(G) 2. Сандық есептер шығару. Мұғалім әрбір оқушының жұмысын қадағалайды, бір оқушы тақтада орындайды. Мұғалім есеп шартының қысқаша жазылуын, бақылайды, шығару барысында қиындық туындаса сұрақтар қою арқылы есептің шартын түсінуге ықпал жасайды, сөйтіп олардың есеп шартына талдау жасау дағдыларын дамытады. 1. Көртышқан – алақандары үлкен сыртқа иілген кішкентай аң. Ұзындығы 10 – 15 см және массасы 100 г, ол жылына 1 га қайыңды орманның 10 т топырағын қазып шығарады. Ол жылына тығыздығы 2000 кг/м3 топырақтың қанша көлемін өңдейді? Берілгені: m = 10 т = 10000 кг = 2 000 кг/м3 V – ? | Шешуі: V = m / V = 10000кг / 2 000 кг/м3 = 5м3 | Жауабы: 5м3 2. Кәдімгі сиыр жылына 3–5 мың литр сүт береді, ал сүтті сиырлар 20 мың литрге дейін сүт береді. 1941 жылы тәулігіне 82,15 л сүт берген сиыр рекордқа енді. Осы сиырдың бір тәулікте берген сүтінің массасын анықтаңыз. Сүттің тығыздығы 1 028 кг/м3. Берілгені: V = 82,15 л = 0,08215 м3 = 1 028 кг/м3 m – ? | Шешуі: m = · V m = 1 028 кг/м3 · 0,08215 м3 = 84,45 кг | Жауабы: 84,45 кг 3. Егер сыйымдылығы 35 литр ыдысқа 63 кг күкірт қышқылы сиятын болса, қышқылдың тығыздығын анықтаңыз. 4. Массасы 146 г қалайы кесегінің көлемін анықтаңыз. 5. Көлемі 15 дм3 шыны пластинаның массасы қандай болады? 6. Массасы 949 г металл детальдің көлемі 130 дм3. Бұл қандай металл? Есептің сұрағына жауап беру үшін осы заттың тығыздығын есептеп оны кестедегі тығыздықтармен салыстыра отырып, қандай затқа сай келетінін анықтаңыз. 7. Шойын шардың массасы, ал көлемі 10 дм3. Бұл шардың іші тұтас па, әлде қуыс па? Тұтас шар деген толық шойыннан жасалады, оның тығыздығы кестедегі шойынның тығыздығына тең болады. Егер шар ішінде бос орын болса, бұндай шар қуыс деп аталады. Бұл жағдайда шардың тығыздығы кестедегі шойынның тығыздығынан аз болуы керек, себебі бостықты ауа толтырады. Ал ауаның тығыздығы аз. Формуланы қолданып тығыздықты есептеп, кестелік мәнмен салыстырамыз. 8. Шойын плитаның массасы - 64 кг. Өлшемдері дәл осындай болатын мәрмәр плитаның массасы қандай болады? Егер есеп шартын мұқият оқысақ шойын плитаның көлемі мәрмәр плитаның көлеміне тең: Vш = Vм Үлгерімі жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар. Бұл туралы мәтінде жазылмайды. 9. Керосині бар бөтелкенің массасы 4 кг. Бос бөтелкенің массасы 400 г. Бұл бөтелкеге қандай массадағы су сияр еді? Назар аударыңыз: бөтелке көлемі = бөтелке толған керосин көлемі = бөтелке толған су көлемі. Осы көлемдердің бірін білу жеткілікті! 10. Сүт таситын машинаның цистернасының сыйымдылығы 10 м3. Массасы 30 тонна сүтті тасу үшін машина неше рейс жасау керек? 11. Құрылыс алаңына машина 400 м3 құм әкелді. Барлық құмды тасу үшін машина 50 рет барып келген болса, машина бір жолда қанша жүк көтере алады? 12. Қарағай тақтайлар платформаға тиелген және массасы 12 тонна. Бір тақтайдың көлемі 500 х 20 х 10 (см3) болса, платформада неше тақтай бар? |