СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Урок по казахскому языку

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Урок по казахскому языку с использованием семи модулей уровневых курсов "Назарбаев интеллектуальная школа"

Просмотр содержимого документа
«урок по казахскому языку»

Қазақ тілі. 9-сынып. Қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан спорты

Жалпы мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым- қатынастық біліктілігін дамыту, грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасату.Оқушыларға өз елін қастерлеуге, халық дәстүрін , Отанын сүюге , спортпен әуестенуге тәрбиелеу. Әдіс- тәсілдер: Блум таксономиясы бойынша сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдіс- тәсілдері Күтілетін нәтиже: Спорт туралы хабардар болу; Қазақстан спорт шеберлері туралы түсінік алу; Тапсырманы орындағанда бастапқы біліміне сүйеніп, алға қарай да өмірде пайдалану;

Өз бетімен білім алуға мүмкіндік туғызу;

Сыни тұрғыдан ойлануға мүмкіндік туғызу.

Негізгі идеялар: Қазақстан спорт шеберлеріне еліктеу, олардан үлгі алу;

Дереккөздер: Интернет деректері, бейнефильм, сайттар, ресурстар

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Қайырлы таң достарым, 
Қайырлы күн болсын. 
Бейсенбі күннің әр кезі, 
Сәттілікке толсын. 
Біздің алар бағамыз, 
Кілең «бестік» болсын

Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін шеңберге тұрып, «Не құнды?» тренингін өткіземін. Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды. Не құнды ? екенін сыни ойлана отырып жауап береді (Мыс: отбасы құнды, білім құнды, уақыт құнды, салт- дәстүріміз құнды, денсаулық құнды, махаббат құнды)

Бағалау парағы түсіндіру Үй тапсырмасын сұрау: Өткен «Шымбұлақ» модуль бойынша өткінші сұрақтар. «Ыстық орындық» әдісі арқылы. Ыстық орындыққа отырған оқушы соңғы модуль бойынша не есте қалды соны айтады, келесі оқушы оны толықтырады. Жаңа сабақ: І. Білу,тану 6 минут «Чемпиондар әнін» бейнетаспадан тыңдау. Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? Спорт түрлерін атап шығады. Қайсысы көбірек ұнайды?

Бүгінгі сабақтың ұраны «Тезірек, ептірек, күштірек», сондықтан сыныпты 3 топқа бөлеміз.
Топқа бөлу: Сыныпты 3 топқа бөлу. Жүйріктер, Күштілер, Ептілер. Оқушы білімін актуализациялау
Қағаз таратылады спорт сөзіне ассоциациалық алаң құру
Ассоцияция құрып, жұмыстарын қорғайды

ІІ. Түсіну: (топтық тапсырма) 10 минут. Оқушыларға мәтін бойынша постер жасауды ұсынамын. Топта келісіліп орындалады.

Спорт
Спорттың денсаулыққа пайдасы зор. Спорт-адамды күшті болуға, жылдамдыққа, тез ойлануға үйретеді. Спорт бүгінде елімізде жақсы дамып келеді. Спорттың қай түрін алып қарасақ та, барлығы да адамның денсаулығына пайдалы. Елімізде дамыған спорт түрлері: қазақша күрес, бокс, шаңғы спорты, суда жүзу, жеңіл-ауыр атлетика, мәнерлеп сырғанау, тоғызқұмалақ, т.б.
Қазақстанның мерейін көтерген белгілі спортшылар өте көп. Олар: Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Александр Винокуров, Илья Ильин, Серік Сәпиев, Бекзат Саттарханов, Әлия Юсупова, Иван Дычко, т.б. Еліміз олармен мақтанады.
Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында Қазақстандық спортшылар 17 медаль алды. 3 алтын, 5 күміс және 9 қола медаль. Қазақстандық жүлдегерлер: Нижат Рахимов-ауыр атлетика, Дмитрий Баландин- жүзу, Данияр Елеусінов- бокс , Елдос Сметов- дзюдо, Жазира Жаппарқұл- ауыр атлетика, Василий Левит- бокс , Әділбек Ниязымбетов- бокс, Гюзель Манюрова- әйелдер күресі , Галбадрах Отгонцэцэг- дзюдо, Фархад Харки-ауыр атлетика, Карина Горичева- ауыр атлетика, Ольга Рыпакова- жеңіл атлетика, Александр Зайчиков- ауыр атлетика, Эльмира Сыздықова- әйелдер күресі, Екатерина Ларионова-әйелдер күресі, Иван Дычко- бокс, Дариға Шәкімова-бокс.

Жылдамдық-быстрота

Дамып келеді- развивается

Мәнерлеп сырғанау- фигурное катание

Мерей-престиж

Қола-бронза

Қор-фонд

ІІІ. Қолдану «Ашық микрофон» Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды, диалог орнату мақсатында берілген сұрақтарға жауап береді. Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді:  1-топқа

1.Адамдар спортпен неліктен шұғылданады?

2. Спорттың қандай түрлеріне арнайы қандай дайындық керек ?

3.Сендердің ойларыңша , қазіргі жастарға спорттың қай түрі көбірек ұнайды?

2-топқа

1. Біздің елдегі ерекше танымал спорт түрлері қандай ?

2. Халықаралық спорт жарыстарында жүлделі орынға ие болған отандық спортшыларды білесің бе ?

3. Олар спорттың қай түрінен жарысқа түсті ?

3-топқа.

1. Қазақ халқының ұлттық спорт түрлері жайлы не білесіңдер?

2.Олардың қай түрлері күні бүгінге дейін сақталып, жалғасуын табуда?

3. «Спорт – денсаулық кепілі» деген пікірге қосыласың ба ?

ІҮ.Талдау. Топтық тапсырма. Синтаксистік талдау. Жай сөйлем туралы сөйлесу.

1топ: Спорт-адамды күшті болуға, жылдамдыққа, табандылыққа, тез ойлануға үйретеді. 2топ: Спорт бүгінде елімізде жақсы дамып келеді.

3топ: Қазақстанның мерейін көтерген белгілі спортшылар өте көп.

Ү.Жинақтау

Топтық жұмыс: Спорт туралы жарнама жасау.

ҮІ.Бағалау

Бүгінгі тақырып бойынша не ұқтық?

«Бір айналым сөйлем» әдісі бойынша жаңа сабақты қорытындылау.

Мәтіннің ішінен негізгі ойды білдіретін сөйлемді табыңдар.

Қорытынды баға : өзін- өзі бағалау бетшесіне баға қойып, орташа бағаларын айту керек. Күнделіктеріне бағасын қойдырады Рефлексия: Сабақтан алған әсерін айтады.

Нені меңгердім?....
Нені білемін?....
Не ұнады?.......
Не істей аламын? ....
Қандай қиындық болды?...
Оны қалай жеңе алдым?... деген сұраққа жауап жазу арқылы кері байланыс жасайды. Үй тапсырмасын беру.

Спорттың қандай түрін ұнатасын мәліметтер жинастырып келу




1-топқа

1.Адамдар спортпен неліктен шұғылданады?

2. Спорттың қандай түрлеріне арнайы қандай дайындық керек ?

3.Сендердің ойларыңша , қазіргі жастарға спорттың қай түрі көбірек ұнайды?

2-топқа

1. Біздің елдегі ерекше танымал спорт түрлері қандай ?

2. Халықаралық спорт жарыстарында жүлделі орынға ие болған отандық спортшыларды білесің бе ?

3. Олар спорттың қай түрінен жарысқа түсті ?

3-топқа.

1. Қазақ халқының ұлттық спорт түрлері жайлы не білесіңдер?

2.Олардың қай түрлері күні бүгінге дейін сақталып, жалғасуын табуда?

3. «Спорт – денсаулық кепілі» деген пікірге қосыласың ба ?

Синтаксистік талдау:

1топ: Спорт-адамды күшті болуға, жылдамдыққа, табандылыққа, тез ойлануға үйретеді.

2топ: Спорт бүгінде елімізде жақсы дамып келеді.

3топ: Қазақстанның мерейін көтерген белгілі спортшылар өте көп.




Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырма

сы

Ассоци-ациа-

лық алаң

Постер

Ашық микрафон

Синтаксис

тік талдау

жарнама

Ортақ  баға

1









2









3









4









5











Спорт
Спорттың денсаулыққа пайдасы зор. Спорт-адамды күшті болуға, жылдамдыққа, тез ойлануға үйретеді. Спорт бүгінде елімізде жақсы дамып келеді. Спорттың қай түрін алып қарасақ та, барлығы да адамның денсаулығына пайдалы. Елімізде дамыған спорт түрлері: қазақша күрес, бокс, шаңғы спорты, суда жүзу, жеңіл-ауыр атлетика, мәнерлеп сырғанау, тоғызқұмалақ, т.б.
Қазақстанның мерейін көтерген белгілі спортшылар өте көп. Олар: Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Александр Винокуров, Илья Ильин, Серік Сәпиев, Бекзат Саттарханов, Әлия Юсупова, Иван Дычко, т.б. Еліміз олармен мақтанады.
Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында Қазақстандық спортшылар 17 медаль алды. 3 алтын, 5 күміс және 9 қола медаль. Қазақстандық жүлдегерлер: Нижат Рахимов-ауыр атлетика, Дмитрий Баландин- жүзу, Данияр Елеусінов- бокс , Елдос Сметов- дзюдо, Жазира Жаппарқұл- ауыр атлетика, Василий Левит- бокс , Әділбек Ниязымбетов- бокс, Гюзель Манюрова- әйелдер күресі , Галбадрах Отгонцэцэг- дзюдо, Фархад Харки-ауыр атлетика, Карина Горичева- ауыр атлетика, Ольга Рыпакова- жеңіл атлетика, Александр Зайчиков- ауыр атлетика, Эльмира Сыздықова- әйелдер күресі, Екатерина Ларионова-әйелдер күресі, Иван Дычко- бокс, Дариға Шәкімова-бокс.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!