СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Үш тұғырлы тіл"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Трехъязычие - это требование времени. Для этого в Казахстане проводятся разные мероприятия. Об этом в материале.

Просмотр содержимого документа
«"Үш тұғырлы тіл"»

Ұлттар достығы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің «Үш тұғырлы» тіл саясатын қолдау және үш тілде білім беруді ілгерілету жөнінде іс-шаралар жоспарын жүзе асыру мақсатында қала әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығында ағылшын тілі курсының тыңдаушылар арасында «Ұлттар достығы» тақырыбында танымдық ашық сабақ өткізілді.

Танымдық ашық сабақтың мақсаты Қазақстан, Ресей және Ұлыбритания елдерінің географиясы, тарихы, мәдениетімен таныстыру, тыңдаушылардың үш тілде айтылым, жазылым, тыңдалым бөлімдері бойынша қабілеттерін дамыту, ағылшын тілінде сөйлей білуге деген қызығушылығын арттыру болды. Сабақта тыңдаушылар үш топқа бөлінді. «Қазақстан» тобында Арқалық қаласы ішкі істер басқармасының мемлекеттік қызметкерлері, «Ресей» тобында Арқалық қаласы прокуратурасының қызметкерлері, мемлекеттік кірістер басқармасының мемлекеттік қызметкерлері, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мемлекеттік қызметкерлері, «Ұлыбритания» тобында Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушылары болды. Сабақ барысында тыңдаушылар ең алдымен өздерін ағылшын тілінде таныстырып, бір-біріне жылы лебіздерін айтты. Қима қағаздардан елдің көрнекі жерлері бейнеленген суреттерді құрастырды. Әр топ елдерін плакаттар арқылы өз мемлекетінің тілінде таныстырып өтті. Әр елдің ұлттық тағамдарын топтастырып, олар туралы мағлұмат берді. Үш тілде Отан туралы өлең шумақтарын айтты. Ағылшын тілінде интерактивті тақтада бірнеше тапсырмалар орындады. Сабақ соңында тыңдаушылар түрлі-түсті қағаздардан қиылған көбелек суреттеріне сабақтан алған әсерлерін ағылшын тілінде жазып, оқып берді де, көбелектерді гүлдерге қондырды. Сондай-ақ, ағылшын тілінде ән шырқады. Тыңдаушылар сабаққа белсене қатысып отырды. Сабақ мақсатына жетті.

Үш тілді меңгеру – заманның талабы, сонын ішінде әлемдік тіл ағылшын тілін еркін меңгеру – дамыған елдердің қатарына апарар баспалдақтардың бірі.

Директор Баян Саруаровна