СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Урок по казахскому языку: "Қоршаған орта"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:Оқушылардыңтабиғаттуралыбілімдерінмолайту,қоршаған ортаны қорғайжәнесүйебілетінадамгершілікті, экологиялықбілімдіұрпақтәрбиелеу,ойлау,естесақтаужәнетанымдыққабілеттерінарттыру; сынитұрғыданойлаудағдыларынқалыптастыраотырып,ойларынжүйелі,нақтыжеткізебілугеүйрету.

Просмотр содержимого документа
«Урок по казахскому языку: "Қоршаған орта"»

Жаңаөзен қаласындағы № 3 орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі С.А. Оразованың

қалалық ашық сабақтың тақырыбы:

6 А сынып «Қоршаған ортаны қорғау»

Таза болса табиғат,

Аман болар адамзат.

Мақсаты: Оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, қоршаған ортаны қорғай және сүйе білетін адамгершілікті, экологиялық білімді ұрпақ тәрбиелеу,ойлау,есте сақтау және танымдық қабілеттерін арттыру; сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып, ойларын жүйелі, нақты жеткізе білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», АКТ, «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», ОүБ, «Ой қозғау».

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, география,биология, музыка, бейнелеу өнері.

Оқыту нәтижесі: Тақырыптың мазмұнын ұғынып, қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігін сезінеді.

Қосымша тапсырмалар: Бақылау және жағдаяттық сұрақтар

Негізгі деректер: Оқулық, интерактивті тақта, слайдтар, маркерлер, түрлі-түсті қағаздар, смайликтер.

Сабақ кезеңдері:

Ұйымдастыру кезені: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Психологиялық дайындық және топқа бөлу: Оқушылар табиғатқа байланыс-ты аналарының, әжелерінің айналып-толғанып, еркелету сөздерін («айым», «күнім», «жұлдызым», «гүлім», «жапырағым» т.б.) айтып, «Асқар тау», «Мөлдір бұлақ», «Жасыл желек» атауларымен үш шағын топқа бөлініп, орындарына жайғасады да сынып ережесін қайталайды) Үй тапсырмасын пысықтау: Оқушыларға үйге табиғатқа байланысты мақал-мәтелдер, тыйым сөздер және өлеңдер жаттап келу тапсырылған болатын. Жаңа сабақ: «Ой қозғау» әдісі бойынша интерактивті тақтадан табиғаттың суреттерін көрсету арқылы жаңа тақырыпты ашу; Оқушылар өз ой-пікірлерін айтып, сабақтың тақырыбын ашады. Глоссарий (сөздікпен жұмыс) бойынша оқушыларды мәтінде кездесетін жаңа сөздермен таныстыру; олармен сөз тіркестерін немесе сөйлемдер құрату. қоршаған орта- окружающая среда тіршілік - жизнь тыйым салу - запрещать мәселе – проблема келер ұрпақ - будущее поколение

Мәтінмен жұмыс: топтарға тапсырма беру: I топқа: «Қоршаған ортаны қорғау» мәтіні (оқулықта); II топқа: Төле би туралы мәтін (қосымша тапсырма);

Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен. Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай, киіз үйін жықпай отыра беріпті. Қалмақтың әскер басы бұның себебін сұраса, Төле би үйінің төбесін көрсетіп: «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды, балапандары әлі жас, ұша алмайды» - депті. Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты.

III топқа: Табиғат туралы мәтін (қосымша тапсырма);

Табиғат- бізді қоршаған орта, ол адам санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Табиғат адам үшін- асыл ана. Ол- ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Табиғаттағы жануарлардың мүйізінен, өсімдіктердің тамырынан дәрі-дәрмектер жасаған. Табиғаттың сырын білмей, қалай болса солай пайдалануға болмайды, өйткені соның салдарынан табиғат байлақтары кеми түседі. Қазіргі таңда табиғаттың ластануы үлкен мәселе. Бұл адам өміріне қауіпті. Қазақта «Бір тал кессең, он тал ек» деген сөз бар. Адамның қоршаған ортасы таза болуы тиіс.Табиғаттың қорғаны-жас ұрпақ, Біз киетін киімді, оқитын кітапты, тағамды- бәрін де табиғаттан аламыз. Адам ағзасының нашарлауы шаң-тозаңнан, қатты суық және ыстық желдер-ден, микробтардан, түтіннен, улы газдар мен бактериялардан бастау алады. Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты қорғауымыз керек. Табиғатты қорғау-адамның өзін-өзі қорғауы.

Оқушылар өздеріне берілген тапсырмалармен танысып,бір-бірімен ақылдаса отырып, мәтінді талқылайды, постерлерін дайындайды. (Осы кезде жай әуенмен Ұ.Жолдасовтың орындауында «Табиғатым» әні қосылып тұрады.) Әр шағын топ өздеріне берілген мәтіннің мазмұнын түсіндіреді, мәтінге ат қояды. Топ мүшелері бірін-бірі толықтырады, сұрақтар қояды. Кері байланыс: Оқушылар бір-бірінің сөйлеу мәдениетін, ойын нақты, жүйе-лі жеткізуін және суреттің эстетикалық талғамға сай немесе сай емес екені туралы өз пікір, ұсыныстарын сыни тұрғыдан айтып, стикерлерге жазып, постерлерге жабыстырады, баға беріп, берген бағаларын дәлелдейді. Сергіту сәті: Оқушыларға сергіту мақсатында көңілді әуенмен («Көңілді күн») дене қозғалысын жасату.

Бекіту: І. Әр шағын топқа тапсырма ұсыну; І- топ: Сөйлем мүшесіне талдау: Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүре алмайды.

ІІ- топ: Сөз құрамына талдау: табиғатым, бұлақтың, ұрпаққа, перзенті; ІІІ -топ: Тәуелдеу: борыш, Отан. Берілген тапсырмаларды әр топ мүшелері интерактивті тақтада орындайды, қалған оқушылар дәптерлеріне жазады. ІІ. Тапсырма: Табиғатқа байланысты І -топтың тыйым сөздер, ІІ -топтың өлең,тақпақ, ІІІ –топтың мақал -мәтелдер айтуы.


Тыйым сөздер:

-Жалғыз ағашты жұлма;

-Суға түкірме;

-Құстың ұясын бұзба;

-Талды кеспе;

-Бұлақты былғама;

-Шөпті таптама;

-Аққуды атпа;

-Құмырсқаның илеуін бұзба;

-Орманды өртеме;

-Өрмекшіні өлтірме; -Гүлді жұлма;

Өлең шумақтары:

І. Табиғат сенде бәрі ортақ,

Аспаның, аңың, құсың да.

Тегінде жаның жомарт-ақ,

Ізгілік жатыр бойыңда,


ІІ. Шеберсің-ау, шеберсің,

Көрмегенді көрсетерсің, берерсің.

Ұлан-ғайыр байлығыңды місе етпей,

Ашкөзденген адамдарға не дерсің?!

Айың анау, күнің мынау, жер міне.

Оу, адамдар,

Жетпей жатыр енді не?

Табиғатқа таласпаңдар, ағайын,

Асырайды ол сені, мені, елді де.




ІІІ. Жер- Ана мен өз анаң егіз екен,

Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам туды Жер-Ана жетілдірді,
Осыны өзім өмірге негіз етем.



Мақал -мәтелдер айтуы.

1.Жұпар ауа-дертке дауа. 2.Судың да сұрауы бар. 3.Бір тал кессең, он тал ек. 4. Табиғат-тал бесік. 5.Ауа – өмір тынысы. 6. Табиғатты қорғау-адамның өзін-өзі қорғауы. 7 Бұлақ көрсең көзін аш. 8.Табиғат-тіршілік көзі. 9.Жердің көркі тал болар, елдің көркі мал болар. 10.Сулы жер –нулы жер, бұлақты жер-тұрақты жер. 11.Ағаш ексең аялап, басыңда болар сая бақ. 12.Көлдің көркі-құрақ, таудың көркі-бұлақ.

Жағдаяттық сұрақтарға жауап алу:

І -топ: «Адамның табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер? ІІ -топ: «Табиғатқа жасалған қастандық адамдардың өздеріне қайтып соғады» дегенге сенесіңдер ме? ІІІ -топ: «Табиғатты қорғау-адамның өзін-өзі қорғауы» дегенге келісесіңдер ме?

«Табиғатқа көрік беретін де, ажарландыратын да- гүл. Гүлдің адам өмі-ріндегі маңызы қандай?» - деп оқушыларға сұрақ қоямын. Оқушылар сұраққа жауап берген соң, «Ата-анаңыздың әдемі гүлі болып, өмірлеріңіз гүлдей жай-най берсін!» деген тілекпен қызылды-жасылды гүлдердің суреттері бар ашықхаттарды әр топ мүшелеріне таратып беремін. Ашықхаттардағы тапсыр-ма: Ойды аяқтаңыздар:

1. «Егер мен суретші болсам... » 2. «Егер мен табиғатты қорғайтын маман болсам... »

3. «Егер мен сиқыршы болсам... не істер едім?»

Сабақ соңында оқушылар кері байланыс мақсатында табиғатқа арнап жүректен шыққан игі тілектерін осы ашықхаттарға жазып, тілектерін оқиды («Табиғатқа тілек»)

-Гүлдей бер, Жер -Ана!

-Аспаның ашық болсын!

-Аспаныңды бұлт торламасын!

-Тоғайың аң мен құсқа толсын!

-Суың мөлдір, бұлағың таза болсын!

-Орманың өрттен аман болсын!

-Бұлбұлың сайрай берсін!

-Апаттарың болмасын!

-Теңізің ешқашан тартылмасын!

-Табиғи байлықтарың мол болсын!

-Жан-жануарларың, аң-құстарың аман болсын!

Ой толғаныс. «Егер табиғатқа тіл бітсе...»

«Қоршаған ортаны таза сақтау үшін не істеу керек?» сұрағы бойынша балалардың ой-пікір, ұсыныстарын топтастыру.



Сабақты қорыту:

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,

Пәк табиғат, әр жүректің тамылжыған жырысың.

Ей, адамзат! Ақылға сал, қатігездік жасама

Өзің-дағы содан тудың, табиғаттың ұлысың!



Сабақтың «Таза болса табиғат,

Аман болар адамзат» эпиграфына қайта оралып, оқушылардың пікірлеріне сүйене отырып, мағынасын ашу.

Сабақты оқушылардың табиғатқа байланысты бір-біріне тілек айтуымен аяқтау :

-Бұлақтай мөлдір таза бол!

-Жұлдызың жарық болсын!

-Айың оңыңнан тусын!

-Көңілің гүлдей шалқысын!

-Гүлдей жайнай бер!

-Аспаның ашық болсын!

-Таудай талапты бол!

-Көңіліңді бұлт шалмасын! -Қызғалдақтай құлпыра бер!

Сабақ соңында әр шағын топ смайликтерді өз постерлеріне жабыстыру арқылы сабақтан алған әсерлері мен көңіл-күйлерін білдіреді.



Үйге тапсырма: «Адам мен табиғат - егіз» эссе жазу



Сабақты аяқтау: Оқушыларды мадақтау,бағалау бетшелерін жинау.








5