Просмотр содержимого документа
«Творческий отчет»
«ҚАЛАЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ММ

Кужахметова Айжан Куанышевна
қосымша білім беру педагогінің
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕСЕБІ
Ақтөбе-2017
Кужахметова Айжан Куанышевна
қосымша білім беру педагогінің
шығармашылық есебі
Еліміздің ертеңі – біздердің, яғни жастардың қолында екені белгілі. Кемел келешек иесі біздер бүгінде қоғамның жетекші күшіне айналып келеміз. Елбасымыздың саясатының арқасында мемлекетіміз жастарға ерекше көңіл бөлуде. Еліміз дамуы үшін бәсекелестікке қабілетті маман иесін даярлау міндеті жүктелген. Сол себепті, менің педагогикалық қызметімнің негізгі мақсаты- ол балаға тек білім беру емес, ол үйірме қатысушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, және сол қызығушылықты әрі қарай дамыту. Балаларды отансүігіштікке, азаматтыққа, мемлекеттік тілге деген құрметін тәрбиелеу.
Үйірме қатысушылары түрлі деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларға қатысу кезінде жетістіктерге жету үшін оқу процессін тиімді түрде ұйымдастыру керек деп санаймын, себебі тиісті деңгейде өткізілген үйірме сабағында баланың қызығушылығын арттыру тиімді болады.
Қосымша білім беру педагогі ретінде оқу қызметімнің нәтижелі болу үшін, мен үйірме қатысушылардың әр түрлі деңгейдегі дайындығын ескере отырып, кез келген білім беру сатысында оқу процессін тиімді пайдаланамын, үйірме қатысушыларды зерттеу жұмыстарына тартамын, информатикаға балалардың қызығушылығын арттыруға жағдай жасаймын. Өз жұмысымда мен педагогикалық технологияларды қолданамын.
2015-2016 оқу жылында: «Объективте» атты республикалық байқаудың-1 орын жүлдегері- Рыжова Ангелина, «Коллаждар, фотомонтаждар» республикалық байқауында-2 орын жүлдегері- Иващенко Дмитрий, «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты республикалық байқаудың қатысушысы-Мергенова Гүлнұр, «Әрі ғажайып, әрі оңай» атты республикалық интернет-байқаудың қатысушысы-Қуанышев Алиби, «Көктемгі көңіл-күй» тақырыбында III республикалық байқауында (Халықаралық қатысумен)- 2 Дәрежелі Диплом-Зейнатдинова Рано, «Жеңіс күні» тақырыбында III республикалық байқауында (Халықаралық қатысумен)қатысушысы- Мергенбаева Динара. «Жасөспірімдер шығармашылығы-2015» облыстық көрмесінде- 1 жүлделі орын- Талгат Батыржан, «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған республикалық шараға қатысқаны үшін- Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасынан- Алғыс хат, «Информзнайка» педагогикалық интернет-журналында «Презентация шебері» байқауында- 3 орын.
2016-2017 оқу жылында: Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығынан- Алғыс хат алдым, «MS Access сұраныстарын жасау» презентациясын интернет-журналда жарияладым, «Компьютер суретінен қалалық байқау» атты қалалық байқаудың шығармашылық есебін Мультиурок сайтында жарияладым, «Менің Қазақстаным» атты ашық сабақты Копилкауроков сайтында жарияладым, «Сиқырдың техникасы» атты балалар шығармашылығының көрмесі және «Бірлігі жарасқан Қазақстан» тақырыбында өткен қалалық байқау туралы мақалаларды «Мектептегі технология» журналында жарияладым, «Балалар әлемді бейнелейді» Юнеско жобасында белсенді қатысқаны үшін- Зейнатдинова Рано- Сертфикат, «Балалар әлемді бейнелейді. Қазақстан-Алматы» Юнеско жобасында белсенді қатысқаны үшін-Сертификат.
Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде атқарылар жұмыс ауқымы өте көп, ал алда тұрған міндеттер оданда көп. Сол жолда еселі еңбегімді одан әрі жалғастыра беретініме сенімім мол.