Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін, дінің, ұлттық дүниетанымын, ұлттық киімін, тамағын,
ұлттық ойындарын насихаттап көрсету;Тілге деген, дінге деген ұлттық
сезімдерін ояту, қазақ халқының салт-дәстүрлерін бағалап, Ұлыстың ұлы
күнін мақтанышпен қарсы алып құрметтей білуге тәрбиелеу.
1-жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.
2- жүргізуші:
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді.
Ендеше, той құтты болсын!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!
1-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық!
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың
Шашуларын шашайық!
(Шашу шашылады).
« » әні орындалады
2- жүргізуші:
Ал енді оқушылардан Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны туралы сұрайық:
Ақерке : Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.
Диана: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.
Қаныш: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.
1-жүргізуші: Қыздарымыздың орындауында «қазақтың ұлттық» биі.
2-жүргізуші:
Құтты болсын әр күнің,
Сыйла, бақыт баршаға.
Сәбидің әсем шат үнін
Тыңдат абзал анаға.
Наурыз – достық,
Наурыз – күн.
Барша халық бірлігі.
Тағы келді ұлыс күн.
Балалардың тапақтары бар екен, ортаға шақырайық.
Томирис:
Елім менен жеріме,
Ырысын шашқан Науырыз.
Күлімдеген көктемге,
Шуағын шашқан Науырыз.
Жеті түрлі дән салып,
Дәм татқызған Науырыз.
Жақсылық тілеп халыққа,
Молшылық әкелсін Науырыз.
Е.Нұрәли:
Құстар ұшып келеді,
Наурыз келді алақай!
Күн нұрындай төгіледі,
Көк кілемге жамылып жер.
Ағаштар да гүлденіп,
Шашу шашты егінге.
Шаттанамыз қуанып,
Наурыз тойы болғанда.
Біз бақытты баламыз
Бақыт тілеп баршаға,
Ақ тілекті дос-жаран
Құтты болсын мереке!
Аяна:
Қазағым, наурызың құтты болсын,
Көтерген шаңырағың биік болсын.
Тілектері ұлтымның қабыл болып,
Жақсылығын бір Алла иіп тұрсын.
Наурыз тойы- ақ батаның бастауы,
Береке мен бірліктің жалғасуы.
Жеті түрлі қасиетті дәмменен,
Байтақ елдің бір толады астауы.
Искандер:
Наурыз келіп көктем сазы білінер,
Ойнап- күлген жас балалар жүгірер.
Жаңа жылы қазақ деген ұлы елдің,
Наурыз ай шаттықпенен нұр берер.
Гүлі шығып дала жайнап құлпырған,
Далам қандай тамаша еді ән тұңған.
Бусап жатыр далам бүгін терлене,
Баурайынан қары кетіп құрсанған.
С Темірлан:
Көктем келді, Наурыз келді,
Жер көгерді, тал гүлдеді.
Дастарханын жайып дархан,
Жақсылық пен бақыт шашқан,
Наурыз келді тойға ұласқан.
Наурыз тойы құтты болсын,
Жер көгеріп малға толсын.
1жүргізуші: Құрметті, оқушылар енді сіздерді қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз. (ойындардың түрлерін көрсетеді)
1. Асық ойыны
2. Арқан тарту
3. Қол күресі
4 Көтермек ойыны
2 - жүргізуші: Осындай той қазақта бола берсін,
Көңілдерге жақсылық қона берсін.
Береке күннен - күнге тола берсін,
Ырыс - құт басыңыздан аса берсін.
Ынтымақ боп, бірлік боп елімізде,
Еліміз ілгері аяқ баса берсін.
1 - жүргізуші:
Ән қосылсын әніңе,
Сән қосылсын сәніңе!
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман – есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!
2-жүргізуші: ендеше ортаға шығып бәріміз бірге «Қаражорға» биін билейік!
(Кеш соңында ата-аналар дайындап келген наурыз көже таратылады)