СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Үй жануарлары туралы түсінік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Үй жануарлары туралы түсінік беру, олардың адамға пайдасы.

Просмотр содержимого документа
«Үй жануарлары туралы түсінік»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы:Қатынас

Бөлім: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Үй жануарлары

Мақсаты:Үй жануарлары туралы түсінік беру.Олардың ерекшеліктерін,адам өміріне пайдасын,төрт түлік малға не жататынын,олардың төлдерін атап айтуға баулу.Төрт түлік малды күтіп-баптауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: төрт түлік малдың суреттері,буклеттер.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушы

Жылулық шеңбері: «Қошақан»

әнінің музыка әуенімен айттыру:

Жазда апамның аулына,

Барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан

Шықты ойнақтап жүгіріп,

Ақ маңдайлы айма екен,

Шекер ме екен,бал ма екен,

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен.

Кіріспе әңгіме:

-Балалар ,үй жануарларын атап беріңдерші?

-Төлдерін қалай атайды?


Орындарыңа отыра қойыңдар.

Балалар шеңбер бойына тұрып,әнді қайталап,қимылдар жасап айтады:

Жазда апамның аулына,

Барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан

Шықты ойнақтап жүгіріп,

Ақ маңдайлы айма екен,

Шекер ме екен,бал ма екен,

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен


-Сиыр,қой,ешкі,жылқы,түйе,ит,

мысық екенін атайды.

-Бұзау,қозы,лақ,құлын,күшік,

марғау екенін айтады.

Орындарына отырады.

Ұйымдастырушылық

ізденістік.

Хрестоматия оқулығынан төрт түлік малдың төлдері жырын оқып беру-торпақ,лақ, қозы, бота,қошақан.

Төрт түлік малға сипаттама беру:

Түйе-малдың үлкені,

Жылқы-малдың үркегі.

Сиыр-малдың сүттісі,

Қой-түліктің құттысы. (С.Қасиманов)

Төрт түлік малдың адам өміріне

пайдасын толық айтып кету: етін жейміз,сүтін ішеміз,құрт, майын, ірімшігін де жейміз.

Жылқының етін,қазысын-қартасын жейміз,қымызын ішеміз.Қойдың жүнінен көрпе жасаймыз,тоқыма бұйымдарын киеміз.Сондықтан да малды қастерлеу керек.

Сергіту: Жануарлардың қимылын,жүрісін келтіреді:

Лақша секіріп,

Қозыдай маңырап,

Құлындай ойнақтап,

Сиырдай асықпай,

Ботадай маң-маң басып жүреді.

Дәптермен жұмыс.


Төрт түлік малдың төлдері жырын жаттайды.




Тыңдайды



Балалар ауылға.зообаққа барғанда көргендерін айтады.

Қозы-лақтармен ойнаймыз.Атқа отырамыз,әжеміз бізге құртын, сүтін,қымызын ішкізеді,майын жегізеді.



Сергіту:Жануарлардың қимылын,жүрісін келтіреді:

Лақша секіріп,

Қозыдай маңырап,

Құлындай ойнақтап,

Сиырдай асықпай,

Ботадай маң-маң басып жүреді.

Рефлексия-түзетуші

Ойын:төлдердің дыбысын салу.

Қой маңырайды,

Сиыр мөңірейді,

Жылқы кісінейді,

Ешкі маңырайды,

Түйе боздайды.


Балаларды мадақтау.

Ойын:төлдердің дыбысын салады,

ойынға қызыға қатысады:

Қой маңырайды,

Сиыр мөңірейді,

Жылқы кісінейді,

Ешкі маңырайды,

Түйе боздайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Төрт түліктің атын,пайдасын атай алуы;

Игереді: төрт түлік малды күтіп-баптауды игереді;

Меңгереді: Жануарлардың қимыл әрекетін ,дыбыстауын көрсете білуі.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!