СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Ұрпаққа ұран болған –Ұлы жеңіс»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы туралы мағлұмат беру, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп,Ұлы Отан соғысын басынан өткерген ардагерлерге құрмет көрсету. Балалардың Отанын, елін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту. Барысы. «Жеңіс күні» әнінің әуенімен екі жүргізуші сахнаның ортасына шығады.

Жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі «Ұрпаққа ұран болған –Ұлы жеңіс» атты ертеңгілігімізге  жиналған ата-аналар! Жеңіс деген жақсылықтың сыңары Жігерленген құштарлықтың құралы Күрескердің арманы мен ұраны Қуаныш пен мерекенің бұланы.

Просмотр содержимого документа
««Ұрпаққа ұран болған –Ұлы жеңіс»»



«Бекітемін» ЖШС «Думан» балабақшасының меңгерушісі: С.Смағұлова





























Ертеңгілік

























2017-2018 оқу жылы



Мақсаты: Ұлы Отан соғысы туралы мағлұмат беру, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп,Ұлы Отан соғысын басынан өткерген ардагерлерге құрмет көрсету.
Балалардың Отанын, елін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту.
Барысы.
«Жеңіс күні» әнінің әуенімен екі жүргізуші сахнаның ортасына шығады.

Жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі «Ұрпаққа ұран болған –Ұлы жеңіс» атты ертеңгілігімізге жиналған ата-аналар!
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерленген құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұланы.

Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем, шуақ – Тоғызыншы май күні.
Айтшы, қане, біздің Жеңіс шешуі
Кездейсоқ па көктемге сай келуі?
Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы Тоғызыншы май күні
Алмастырған қуанышқа қайғыны.- дей отыра Ұлы Отан соғысының қалай басталғаны жайлы балалардың құрған көрінісінен тамашалаңыздар.

Көрініс
1-жүргізуші: 
Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міні!
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні.-дей отыра мерекелік шарамызды жалғастырамыз.

Ортада «Ару» тобы «Бейібтшілік биі»

Жүргізуші:

Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді,
Жастық күйреп, халық сиреп көнерді.
Жарақат алғандардың күшіменен,
Өркендеттік өмір менен өнерді.

«Мерей» тобы «Катюша» биі

Жүргізуші: «Мен елімнің гүлімін» әнімен «Мерей» тобы ортада Назерке, Айару, Раяна.




1-жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
Ерліктің қос қанаты деп білемін,
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.


Көрініс. 
Сахнада атасы мен немересі әңгімелесіп отырады.
Немересі:
Айтшы, ата, сонда сезіп пе ең,
Қара бұлттың төнгенін?
Ұйтқи соққан дауылдан
Бақыт шамы сөнгенін?
Естідің бе сонда сен,
Нөсер үшін селдеткен,
Үрейді алып өрекпіп,
Сұрапыл соғыс көлдеткен,
Сан мың адам қан төккен...
Ана жесір, бала жас,
Жетімдіктен көрді өктем. 
Атасы:
Иә, сұмдықтың болатынын сезіп ем,
Әлсіреді ел күшті дауыл тезінен...
Ел қорғайтын ұл-қыздарым тұрғанда,
Бейбіт өмір болатынын сезіп ем.

Сахнаға әскери киім киген Әлия мен Мәншүк шығады.
1-жүргізуші (сахна сыртынан):
Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақ қызы Әлияның ерлікке толы өмірі қалай тебірентпесін.
Әлия:
Біз сол кезде жаңа ашылған гүл едік,
Жерге бақыт, елгем бақыт тіледім.
Отан-ана отқа күйіп жатқанда,
Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.
Отан-ана жылағанда шерленіп,
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.
Мәншүк:

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,
Қолымызға қару алдық ерленіп.
«Отан» деген сөз көкейде жатталып,
Зор айқасқа кеттік біздер аттанып.
Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,
Біз сендердей арман гүлін таппадық.
Жүргізуші:
-    Шығысымның қос шынары, қос алауы сен де Әлия, Мәншүк те өмірден ерте кеткендеріңмен, ерліктерің қалды. Біз сендерді ұмытпаймыз.Жер-Ана сендердің ерліктеріңді мәңгі ұмытпайды.

Шығысымның қос аруының құрметіне «Абзал» тобының орындауында «Шығыс» биі.

«Абзал» «Шығыс» биі


жүргізуші:
Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міні!
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні.


«Мерей» тобы «Робот» биі

1-жүргізуші:
Күткен ЖЕҢІС жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тасып.
Жауды жойып, батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ ашып.

«Абзал» тобы «Ұйғыр» биі

Жүргізуші:
Мамыр келді, ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды, күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақжаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.
Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен,
Қара күндер қайғысын ұмыттырды!

«Мерей» тобы «Солдат болам мен ертең»

1-жүргізуші: 
Ескеріп келіпсіздер сіздер бізге,
Өнерді аянбадық мына біз де.
Осымен ойымызды тәмамдадық,
РАХМЕТ сыйлап келген мына сізге!!!- дей отыра сөз кезегін балабақша әдіскеріне Сапарова Айгүлге береміз.

2-жүргізуші:
    Құрметті кештің қонақтар, ата-аналар! Бүгінгі Ұлы Жеңіс күніне арналған ««Ұрпаққа ұран болған –Ұлы жеңіс» атты кешіміз аяқталды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Қош, сау болыңыздар! («Жеңіс күні» әуені жүріп тұрады).





1.Көрініс

Кыз бала: Санжар-Еркежан, Алихан-Сезім, Нұрдаулет-Айжан, Данияр-Ақерке

Советтер Ерқанат, Нұрсұлтан, Жанерке, Кәусар, Айбек, Нұраят, Сырым

Немістер Саша, Артем, Күншуақ, Мағжан, Мейрамбек,

2 «Ару» тобы «Бейібтшілік биі»

3 «Мерей» тобы «Катюша» биі Омар-Нұрсая, Нұрбек-Жансая, Нұрислам-Айым, Нұрсұлтан-Маржан.

4. ӘН «Мерей» «Мен өмірдің гүлімін» Назерке, Айару, Раяна

5. Көрініс. 
атасы- Нұрсұлтан.

Немересі-Нұрбек

Әлия -Жансая

Мәншүк - Нұрсая


6. «Абзал» «Шығыс» биі Сезім, Еркежан, Ақерке, Жанерке, Айкөркем.



7.«Мерей» тобы «Робот» биі Сезім, Айару, Айару, Жанайым, Айзере, Нұрсая, Анель, Айзере, Інжу, Раяна, Сырғалым, Назерке.



8.«Абзал» тобы «Ұйғыр» биі Сезім, Еркежан, Гүлім, Айжан, Ақерке, Жанерке, Айзере, Кәусар.



9.«Мерей» тобы «Солдат болам мен ертең» барлық ер бала.









Сарғая күткен ұлы күн
Шұғыласы бүгін жарқ етті,
Бағына талай миллионның
Баянды жеңіс күн жетті

Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!



Тыңда балам, тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің,
Барлығы саған аманат.

Әжесі: 
— Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келің-ау көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер.

Келін: 
— (қалтаға салынған топырақты берген келін)
Кебін киген өледі,
Кебенк киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді келеді. (жарының соңынан жылап қалады)



















Немересі:
Айтшы, ата, сонда сезіп пе ең,
Қара бұлттың төнгенін?
Ұйтқи соққан дауылдан
Бақыт шамы сөнгенін?
Естідің бе сонда сен,
Нөсер үшін селдеткен,
Үрейді алып өрекпіп,
Сұрапыл соғыс көлдеткен,
Сан мың адам қан төккен...
Ана жесір, бала жас,
Жетімдіктен көрді өктем. 


Атасы:
Иә, сұмдықтың болатынын сезіп ем,
Әлсіреді ел күшті дауыл тезінен...
Ел қорғайтын ұл-қыздарым тұрғанда,
Бейбіт өмір болатынын сезіп ем.


Әлия:
Біз сол кезде жаңа ашылған гүл едік,
Жерге бақыт, елгем бақыт тіледім.
Отан-ана отқа күйіп жатқанда,
Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.
Отан-ана жылағанда шерленіп,
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.




Мәншүк:

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,
Қолымызға қару алдық ерленіп.
«Отан» деген сөз көкейде жатталып,
Зор айқасқа кеттік біздер аттанып.
Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,
Біз сендердей арман гүлін таппадық.