СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Урок геометрии в 8 классе.

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Урок геометрии предназначен для учащихся 8 класса. Урок - повторение раздела " Четырехугольники" На уроке учащимся представлены вопросы для повторения, задания по заполнению семантических карт, анализ по етоду диаграммы Венна. 

Просмотр содержимого документа
«Урок геометрии в 8 классе.»

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Ұзынкөл ауылының

Ұзынкөл жалпы орта

білім беретін мектебінің

математика пәнінің мұғалімі

Иманкулова Фарида Даутовна

Электрондық пошта:

uzunkol_terek@mail.ru

үй телефоны: 87113235318

ұялы телефоным: 87770606368


Сабақтың тақырыбы: «Төртбұрыштар»

Сабақтың түрі : Білім мен дағдыны қорытындылау,жүйелеу сабағы.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік мақсаты:

Төртбұрыштар жалпы ұғымын меңгеріп,анықтамаларды,қасиеттерін меңгереді.

  1. Дамытушылық мақсаты:

Төртбұрыштар туралы,анықтамаларды,қасиеттерін есептер шығаруға қолдана алады.

  1. Тәрбиелік мақсаты:

Оқушылар төртбұрыш түрлерін ,оның қасиеттерін сызба түрінде көрсете алады.

Оқу әдісі: Практикалық сабақ.

Сабақта қолданылатын стратегиялар: Топтастыру,ой толғаныс,семантикалық карта, Венн диаграммасы.

Көрнекіліктер: Слайдтар, интерактивтік тақта, үлестірмелі көрнекілік.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру сәті, оқушыларды топқа бөлу.(2мин.)


  1. Қызығушылықты ояту: «Төртбұрыш» сөзжұмбағын шешу.(5мин.)


  1. Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш.

  2. Барлық бұрышы тік болатын төртбұрыш.

  3. Барлық қабырғасы тең болатын параллелограмм.

  4. Екі қабырғасы параллель төртбұрыш

  5. Бұрышты қақ бөлетін түзу.

  6. Төртбұрыштың ені және .......

  7. Қарама-қарсы қабырғасы параллель төртбұрыш.

  8. Қазақтың байырғы өлшем бірлігі.

  9. Айналдырса оны егер,

10. Шар болады кемеңгер.


II. Мағынаны ажырату: Сұрақтар беріп ,төртбұрыштар тақырыбын қайталау.(3мин.)

Қайталау сұрақтары:

1.Қандай фигуралар төртбұрыш деп аталады?

2.Қандай төртбұрыш түрлерін білесіңдер ?

3.Параллелограмм дегеніміз не?

4Трапецияның орта сызығы дегеніміз не?

5.Ромб дегеніміз не?

6.Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неге тең?

7.Трапеция дегеніміз не?

8.Тік төртбұрыш дегеніміз не?

9.Төртбұрыш диагоналі қалай жүргізіледі?


Үлестірмелі көрнекілік бойынша жұмыс.(Әр топқа тапсырма беріледі)

Топ ішінде талдап, Топ басшысы тақтаға шығып қорғайды. (10мин.)

№1. «Тік төртбұрыш» есеп беріледі .

№2. «Параллелограмм» есеп беріледі.

№3. «Ромб» есеп беріледі


Тест жұмысы. (15мин.)

  1. Ромбының бір бұрышы 65° болса, қалған бұрыштарын табыңдар?

А) 65°; 75°;105°;105°.

В) 65°;65°; 115°;115°.

С) 50°;40°;110°;125°.

2.Егер қабырғалары 4см, 10см, 14см, 22см болса, онда төртбұрыштың периметрі неге тең?

А) 34см. В) 48см. С) 50см.

3. Параллелограмның бір бұрышы 32° болса қалған бұрыштарын табыңдар?

А) 32°;32°;148°;148°.

В) 32°;44°;60°;105°.

С) 64°;64°; 32°;32°.

4.Егер төртбұрыштардың бұрыштары 1:3:5:9 қатынасындай болса, онда бұрыштары неге тең?

А) 10°; 65°;75°:80°.

В) 20°; 60°;100°;180°.

С) 15°;65°;85°;105°.

5. Трапецияның табандары 4см және 6см. Орта сызығы неге тең?

А) 10см. В) 25см. С) 5см.

Жауаптары :

1) В. 2) С. 3) А. 4) В. 5) С.

Семантикалық карта


Реті

Қасиеттері












Төртбұрыштар


Қарама – қарсы қабырлары тең және ІІ

Қарама – қарсы бұрашытары тең

Диагональдары қиылысып, қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді

Диагональдары тең болады

Диагоналі тең екі үшбұрышқа бөлінеді

Диагональдары өзара перпендикуляр және оның бұрыштарын қақ бөлінеді

Барлық бұрыштары тік

Қарама – қарсы қабырғасы параллель

Қарама – қарсы параллель емес

1

Параллелограмм











2

Тік төртбұрыш











3

Ромб











4

Квадрат











5

Трапеция














Параллелограмм Ортақ Тіктөртбұрыш

















Семантикалық карта толтыру. Сабақты қорытындылауға картаны толтырып, бір-бірімен алмастыру арқылы тексеру.(7 мин )


Бағалау: Сұрақтарға жауап.

Тест жұмысының қорытындысы.

Семантикалық карта толтыру.


Үйге тапсырма:


Венн диаграммасын толтырып келу «Тіктөртбұрыш және параллелограмм».