Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
ШҚО әкімдігінің бөлім басқармасы
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМКҚ

Орындаған: Амантаева Г.А.
Мамандығы: «Негізгі орта бөлім»
Біліктілігі: «Негізгі мектептің Шетел тілі мұғалімі»
Тобы: 202 «ә»
Семей 2016-2017
Әуезов тілі - менің тілім
Адамдық негізі – әйел мақаласынан:
«Адамның ғұмыр кешірмек кәсібінің терең түбіне қарасақ, хайуанша күндік қоректі таспен атып, ағашпен ұрып аң аулап жеп, немесе жеміс теріп жеп, қарны тойса аңша бір жерге жата кетіп жүрген. Ер жағы қара басынан басқаға қарамай жүргенде, балаларын баулып, асырап, ұйымның басын құраған – әйел.»
15-том. 7-бет. 1917 ж.
«Адамда екі түрлі қылықтың жолы бар: бірі – тіршілік қамы, бірі – адамшылық қамы.»
15-том, 7-бет, 1917 ж.
«Қай уақытта қай халықта болсын, білім жолында жұрт қатарына жетерлік халық болу жолында ең керекті шарт – ақ жүректі екпінді ерлер.»
15-том, 9-бет, 1917 ж.
«Қазақ, мешел болып қалам демесең, тағлімінді, бесігінді түзе! Оны түзейім десең, әйелдің халін түзе.»
15-том, 9-бет, 1917 ж.
Оқудағы құрбыларына мақаласынан:
«Өзіміз көріп жүрген қандай үлкен нәрсені алсақ, сол үлкенді үлкен қылып тұрған біраз ғана жиылып шоғырланған әлгі кішкене нәрсе.»
15-том, 9-бет, 1917 ж.
Жалпы театр өнері мен қазақ театры мақаласынан:
«Театр – сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі.»
15-том, 59-бет, 1926 ж.
Біздің жауапкершілігіміз мақаласынан:
« Жазушылар – жауапты ойдың адамдары»
20-том , 411-бет, 1959 ж.
« Жазушы – партияның көмекшісі. Ал көмектесу – үлкен мен кіші жайында да, жаңа мен ескі-өткеннің қарасы өшпеген қалдықтары жайында да қастерлеп жаза білу деген сөз.»
20-том, 414-бет, 1959 ж.
Әкел достық қолыңды, бауырларым мақаласынан:
« Қара ма, ақ па, сары ма – қай нәсілдегі адам болса да, оның лүп-лүп соққан жүрегі барша жанға ортақ үмітпен, ортақ арманмен толы.»
20-том, 415-бет, 1960 ж.
Жүрекке жүрек ашылсын мақаласынан:
« Геройдың интеллекті – көбінше жазушының өз интеллектісінің тереңдігі мен кеңдігінің туындысы.»
20-том, 426-бет, 1960 ж.
Жыл келгендей жаңалық сеземіз мақаласынан:
« Образ болмай ойдың да қасиеті болмайды.»
20-том, 451-бет, 1960 ж.
«Ең алдымен, жақсы жаздым екен депасқақтамау керек, тумай тұрып толдым, жазбай тұрып болдым деуден қашу керек.»
20-том, 455-бет, 1960 ж.
Кей адамдар жөнінде мақаласынан:
«Көзіңнің ашық тазалығы – таза бұлақ мөлдір суындай. Көзқарасы біралуан, адамға жабысқақ қарайды.»
20-том, 476-бет, 1961 ж.
Ірі оқымысты мақаласынан:
«Адамның адамдығы істі қалай аяқтағанынан емес, қалай бастағанынан білінеді.»
20-том, 358- бет, 1957 ж.
«Студент- қайда оқымасын, қай саладағы мамандық иесі болмасын, әр кезде өз бойына интеллектуалдық мәдениетті мол жинақтауға бой ұруға тиіс. »
20-том, 364-бет, 1957 ж.
«Бүгінгі ағаның ертеңгі үміті- шәкірт , ұрпақ осыны терең сезіне білу керек.»
20том, 365-бет, 1957 ж.
«Отан – өзің туған қала, өзің өскен ауыл, өзің оқыған мектеп, қысқасы, өзің өмір азаматы болып қалыптасуға әсер жасаған орта. Ендеше солар жайлы білу ауа мен судай қажет нәрсе.»
20-том, 366-бет, 1957 ж.
Жүрек алғысы мақаласынан:
«Орталарыңа келу, жүздеріңді көру, осындай жақсы пейілмен қарсы алуларыңды танып білу дегеннің барлығы – ол зор сыйлық.»
20-том, 369-бет, 1957 ж.
Үзілмес достық өреніміз мақаласынан:
«Достық асылы тілде емес, көңіл-пейілде, істе, ертелі-кешті өмірде екенін әркім айырады. Соның үстіне және де достық адам арасында ғана емес, халық пен халық , тарих пен тарих достығы боп та келеді.»
20-том, 374-бет, 1958 ж.