадақтамасымен марапатталдым. Ташкент қаласынан сол жылы көшіп келген оқушым қазақ тілін оқымаған Лим Александр жеке дара жұмыс нәтижесінен 22 ұпаймен тапсырды. Қазақ тілінен жақсы нәтижелері мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарына түсіп, оқуды білімдерін растауға жағдай туғызды. Мектептің мақтанышы «Алтын белгі» Жакенов Ержан менің оқушым. Менің оқушым Нуртазина Әсел қатарынан аудан және облыстық деңгейінде «Абай оқуларына» қатысып, тамаша өнерін тамашалады. Аудан пән олимпиадасынан жүлделі орынға ие болған оқушым Хилюк Борис. 2017 жылы 8 сынып оқушым Дильман Наталья «Рухани жаңғыру» Бағдарламасы аясында өткен «Тіл дарыны» ғылыми жобалар байқауында «Қазақ халқының музыкалық өнері» тақырыбындағы еңбегі 2 орынға иеленіп, 90 мың теңге сый ақысымен марапатталды.
Мүмкіндігім болған жағдайда педагогикалық білімімді арттыру курс дайындығынан өтуге тырысамын. Мысалы, 2012 жылы Астана қаласының «Келешек» психологиялық орталығынын «Профилактика рискованного поведения и суицидов среди подростков» атты семинарына қатыстым, 2012 жылы Павлодар қаласының Педагог қызметкерлерінің білімін арттыру институтының «Директор орынбасарларының бақылаушы-аналитикалық құзыреттілігін арттыру» атты кусына қатыстын. 2015 жылы Астана қаласының «Кемеңгер» оқу-әдістемелік орталығынан пән бойынша, 2017 жылы Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы», Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілді мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша, Жалпы орта білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша, Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшылары орынбасарларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша курстан білімімді арттырдым.
Ұстаз еңбек жолын қалаған адам жан-жақты болу керек, сондықтан, түрлі байқау, сайыстарына қатысып, жемісін көріп отырмын. 2014 жылы жыл сайын өтетін Екібастұз қаласының «Дельфий ойындарына» қатысып, 2 дәрежелі медалімен марпатталдым. 2015 жылы педагогикалық аудан кәсіби одақтастығы ұйымдастырған спорт жарыстарында шахмат ойындарынан жақсы нәтиже 3 орынға қол жеткіздім.
Кәсіби шеберлігін арттырудан қолүзбей жүрген еңбегінің жемісін көретіне сенімді ұстаздардың бірімін. Мектеп көлемінде, аудан деңгейінде семинарларға белсене қатысып өз педагогикалық тәжірибиеммен ашық сабақ беріп, баяндама жасау арқылы бөлісіп, алмасып білімімді арттыруға ұдайы дайынмын.