Тақырыбы: «Әуезов арулары»
Өтетеін күні: 22.11.2022 ж.
Мақсаты: Қазақ қыздарын Мұхтар Әуезов шығармаларының кейіпкерлері арқылы ұяңдыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Қыз балалардың икемділігін, шеберлігін, шығармашылық қабілетін арттыру, ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты оқушылар бойына дарыта отырып дамыту. Ұлттық сана-сезімге, әдемілік пен әсемдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд,бильборд,музыкалық құрылғылар,көрме,шармен безендіру
Сайыскерлерге қойылатын талап, Бағалау критерийі:
- Мұхтар Әуезов шығармаларындағы әйел бейнелерін сомдауы;
- қыз балалардың сахнада өздерін дұрыс ұстауы;
- әр бөлім бойынша өздерінің білім-біліктілігін көрсете білуі;
- эстетикалық талғамы;
- сөйлеу мәдениеті мен сөз мәнері;
- өз ойларын толық жеткізе білуі;
- ұлттық салт-дәстүрлерді білуі және құрметтеуі.
І жүргізуші: Қайырлы таң, құрметті ұстаздар!
ІІ жүргізуші: Армысыздар, қымбатты студенттер!
І жүргізуші: «Энергетика және құрылыс мамандықтар» бөлімшесінің «Жаңа Қазақстан:кәсіби маман-жарқын болашақ» атты апталығының аясында ұйымдастырылған " М.Әуезов арулары " атты арулар байқауына қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші:
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
1-ші аруымыз – Абайдың жары Әйгерім образында;
2-ші аруымыз – Абайдың ғашығы Тоғжан образындағы;
3-ші аруымыз – Абайдың әжесі Зеренің образында;
4-ші аруымыз – Абайдың анасы Ұлжанның образында.
І жүргізуші:
Сайыстың бағдарламасымен таныс болыңыздар:
Таныстыру
Сұрақ-жауап
ІІ жүргізуші:
Сайысымызды бастамас бұрын.................................
1 бөлім. Таныстыру.
(Ару қыздар ретімен өздерін таныстырады)
Әділ қазылар алқасы бағасын береді.
2 бөлім. Монолог оқу
Байқаудың бұл бөлімі «Монолог оқу»деп аталады. Бұл кезеңде аруларымыз өзі сомдаған бейненің монологын оқиды.
(Ару қыздар ретімен өнер көрсетеді)
Әділ қазылар алқасы бағасын береді.
3 бөлім. Біздің образдардың көзқарасы...
Бұл бөлімде сайысқа қатысушы қыздарымыз қазіргі қоғамдағы қыздардың бейнесі, іс – әрекетіне байланысты өз ойларын ортаға салады.
Сайыскерлерімізге видеоролик көрсетіледі, арулар соған байланысты өз ойларын ортаға салады.
(бағаланбайды, тек арулардың сөздік қорына назар аударады)
4 бөлім. Арулар әсем әуенде (ән орындайды)
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста ән салуға,
Арулар аянбай-ақ жан салыпты, келесі кезеңіміз аруларымыздың әсем әуені. Ендеше тамашалайық.
(Ару қыздар ретімен өнер көрсетеді)
Әділ қазылар алқасы бағасын береді.
1-жүргізуші: Ал, құрметті көрермендер,біздің сайысымыз өз мәресіне жетіп қалды. Енді, сөз тізгінін әділқазылар алқасына тапсырсақ деймін. Құрметті әділқазылар, қыздардың ұпайларын есептеп жеңіске жеткен аруды жария етулеріңізді сұраймыз. Қазылар алқасы дайын болғанша көрермендер арасынан аруларымызға өз жүрекжарды тілектерін білдіргісі келетіндер болса сөз сөйлеуге ортаға шақырамыз.
(Көрермендер сөйлейді)
Әділ қазылар алқасы өз шешімін шығарып болған екен, ендеше сөз кезегі әділқазылар алқасында
(Әділқазылар сөзі)
Қорытынды. Сонымен, корытындылай келе қыздарымызға айтарым: кез келген көргеніңе еліктемей қазақ қыздарына тән қасиеттерді бойына сіңіріп, үлкеннен өнеге, ұлттық дәстүрімізді жалғастыратын ибалы, инабатты, білімді қазақ қызына лайық қыздар болыңыздар.
2-жүргізуші: Ал, құрметті көрермендер, осымен біздің «Әуезов арулары» сайысы соңына келіп жетті. Аруларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Келіп, тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет. Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!