СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әдебиеттік оқу ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Миға шабуыл әдісі

-Көктем жаршысы не?                                                                                                      -Құстар қанша топқа бөлінеді                                                                                                  -Құстар тіршілік ететін мекеніне қарай нешеге бөлінеді                                         Жыл құстары мен отырықшы құстарды топтастыру                                                         -Жыл құстарын ата?                                                                                                           -Қыстап қалатын құстарды ата?                                                                                        Құстардың 500 ге  жуық түрі бар.Құстардың жылы жаққа кетуінің себебі-жемнің азаюы.Бір топ қараторғай 22 т шегірткені азық етеді.Қараторғай келісімен күннің көзі ашылып,күн жылынады.Жануарлардың ішіндегі адамаға ең жақыны,досы құстар екен.Құс атаулыны жақсы көретініміз соншалық қазақ халқы өз балаларының атын құсқа теңеп,Қарлығаш, Бұлбұл,Бүркіт,аққу деп атаған.Сұлу да ақылды қыздарын аққуға, күміс көмей әншілерін бұлбұлға, батыр, ержүрек ұлдарын қыран құсқа теңген.Қыран еркіндіктің, батылдықтың белгісін білдіреді.Жалпы құстардың бізге тигізер пайдасы өте көп.Ендеше бүгін құстар  туралы әңгімелей отырып,  Ө.Тұрманжановтың  «Жаралы торғай» өлеңімен танысамыз.

-Балалар торғай не себепті жаралануы мүмкін?

-Оның осы күйге түсуіне кім кінәлі деп ойлайсыңдар?  Неге?

Автормен таныстыру

Оқушылардан Ө.Тұрманжановтың өмірін,шығармашылығын сұрай отырып,толық мәлімет беремін.

          Өтебай Тұрманжанов  1905 жылы 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы Жалғызағаш ауылында туған.Ташкентте 14  жетім балалар үйінде тәрбиеленеді.Мәскеуде Шығыс еңбекшілері Коммунистік университетінде оқып білім алады.Қырыққа жуық кітаптың авторы.Ол балаларға арнап көптеген шығармалар жазған.Оның тақырыптары да әртүрлі.Тұңғыш жинағы «Таң өлеңдері» Қазақтың мақал-мәтелдері «Асыл сөздер»  атты жинақтарды құрастырады.

Просмотр содержимого документа
«Әдебиеттік оқу ашық сабақ»

Тексерілді

Күні 18.02.2017 ж

Пәні әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы Ө.Тұрманжанов «Жаралы торғай»

Сабақтың мақсаты Оқушыларға Өтебай Тұрманжанов туралы шағын түсінік беру. Жазушының шығармаларымен таныстыру. «Жаралы торғай» өлеңін түсіндіре отырып, өлеңнің негізгі мазмұнын ашу, идеялық мазмұнын түсіндіру.

Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өзіндік талдау, жинақтау жасау, жеке, топтық жұмыста шапшаңдық танытуға ой-өрісін дамыту, білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, өз ойын нақты жеткізіп, қорғай білуге машықтандыру. Өлең мазмұны бойынша,құстарды, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі аралас

Сабақтың түрі жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдіс –тәсілдері:шынжыр әдісі,кластер әдісі, миға шабуыл,5 жолды өлең, рөлдік ойын, ұшақ ұшыру

Ресурстар Оқулық,стикер, А-3 форматы,маркер,плакат, тақырыптық суреттер, қима қағаздар

Күтілетін нәтиже: өлеңді талдай алады.

тапсырмаларды толық орындай алады.

табиғатқа,құстарға,қоршаған ортаға қамқорлық жасауды біледі.

Сабақтың барысы


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

7 модульдің қамтылуы

Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

Психологиялық дайындық.

Шаттық шеңберінде тұрып,бір-біріне тілек, лебіздерін білдіреді. Стикер түстері арқылы 3 топқа бөлінеді.

1-топ.Алғырлар

2-топ.Тапқырлар

3-топ.Зеректілер

Топ басшыларын сайлау.

Психологиялық дайындық жасайды. Стикер таңдап, топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлайды.

Көшбасшылық

Үй тапсырмасы (6 минут)

Мәриям Хакімжанова Көктем жыры

«Шынжыр» әдісі бойынша өлеңді үзбей жатқа айтады.


Шынжыр әдісі бойынша өлеңді жатқа айтады.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Үй тапсырмасын бекіту (7 минут)

Постер қорғайды.Көктем көрінісін бейнелей отырып,қорғап шығады.

Сұрақ- жауап -Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Осы өлең сендерде қандай көңіл-күй тудырды?

-Көктемде қандай мерекелерді тойлаймыз?

-Көктемнің алғашқы гүлі қалай аталады?

Топтық жұмыс.

Сұрақтарға жауап береді.

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер,СТО

Жаңа сабаққа дайындық (5 минут)

Миға шабуыл әдісі

-Көктем жаршысы не? -Құстар қанша топқа бөлінеді -Құстар тіршілік ететін мекеніне қарай нешеге бөлінеді Жыл құстары мен отырықшы құстарды топтастыру -Жыл құстарын ата? -Қыстап қалатын құстарды ата? Құстардың 500 ге жуық түрі бар.Құстардың жылы жаққа кетуінің себебі-жемнің азаюы.Бір топ қараторғай 22 т шегірткені азық етеді.Қараторғай келісімен күннің көзі ашылып,күн жылынады.Жануарлардың ішіндегі адамаға ең жақыны,досы құстар екен.Құс атаулыны жақсы көретініміз соншалық қазақ халқы өз балаларының атын құсқа теңеп,Қарлығаш, Бұлбұл,Бүркіт,аққу деп атаған.Сұлу да ақылды қыздарын аққуға, күміс көмей әншілерін бұлбұлға, батыр, ержүрек ұлдарын қыран құсқа теңген.Қыран еркіндіктің, батылдықтың белгісін білдіреді.Жалпы құстардың бізге тигізер пайдасы өте көп.Ендеше бүгін құстар туралы әңгімелей отырып, Ө.Тұрманжановтың «Жаралы торғай» өлеңімен танысамыз.

-Балалар торғай не себепті жаралануы мүмкін?

-Оның осы күйге түсуіне кім кінәлі деп ойлайсыңдар? Неге?

Автормен таныстыру

Оқушылардан Ө.Тұрманжановтың өмірін,шығармашылығын сұрай отырып,толық мәлімет беремін.

Өтебай Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы Жалғызағаш ауылында туған.Ташкентте 14 жетім балалар үйінде тәрбиеленеді.Мәскеуде Шығыс еңбекшілері Коммунистік университетінде оқып білім алады.Қырыққа жуық кітаптың авторы.Ол балаларға арнап көптеген шығармалар жазған.Оның тақырыптары да әртүрлі.Тұңғыш жинағы «Таң өлеңдері» Қазақтың мақал-мәтелдері «Асыл сөздер» атты жинақтарды құрастырады.


Сұрақтарға жауап береді.Шығармашылық қабілеттері артады.



















Автормен танысады.Өлеңді тізбектей оқиды.Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.


Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету



Жас ерекшелігіне сай оқыту

Жаңа сабақ

(15 минут)

Оқулықпен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп,тізбектей оқытамын.Мазмұнын сюжетті әңгімелеу.

Сюжет дегеніміз өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі,оқиғаның тұтас желісі.

«Мен саған,сен маған» әдісі.Сұрақ-жауап

-Торғайдың не үшін ән салуға зауқы болмады?

-Торғайдың қасына жақындаған кезде, ол не істеді?

-Өлеңде қандай теңеу сөздер қолданылады?

Құндыздай қара жүні-мамығының түсі Қорғасындай мұң-көзіндегі қайғыны түсті металға теңеді Шымшылады-аяныш сезімі бойымды биледі.

-Автордың айтайын деген негізгі ойы қандай?

-«Зауқы болмай», «Секем алды» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

-Балалар торғайға не болды және неліктен ұша алмай қалды деп ойлайсыңдар?

«Рөльдік ойын» әдісі.

Сөз тапқыш-өлеңнен жаңа сөз табады

Бейнелеуші-бейнелейді

Дәнекер-өмірмен байланыстырады

Баяндаушы-өлеңнің мазмұнын баяндайды

Сілтеме табушы-өлеңнің қызықты жерін табады

Із қуушы-кейіпкер ізін қуалайды (сұрақ қояды)


«Сөз тапқанға қолқа жоқ » ойыны.

Қойылған сұрақтарға берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап беру. (А,Б,Е)

-Сен бүгін нешеде тұрдың?

-Сен қандай үйірмеге барасың?

-Демалыста қайда барасың?

-Сабақ нешеде басталады?

- Сен нені армандайсың?

-Мектепке немен келесің?

Дәптермен жұмыс.

1-топ.Торғайға көмек, жаралы торғайға кезіксең не істер едің

2-топ.Ұяны бұзған балаға хат жазу

3-топ.Құстар біздің досымыз эссе жазу.

Топтық жұмыс.Кластер әдісі

1-топ.Құстар

2-топ. Құстардың пайдасы

3-топ. 5 жолды өлең

Құстар туралы жұмбақтар, мақал-мәтелдер айту.(Ауызша)

Қарға қарғаның көзін шұқымас.

Аққу құссыз -көл жетім,

Айтылмаған сөз жетім.

Қарға баласын аппағым дер,

Кірпі баласын жұмсағым дер.




Сұрақтарға жауап бере отырып, шығармашылық қабілеттері артады.









Рөлдік ойынын ойнай отырып өлеңнің негізгі мазмұнын толық ашады.






Оқушылар кезектесіп тақтаға шығады.





Берілген тапсырмаларды орындай отырып,дәптермен жұмыс жасайды.


Топпен жұмыс жасайды.



Шығармашылық қабілеттері артады.

Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Көшбасшылық













Сыни ойлауға үйрету,көшбас-шылық













Оқытуды басқару және көшбасшылық

Жаңа сабақты жинақтау (7 минут)

Сабақты қорыту

«Ұшақ ұшыру» әдісі бойынша барлық топ екі сұрақ, бір тілектен жазып ұшырады. -Бүгін қандай тақырып өттік? -Өлең не жайлы екен?

Өлеңнен ойларыңа не түйдіңдер?

-Балалар құстарға қалай қамқорлық жасаймыз?

(атпау,ұясын бұзбау,жұмыртқасын жармау,жем шашу, қорғау)

- Көктем жаршысы, адамзаттың досы болған құстарды аялайық,оларға қамқоршы болайық.Еліміздің болашағы-білімді ұрпағында.Білім аспанында құсша шарықтап ұшыңдар.Ендеше білімге қарай талпынған қанаттарың талмасын.


Сұрақтарға жауап бере отырып, торғай үйшігін құрастырады.

Сыни ойлауға үйрету

Кері байланыс (1 минут)

Балалар бүгінгі сабақта қандай әсер алғандарын, түсініп, түсінбегендерін бас бармақ әдісі арқылы білдіреді


Бас бармақтарын көрсетеді


Бағалау

(1 минут)

Топ басшылары бағалайды және жиынтық бағасын шығару.Оқушыларды сабаққа қатысу деңгейіне қарап бағалау.


Бір бірін бағалайды

ОҮБ және оқуды бағалау

Үйге тапсырма беру (1 минут)

Ө.Тұрманжанов.Жаралы торғай - өлеңді мәнерлеп оқу.

Сюжетті ары қарай жалғастыру.










Рефлексия

Сабақта не сәтті болды? ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Сабақта не сәтсіз болды? (кездескен қиындықтар) -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Нені дамыта алар едіңіз? (мүмкіндіктер) -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
























Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебі







Ашық сабақ Тақырыбы Ө.Тұрманжанов

«Жаралы торғай»



Сыныбы 4 «Г»

Сынып жетекшісі Өксікбаева Қ.І.







Тараз қаласы

Әдебиеттік оқу пәнінен көрініс



Рөльдік ойын

Сөз тапқышәтіннен жаңа сөз табады

Бейнелеуші-бейнелейді



Дәнекер-өмірмен байланыстырады Баяндаушы-мәтіннің мазмұнын баяндайды



Сілтеме табушы-мәтіннің қызықты жерін табады

Із қуушы-кейіпкер ізін қуалайды