Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз құтты болсын!
Зал төрінде сәнді киінген ата қамшы өріп, әже оюлы тостағандарды сүртіп, Наурыз көже араластырып отырады. Күй күмбірлеп ойнап тұрады. Осы кезде әдемі қазақша киінген балалар мен тәрбиеші залға келіп, жарты шеңбер жасап отырады.
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды,
Қызықтан тыс қалмаңыздар.
Жиналыңдар алаңға,
Салт – дәстүрмен жараса.
Қайта құрып жаңаша,
Той тойлайық тамаша.
Балалар, бүгінгі Наурыз мерекесі құтты болсын! Осы мерекеде ата мен әженің үйіне қонаққа келдік, қане бәріміз амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме, ата- әже және қонақтар!
Ата: Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Әже: Қош келдіңдер, құлындарым! Наурыз мерекесі құтты болсын! Айналайын , балаларым сендерді бүгінгі Ұлыстың Ұлы күнінде арнайы қонаққа шақырдым! Сендерге «Бесікке салу» рәсімін көрсетпекшімін. Ең кенже баламның баласын бесікке салғызамын. Бірақ құдағиым өте алыста тұрады, сендер айналайын құлындарым тойды бастай беріңдер, қонақтар демалып қызықтап отырсын.
Тәрбиеші: Құрметті ата- әже, қонақтар Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Би билеп ән өнерге тамсанайық.
Аңызбен , ертегімен бізге жеткен,
Наурызды қонақтарды қарсы алайық.
Бастауыш: Ата, әже наурыз айының бізге келіп жетер уақытыда болды. Ол өзі дүниені құлпыртып жылына бір-ақ рет келеді.
Шуақ болып төгілер,
Жерге гүл болып егілер.
Наурыз тойын күтуде,
Кіп-кішкентай балалар.
(Осы кезде Күн мен түн кіреді.)
Олжас: Армысың ару Наурыз айы, Күн мен Түн төрлетіңдер! Сендерді біз асыға күтудеміз:
Наурыз айы: Жақсы ма ата халіңіз,
Менің атым- Наурыз.
Балдай тәтті сары уыз,
Алып келдім алыңыз.
Күн: Сәулесі көп күнмін.
Түн: Жұлдызы көп түнмін.
Күн мен Түн: Бірдей болып біздер теңелеміз бүгін.
Түн : Ал ертең күн ұзақ.
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Наурыз:Ұйқыларың қанбай жылап жүрмеңдер.
Олжас: Жоқ, күн мен түн, көктем,жаз мезгілдерінде балалар бақшаға кешікпей келеді.
Тәрбиешілер: Төрлетіңдер, балалар! Рахмет сендерге, Ұлыстың Ұлы күнінің қасиетті ерекшеліктерін түсініп айтып бергендеріңе. Ортаға: Айғаным, Қайса, Амина, Едіге, Адай, Акежанды шақырамыз.
Тәрбиеші:
Салтанатты сәніміз,
Қызық думан құрамыз.
Ән салып жас- кәріміз,
Би билейік бәріміз.
Би «Тостаған» биі.
Ән : «Наурыз»
Би : «Қамшы»
Құдағи кіреді: Төс қағыстырып амандасады.«Бесікке салу» рәсімін көрсетеді.
Тәрбиеші: Әже рахмет сіздерге балаларды халқымыздыңсалт-дәстүріментаныстырғандарыңызға.
Балалар, наурыз мерекесінде айтыңдаршы қандай тағамдар дайындаймыз?
Балалар: Бешбармақ, жент, жеті шелпек, құрт, қымыз, айран,шұбат қоямыз.
Тәрбиеші: Әже «Наурыз көже қалай жасалады?»
Әже: 7түрлі дәмнен жасалады. Оған: тары, бидай, құрт, айран,ет, тұз,су қосады.
Ойын: «Арқан тарту, қыз қуу»
Би: «Қара жорға» бишілер билейді.
Тәрбиеші: Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсақ жол болсын!
Осымен шағын ғана оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Көріп тамашалағаныңызға көп-көп рахмет!