……………………
………………………………..
………………………………..
……………………………….
Ашық сабақ
Тақырыбы : Үй құстары .
Дайындаған : түзеу мұғалімі Д.Китешова
2016- жылы
Күні:
Оқушы: Ержан Елдана
Сабақтың тақырыбы: Үй құстары.
Сабақтың мақсаты: Баланың үй құстары туралы түсініктерін кеңейту. Тіршілік ету ортасын, қоректенуі туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелік мақсаты:Құстардың адамдарға келтіретін пайдасына тоқталу, үй құстарына қамқор болуға тәрбиелеу.
Түзеу мақсаты: Баланың ұсақ қол моторикасын, жалпы қимыл – қозғалыс белсенділігін жетілдіру. Сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу белсенділігін арттыру, баланың есту қабілеті, ойлау қабілеттілігін, зейін тұрақтылығын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: үй құстарының суреттері , бейнероликтер, құрастырма қағаздар
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушымен амандасу
2.Оқушымен зейінін сабаққа аудару.
ІІ Психологиялық дайындық.
- Елдана бүгін бізде ерекше күн! Бізге қонақтар келіп отыр. Олай болса амандасайық.
Жарқын, жарқын үйіміз
Болашақтың күніміз
Балалық шақ үйінің
Жайнап тұрған гүліміз.
ІІІ Тыныс алу жаттығулары
«Тауық мамығы», «Қаз мамығы», «Жапырақ»
Бала мамық және жапырақтарды ұшыру арқылы тыныс алу жаттығуларын жасайды .
ІІІ Жаңа сабақ
1.Танымдық процестерін қалыптастыру
1.Үй құстарының түрлерін көрсету.
Үй құстары дегеніміз-адамдар қамқор көрсетіп, асырайтын құстар. Оларға ұя салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді, ұя маңын тазалайды, балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді.

Қаз қанатын сабалап Мен қоразбын,қоразбын.
Көлдің суын шашамын Жалқаулармен аразбын
Қаңқылдаған дауысым Таңды бұрын қарсы алып,
Алты қырдан асады Елді оятып жар салып
.

Мен ақ тауық,ақ тауық. Мен үйрекпін,үйрекпін
Жүремін мен мақтанып, Балпаң-балпаң басатын
Құс болсам да ұшпаймын Кірмеймін деп қораға
Балапанды қорғаймын. Сайға қарай қашатын.
2. Үй құстарының адамға беретін пайдасы
Тауық, қаз, үйрек, күркетауық - бұлар үй құстары. Адамдар оларды асырып күтеді. Себебі, адамдар олардың еті мен жұмыртқасын тамаққа пайдаланса, құстың жүні мен мамығын жастық, көрпе, күртеше жасайды. Үй құстары жәндіктермен, жем, тамақ қалдықтарымен қоректенеді. Адамдар оларға арнап қора салады. Оны тауық қора деп атайды. Жылы қорада үй құстарына қорқынышты емес.
3. Шұбар тауық ертегісін тыңдау.
-Ертегі тыңдағанды ұнатасың ба ?
- Ия, ұнатамын
- Ендеше, мен сендерге « Шұбар тауық» ертегісін айтып берейін.
Ертеде атай мен әжей болыпты. Олардың шұбар тауығы болыпты. Атай мен әжей шұбар тауыққа жем беріп, күтіп бағады.Бір күні шұбар тауық алтын жұмыртқа туады. Атай алтын жұмыртқаны қолына алып, әрі ұрады, бері ұрады сынбайды.Әжейде алтын жұмыртқаны алып сындыра алмайды. Бір кезде анадай жерде кетіп бара жатқан тышқан жұмыртқаны құйрығымен қағып кетеді. Сол кезде алтын жұмыртқа жарылып қалады. Атай мен әжей жарылған алтын жұмыртқаны көріп қатты жылайды. Сонан кейін шұбар тауық ақ жұмыртқа туады.Оған әжей мен атай қатты қуанады.
- Елдана, ертегі ұнады ма?
- Ұнады.
- Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
- Әжей, атай, тауық, тышқан.
- Қандай тауық?
- Шұбар тауық.
- Шұбар тауық қандай жұмыртқалар туды?
- Алтын жұмыртқа, ақ жұмыртқа.
IV Сергіту сәті
-Елдана отыра бермей бойымызды сергітіп алайық;
Осы биді билейтін адамдарды кім дейді?
-Дұрыс ,биші дейді.Ендеше биші болып көрсек қайтеді. « Кішкентай балапан үйрек » әнін қосып, балаларды билету)
- Рахмет,Елдана ,біз өзімізді бір сәтке биші болып сезініп көрдік!
V Дидактикалық тапсырмалар
1.«Ойын дидары» ойыны
Мақсаты : үй құстарын ажырата білуге үйрету, баланың зейін, есте сақтау қабілетін дамыту
Тапсырма мынандай, мұқият тыңдап ал.
Шарты: Суретке қарап маркермен тек қана үй құстарын шеңбермен қоршап аласыңдар.
(ақырын музыка қосылады, тапсырманы орындайды.)
2.« Құстар мозайка» ойыны
Мақсаты: көріп есте сақтау қабілеті
Шарты: Үстелдің үстінде қағаздан қиылған бөліктер жатыр. Осы бөліктерден құстарды құрастыруымыз керек.
- Қане ,Елдана тапсырманы орындайық?
(музыка жіберіледі)
IV Ауызша тілін дамыту
Ауыл маңы саз – саз - саз,
Жайылады қаз - қаз - қаз
Жем шашсаң мәз - мәз - мәз
Тоймай қалса қаз – қаз – қаз
Шашқан дәннің аз – аз – аз.
1. Тақпақты мұғалімнің артынан қайталау.
VII Үйге тапсырма
Дайын суретті бояп келу
Үй құстардың түрлерін дұрыс атау.
VIIІ Сабақты бекіту
- Саған ойын, ертегі ұнады ма? Ұнаса, шұбар тауық саған сыйқырлы сандық тастап кетіпті . Ашып көрейікші ?!
«Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Бүгінгі келген қонаққа
Сау болыңыз деп айтамыз